ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
КАФЕДРА «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»
«Қазіргі заманғы психологиялық оқыту технологиялары» пәні бойынша
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Қазіргі оқыту технологияға қойылатын негізгі талаптар
Орындаған:Мырзахмет Динара
Тобы: ТП22 13 К1
Қабылдаған:Бегалиева Л. Ж
Жоспар:
«Білім берудегі педагогикалық технологиялар» ұғымының анықтамасы және олардың оқыту үрдісіндегі маңызы мен рөлі.
Қазіргі оқыту технологияларына тән белгiлер және өзіндік ерекшеліктері
Педагогикалық технологияларды iрiктеу мен жүйелеу критерийлерi.
Педагогикалық технологияларға қойылатын әдіснамалық талаптар .
Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы өндірістік және әлеуметтік технология деп талатын үлкен екі бағытқа жіктеледі. Әлеуметтік технология – өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. «Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.
“Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos – оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп анықтама берiлсе, Қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте, өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген. ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына “техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi” деп анықтама берiлген.
Оқыту технологиясына тән белгiлер:
негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт);
жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы);
басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);
тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Педагогикалық технологияға қатысты мәселелер жан-жақты зерттелуде. Өздерiнiң қомақты ой-пiкiрлерiмен салмақты орын алып отырған В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, В.В.Давыдовтар технологияның түрлерiн саралауда түрлi бағыттар ұсынады. Солардың iшiнде педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко білім беру технологияларын төмендегідей топтайды:
-қолдану өрiсiне қарай: жалпыпедагогикалық, жекепәндiк, модульдiк, тарәдiстемелiк;
-мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық;
-ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Сайып келгенде, бұл ұстанымдардың барлығы оқу іс-әрекеті нәтижесіне оқушының өзіндік “Менін” қалыптастыру арқылы өзіне деген сенімділігін туғызуға көмектеседі. Егер оқушының бойында өзіне деген сенімсіздік болып, ол өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаса, оның сабақты түсінуі, меңгеруі қиындық тудырады. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, қызықтыру, оқушы ерік-жігерін шыңдау, қиындықтарды жою және мақсат қоя білуге бағыттау мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Оқушының интеллектуалдық қабілеті, оқу біліктері, “Мен – тұжырымдамасы”, ынталандыру мен ерік-жігері өзара тығыз байланыста өз нәтижесін береді. Аталған функциялар бірін-бірі өзара толықтыра отырып, кері байланыс орнатуға және оқушы білімін бағалауға септігін тигізеді.
Кері байланыс мәселесі жаңашыл педагогтар В.Ф.Шаталов, С.Д.Шевченко еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бұл әдіске арнайы, қажетті жағдай жасалғанда ғана қол жеткізуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Әлеуметтік желілерден алынған.
Кері байланысмәселесі жаңашыл педагогтар В.Ф.Шаталов, С.Д.Шевченко еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бұл әдіске арнайы, қажетті жағдай жасалғанда ғана қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |