Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің
кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы шифрлеу (криптографиялық)
құралдарын тасымалдау мәселесі бойынша ресми түсініктемесі
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің шешімімен (кедендік одақтың жоғары органы) кедендік одаққа мүше мемлекеттер басшылары деңгейінде «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен (ары қарай – Шешім) бекітілді:
-
үшінші елдермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың аясында кедендік одаққа мүше мемлекеттерге әкелуге немесе шығаруға тыйым немесе шектеу қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі (Шешімге № 1-қосымша, ары қарай – Бірыңғай тізбе);
-
шектеулер қолданылатын ережелер (Шешімге № 2-қосымша).
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 Кедендік одақ комиссиясының шешіміне сәйкес кедендік одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтері 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үшінші елдермен сауда жасауда Шектеулер қолдану туралы ережелерге сәйкес Бірыңғай тізбеге қосылған тауарларға тыйым және шектеу қолданылады (Шешімге жоғарыда көрсетілген 1 және 2 қосымшалар). Бірыңғай тізбеде сондай-ақ кедендік одақтың шекарасы арқылы тасымалдауға шектеу қойылған жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдар және шифрлеу (криптографиялық) құралдары көрсетілген.
Шешімнің және 2009 жылғы 27 қарашадағы № 132 Кедендік одақ комиссиясы шешімінің ресми мәтіндері Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері жинағында (№ 53-54 ПҮАЖ, 2-тарау, 2009 ж.) және Кедендік одақ комиссиясының www.tsouz.ru ресми сайтында келтірілген.
Қазақстан Республикасында жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдарды және шифрлеу (криптографиялық) құралдарын кедендік одақ аумағына әкелуді және кедендік одақ аумағынан шығаруды келісу мәселелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзырына жатады. Кедендік одақ шекарасы арқылы тасымалдауға шектеу қойылған жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдардың және шифрлеу (криптографиялық) құралдарының атаулары, сондай-ақ оларға сәйкес СЭҚ ТН жалпы кодтары (кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралары) Бірыңғай тізбенің 2.17 және 2.19 бөлімдерінде тиісінше келтірілген. Осы тауарларға қатысты Шешім жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдарды құралдарын кедендік одақ аумағына енгізу және кедендік одақ аумағынан шығару тәртібі туралы Ереже (2.17 Ереже) және шифрлеу (криптографиялық) құралдарын кедендік одақ аумағына әкелу және кедендік одақ аумағынан шығару тәртібі туралы Ереже (2.19 Ереже) әрекетке енгізілді. Аталған Ережелер аталған тауарлардың кедендік одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау тәртібін егжей-тегжейлі ашады.
Жалпы СЭҚ ТН тауарды сипаттайды, оны кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіреді және «Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі № 567 қаулысымен бекітілген. Бұдан басқа, «Тауарлардың экспорты мен импортын, соның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімдерді, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті, лицензиялау бойынша қызметке тағылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарлар тізбесін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы қаулысына сәйкес арнайы техникалық құралдар мен шифрлеу (криптографиялық) құралдары да жататын тауарлардың экспорты мен импорты бойынша қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады.
Сонымен бірге, 2.19 Ереже нотификациялау механизмін енгізді. Осылайша, 2.19 Ереженің 11-тармағы шифрлеу (криптографиялық) құралдарының белгілі категориясын әкелу және шығару кедендік одаққа мүше мемлекеттің (Беларусия МҚК, Қазақстан ҰҚК немесе Ресей ФҚҚ) келісу органында тіркелген нотификация туралы ақпарат негізінде басқа да рұқсат құжаттарын ресімдеусіз жүзеге асырылады. Тіркелген нотификация туралы ақпарат, сондай-ақ, нотификациялардың бірыңғай базасын ұдайы өзектілендіріп отыратын Кедендік одақ комиссиясының ресми сайтында орналастырылады. Өзінің әрекет ету мерзімі шеңберінде нотификация тармағы шифрлеу (криптографиялық) құралдарын кедендік одаққа мүше мемлекеттердің лицензиялау және келісу органдарына арызданушылардың және кеден органдарының қайта өтініштерінсіз кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы кез келген тұлғаның кез келген мөлшерде тасымалдауына мүмкіндік береді.
Құрамында шифрлеу (криптографиялық) құралдары бар тауардың (өнімнің) сипаттамасы туралы нотификацияны ресімдеу тәртібі туралы ережені Кедендік одақ комиссиясы Беларусия МҚК, Қазақстан ҰҚК және Ресей ФҚҚ сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта әзірлеген. Осы Ереже жақын арада бекітіледі деп болжануда. Сол себепті, Кедендік одақ комиссиясы мен сарапшылар Нотификацияны ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті барлық СЭҚ-қа қатысушыларға кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар тасымалдауға дейін Кедендік одақ комиссиясының ресми сайтында тиісті тіркелген (жарияланған) нотификациялардың бар екендігін тексеруге кеңес береді. Бұл тексеріс егер тауар шифрлеу (криптографиялық) құралдарына жатқызылған жағдайда оны әкелуді немесе шығаруды айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының әрекеттегі лицензиялау және кедендік заңнамасын бұзуды, тауарларды классификациялауда талас тудыратын жағдайларды болдырмау мақсатында, сондай-ақ алдын ала операциялар кезеңінде кедендік ресімдеуді жеделдету үшін СЭҚ-қа қатысушының тауарды классификациялау бойынша алдын ала шешім шығару және оған сәйкес жалпы СЭҚ ТН кодын анықтау үшін кеден органына өтініш білдіруге құқы бар. Тауарларды декларациялауға және классификациялауға қатысты толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне өтініш білдірген мақсатқа сай болады деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |