Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы



Дата12.06.2016
өлшемі99.06 Kb.
#129820
"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 маусымдағы № 618 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 07.08.2013 ж. № 184 (28123); "Казахстанская правда" от 07.08.2013 г. № 246 (27520); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 557-құжат;


      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасында (тiзiмiнде):
      «Екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлiмде:
      1-санат «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен уыттар деген кiшi бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы 1А301-бөлiкпен толықтырылсын:
      «1А301. Уыттарды немесе патогендi микроағзаларды кептiрудi қамтамасыз ететiн тозаңдату құрғатқышына арналған және мынадай сипаттамалары бар құрал-жабдық:
      1) буланған ылғалдылық бойынша өнiмдiлiгi 0,4 кг/сағ 400 кг/сағ дейiн;
      2) орташа типтiк өлшемi 10 мкм және штаттық жарақтандырудан кем емес өнiмнiң бөлшектерiн өндiруге немесе тозаңдатқыш саптамасы бар құрғатқыштың ең аз түрлендiру кезiнде бөлшектердiң қажеттi өлшемiн өндiруге мүмкiндiк беретiн қабiлетi;
      3) алдын ала бөлшектемей зарарсыздандыру немесе дезинфекциялау мүмкiндiгi.»;
      1С350 «Мыналар секiлдi токсиндi химиялық заттарды жасау үшiн пайдалануы мүмкiн» деген бөлiк мынадай мазмұндағы 60, 61, 62, 63-тармақтармен толықтырылсын:
      «60. Метилфосфон қышқылы (993-13-5);
      61. Диэтил метилфосфаты (683-08-9);
      62. N,N-диметиламинофосфорил дихлориды (677-43-0);
      63. Триизопропил фосфиты (116-17-6).»;
      мынадай мазмұндағы техникалық ескертпемен толықтырылсын:
      «Техникалық ескертпе:
      химиялық заттар Химиялық реферативтiк қызметтiң (CAS) атауы, нөмiрi және Химиялық қаруды әзiрлеуге, өндiруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы (егер пайдалануға келетiн болса) Конвенция заттарының тiзiмi бойынша аталған. Сол құрылымдылық формуланың химиялық заттары (мысалы, гидраттар) CAS атауына немесе нөмiрiне қарамастан бақыланады. CAS нөмiрлерi оны ерекше химиялық зат немесе химиялық заттардың қоспасы ерекшелiктерiне қарамастан бақыланатынын сәйкестендiру үшiн келтiрiледi. Алайда CAS нөмiрлерi барлық жағдайларда бiрегей сәйкестендiргiштер ретiнде пайдаланылмайды, себебi аталған химикаттың кейбiр нысандарында CAS нөмiрлерi әртүрлi және құрамында аталған химикаттар бар қоспалардың да CAS нөмiрлерi әртүрлi болуы мүмкiн.»;
      1С351 «Мыналар секiлдi адам және жануарлар үшiн қауiптi патогендер және токсиндер:» деген бөлiкте:
      «Мыналар секiлдi осындай вирустармен әдейi жұқтырылған қоректiк ортаны қоса алғанда, «оқшауланған дақылдар» нысанындағы немесе материал ретiндегi табиғи шығу тегi бар немесе өзгертiлген вирустар:» деген а абзацының 31-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Өкпенiң және бүйректiң геморрогиялық безгегiн тудыратын Сеул, Добрава, Пуумала, Син Номбренiң, Андес, Чапаре, Чокло, Лухо, Қара Мүйiс (Seou virus, Dobrava virus, Puumala virus, Sin Nombre virus, Andes virus, Chapare virus, Choclo virus, Lujo virus, Laguna Negravirus) вирустары;»;
      «Мыналар секiлдi осы бактериялармен әдейi жұқтырылған қоректiк ортаны қоса алғанда «оқшауланған дақылдар» нысанындағы немесе материал ретiндегi табиғи шығу тегi бар немесе өзгертiлген бактериялар:» деген с абзацында:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Клостридиальдiк қалтырау, (Clostridium perfringens, Clostridium baratti, Clostridium butyricum) ауруларды тудыратын токсиндер өндiрiледi;»;
      мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
      «16. Шига уыттүзушi (STEC), iшек таяқшасы (Escherichia coli), O26, O45, O103, O104, O111, O121, O145, O157 серотиптерi және Шига33 уытын түзушi басқа да серотиптер;
      17. Clostridium argentinense қоздырғышы, бұрынғы ботулизм қоздырғышының G типi (Clostridium botulinum) атымен белгiлi болған, ботулиндiк нейротоксин түзушi штаммдар.»;
      d, e, f абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «d. WB1, WB2, WB3, WB4 түрлерiнiң бактериялары;
      e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii, переносклероспора филиппиненсис, склерофтора райссиэ вариант зиэ, синхитриум эндобитикум, тиллетиа индика, текафора солани саңырауқұлақтары;
      f. Генетикалық элементтер және генетикалық түрлендiрiлген ағзалар:
      1. Тiзiмге енгiзiлген микроағзалардың кез келгенiнiң патогендiлiгiмен байланысты нуклеин қышқылдарының реттiлiгi бар генетикалық элементтер.
      2. Тiзiмде көрсетiлген уыттардың немесе олардың суббiрлiктерiнiң кез келгенiн кодтайтын, нуклеин қышқылдарының реттiлiгi бар генетикалық элементтер.
      3. Тiзiмге енгiзiлген микроағзалардың кез келгенiнiң патогендiлiгiмен байланысты нуклеин қышқылдарының реттiлiгi бар генетикалық түрлендiрiлген ағзалар.
      4. Тiзiмде көрсетiлген уыттардың немесе олардың суббiрлiктерiнiң кез келгенiн кодтайтын нуклеин қышқылдарының реттiлiгi бар генетикалық түрлендiрiлген ағзалар.»;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: Генетикалық түрлендiрiлген ағзаларға генетикалық материалы (нуклеин қышқылдарының реттiлiгi) табиғатта будандастыру және (немесе) табиғи мутаганез кезiнде табиғатта кездеспейтiндей болып өзгерген ағзалар, толығымен немесе iшiнара жасанды жолмен алынған микроағзалар жатады.
      Генетикалық элементтердiң қатарына басқалармен қатар, генетикалық түрлендiрiлген және түрлендiрiлмеген хромосомалар, геномдар, плазмидтер, транспозоналар және векторлар кiредi.
      Нуклеин қышқылдарының тiзiмге енгiзiлген кез келген микроағзалардың патогендiлiгiмен байланысты реттiлiгi көрсетiлген тiзiмдегi кез келген микроағзаға сәйкес арнайы өзiндiк ретiн бiлдiредi:
      1. Өздiгiнен немесе оны трансляциялау немесе транскрипциялау кезiнде алынған азық-түлiк арқылы адамдардың, жануарлардың денсаулығына немесе өсiмдiктерге едәуiр қауiп туғызатын.
      2. Оған қатысты белгiлi аталған микроағзалардың немесе кез келген басқа ағзалардың қабiлетiн арттыратындығы, ол қосу арқылы енгiзiлген немесе басқа жолмен интеграцияланған және адамдардың, жануарлардың денсаулығына немесе өсiмдiктерге едәуiр қауiп тудыратын.
      3. Көрсетiлген бақылау шаралары энтерогеморрагиялық Escherichia coli, О157 серотипi немесе веротоксиндi не оның суббiрлiктерiн кодпен жазатындардан басқа, веротоксин түзетiн басқа да штаммдардың патогендiлiгiмен байланысты нуклеин қышқылдарының реттiлiгiне қатысты қолданылмайды.»;
      «1С351. с. тармағы бойынша мынадай өлшемдерде қанағаттандыратын вакциналар бақылауға алынбайды:» деген ескертпеде:
      d абзацы мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
      «20. Альфа-уыты және улы естен тану уытты синдромы (бұрыннан гемолизын F стафилококк түр энтероуыт ретiнде белгiлi (Staphylococcus enterotoxin F).»;
      1С354 «Мыналар секiлдi өсiмдiктерге қауiптi патогендер:» деген бөлiкте с. абзацы мынадай мазмұндағы 7, 8, 9, 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Пероносклероспора филиппиненсис (Peronosclerospora philippinensis);
      8. Склерофтора райссиэ вариант зиэ (Sclerophthora rayssiae var. zeae);
      9. Синхитриум эндобиотикум (Synchytrium endobioticum);
      10. Тиллетиа индика (Tilletia indica);
      11. Текафора солани (Thecaphora solani).»;
      «PV1 және PV2 вирустары;» деген d абзацы алынып тасталсын;
      1Е203 бөлiгiнен кейiн мынадай мазмұндағы 1Е301 бөлiгiмен толықтырылсын:
      «1Е301. 1С354 бөлiгiнде көрсетiлген аурулар (патогендердi) қоздырғыштарын әзiрлеу немесе өндiру технологиясы.»;
      2-санат «Материалдарды өңдеу» деген кiшi бөлiмде:
      2В006 «тармақ бойынша бақыланатындардан басқа, мыналар секiлдi мөлшерлердi бақылау тетiктерi, жүйелер немесе құрылғылар:» деген бөлiкте:
      а абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а. Басқарылатын компьютермен немесе ЧПУ блогымен мынадай сипаттамалардың екеуi де бар координатты өлшеу машиналарының (КӨМ):
      1. Осьтiң екi немесе одан көп координаттары; және
      2. 10360-2 (2009) ИСО-тексерiлген машинаның жұмыс диапазоны шегiнде (яғни ұзындығы шегiнде) кез келген нүктеде Е Е0y немесе Е0Z сияқты белгiленген, бiрдей немесе 1.25+L/100 мкм) кем/артық (мұндағы L - миллиметрмен өлшенетiн ұзындық) кез келген осьтi бойлай ұзындықты (Е0 МДП) өлшеудiң ең көп рұқсат етiлген қателiгi.»;
      2-ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-ескертпе: 2В206 бөлiгiнде сипатталған жүйелер, егер олар экспорттық бақылауға жататын үлгiлерден олардың қандай да бiр жұмыс диапазонында асып кететiн болса, экспорттық бақылауға жатады.
      Техникалық ескертпелер:
      1. Осы тармақта барлық өлшенетiн мөлшерлердiң параметрлерi қосу/алуды бiлдiредi, яғни жалпы диапазонды емес.»;
      2B231 «Төменде санамаланған сипаттамалардың барлығына ие вакуумдық насостар:» деген бөлiктiң с абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «с. 13,3 МПа аз шектi вакуум құруға қабiлеттi.»;
      2В350 «Мыналар секiлдi химиялық өндiрiстiк қондырғылар мен жабдық:» деген бөлiктiң k., l., m., n., о абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «k. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбий) жасалған реакторлар, реакциялық сауыттар;
      l. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбий) жасалған сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар;
      m. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбий) жасалған жылу алмастырғыштар және конденсациялық аппараттар;
      n. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбий) жасалған ректификациялық немесе сiңiргiш бағаналар;
      о. Мынадай материалдардан жасалған қалпақшалар:
      1. Ниобийден (колумбий) жасалған тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағыштармен.
      2. Салмағы бойынша тазалығы 80 % немесе одан асатын кремний карбидiн, салмағы бойынша тазалығы 99,99 % немесе одан асатын алюминий жоғары алюминий тотығы (оксидтi алюминий) немесе цирконий тотығын (цирконийдiң қос тотығы) қоса алғандағы керамикалық материалдардан.»;
      мынадай мазмұндағы p, r, s, t абзацтармен толықтырылсын:
      «p. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбийден) жасалған агитаторлар;
      r. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбийден) жасалған көп қатпарлы құбырлар;
      s. Тығыздағышсыз және бiрнеше тығыздағышы бар ниобийден (колумбийден) жасалған сорғыштар;
      t. Улағыш газдардың мониторинг жүйелерi және оларды анықтаудың мамандандырылған компоненттерi: датчиктер; сенсорлық құрылғылар; сенсордың алмалы-салмалы картриджтерi; және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, осылайша:
      1. Үздiксiз жұмыс жасауы үшiн әзiрленген және әскери химиялық заттарды немесе кемiнде 0,3 мг/м3 концентрациялары кезiнде бақыланатын АГ прекурсорларын анықтау үшiн қолданылады.
      2. Холинестеразаны анықтау үшiн әзiрленген.»;
      мынадай мазмұндағы техникалық ескертпемен толықтырылсын:
      «Техникалық ескертпе: төсем, орауыштар, тығыздағыштар, винттер, шайбалар жасалған материалдар немесе герметикалық функцияны орындайтын кез келген басқа материалдар, мұндай компоненттер ауыспалы ретiнде әзiрленген жағдайда жоғарыда аталған тармақтардың бақылау мәртебесiн айқындамайды.»;
      3-санат «Электроника» деген кiшi бөлiмде:
      3А228 «Мыналар секiлдi қосушы құрылғылар:» деген бөлiкте:
      а. абзацының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а. Газбен толтырылуы немесе толтырылмауына қарамастан, ұшқындық күшейткiш ретiнде жұмыс iстейтiн және барлық мынадай сипаттамаларға ие, салқын катодты түтiктер:»;
      «Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар тарауы (бұдан әрi - әскери тiзiм)» деген бөлiмде:
      «Жалпы химиялық ескерту» деген кiшi бөлiктiң екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      МL4 «Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған төменде санамаланып көрсетiлген бомбалар, торпедалар, басқарылмайтын ракеталар, басқарылатын ракеталар және iлеспе жабдық пен аксессуарлар және олар үшiн арнайы құрастырылған компоненттер» деген бөлiкте:
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      «ескертпе: ұшақтың ракетаға қарсы қорғану жүйелерi (ҰРҚЖ) үшiн»;
      «МL4 (а) мыналарды қамтиды:» деген ескертпе мынадай мазмұндағы (с) абзацымен толықтырылсын:
      «(с.) Ұшақтың ракетаға қарсы қорғану жүйесi (ҰРҚЖ).»;
      мынадай мазмұндағы МL4 (с) ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: МL4.(с.) мынадай сипаттамалары бар ҰРҚЖ-ны бақыламайды:
      а. Ракетаға қарсы дабыл сенсорларының кез келген түрi:
      1. 100-400 нм аралығында барынша үнi бар енжарлы сенсорлар; немесе
      2. Белсендi пульстi Допплерлi ракетаға қарсы дабыл сенсорлары;
      b. Радиоэлектронды басу (РЭБ) құралдарын лақтыру жүйесi;
      с. «Жер-ауа» класындағы ракеталардан жалтару үшiн, олардың көрумен тең инфрақызыл iзiн көрсететiн дабыл қақпандары;
      d. «Азаматтық ұшақта» бекiтiлген мынадай сипаттамалары бар:
      1. ҰРҚЖ тек қана арнайы «азаматтық ұшақта» жұмыс iстей алады, онда арнайы ҰРҚЖ орнатылған және ол үшiн мынадай құжаттар берiлген:
      а. Азаматтық үлгiдегi сертификат; немесе
      b. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) таныған тең құжат;
      2. ҰРҚЖ бағдарламаны қамтамасыз етудiң санкцияланбаған кiруден қорғауды көздейдi; және
      3. ҰРҚЖ жүйе жұмысын егер ол бұрын «азаматтық ұшақта» орнатылған одан алынған жағдайда тоқтататын белсендi тетiктен құралады.»;
      МL5 «Атысты басқарудың төменде санамаланған аппаратурасы, жауынгерлiк әзiрлiкке келтiру мен хабарлаудың iлеспе жабдығы, әскери мақсатты арнайы құрастырылған iлеспе аппаратура және қарсы iс-әрекет жасау аппаратурасы, олар үшiн арнайы құрастырылған компоненттер:» деген бөлiк мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: МL5.с. тармағы үшiн қарсы iс-әрекет аппаратурасы айқындау аппаратурасынан тұрады.»;
      МL6 «Жер үстi көлiк құралдары мен оларға арналған компоненттер:» деген бөлiк мынадай мазмұндағы 4-ескертпемен толықтырылсын:
      «4-ескертпе: МL6 мынадай талаптарға сәйкес келетiн көлiк құралдарын бақыламайды:
      а. 1946 жылғы дейiн шығарылған;
      b. Әскери тiзiмде көрсетiлгендерге жатпайды және 1945 жылдан кейiн шығарылған, көлiк құралдарына арналған өзiндiк компоненттерiнiң немесе аксессуарларының кескiндерiнен басқа; және
      с. МL1., МL2. немесе МL4-те көрсетiлген қару-жарақтар кiрмейдi, оның жұмысқа жарамсыз болған және жарықшақтарға бөлуге жарамаған жағдайлардан басқа.»;
      ML8 «Төмендегi «энергетикалық материалдар» мен жанама заттар:» деген бөлiктiң (а) абзацында:
      34-тармақтың (b) абзацы мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Әскери мақсаттар үшiн арнайы құрастырылған Әскери тiзiмде айтылмаған ракета отыны.»;
      МL 9 «Мынадай әскери кемелер, арнайы әскери-теңiз жабдығы, әскери қолдану үшiн арнайы олар үшiн аксессуарлар мен компоненттер:» бөлiктiң (а) абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «(а) Олардың әскери емес мақсаттарға пайдалануға қайта бейiмделгенiне-бейiмделмегенiне, жай-күйi мен функционалдық дайындығына, қару-жарақ және қорғау жүйелерiнiң болуына немесе болмауына, және олар үшiн әскери мақсатқа арнап арнайы құрастырылған немесе түрлендiрiлген компоненттерiнiң болуына немесе болмауына қарамастан, шабуыл немесе қорғаныс iс-әрекеттерi үшiн арнайы құрастырылған немесе түрлендiрiлген әскери кемелер, кемелер (су үстiндегi немесе су астындағы).
      Су үстiндегi кемелер, МL9. а. 1-де көрсетiлгендерден басқа, мынадай кемелерге белгiленген және интеграцияланған:
      а. МL1. көрсетiлген 12.7 мм немесе одан көп калибрлi автоматты қару немесе МL2., МL4., МL12. немесе МL19. көрсетiлген қару немесе «бекiтпе» немесе ұқсас қаруға арналған тығыз тұғырнама;
      техникалық ескертпе:
      «Бекiтпе» деп қару-жарақты орнату мақсатындағы қару бекiтпесiн немесе құрылымдық нығайтуды айтады.
      b. МL5. көрсетiлген отты басқару жүйелерi;
      с. Мынадай белгiлерi бар:
      1. «Химиялық, биологиялық, радиологиялық және радиациялық (РХБЗ) қорғаныс»; және
      2. Зарарсыздандыру мақсатында құрастырылған «шаю жүйесi»;
      d. МL4.b., МL5.с. немесе МL11.а. көрсетiлген қаруға қарсы iс-әрекеттiң белсендi жүйелерi және мынадай белгiлерi бар:
      1. «РХБ қорғану»;
      2. Бейненiң тиiмдi алаңын кiшiрейту үшiн арнайы құрастырылған корпус және палуба үстiндегi құрылыстар;
      е. Жылулық бүркенiштi белгiлердi төмендететiн құрылғылар (мысалы Қалдық газдарды суытатын жүйе), электростанциялардың жалпы тиiмдiлiгiн арттыру немесе экологиялық зиянды азайту үшiн арнайы құрастырылғандардан басқа; немесе
      f. Бүкiл кеменiң магниттiк өрiсiн төмендету үшiн құрастырылған магнитсыздандыру жүйесi.»;
      МL0 «Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған немесе модификацияланған төменде санамаланған «ұшу аппараттары», ұшқышсыз ұшу аппараттары, авиациялық қозғалтқыштар және «ұшу аппараттарының» жабдығы, iлеспе жабдық пен компоненттер:» деген бөлiктiң (b) абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «(b.) 2011 жылдан берi пайданылмайды»;
      ML11 «Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған электронды жабдық және олар үшiн арнайы құрастырылған компоненттер:» деген бөлiкте:
      ескерту мынадай мазмұндағы h, i, j абзацтарымен толықтырылсын:
      «(h.) Сандық тропосфералық радиобайланысқа арналған өткiзу құралдары;
      (i.) Радиотехникалық барлау үшiн арнайы құрастырылған сандық демодуляторлар;
      (j.) «Басқару және бақылау автоматтандырылған жүйесi».».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет