Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮсіндірме жазба



Дата07.07.2016
өлшемі41.03 Kb.
#183302


«Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың

сатып алу бағасын белгiлеу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с



Жобада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономиқалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына астық сатып алу
2014-2016 жылдарға арналған 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 102 «Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету» кіші бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарына және мемлекеттiк тұқым ресурстарына астық сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы


№ 394 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесінің 10 және 12-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Мақсаты – мемлекеттік астық ресурстарына астықтың сатып алу бағасын белгілеу.

Мерзімі – 2015 жыл.

Күтілетін нәтижелер – мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру және ішкі астық рыногін реттеу мемлекеттік ресурстарға астықты сатып алу жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыстардың тұқым тапшылығына ұшыраған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстардың жемдік астық тапшылығына ұшыраған мал шаруашылықтарды және құс фабрикаларды жемдік астықпен қамтамасыз ету.


6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1277 қаулысы – күші жойылды деп танылатын болады.

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді.


8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ.

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ.

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі.

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында 2015 жылғы 13 қазанда орналастырылды.

Шыққан файлдардың көлемі – 143 КБ.




12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында 2015 жылғы 13 қазанда орналастырылды.

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Қажет емес.



Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

2015 жылғы «___»_____________ А.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет