Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" газетi 3, 5 ақпан 2010 ж., № 38-39, 40-42 (25885, 25888); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 5, 61-құжат
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3)тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N 842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызмет стандарттары бекiтiлсiн:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу»;
4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N 842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N 842(алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызмет Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс, 215-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – Комитет), тiзбесi осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетiлген тiзiм бойынша облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (әрi қарай – ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi, Орталық мемлекеттiк мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрi – Мұрағат), баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы, сондай-ақ «электронды үкiмет» порталы: www.egov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы 5-тармағының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен оған қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкiмет порталында: www.egov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрi – ҚР БАМ) интернет-ресурсында: www.mсi.gov.kz, ресми ақпарат көздерiнде, тiзбесi осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы ақпараттық тақталар мен стендiлерде орналастырылады.
5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу түрi мұрағаттық анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
Комитетке не ЖАО-на немесе Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мына сәттен:
а) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған тиiстi құжаттарды өткiзiп, Комитет не ЖАО немесе Мұрағат кеңсесiнде құжаттарды тiркеген күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тұтынушыға хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзiмiн 6 айға дейiн ұзартуы мүмкiн, бұл туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тиiстi себептерi көрсетiлiп тұтынушыға хабарланады;
б) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш тiркелген сәттен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тұтынушыға хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзiмiн 6 айға дейiн ұзартуы мүмкiн, бұл туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тиiстi себептерi көрсетiлiп тұтынушыға хабарланады;
в) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн портал арқылы электрондық сұраныс бергеннен – күнтiзбелiк он бес күн iшiнде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тұтынушыға хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзiмiн 6 айға дейiн ұзартуы мүмкiн, бұл туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тиiстi себептерi көрсетiлiп тұтынушыға хабарланады;
2) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 15 минут;
3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 15 минут;
Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мына сәттен:
а) Мұрағатқа Орталық құжаттарды жiберген сәттен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде;
мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде Орталыққа хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзiмiн 6 айға дейiн ұзартуы мүмкiн, бұл туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тиiстi себептерi көрсетiлiп Орталыққа хабарланады. Орталық өз кезегiнде Мұрағат шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тұтынушыға хабарланады;
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минут;
3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 15 минут.
8. Әлеуметтiк-құқықтық сұраныстар бойынша мемлекеттiк қызмет ақысыз болып табылады.
9. Мемлекеттiк қызмет:
1) Комитетке немесе ЖАО-ға өтiнiш бiлдiрген кезде:
демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
2) Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн жүзеге асырылады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
3) портал арқылы өтiнiш бiлдiрген кезде электронды сұраныстарды өңдеу өтiнiш бiлдiрген жердiң жұмыс кестесi бойынша жүзеге асырылады;
4) Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 9-00-ден 19-00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдынала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Комитет, ЖАО және Мұрағат ғимараттарында құқықтық тәртiптi қорғау үшiн үй-жайда тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа қауiпсiздiк шаралары бар. Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдай көзделген, сондай-ақ қажеттi құжаттардың тiзбесi бар стендтермен жарақтандырылған.
Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi, мұнда дене мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мыналарды ұсынады:
Комитетке не ЖАО-ға немесе Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi;
2) тұтынушы жеке өзi келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенiмхаты;
Тұтынушы портал арқылы өтiнiш бiлдiрген жағдайда электронды сұранысты жiберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;
Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты);
2) тұтынушы жеке өзi келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшiрмесi немесе өзге тұлғаның берiлген нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенiмхаты;
Құжаттар пакетiн қабылдаған кезде Орталық қызметкерi көшiрмелердi түпнұсқамен сәйкестiгiн тексерiп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады.
Қажет болған жағдайда тұтынушы өтiнiшке (хатқа, электрондық сұранысқа) тиiстi құжаттар мен материалдарды не олардың көшiрмелерiн қоса бередi.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлердi толтыру талап етiлмейдi, өтiнiштер еркiн нысан бойынша қабылданады. Өтiнiште тұтынушының аты, әкесiнiң аты, тегi, оның туған жылы, орны, тұрғылықты жерi, азаматтығы, сондай-ақ сауалды орындауға қажеттi құжаттарды iздестiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электронды сұраныс нысанын толтырады.
Орталықта мемлекеттiк қызмет көрсету туралы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
13. Мемлекеттiк қызметтi Комитет арқылы алу үшiн құжаттар мына мекенжайға тiркеуге берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс, 215-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29.
Мемлекеттiк қызметтi ЖАО немесе Мұрағат арқылы алу үшiн осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар, тiзбесi осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетiлген Мұрағаттарға, ЖАО-ға тапсырылады.
Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгiсiнде жүргiзiледi.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаттары және орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi және лауазымы көрсетiледi. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген.
14. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алғанын Комитеттiң, ЖАО-ның, Мұрағаттың осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, қызмет алуға ұсынылған құжаттарды тiркеу кiтабына (журналына) тiркеуi растайды.
Портал арқылы өтiнiш берiлген кезде тұтынушының электронды жәшiгiне немесе порталдағы жеке кабинетiне тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алған күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштiң қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
1) сұраудың нөмiрi мен қабылданған күнi;
2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
5) Орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
15. Комитет, ЖАО, Мұрағат мұрағаттық анықтаманы тұтынушыға жеке өзi келгенде не нотариалды куәландырмай жазбаша сенiмхат арқылы басқа тұлғаға бередi, портал арқылы не пошта арқылы немесе Орталыққа жiбередi.
Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Мұрағаттар жүргiзедi.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбауы мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұруға негiз болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға сұранысты орындау үшiн қажеттi мәлiметтердiң болмауы негiз болады.
Құжаттар дұрыс рәсiмделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтiнiш бiлдiргенде, сондай-ақ құжаттар түпнұсқа болмаған жағдайда құжаттар пакетiн алған күннен бастап Мұрағат үш жұмыс күнi iшiнде бас тарту себептерiн жазбаша негiздей отырып тұтынушыға немесе Орталыққа жiбередi.
Орталық құжаттар пакетiн алған соң тұтынушыға бiр жұмыс күнi iшiнде хабарлайды және Мұрағаттың қызмет көрсетуден бас тарту себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мұрағат және Орталық қызметтердi тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық
4) түпкiлiктi әрi толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мұрағаттың уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн Комитеттiң Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша түсiндiредi және шағым жазуға жәрдемдеседi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс, 462-бөлме, телефон: (7172) 74-05-31; сондай-ақ, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары көрсетiлген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшылары мен мұрағат директорлары түсiндiредi.
Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшiн тұтынушы осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағымданады.
Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
21. Қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша берiледi: Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, 14-кiреберiс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейiн демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда Комитет төрағасының атына шағым берiледi, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi 8-үй, 14-кiреберiс, 231-бөлме, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz, сондай-ақ тiзбесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО басшыларына немесе Мұрағат директорына, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағым берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркiн нысанда ресiмделедi. Өтiнушi өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнiсiн баяндау;
4) жеке қолы және уақыты.
Қажет болған жағдайда өтiнушi өз дәлелдерiн растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшiрмелерiн жазбаша шағымға қоса бередi.
25. Шағымды қабылдағанын растайтын құжат шағымның екiншi данасы, болмаса шағымның көшiрмесiне шағымды қабылдаушы тұлғаның ұсынылған шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу жайы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерi жазылып берiледi.
26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсынан алуға болады: www.mсi.gov.kz.
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi артқарушы органдарының тiзiмi
Р/с
№
|
Жергiлiктi атқарушы органның атауы
|
Жергiлiктi атқарушы органның мекенжайы
|
Телефон нөмiрi
|
1
|
Алматы қаласының тiлдердi дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
|
Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 23
|
8 (727) 239-58-91
|
2
|
Астана қаласының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Астана қаласы, Сауран көшесi, 7а
|
8 (7172) 796194
|
3
|
Алматы облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесi, 112
|
8 (727) 279-69-83
|
4
|
Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Көкшетау қаласы, Красная көшесi, 23
|
8 (7162) 26-54-89
|
5
|
Ақтөбе облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесi, 255
|
8 (713 2) 54-79-73
|
6
|
Атырау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Атырау қаласы, Гагарин көшесi, 7 А
|
8 (712 2) 27-12-58
|
7
|
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Өскемен қаласы, Пермитин көшесi, 23
|
(723 2) 26-48-47
|
8
|
Жамбыл облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Тараз қаласы, Бөлтiрiк шешен көшесi, 1 б
|
8 (726 2) 45-32-75
|
9
|
Батыс Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесi, 85
|
8 (711 2) 51-06-34
|
10
|
Қарағанды облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Қарағанды қаласы, Бейбiтшiлiк бульвары, 30
|
8 (721 2) 56-91-08
|
11
|
Қостанай облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Қостанай қаласы Таран көшесi, 82
|
8 (714 2) 54-29-71
|
12
|
Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесi, 76
|
8 (724 2) 27-23-50
|
13
|
Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Ақтау қаласы, 24 шағын аудан
|
8 (729 2) 60-51-79
|
14
|
Павлодар облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Павлодар қаласы, Ж. Бектұров көшесi, 62/1
|
8 (718 2) 32-58-78
|
15
|
Солтүстiк Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Петропавл қаласы, Интернациональная көшесi, 1
|
8 (715 2) 49-20-50
|
16
|
Оңтүстiк Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
|
Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесi, 20
|
8 (725 2) 21-29-38
|
Достарыңызбен бөлісу: |