Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2041 Қаулысы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі81 Kb.
#22843
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.01.2010 08:54:20
Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 Қаулысы

 

2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық өндірістің алкоголь өніміне арналған;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкелінетін алкоголь өніміне арналған жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.

2. Алкоголь өнімін 2010 жылғы 31 мамырға дейін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етілсін.

3. 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.

4 «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:



Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінің 1, 2-қосымшаларында «2008» цифрлар және «желтоқсандағы» деген сөз алып тасталсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2009 жылғы 8 желтоқсандағы

2041 қаулысына



1-қосымша

 

Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы

Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты

 



 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2009 жылғы 8 желтоқсандағы

2041 қаулысына

2-қосымша

 

Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы

(әкелінетін өніміне арналған) Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы

65 х 17 форматты

 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет