5-лаб.жұмыс
Қазіргі форматтық радиохабар тарату.
Қазіргі кезеңдегі радиохабар тарату қызметінің негізгі әдістері мен пішіндері. Ресейлік радиохабар тарату тәжірибесі. Американдық және европалық радиохабар таратудың бүгінгі модельдері. Қазіргі заманғы радиохабар таратудың форматтық ерекшелігі. Ақпараттық радиохабар тарату. Ақпараттық-музыкалық радиохабар тарату. Музыкалық-ақпараттық радиохабар тарату. Музыкалық радиохабар тарату. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайы. Қазақстандық коммерциялық каналдар мен Қазақ радиосының хабар тарату режимдері. Радиотолқындағы пікір саналуандығы. Мемлекеттік және коммерциялық радиохабар тарату. Әр түрлі меншік формасындағы радиостанциялардағы журналистік еңбектің айрықшалығы. Қазіргі радиостанциялардың түрлері. Тақырып, хабар тарату әдісі бойынша жіктелуі.
Мәселе көтере алуға дайындау. Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын көре алушылыққа дағдыландыру.
Еркін тақырып бойынша студенттердің ойлау қабілетін байқау.
Сценарий жасау.
6-лаб.жұмыс
Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.
Ақпараттық хабардың жанрлық ерекшелігі – оқиғалығы, жеделдігі мен шынайылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ілік – хабар дерегінің негізі, оның мағыналық орталығы. Ақпаратқа қойылатын маңызды талаптар - жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, объективтілік. Телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
Журналистік талдау – оқиғаға қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық хабарды дамыту, оған қатысты әртүрлі көзқарастарды жинақтау. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.
1.Хабардағы авторлық мәтінді студияда жазу
2. Мәтін қалай жазылады, қалай оқылады, паузаның орынды қолданылуы.
3.Хабар режиссерінің міндетін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |