Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»



бет1/13
Дата02.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#172902
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.11.2011 17:08:08
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысы

 

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 2 шілдедегі

767 қаулысымен



бекітілген

 

 

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау

қағидасы

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысандарына қарамастан міндетті болып табылады.

3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

багаж түбіртегі - осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;

борт журналы - осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, мөрмен бекітілген және жергілікті атқарушы орган тіркеген, автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткені туралы белгілер қойылады. Борт журналының қолданылу мерзімі оны тіркеген күннен бастап күнтүзбелік бір жылдан аспауы тиіс;

жол жүру құжаты (билет) - осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушының сапарды жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушыны автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын растайтын құжат;

жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) - осы Қағиданың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;

қозғалыс кестесі - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер бар құжат (кесте, графикалық бейне);

қауіпті учаскелер - автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;

маршрут - автобустың, шағын автобустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;

маршрут схемасы - аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;

рейс - маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың жолы.

4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты және тұрақты емес болып бөлінеді.

5. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) алдын ала анықталады.

6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлік құралының техникалық тексеруден өткені туралы белгілер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресімдейтін жол қағазының болуын қамтамасыз етеді.

7. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды тасымалдаушылар ұйымдастырады және осы Қағида талаптарына сәйкес келетін автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.

8. Тұрақты емес тасымалдау:



1) заңды және жеке тұлғалардың бір жолғы тапсырысы (өтінімі) бойынша тасымалдау. Мұндай тасымалдауға: туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету жатады.

Бір жолғы тасымалдау белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін;

2) таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

 

 

3. Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар



 

9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқауды және автобустардың, шағын автобустардың олардың жарамсыздығы кезінде уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустардың конструкциясы мен техникалық жан-күйі тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуі тиіс, бұл ретте:



1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдауы маршруттарында кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустарды (І класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етіледі;

2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретін автобустар (III класты) пайдаланылуы тиіс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 150 километрге (бұдан әрі - км) дейін болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етіледі.

3) тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық және ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобильмен тасымалдау маршруттарына көрсетілген тасымалдау түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі.

11. Республикалық маңызы бар ұзақтығы 150 км астам жолдар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиіс. Егер маршруттың ұзақтығы 500 км артық болса, онда автобустың салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделуі тиіс.

12. Таулы маршруттарда 500 мың километрден артық жүрісі бар немесе күрделі жөндеуден өткен автобустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Таулы маршруттарда пайдаланылатын автобустар тұманға қарсы алдыңғы фаралармен және артқы жүрістің қосалқы фараларымен жабдықталуы тиіс, ал шиналар бұжыртабаны суретінің биіктігі кемінде 3,0 мм болуы тиіс.

13. Автобустар, шағын автобустар:



1) дәрілер мен медициналық құралдардың қажетті жинағы бар медициналық қобдишамен (автокөліктік);

2) авариялық аялдау белгісімен;

3) ақаусыз өрт сөндіру құралдарымен;

4) жол-көлік оқиғасы жағдайында шыныларды сындыру және есіктерді, терезелерді, авариялық люктерді жедел ашудың тиісті құрал-саймандарымен және оларға ақпараттық тақтайшалармен жинақталады.

14. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиіс



1) ешқандай кедергісіз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиіс;

2) жабық жай-күйде жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуін толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;

4)жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

5)тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені.

6) Салон еденінің жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де заттардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30%-дан артық жабуға тыйым салынады;

7)жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.

15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемінде бір рет және ластану шамасы бойынша жүргізіледі.



Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.

16. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық және халықаралық тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустарда багаж бөлімшелері болуы тиіс, сондай-ақ қосалқы доңғалақпен және домкратпен жабдықталады.

17. Тахографтармен:

1) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды;

2) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданааралық (қалааралық облысішілік) және ауданішілік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустар жабдықталуы тиіс.

18. Автобустардың салонында жүргізуші кабинасының (орнының) жанында мыналарды қамтитын ақпарат орналасады:



1) тасымалдаушының толық атауы;

2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмірлері;

3) жол полициясының, аумақтық көліктік бақылау және медициналық қызмет органдары телефондарының нөмірлері;

4) маршрут схемасының көшірмелері;

5) жол жүру құны туралы мәлімет.

Тұрақты маршруттар үшін (қалалық маршруттарды қоспағанда) сапар қашықтығына байланысты жол жүру мен багажды алып жүру құнының кестесі ұсынылады;

6) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багаж алып жүргені үшін айыппұлдың мөлшері;

7) жолаушылардың құқықтары мен міндеттері.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар дауыс зорайтқыш қондырғылармен, ал басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - БАЖ) жұмыс істеген жағдайда желідегі жұмысты бақылау құрылғысымен жабдықталады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау үшін осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларының қолданысы тарамайды 19. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында маршрут нөмірі көрсетілген трафареттер қойылады.

Маршруттың нөмірі ашық сары түсті реңде шрифттің биіктігі кемінде 120 мм қара түспен ресімделеді. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте маршрут нөмірінің астында шрифттің биіктігі кемінде 60 мм қызыл түсті «Жедел» деген жазу ресімделеді.

20. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есіктерінің бірі жанында маршруттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, маршрут өтетін негізгі көшелердің, қоғамдық мәні бар орындардың атауы) бар трафарет орнатылады.

21. Қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттардағы автобустарда жол жүрудің бастапқы, соңғы және ірі аралық пункттері көрсетілген алдыңғы және бүйірлік (оң жағында) трафареттері мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде рәсімделеді.

22. Алдыңғы және артқы трафареттерде тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандыру болады.

23. Балалардың ұйымдастырылған топтарын автомобильмен тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есігі болуы тиіс. Бұдан басқа осы автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгілері мен сары түсті жарқылдауық шамдар орнатылады.

24. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобильдермен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында «Тапсырыспен» деген жазуы бар трафареттер орнатылады.



Жазу шрифт биіктігі кемінде 120 мм қара түспен ресімделеді және тік төртбұрышты қоршамаға салынады.

25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы жағында мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың жанына олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақта орнатылады.

26. Такси төбесінде орналасқан және 500 метрге дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым белгілерімен жабдықталады. Айырым белгіде «Т» (такси) деген жазу және/немесе өзіне тән шашкалық белдеуі болуы және тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылуы тиіс.

27. Такси сыртынан жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай түсті гаммада безендіріледі.

28. Такси сыртқы екі бүйірі бойынша шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан құралған белдеумен мынадай өлшемде ресімделеді:

биіктігі - 30 сантиметр;

ұзындығы - кемінде 100 сантиметр.

29. Такси жарамды, стандарттау жөніндегі уәкілетті орган тексерген және пломбаланған таксометрмен жарақталады.

30. Таксидің салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргізушінің фотосуреті бар, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген визит карточкасы, сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы мен телефонының нөмірі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.

 

 

4. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу және тізілімін жүргізу тәртібі



 

31. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу бастамашылары бола алады.

32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу жөніндегі мәселелерді шешу үшін бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесін әзірлейді және оларды тасымалдауды ұйымдастырушыларға:



тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық маршруттар бойынша - автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға;

жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына;

жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша - аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

33. Егер:



1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті белгілі бір маршруттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;

2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе;

3) осы Қағиданың 36-тармағында көрсетілген шарт орындалса, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудың жаңа маршруттары ұйымдастырылуы мүмкін.

34. Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісін қалыптастырған кезде, жергілікті атқарушы органдар кенттермен, ауылдармен (селолармен) аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтары мен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.

35. Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісін қалыптастырған кезде, мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі:



әрбір маршрут бойынша тасымалдауларда халықтың мұқтажын қанағаттандыру;

белгіленген нормалар бойынша автобус сыйымдылығын ұтымды пайдалану;

жүру жолындағы жолаушыларға қажетті жағдайларды жасау; жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін есепке алу;

нормативтерді және автобустарды пайдалану қағидасын, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

жолаушылардың жол жүруге жұмсайтын уақытын төмендету;

барлық түйіндес маршруттар бойынша автобустар қозғалысының мерзімділігі;

Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру қағидасына сәйкес жүргізушілердің еңбек режимін және шарттарын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін тахографтарды пайдалану.

36. Қалыптастырылатын маршруттар желісі (халықаралық, қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) мынадай шарттарға сәйкес келеді:



1) қосарланған маршруттар автобустары арасында жоспарланған жүру интервалы бойынша:

150 км дейінгі қосарлану ұзақтығы кезінде 1 сағаттан артық;

350 км дейінгі қосарлану ұзақтығы кезінде 2 сағаттан артық;

500 км дейінгі қосарлану ұзақтығы кезінде 3 сағаттан артық;

500 км артық қосарлану ұзақтығы кезінде 4 сағаттан артық болуы тиіс;

2) жетпіс бес пайыздан артық қосарлану учаскесінде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезінде (көктем-жаз және күз-қыс мезгілдері бойынша бөлек) уақыт бойынша айырмашылығы:

150 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейін;

350 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 30 минутқа дейін;

350 км артық қосарлану ұзақтығында 1 сағатқа дейін қысқартылады.

37. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпіс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтініші бойынша қосымша қозғалыс кестесін енгізу туралы шешім қабылдайды.



Қосымша қозғалыс кестесіне қызмет көрсету құқығы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушыға беріледі.

Қосымша қозғалыс кестесіне қызмет көрсетуден тасымалдаушы бас тартқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар осы қозғалыс кестесін конкурстық негізде осы маршрутқа қызмет көрсету жөніндегі шарттың қолданылу мерзіміне бөледі.

38. Жаңа республикаішілік маршруттарды ашу кезінде келісу мынадай сатыға сәйкес жүзеге асырылады:



қалааралық облысаралық;

ауданаралық (қалааралық облысішілік);

қала маңындағы және ауданішілік.

39. Жергілікті атқарушы органдар жаңа ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттарды ашу кезінде тасымалдау көлемін зерделеу үшін осы маршрутқа екі ай қызмет көрсететін тасымалдаушыны белгілейді.



Зерделеу нәтижесі бойынша осы Қағидада белгіленген мерзімдерде осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиісті конкурс өткізу туралы шешім қабылданады.

40. Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестесі оң келісілген кезде маршрут бойынша деректер осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет