4. Қазақстан Республикасында әскери міндеттілерді есепке алу
63. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары әскери есепте тұруға міндетті.
ЖӘБО-да әскери міндеттілерді әскери есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оның тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен айқындалады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға азаматтың жеке өзі келген кезде жүргізіледі. Әскери міндеттілерді кейіннен әскери есепке қою тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі.
64. Әскери есепте тұратын және запаста тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) өзімен бірге әскери билетін немесе уақытша куәлікті (әскери билеттің орнына берілген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және жүргізуші куәлігін (ол болған кезде) алып, шақырту (шақырту қағазы) бойынша белгіленген уақытта және жерге немесе тұрғылықты жері бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға келуге;
2) әскери қызметтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасына, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан және арнаулы органдардан босату кезінде нұсқамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға әскери есепке тұруға;
3) жеті жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға немесе әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға тегінің, атының, әкесі атының (ол бар болған кезде), отбасы жағдайының, денсаулық жағдайының (бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылса), тұрығылықты жерінің, білімінің, жұмыс орнының, лауазымының өзгергені туралы хабарлауға;
4) басқа елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрғылықты тұруға немесе уақытша тұратын жерге (үш айдан астам мерзімге), сондай-аққызметтік іссапарға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзімге) барған кезде жеті жұмыс күні ішінде келген жері бойынша әскери есепке қою туралы өтінішпен халыққа қызмет көрсету орталығына баруға. Елді мекенде ЖӘБО жоқ болған кезде кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әскери есебіне тұруға;
5) әскери билетті жоғалтқан жағдайда жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әскери билеттің телнұсқасын алу туралы мәселені шешу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО мекенжайына жазбаша өтініш жасай отырып, халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Барлық мән-жайды (себептерді) анықтау кезеңіне запастағы сарбаздарға (матростарға), сержанттарға (старшиналарға) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес сарбаздың, сержанттың уақытша куәлігін (әскери билет орнына) (бұдан әрі – сарбаздың, сержанттың уақытша куәлігі), ал запастағы офицерлерге – осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес запастағы офицердің уақытша куәлігін (әскери билет орнына) (бұдан әрі – запастағы офицердің уақытша куәлігі) береді.
65. Жұмылдыру нұсқамаларын немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО шақырту қағазын алған әскери міндеттілер оларда көрсетілген талаптарды орындайды.
66. ЖӘБО жоқ кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес бастапқы есепке алу карточкалары (бұдан әрі – бастапқы есепке алу карточкалары) бойынша әскери міндеттілерді әскери есепке алуды жүзеге асырады.
Әкімдер әскери есепке алумен әкімшілік аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын әскери міндеттілерді толық қамтуға, оларды есепке алудың дәлдігіне, нақтылығы мен шынайылығына жауапты болады.
67. Әскери есепке алуды қамтамасыз ету үшін әкімдері:
1) осы Қағидаларға сәйкес азаматтарды әскери есепке қоюды және әскери есептен алуды жүзеге асырады;
2) аумағында болатын заңды тұлғалардің есебін жүргізеді және олардың әскери-есептік жұмысты жүргізуге жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
3) тұрғылықты тұратын әскери міндеттілердің әскери есепте нақты болуын және тұруын нақтылау мақсатында аулалар бойынша аралап тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ жылына бір реттен сирек емес бастапқы есепке алу карточкаларының деректерін жұмыс істейтін әскери міндеттілердің жеке карточкаларымен (Т-2-үлгі) салыстырып тексереді;
4) жылына бір реттен жиі емес аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-ның салыстыру кестесіне сәйкес есепте тұрған әскери міндеттілердің алғашқы есепке алу карточкасын аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-ның есептік деректерімен салыстырады, ол туралы алғашқы есепке алу карточкасында және запастағы сарбаздардың (матростардың), сержанттардың (страшиналардың) есепке алу карточкасында, сондай-ақ запастағы офицерлердің әліпбилік карталарында белгі жасайды;
5) азаматтарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға шақырту туралы хабардар етеді;
6) алғашқы есепке алу карточкаларына әскери міндеттілердің есептік деректерінің өзгерістерін енгізеді және ай сайын 25-і күні ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады;
7) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу мен броньдаудың жай-күйіне осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес әскери есепке алудың жай-күйін тексеруді есепке алу журналын (бұдан әрі – тексерулер журналы) жүргізеді;
8) азаматтарға әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді түсіндіреді және олардың осы Қағидалармен белгіленген нормаларды сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға запаста тұрудың шекті жасына толған әскери міндеттілердің әскери билеттерін оларды әскери есептен алу үшін ұсынады;
10) АХАТ органдарынан қайтыс болуы туралы хабарлама келіп түскен қайтыс болған әскери міндеттілердің алғашқы есепке алу карточкаларында қайтыс болуы туралы акт жазбасының нөмірін көрсете отырып, белгі жасалады, одан кейін карточкалар есептен алынғандар мен шығарылғандар картотекасына салынады.
68. Әкімдер тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзімге) тұруға келген барлық әскери міндеттілерді әскери есепке қабылдауды және оларды басқа жергілікті жерге тұрақты тұратын жерге немесе уақытша тұру орнына (үш аудан астам серзімге) кеткен кезде әскери есептен алуды жүргізеді.
Азаматтарды әскери есепке қою кезінде оларды бұрынғы тұрғылықты жері бойынша әскери есептен алу туралы белгінің болуын тексереді. Барлық әскери міндеттілерге алғашқы есепке алу карточкалары толтырылады. Әскери міндетті запастағы сарбаздарға (матростарға), сержанттарға (старшиналарға) сонымен қатар осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес әскери міндеттілердің есепке алу карточкалары (бұдан әрі – есепке алу карточкасы), ал офицерлер құрамының әскери міндеттілеріне – осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес әліпбилік карталар толтырылады, олар 10 жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға жолданады. Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери билеттердегі, уақытша куәліктердегі жазбалармен нақты сәйкестікте жүргізіледі, бұл ретте білімі, жұмыс орны, лауазымы, тұрғылықты жері мен отбасы жағдайы туралы мәліметтер оларды тиісті растайтын құжаттарды ұсынғанумен жеке әңгімелесу кезінде нақтылағаннан кейін жазылады.
Әскери міндеттілердің әскери есепке алу құжаттарында расталмаған түзетулер, деректердің жеке басын куәландыратын құжатпен сәйкес келмеуі, жалғандық, парақтар санының толық болмауы анықталған кезде немесе әскери есепке алу құжаттары болмаған кезде әкімдер әскери міндеттілерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға тиісті шаралар қабылдау үшін жібереді. Әскери билеттерді алуу қажет болған жағдайда әскери міндеттілерге осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес қолхат (бұдан әрі – қолхат) беріледі.
69. Әкімдер әскери міндеттілерді әскери есептен алуды жеке өтініштері негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетінің 7-тармағында немесе запастағы офецерлер әскери билетінің 19-тармағында мөртаңбамен әкімнің қол қоюымен расталатын әскери есептен алу туралы белгі жасалады.
Жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндеттілерді әскери есептен алу кезінде:
1) жұмылдыру нұсқамасы алынады, ол туралы запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетінің 7-тармағында немесе запастағы офецерлер әскери билетінің 15-тармағында белгі жасалады;
2) әскери есептен алынған азаматтарға осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес тізім жасалады, ол алынған жұмылдыру нұсқамаларымен бірге айына бір рет ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға ұсынылады;
3) әскери міндеттілерді алғашқы есепке алу карточкаларында әскери есептен алу себебі мен күні туралы жазба жазылады.
70. Әскери есепке алуға жататын әскери міндеттілерге алғашқы есепке алу карточкалары, есепке алу карточкалары мен басқа да бланкілер бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын сейфтерде (темір шкафтарда) сақталуға тиіс.
5. Заңды тұлғалардың азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуі
71. Заңды тұлғалар мен білім беру ұйымдарының азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес жеке карточкалар (Т-2-үлгі) бойынша жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушыларға осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке даярлауға жататын, жұмыс істейтін (оқитын) жасөспірімдер тізімі (бұдан әрі – мерзімді әскери қызметке даярлауға жататын жасөспірімдер тізімі) қосымша жүргізіледі.
72. Заңды тұлғалар мен білім беру ұйымдарының әскери есепке алуды жүзеге асыруы үшін бірінші басшының бұйрығымен әскери-есептік жұмысты жүргізуге жауапты адамдар тағайындалады, оларға:
1) жұмысқа (оқуға) қабылдау кезінде әскери міндеттілерде әскери билеттердің немесе уақытша куәліктердің, ал әскерге шақырылушыларда тіркеу туралы куәліктердің болуын тексеру. Көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда азаматтарға осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес қолхат беріледі;
2) жұмысқа (оқуға) қабылданатын азаматтардың әскери есепте болуын айқындау. Әскери есепте тұрмайтын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тек жұмысқа (оқуға) олар тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғаннан кейін қабылданады;
3) жұмыс істейтін (оқитын) азаматтарды толық және сапалы әскери есепке алуды қамтамасыз ету;
4) жыл сайын жеке карточкаларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО әскери есепке алу құжаттарымен салыстырып тексеру, ол туралы жеке карточкаларда тиісті белгі жасалады;
5) Азаматтарды жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытына заңды тұлғаларға броньдау қағидаларына сәйкес заңды тұлғалар мен білім беру ұйымдарына әскери міндеттілерді броньдауды ресімдеу;
6) жыл сайын 1 қыркүйекте осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға 15-16 жастағы азаматтардың тізімдерін және 1 желтоқсанға дейін – әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын және келесі жылы әскери есепке тұруға жататын азаматтардың тізімдерін ұсыну;
7) азаматтардың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға шақырту (шақырту қағазы) бойынша уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) ай сайын 25 - күні ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан босатылған (оқу орындарынан шығарылған) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді беру;
9) жыл сайын 15 ақпанда (1 қаңтардағы жағдай бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға қызметкерлердің, оның ішінде жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытына броньдалғандардың саны туралы мәліметтерді жолдау;
10) осы Қағидаларға 24 - қосымшаға сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алудың және броньдаудың жай-күйін тексеру журналын жүргізу жүктеледі.
73. Запаста тұрудың шекті жасына толған азаматтардың немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардың жеке карточкаларында «Жасы бойынша әскери есептен алынды» немесе «денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен алынды» деген белгі жасалады.
74. Заңды тұлғалар мен білім беру ұйымдарының әскери есепке алуды ұйымдастыру мен жүргізуді бақылауды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жүзеге асырады.
6. Әскери есепке алу құжаттары
75. Әскери есепке алу құжаттары әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың жеке есептік-әскери құжаттарына, негізгі есепке алу құжаттарына және анықтамалық сипаттағы құжаттарға бөлінеді.
Әскери міндеттілердің жеке есептік-әскери құжаттары запастағы офицерлер әскери билеті, запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билеті, запастағы офицерлердің, сарбаздардың, сержанттардың уақытша куәлігі (әскери билет орнына), жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы куәлік болып табылады.
Әскерге шақырылушылардың жеке есептік-әскери құжаттары әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік болып табылады.
Негізгі есепке алу құжаттарына есепке алу карточкасы, есептік-қызметтік карточка мен әскери міндеттіні арнайы әскери есепке алуға тіркеу туралы хабарлама жатады.
Анықтамалық сипатындағы құжаттарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да болатын әскери міндеттілер мен әскрге шақырылушыларға әліпбилік карточка мен басқа да материалдар жатады.
Әскери есепке алу құжаттары азамат туралы мынадай мәліметтерден тұруға тиіс:
1) тегі, аты мен әкесінің аты;
2) әскери атағы;
3) туған күні;
4) ұлты (адамның тілегі бойынша көрсетіледі);
5) тұрғылықты жері немесе уақытша тұру орны;
6) отбасы жағдайы;
7) білімі;
8) жұмыс орны;
9) денсаулық жағдайы бойнша әскери қызметке жарамдылығы;
10) негізгі антрометрикалық деректері;
11) әскери қызмет өткеруі;
12) әскери жиындардан өтуі;
13) шетел тілін меңгеруі;
14) әскери-есептік және азаматтық мамандықтардың болуы;
15) спорттық разрядтың немесе спорттық атақтың болуы.
76. Запастағы офицерлердың әскери билеттері, запастағы сарбаздар мен сержанттардың әскери билеттері, запастағы офицерлердің, сарбаздар мен сержанттардың уақытша куәліктері (әскери билет орнына), әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер, жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктер, арнайы әскери есепке алу туралы хабарламалар және ЖӘБО-ға шақырту туралы шақырту қағазы бланкілерінің үлгілерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлейді және осы Қағидалармен бекітіледі.
Ұлттық қауіпсіздік органдары және Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі запастағы офицерлері әскери билеттерінің бланкілерін арнаулы мемлекеттік органдары әзірлейді және олардың бірінші басшылары бекітеді.
Көрсетілген құжаттардың бланкілері қатаң есептегі құжаттар болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырыстары бойынша жасалады. Оларды есепке алу, сақтау, жазып беру, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
77. Қатаң есептегі бланкілерден басқа, осы Қағидалармен көзделген азаматарды әскери есепке алуды жүргізу жөніндегі құжаттардың бланкілерін заңды тұлғалар мен білім беру ұйымдары дербес, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО және әскери есепке алуды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін жергілікті атқарушы органдар жасайды.
78. Азаматтарға есептік-әскери құжаттарды жазып беру және беру ақысыз жүргізіледі.
79. Азаматтар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде олар әскери билеттерді, уақытша куәліктер (әскери билеттер орнына берілетін) мен тіркеу туралы куәліктерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға тапсырады, бұл ретте азаматтарға осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес анықтама беріледі.
7. Құқық қорғау және арнаулы органдарда қызмет өткеретін азаматтарды әскери есепке алу ерекшеліктері
80. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін азаматтарды, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын есепке алу осы органдардың бірінші басшылары және осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алуды ұйымдастыру және олардың қызметкерлерінің запаста тұру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
81. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын әскери есептен алу ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да әскери билеттерді немесе тіркеу туралы куәліктерді және осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес екі данада атаулы тізімдерді қоса бере отырып, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша органдар уәкілетті адамдарының қолдаухаты бойынша жүргізіледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО әскери есепке алу құжаттарында әскери есептен алу туралы белгі жасайды. Әскери есептен алу туралы белгісі бар әскери билеттер немесе тіркеу туралы куәліктер, атаулы тізімдердің бір данасы, ал запастағы офицерлерге – жеке істері мен қызметтік карталары қолдаухат жолдаған органдарға қайта жолданады.
82. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасына босату кезінде кадрлар бөлімшелері оларға осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нұсқама береді және оларды жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға келуге міндеттейді, оларды босатқаны туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ны жазбаша хабардар етеді, запастағы офицерлерге одан басқа жеке істерін (қысқартылған) жібереді.
83. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған азаматтар, сондай-ақ оқудан шығарылған және (немесе) келісімшартты бұзған, бірақ 27 жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары тұрғылықты жері бойынша әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады.
84. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен және Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінен басқа, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың басшылары жыл сайын 1 ақпанда (ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес көрсетілген органдарда қызмет өткеретін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға мәліметтерді салыстырып тексеру үшін жолдайды.
8. Тұрақты тұратын жерінен шығуына байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс iстейтін азаматтарды әскери есепке алудың ерекшеліктерi, жұмыс істеу сипаты мен жағдайлары
85. Теңіз және өзен кемелерінде жұмыс істейтін, айлақтарың осы кемелер тіркелген елді мекендерде тұрақты тұратын азаматтар тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрады.
Теңіз және өзен кемелерінде жұмыс істейтін, айлақтарға осы кемелер тіркелген елді мекендерде тұрақты тұрмайтын азаматтар тиісті кеме шаруашылығының кадрлар органдары және басқармалар орналасқан орын бойынша әскери есепте тұрады.
86. Жұмыс түрі бойынша ұдайы орын ауыстырумен байланысты далалық геологиялық және топографиялық-геодезиялық ұйымдарда, іздестіру, барлау, түсіру, гидрогеологиялық, геофизикалық, орман және жер құрылысы экспедицияларында, желілік құрылыс-монтаждау және мамандандырылған поездарда, жол және машина станцияларында, механикаландырылған және мамандандырылған жылжымалы лектерде, тоннельдік, көпір салу, жүзу жасақтарында (учаскелерінде), құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу ұйымдарында, механикаландыру және суасты-техникалық жұмыстар басқармаларында, мұнай және газ өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейтін және жұмыс орындарында тұрақты тұрмайтын азаматтар осы ұйымдардың кадрлар органдары орналасқан орын бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын органдарда әскери есепте тұрады. Көрсетілген ұйымдар жұмысқа қабылдайтын азаматтарды әскери есепке қоюды немесе жұмыстан босатылатын азаматтарды әскери есептен алуды осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес көрсетілген ұйымдардың әкімшілігі жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының шегінен тыс уақытша шығатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу ерекшеліктері
87. Алты айдан астам мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен тыс уақытша шығатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ның бастығы атына жазылған өтініш негізінде әскери есептен алынады.
Олардан әскери билеттер, уақытша куәліктер (әскери билет орнына берілген) немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктер алынады және осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес қолхат беріледі.
Мемлекеттік шекарадан өту кезінде көрсетілген азаматтар Қазақстан Республикасының шегінен шығу немесе Қазақстан Республикасының аумағына келу күні туралы белгі қою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдеріне өтініш жасайды.
88. Қазақстан Республикасына қайтып оралғаннан кейін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да әскери есепке тұруға тиіс.
Тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да уақтылы әскери есепке тұру мүмкін болмаған жағдайда ол жеті жұмыс күні ішінде келген орны бойынша уақытша есепке қою үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға өтініш жасауға тиіс. Тұрақты тұратын жеріне келген кезде көрсетілген азаматтар әскери есепке тұру және әскери билет (әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік) алу мәселесін шешу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға келеді. Әскери есепке қою үшін негіз ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО уәкілетті адамының әскери билетті, уақытша куәлікті (әскери билет орнына брілген) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің белгісі бар әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті сақтауға қабылдау туралы қолхаты болып табылады.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 19___жылы туған азаматтардың
ТІЗІМІ
____________________________________________________
(жергілікті өкілетті органдар және өзге де ұйымдар)
20__ж. «___» ________жағдай бойынша
-
Р/с
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы
|
Тұрғылықты
жері
|
1 қаңтардан кейін тіркеу аяқталғанға дейін болған өзгерістер туралы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) белгісі және ол жиынтық тізімде қандай реттік нөмірмен есепке алынған (2-қосымша)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.О. Қолы ______________
(тегі, аты-жөні)
20__ж. «__» _________
Ескертпе: Тізім әліпбилік тәртіппен анық жазумен (баспа әріптермен) жазылады. Тізімге азаматтығына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, денсаулық жағдайына, олардың тұрақты немесе уақытша тұруына немесе жұмысына (оқуына) қарамастан, тіркеу жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтар енгізіледі.
2. Әскерге шақыру учаскесінде бұдан бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтар да осы тізімге жазылады. Олардың туған жылы 2-бағанда көрсетіледі.
3. Тізімдерге ұйымдардың басшылары қол қояды және сүргілі елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
4. Тізімдер қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) тіркеледі, жеке іске тігіледі және 3 жыл бойы сақталады.
5. 5-баған қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) толтырылады.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
2-қосымша
20__жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс ________________ ауданында (қаласында)
19___жылы туған азаматтардың
жиынтық тізімі
Р/с
№
|
Тегі, аты, әкесінің
аты
|
Жұмыс (оқу) орны
және атқаратын
лауазымы
|
Тұрғылықты
жері
|
Әскерге шақыру учаскесіне тіркелген күні туралы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) белгісі және әскерге шақырылушы хаттамада қандай реттік нөмірмен жазылған
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы ____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бөлімше бастығы _____________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
20__ж. «____» ____________
Ескертпелер: 1. Тізімге азаматтығына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, денсаулық жағдайына, олардың тұрақты немесе уақытша тұруына, жұмыс (оқу) орнына қарамастан, тіркеу жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтар қосылады.
2. Әскерге шақыру учаскесіне бұдан бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтар да осы тізімге жазылады. Олардың туған жылы 2-бағанда көрсетіледі.
3. Тізім қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) 3 жыл сақталады.
4. 5-баған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеген күні толтырылады.
_________________
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының
БҰЙРЫҒЫ
|
|
ПРИКАЗ
начальника управления (отдела) по делам обороны
|
№ ___
20__ж. «__»_______ ______________________
Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
§ 1
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заң, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің
20___ жылғы «___» __________№_____ шешімі негізінде ______________ облысы ________ ауданының 19 ____ жылы туған азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жарияланады.
§ 2
Тіркелуге келуге 19___жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсанды қоса алғанда туған, ______________ аудан (қала) аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар жатады.
§ 3
Әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, оларға нақты белгіленген күні және сағатта __________________ мекенжай бойынша тіркеуге келуге міндетті. Шақырту қағаздарын алмаған азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттарды өзімен бірге алып, 20__ ж. «___» ____________ күні ішінде көрсетілген мекенжай бойынша келуге міндетті.
§ 4
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары тіркеуден өту үшін әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) келуін қамтамасыз етуге міндетті.
Қорғаныс істері жөніндегі
басқарма (бөлім) бастығы ________________________
(әскери атағы, қолы)
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Шақырту қағазы
Шақырту қағазының
түбіртегі
Сериясы АА № 000001
____________________________
(әскери міндеттінің, әскер жасына ___________________________
дейінгінің,әскерге шақырылушының әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты)
____________________________
____________________________
____________________________
__________________ мәселелері
____________________бойынша
(шақырту себебі көрсетілсін)
____________________________
(қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім)
____________________________
____________________________
20___ж. «____»_______________
шақыртылды
Шақырту қағазына қол қойды_______________________
(қорғаныс істері жөніндегі басқарма
____________________________
(бөлім) лауазымды адамы)
20___ж. «____» ______________
20___ж. «____» ______________
әскерге шақырылушыға шақырту қағазы тапсырылды
____________________________
(хабардар ету тәсілі көрсетілсін)
|
Кесу сызығы
|
Шақырту қағазы
Сериясы АА № 000001
____________________________________________________
(әскер жасына дейінгінің, әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің тегі, аты және
______________________________________________________________________________
әкесінің аты, әскери атағы)
Мекенжайы:_________________________________________
Жұмыс орны және мекенжайы:_________________________
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Сізге 20__ж. «___»__________________________ сағат «____» ____________________________________________________ мекенжайы бойынша __________________________________
(қорғаныс істері жөніндегі ____________________________________________________
басқарма (бөлім)
№___ кабинетке ______________________________________
(қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) лауазымды адамы)
____________________________________________________
(шақырту себебі көрсетілсін)
мәселелері бойынша келуді ұсынамын.
Өзімен бірге жеке куәлігі, әскери билеті, тіркеу туралы куәлігі және шақырту қағазы, сондай-ақ __________________
__________________________________________ болуға тиіс.
Қорғаныс істері жөніндегі
басқарма (бөлім) бастығы ______________________________
(атағы, қолы)
М.О.
-------------------------------------------------------------------------------
Кесу сызығы
-------------------------------------------------------------------------------
ҚОЛХАТ
Шақырту қағазы _______________________ атына ____________________________________________________ қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (бөліміне) 20___ж. «____» _________ «_____» сағатта келу туралы
______________________________________
(шақырту қағазын алған адамның қолы – анық)
|
Шақырту қағазының сыртқы парағында:
Қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) болғаны туралы белгі
Азамат ______________________ қорғаныс істері жөніндегі басқармасында (бөлімінде)
(тегі және аты-жөні)
20___ж. «____»__________ «____» сағаттан 20___ж. «____»__________ «____» сағатқа дейін болды.
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы _________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
М.О.
Шақырту қағазына қосымша
Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге
шақырылатын әскер жасына дейінгілерге
ЖАДЫНАМА
Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге келген кезде өзімен бірге мыналар болуға тиіс:
1. Паспорт, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік.
2. Аттестат (диплом, білімі туралы куәлік немесе анықтама).
3. Бірге тұратын, сондай-ақ бөлек тұратын ата-анасының, аға-інілерінің, апа-қарындастарының тегін, атын және әкесінің атын, туған жылы мен айын, тұрғылықты жерінің мекенжайын және қызмет түрін көрсете отырып, отбасы жағдайы туралы тұрғын үй-пайдалану бөлімінен немесе ауылдық (селолық) округтен анықтама. Анықтамада отбасы мүшелерінің мүгедектік тобы (егер ондайлар бар болса) және олардың алатын зейнетақы (жәрдемақы) мөлшері туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
4. Жұмыс істеушілердің лауазымын, мамандығын және қай уақыттан бастап жұмыс істейтіні, ал оқушылардың нешінші курста немесе нешінші сыныпта оқитынын көрсете отырып жұмыс немесе оқу орнынан анықтама.
5. Жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме.
6. Көлемі 3x4 см төрт фотосурет (бас киімсіз сурет).
7. Нормативтер мен спорттық разрядтарды тапсырғанын растайтын куәлік және анықтама.
8. Жүргізуші куәлігі (бар болса кезде).
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Есепке алу нөмірі ______________________________
(есептік-әліпбилік кітап бойынша)
Әскерге шақырылушының есепке алу картасы
Сурет
орны Тегі______________________________
Аты_______________________________
Әкесінің аты______________________
Төлқұжат: Сериясы __________ № _____________
(куәлік, туу Берілген күні_____________________
туралы куәлік) Кім берді_________________________
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Туған жылы
|
|
Туған жері
|
|
Ұлты
|
|
Тұрғылықты жерінің мекенжайы (телефоны)
|
|
Ана тілі
|
|
Мемлекеттік тілді меңгеруі
|
|
Орыс тілін меңгеруі
|
|
Оқу орны
|
|
Оқу мерзімі
|
|
Курс (сынып) нөмірі
|
|
БӘД курсынан өтуі
|
|
Оқудың аяқталған күні
|
|
Кәсібі (мамандығы)
|
|
Жұмыс орны
|
|
Лауазымы
|
|
Спорт түрі
|
|
Спорт бойынша разряды
|
|
Әскерге шақырылушының немесе туыстарының қандай мемлекетпен байланысы бар
|
|
Әскерге шақырылушының соттылығы
|
|
Туыстарының соттылығы
|
|
2. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫНЫҢ ОТБАСЫ ҚҰРАМЫ
Туысқандығы
|
Тегі, аты, әкесінің
аты
|
Туған жылы
|
Үйінің
мекенжайы
|
Жұмыс орны,
жұмысқа қабілеттілігі
|
|
|
|
|
|
1) Әскерге шақырылушымен бірге тұратындар
2) Бөлек тұратындар
3. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕСІНЕ ТІРКЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
|
Тіркеу бойынша
комиссиядан өтуі
|
Тіркеу бойынша
комиссиядан өтуі
|
1) хаттама №
|
|
|
2) хаттаманың күні
|
|
|
1) Антропометрикалық деректер
Бойы (см)
|
|
|
Салмағы (кг)
|
|
|
ДСИ
|
|
|
Кеуде көлемі (см)
|
|
|
Спирометрия
|
|
|
Шектеу дәрежесі
|
|
|
2) Тіркеу жөніндегі комиссия қорытындысы
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Хирург
|
|
|
|
|
Терапевт
|
|
|
|
|
Флюорография деректері
|
|
|
|
|
Невропатолог
|
|
|
|
|
Психиатр
|
|
|
|
|
Окулист
|
|
|
|
|
Көздің көргіштігі: Оң көзі -
Сол көзі -
|
|
|
|
|
Жарық сезгіштігі
|
|
|
|
|
Отоларинголог
|
|
|
|
|
Сыбырлап сөйлеу: Оң құлақ -
Сол құлақ -
|
|
|
|
|
Стоматолог
|
|
|
|
|
Саптық қызметке жарамды
|
|
|
|
|
Саптық қызметке жарамды (шектеу дәрежесі)
|
|
|
|
|
Саптық қызметке жарамды емдеуді қажет етеді
|
|
|
|
|
Емдеуді қажет етеді: бап бойынша
|
|
|
|
|
Тексеруге жіберу
|
|
|
|
|
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды: бап бойынша
|
|
|
|
|
Әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз:
бап бойынша
|
|
|
|
|
Тағайындалды
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы __________________ _______________________
(қолы)
Төраға орынбасары __________________ _______________________
(қолы)
Хатшы __________________ _______________________
(қолы)
20____ж. «_____» _______________
4. МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
|
Әскерге шақыру
комиссиясынан өту
|
Әскерге шақыру
комиссиясынан өту
|
1) хаттама №
|
|
|
2) хаттаманың күні
|
|
|
1) Антропометрикалық деректер
Бойы (см)
|
|
|
Салмағы (кг)
|
|
|
ДСИ
|
|
|
Кеуде көлемі (см)
|
|
|
Спирометрия
|
|
|
Шектеу дәрежесі
|
|
|
2) Дәрігер мамандардың қорытындылары
|
Әскерге шақыру
комиссиясынан өту
|
Әскерге шақыру
комиссиясынан өту
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Хирург
|
|
|
|
|
Терапевт
|
|
|
|
|
Флюорография деректері
|
|
|
|
|
Невропатолог
|
|
|
|
|
Психиатр
|
|
|
|
|
Окулист
|
|
|
|
|
Көздің көргіштігі: Оң көзі-
Сол көзі -
|
|
|
|
|
Жарық сезгіштігі
|
|
|
|
|
Отоларинголог
|
|
|
|
|
|
Әскерге шақыру
комиссиясынан өту
|
Әскерге шақыру
комиссиясынан өту
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Жарамдылық
дәрежесі
|
Шектеу
дәрежесі
|
Сыбырлап сөйлеу: Оң құлақ -
Сол құлақ -
|
|
|
|
|
Стоматолог
|
|
|
|
|
|
Әскерге шақыру
комиссиясының
шешімі
|
Әскерге шақыру
комиссиясының
шешімі
|
«Саптық қызметке жарамды», арналған
«Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды»: бап бойынша
«Әскери есептен ала отырып, әскери қызметке жарамсыз»: бап бойынша
«Тексерілуге жіберу»
Мыналар бойынша «Әскерге шақыруды кейінге қалдырылды»
Қай уақытқа дейін
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
АІІО (Б) төрағасы
Дәрігер - мед.комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ЕСЕПТЕН АЛУ
20__ж. «___»__________ 20___ж. «____» ___________
әскери есепке қабылданды әскери есептен алынды
_______________________ _______________________
(қолы) (қолы)
Ескертпе: 1. Әскерге шақырылушының есепке алу картасы сиямен (пастамен) толтырылады.
2. Мемлекеттік және басқа да тілдерді меңгеруі әскерге шақырылушының айтуымен жазылады (тек сөйлеседі, тек оқиды, еркін сөйлеседі және оқиды).
3. Жұмыс (оқу) орны жұмыс (оқу) орнынан берген анықтама негізінде толтырылады.
4. Спорт түрі мен спорт бойынша разряды спортшының біліктілік кітапшасы негізінде толтырылады.
5. Әскерге шақырылушының қандай мемлекетпен байланысының болуы әскерге шақырылушының айтуымен толтырылады.
6. Үшінші тармақ тіркеу бойынша комиссияның шешімі негізінде толтырылады.
7. Төртінші тармақ әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде толтырылады.
8. Бесінші тармақта басқа аудандардан келген әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және олар әскерге шақыру учаскесін ауыстырған жағдайда әскери есептен алу туралы мөртаңбамен белгілер қойылады.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Обл. ҚІД командасы ҚР Қарулы Күштерінің түрі
№ ________ (әскер тегі) ____________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің командасы
№ __________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
Есептік-әліпбилік кітап бойынша реттік нөмірі____________
ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ІСІ
______________________________________________________________
(тегі, аты,
_______________________________________________________________
әкесінің аты)
19____ жылы туған «_____»_______________
(күні және айы)
Білімі __________________________________________________________
Ұлты __________________________________________________________
Азаматтық мамандығы ___________________________________________
Әскери даярлығы _______________________________________________
Спорттық разряды _______________________________________________
Кейінге қалдыру _________________________________________________
Соттылығы _____________________________________________________
______________________ облысы __________________ ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы
мұқабаның сыртқы жағы
Фотокарточкалар
үшін конверт
Жеке істе болатын құжаттар
ТІЗІМДЕМЕСІ
1. Әскерге шақырылушының есепке алу картасы.
2. Әскерге шақырылушының туу туралы куәлігінің көшірмесі.
3. Неке туралы куәліктің көшірмесі.
4. Балаларының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі.
5. Білімі туралы құжаттың көшірмесі.
6. Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама.
7. Оқу немесе жұмыс орнынан мінездеме.
8. Отбасы құрамы туралы анықтама.
9. Әскерге шақырылушыны зерделеу парағы.
10. Кеуде қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу туралы анықтамалары.
11. Денсаулық жағдайы туралы құжаттар.
12. Ішкі істер органдары мен анықтау және алдын ала тергеу орындарынан анықтамалар.
13. Сот органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы анықтамалар.
14. АХАТ органдарынан тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, туған күні мен жері туралы өзгерістер туралы, қайтыс болуы туралы хабарламалар.
Әскерге шақырылушының жеке ісі мұқабасының сыртқы
жағын толтыру тәртібі
1. Жоғарғы сол жақ бұрышында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) қорғаныс істері жөніндегі департаменті белгілеген команданың нөмірі қойылады. Жоғарғы оң жақ бұрышында әскер тегі көрсетіледі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті белгілеген команданың нөмірі қойылады.
2. «Әскери даярлық» деген жолда қандай мамандық алды және қандай мамандық бойынша ӘТМ-да немесе КТМ-да дайындалатыны көрсетіледі.
3. Жеке істер: мерзімді әскери қызметке шақырылған адамдарға – 5 жыл, мерзімді әскери қызметтен өтпеген адамдарға – оларды запасқа жібергеннен кейін 3 жыл ішінде сақталады (Растау құжаттарымен запасқа жіберілген адамдарға әскерге шақырылушының есепке алу картасы 10 жыл сақталады).
_________________
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Тізімдеме бойынша
есепке алынды
№_____
20___ж. «__» ________
_______________ ОБЛЫСЫ _________________ АУДАНЫ (ҚАЛАСЫ)
ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕСІНЕ 19 ____ ЖЫЛЫ ТУҒАН
АЗАМАТТАРДЫ ТІРКЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТТАМАЛАРЫНЫҢ
КІТАБЫ
20___ж. «____»_________ басталды
20___ж. «____»_________аяқталды
Р/с
№
|
Тегі, аты,
әкесінің аты
|
Туған
жылы
|
Денсаулық жағдайына
шағым, анамнез
(әскерге шақырылушының басқа да өтініштері)
|
Объективті тексерудің,
диагноздардың
деректері
|
Комиссия
шешімі
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
20___ж. «____»_________ №____ хаттама
Тіркеуге шақыртылды
|
- адам
|
Олардың ішінде медициналық тексеруден кейін
|
- адам
|
Белгісіз себептер бойынша тіркелуге келмеді
|
- адам
|
Тіркелуге келді
|
- адам
|
Олардың ішінде:
|
|
«әскери қызметке жарамды»
|
- адам
|
«емдеуді (медициналық қадағалауды) қажет етеді»
|
- адам
|
«бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды»
|
- адам
|
«әскери есептен ала отырып, әскери қызметке жарамсыз»
|
- адам
|
«қосымша тексерілуге жіберілді»
|
- адам
|
Тіркелді
|
- адам
|
Тіркелген жоқ
|
- адам
|
Р/с
№
|
Күні
|
Тіркеу
бойынша
комиссиядан
өтті
|
Олардың ішінде
|
Саптыққа
жарамды
|
Емдеуді
(медици-налық
қадаға-
лауды)
қажет
ететін-
де
|
Бейбіт
уақытта
әскери
қызметке
жарамсыз,
соғыс
уақытын-да саптан тыс
қызметке
жарамды
|
Әскери
есептен
шығара отырып,
әскери
қыз-
метке
жарам-
сыз
|
Қосымша
медици-
налық
тексеруге
жіберілді
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
__ тексерілуге жіберілгендер-дің ішінен
тексерілуден
кейін танылды
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы__________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
Комиссия төрағасының орынбасары ___________________________________
(қолы)
Комиссия мүшелері: __________________________________
(қолы)
__________________________________
(қолы)
__________________________________
(қолы)
Комиссия хатшысы: __________________________________
(қолы)
Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі
комиссия хаттамаларының кітабын жүргізу тәртібі
1. Кітап қатаң есептегі құжат болып табылады. Ол нөмірленген, тігілген, қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен куәландырылған болуға тиіс. Көрсетілген кітап қызметте пайдалануға арналған құжаттар құқығында сақталады. Осы кітаппен жұмыс істеуге адамдарға рұқсат беру қатаң шектеулі болуға тиіс.
2. Кітапта жазулар медицина бикелері қатарынан осы үшін арнайы даярланған комиссия хатшысымен жүргізіледі. Жазулар анық және ұқыпты жүргізіледі. Түзетулер мен толықтырулар екінші бөлімше бастығымен және қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) мөрімен куәландырылады.
3. Кітапқа тіркеуге келуге жататын, тізімге (2-қосымша) енгізілген барлық азаматтар, соның ішінде ауыр науқаспен ауыратын, тіркеуге өзі келу мүмкіндігінен айырылған азаматтар жазылады.
4. Қосымша тексеруге жіберілген адамдар кітапқа екі рет жазылады: тексеруге жіберілген күні, және ол туралы тіркеу жөніндегі комиссия соңғы шешім қабылдаған күні қайтадан. Бұл ретте 2-бағанда төменгі жағында тегі, аты мен әкесінің аты «қайтадан» жазылады.
5. Қысқаша анамнез және объективті, зертханалық, рентгенологиялық және диагнозын негіздейтін басқа да зерттеулердің деректері және науқасы бар әскерге шақырылушыға комиссияның шешімі комиссия хаттамасына енгізіледі.
Сараптамалық шешім шығарған кезде денсаулық жағдайын зерттеудің нәтижелері және ауру тарихының қолда бар көшірмелері ескеріледі.
Хаттамаларда реттік нөмірлер санмен – осы хаттаманың реттік нөмірі, № 2 хаттамадан бастап бөлгішпен, реттік нөмірлер өспелі нәтижемен жүргізіледі.
6. Тіркеу аяқталғаннан кейін кітапта азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу қорытындыларының жалпы жиынтығы жасалады.
7. Кітап 5 жыл сақталады.
_________________
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Әскери билет
мұқабаның 4-ші беті/ /стр. 4 обложки
Достарыңызбен бөлісу: |