Дәріс Мәліметтердің стандартты типтері



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі23.35 Kb.
#463075
  1   2   3
Дәріс 3. Мәліметтердің стандартты типтері


Дәріс 3. Мәліметтердің стандартты типтері
3.1 Мәліметтердің базалық типтері мен олардың көлемі
Мәліметтерді анықтағанда компиляторға олардың типтері туралы ақпаратты беру қажет. Осы ақпаратқа байланысты компилятор мәліметтерді сақтауға қажет орын көлемін анықтайды және онда қандай мән болатынын біледі.
С++ тілінде мәліметтердің бес базалық типтері анықталған: символдық (char), бүтін (int), жылжымалы үтірі бар нақты (float), екі еселі ұзындығы бар жылжымалы үтірі бар нақты (double) және бос, мәні жоқ тип (void).
Аталып кеткен типтер негізінде барлық қалғандары құрастырылады. Сәйкес типтің алдында қойылатын типтердің модификаторларын қолдану құрастырудың қарапайым әдісі болады: белгілік (signed), белгісі жоқ (unsigned), ұзын (long) және қысқа (short). А3-кестеде модификаторларының әртүрлі комбинацияларымен, өзгеру диапазонымен және байтпен көрсетілген алатын орын өлшемімен мүмкін болатын типтердің барлығы келтірілген.
Бағдарламада қайта-қайта мәліметтер типтерінің модификаторларының әртүрлі комбинацияларын, мысалы, unsigned short int қайта-қайта қолданғанда синтаксис қателер жеңіл пайда болуы мүмкін. Оларды жою үшін С++ тілінде typedef қызмет сөзі көмегімен псевдонимдерді (синонимдерді) жасау мүмкіндігі бар. Мысалы, typedef unsigned short int USHORT; жолы жаңа USHORT псевдонимді құрастырады, ол unsigned short int жолды жазу керек болатын барлық жерде қолданылады.
1.3.2 Айнымалылар, тұрақтылар, символдар
Сақталынатын мәнді уақытша орнатуға және соңынан сол арадан алуға бөлінген жады аймағымен байланысқан ат айнымалы деп аталады. Айнымалылардың мәндерін ұзақ (тұрақты) сақтау үшін мәліметтер қорлары немесе файлдар қолданылады. С++ тілінде пайдалану алдында барлық айнымалыларды жариялап кету қажет. Жариялау дегеніміз айнымалының аты мен оның типін көрсету. Бірақ, void типті айнымалыны жасауға болмайды. Айнымалыларды жариялаудың негізгі түрі келесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет