1. Жалпы мәлiметтер
Р/с
№
|
Тексеру бағдарламасы және тексерiлетiн элементтер
|
Сәйкестiктi бағалау
(+/-)
|
Сәйкессiздiк позициясының нөмiрi
|
Тексерiс күнi
|
ӘК түрi
|
Пайдаланушы
|
ӘК с/н
|
1. Пайдаланушы базасындағы ӘК құжаттамасын ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту тұрғысынан тексеру
|
2)
|
Формулярлардың (паспорттардың) жай-күйi және жүргiзiлуi
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi бекiткен ТҚК бағдарламасына сәйкес ТҚК орындалуының толықтығы және уақтылылығы. Орындалған ТҚК құжаттарының жай-күйi және жүргiзiлуi
|
|
|
3)
|
бiр мәртелiк тексерулер, ADs және тиiстi жазбаларды орындау
|
|
|
4)
|
ресурстық жиынтық бөлшектерiнiң жұмыс iстеген уақытын есепке алу, сериялық нөмiрлердi салыстырып шығу (iшiнара)
|
|
|
5)
|
ӘК түрлендiрулерi және жөндеулерi бойынша құжаттама
|
|
|
2. ӘК қарап шығу және әуе кемесiнiң құжаттамасын тексеру
|
2. Ұшқыштар кабинасы
|
|
Кеме құжаттамасының тiзбесi:
әуе кемесiнiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк;
ұшуға жарамдылық сертификаты;
әуе кемесiнiң шу жөнiндегi сертификаты әуе кемесiнiң радиостанцияларына лицензия;
пайдаланушы сертификатының куәландырылған көшiрмесi, авиациялық жұмыстар жүргiзуге куәлiк немесе ұшуларды орындау құқығына куәлiк (барлық қосымшалармен);
ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқау;
ұшуды орындау жөнiндегi нұсқау (4 бөлiм);
ең төменгi жабдықтың тiзбесi;
борт журналы;
салмағын өлшеу мен орталықтандыру жөнiндегi деректер;
қаптаманың мүмкiн болатын майысуы мен зақымдануы жөнiндегi деректер;
кейiнге қалдырылған ақаулар тiзiмi;
командир хабарларының түрлерi;
пайдалануға жiберу сертификаты (Certificate of Release to Service)
|
|
|
1)
|
ұшқыштар кабинасындағы шыныланған фонарьдың тазалығына және зақамдану жоқ екенiне көз жеткiзiңiз, желдеткiштердiң (блистерлердiң) оңай ашылатынынын тексерiңiз
|
|
|
2)
|
аспаптардың сыртқы жай-күйiнiң тазалығын және зақымданудың жоқ екенiн қарап шығыңыз. ЖҚС панельдерiнiң таңбалануын қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
ұшқыштар кабинасындағы есiктер мен бекiтетiн құрылғылардың жай-күйiн, жарамдылығын қараңыз. Қорғаныштың болуы
|
|
|
4)
|
ұшқыштар креслоларының сыртқы жай-күйiн қарап шығыңыз, жағдайды реттеу тетiктерiнiң жарамдылығын, иық және бел қауiпсiздiк белбеулерiнiң бар болуы мен жарамдылығын тексерiңiз
|
|
|
5)
|
басқару органдарының жалпы жай-күйiн тексерiңiз
|
|
|
6)
|
авариялық жабдықтың – түтiнге қарсы және оттегi маскаларының, авариялық балтаның болуын тексерiңiз
|
|
|
7)
|
түтiнге қарсы қаптың өз орнында екенiн тексерiңiз
|
|
|
8)
|
медициналық қобдишаның болуын, оның пломбалануы мен жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз
|
|
|
9)
|
әр пилоттың жұмыс орнынан экипаж кабинасына кiру есiгiнiң құлпын қашықтықтан басқарудың болуын және жұмыс қабiлеттiлiгiн (екi пилотты экипажы бар ӘК үшiн) тексерiңiз
|
|
|
10)
|
Мыналардың болуын тексерiңiз:
жаһандық позициялау жүйесi (GPS/FMS) мен дерекқордың жаңартылуы (қолданылатын жерлерде);
арнайы аймақтарда (MNPS\RVSM\PBN) ұшуларды орындауға навигациялық жабдық (қолданылатын жерлерде);
ИКАО 2-3-санаттарының метеоминимум бойынша ұшуларды орындау үшiн ұшу-навигациялық жабдықтың екi жиынтығы (қолданылатын жерлерде);
жерге қауiптi жақындауды ерте құлақтандыру жүйесiнiң (ЕGPWS (GPWS)/CPППЗ) жабдығы (сертификатталған ең көп ұшу салмағы 15 т мен 30 жолаушыдан артық ӘК үшiн);
апатты радиомаяк (ELT) 406 MHz, 121,5 MHz (саны, жиiлiгi 6 бұйрық, 1 б, 6.17 т. және 10 бұйрық, 3 б, 5.1 т. сәйкес);
байланыстың тиiстi түрi (RCP) орнатылған аудандарда немесе бағыттар бойынша ұшу жабдығы (қолданылатын жерлерде)
|
|
|
11)
|
жеке құтқару кеудешелерiнiң болуы мен жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз (қажет болған жағдайда)
|
|
|
12)
|
ұшқыштар экипажы мүшелерiнiң орындарында қалта шамдарының болуын тексерiңiз
|
|
|
3. Салон
|
1)
|
әжетхана есiгiнiң сыртқы жағында күлсалғыштың бар екенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
2)
|
әжетхана есiгiнiң сыртқы және iшкi жағында «Темекi шегуге болмайды» деген тақтайшаның болуына көз жеткiзiңiз
|
|
|
3)
|
әжетханаға отыратын жерде «Қоқыс тастауға болмайды» белгiсiнiң болуына көз жеткiзiңiз
|
|
|
4)
|
түтiн детекторының орнатылғанына көз жеткiзiңiз
|
|
|
5)
|
қоқыс багының үстiнде автоматты өрт сөндiргiштiң бар екенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
7)
|
барлық қоқыс бактарының таза екенiне және онда жанбайтын материалдан жасалған пакеттер орнатылғанына көз жеткiзiңiз
|
|
|
8)
|
ұшақтың салонына кiрер кезде ӘК деректерiнiң жанбайтын тақтайшасының болуы
|
|
|
4. Ас үй
|
1)
|
буфеттiк-ас үй жабдығын қараңыз және электр жабдығының, дабыл беру жүйесiнiң, борттағы тағамды жылытатын жердiң жарамдылығына көз жеткiзiңiз
|
|
|
2)
|
ас үй есiктерiнде апатты науасы бар контейнерлердiң болуын тексерiңiз және оларға еркiн қол жеткiзу мүмкiндiгiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
3)
|
ас үй есiгiнде оларды ашу тәртiбi туралы трафареттердiң бар-жоғын тексерiңiз
|
|
|
4)
|
барлық азық-түлiктi сақтау контейнерлерiнде салмағы бойынша шектеулер туралы ақпараттың бар-жоғына көз жеткiзiңiз
|
|
|
5)
|
барлық контейнерлер мен кофе-машиналарда бекiтушi құлыптардың бар-жоғына көз жеткiзiңiз
|
|
|
6)
|
барлық тақтайшалар оқылатындығына және олар өз орындарында орналасқандығына көз жеткiзiңiз
|
|
|
5. Жолаушылар салоны
|
1)
|
жолаушылар салоны интерьерiнiң тазалығын және зақымданудың жоқ екенiн қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
жолаушыларға арналған ақпараттық таблолардың жолаушылардың көз алдында екендiгiн тексерiңiз. Көмескi жарық беру жұмыс жағдайында екенiн қараңыз
|
|
|
3)
|
авариялық шығатын жерлердiң таблолары өз орнында тұрған-тұрмағанын, олардың көмескi жарық беру жүйесiнiң жұмыс iстейтiн-iстемейттiнiн тексерiңiз
|
|
|
4)
|
ӘК авариялық шығу жүйесiнiң жұмыс iстейтiн күйде болу-болмауын тексерiңiз
|
|
|
5)
|
есiктерде орналасқан авариялық науалары бар контейнерлерге еркiн қол жеткiзу мүмкiндiгiнiң бар екенiн тексерiңiз
|
|
|
6)
|
есiктердi ашу жөнiндегi барлық нұсқаулықтардың орнында тұрған-тұрмағанын және дұрыс таңбаланғанын тексерiңiз
|
|
|
7)
|
жолаушылар орындықтарының еденге бекiтiлу құлыптарының жабылғаннын тексерiңiз
|
|
|
8)
|
жолаушылар орындықтарындағы қауiпсiздiк белбеулерiнiң жиынтықта болуын, тазалығын және жарамдылығын, таңбалануын қарап шығыңыз
|
|
|
9)
|
авариялық шығатын жерлердегi орындықтардың орналасу дұрыстығын тексерiңiз
|
|
|
10)
|
қанат үстiндегi авариялық шығатын жердiң алдында қозғалыс бағыты көрсетiлген (егер көзделген болса) тайғанамайтын бөлiгi бар екенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
11)
|
бортсерiктiң әрбiр жұмыс орны бел және иыққа тағылатын ақаусыз қауiпсiздiк белбеулерiмен жабдықталғанына көз жеткiзiңiз
|
|
|
12)
|
бортсерiктiң әрбiр орындығының қасында авариялық қалта шамының (егер өндiрушi көздеген болса) бар екенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
13)
|
тасымалданатын оттегi баллондары белгiленген орындарда орналасқанына және бекiтiлгенiне, сақтау орындары таңбаланғанына көз жеткiзiңiз. Баллондардың зарядталғанына, таңбаланғанына, тексерiлгенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
14)
|
тиiстi көлемдегi және үлгiдегi өрт сөндiргiштер өз орындарында екенiне және бекiтiлгенiне көз жеткiзiңiз. Баллондардың зарядталғанына, таңбаланғанына, тексерiлгенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
15)
|
алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы белгiленген, таңбаланған жерде орналасқанына көз жеткiзiңiз. Қобдиша пломбаланған және жарамдылық мерзiмi бар
|
|
|
16)
|
авариялық балтаның өз орнында екенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
17)
|
шассидi тексерiп қарау терезесiне апаратын есiктiң (люктiң) таңбаланғанына және жарамды жай-күйде екенiне көз жеткiзiңiз
|
|
|
18)
|
жеке құтқару кеудешелерiнiң болуын және олардың жарамдылық мерзiмiн (қажет болса) тексерiңiз
|
|
|
19)
|
жолаушылар жадынамасының бар-жоғын тексерiңiз
|
|
|
20)
|
креслолар арасындағы жолдарда еденде «жүгiртпе жол» авариялық шамдарының болуын және жұмыс iстеуiн тексерiңiз
|
|
|
6. Планер
|
1)
|
фюзеляждiң лак-бояу жабынының жай-күйiн қарап шығыңыз. Айқын жөндеудi қажет ететiн жерлерге назар аударыңыз және жөндеуге арналған құжаттаманы тексерiңiз
|
|
|
2)
|
фюзеляждағы апатты ашу орындарында тиiстi таңбалаудың түсiрiлуiн қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
кокта ЛБЖ жарықтары мен зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
4)
|
жолаушылар салонындағы (жүк бөлiгiндегi, ас үйдегi) иллюминаторлардың шынылануын қарап шығыңыз
|
|
|
5)
|
статикалық және динамикалық қысым қабылдағыштарда, антенналарда зақымданудың бар-жоғын, олардың таңбалануын қарап шығыңыз
|
|
|
6)
|
технологиялық тығындардың, «вымпелдердiң» болуын және жай-күйiн тексерiңiз
|
|
|
7)
|
технологиялық панельдердiң (люктердiң) жабық екенiн, таңбаланудың болуын тексерiңiз
|
|
|
8)
|
қосымша есiктерде тиiстi таңбаланудың болуын қарап шығыңыз
|
|
|
9)
|
жарық түсiргiш (импульстiк) маяктарда, АНО мен шамдарда зақымданудың болмауы тұрғысынан олардың сыртқы жай-күйiн қарап шығыңыз
|
|
|
7. Тiк және көлденең қанаттану
|
1)
|
киль мен стабилизатордың, бағыт пен биiктiк рулiнiң, артқы обтекателiнiң сыртқы жай-күйiн зақымданулардың болмауына қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
статистикалық электр тогын ажыратушыларды зақымданудың болмауы тұрғысынан қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
стабилизаторды орнату бұрыштарының лимбтарын (белгiлерiн) қарап шығыңыз
|
|
|
8. Пилондар
|
1)
|
пилондарда зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
технологиялық панельдердiң (люктердiң) жабық екенiн, таңбаланудың болуын тексерiңiз
|
|
|
9. Қанат
|
1)
|
қанаттың алдыңғы жиектерiнде, бетiнде және механизациясында зақымданудың болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
қанатта ЖЖМ ағып кету iздерiнiң болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
технологиялық люктердiң жабылуы мен олардың таңбалануын қарап шығыңыз
|
|
|
4)
|
статистикалық электр тогын ажыратушыларда зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
10. Жүк бөлiктерi
|
1)
|
жүк бөлiгiнде зақымданудың болмауын, тазалығын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
түтiн сигнализаторларының (тұтануды анықтау жүйесiнiң) болуын тексерiңiз
|
|
|
3)
|
өртке қарсы жүйенiң болуын тексерiңiз
|
|
|
4)
|
люктерде (жүк есiктерiнде) зақымданудың болмауын, бекiту тетiктерiнiң жарамдылығын және тиiстi таңбаланудың болуын қарап шығыңыз
|
|
|
5)
|
тоқтату (бекiту) және жүктердi жылжыту құрылғыларын, сақтандырғыш торларды ақаусыздық мен жұмысқа қабiлеттiлiгi тұрғысынан қарап шығыңыз
|
|
|
6)
|
такелаждық жабдықтың жарамдылығын, оларда зақымданудың болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
7)
|
еден асты кеңiстiкте коррозиялардың бар-жоғын, жалпы жай-күйiн қарап шығыңыз
|
|
|
11. Шасси
|
1)
|
шассидiң алдыңғы және негiзгi тiрек пневматиктерiнiң жай-күйiн және тозуын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
тежегiш дискiлерiнiң тозу индикаторларының жай-күйiн тексерiңiз
|
|
|
3)
|
амортизациялық тiреулердегi шток айнасының сығымдалуы мен тазалығын тексерiңiз
|
|
|
4)
|
шасси агрегаттарында, шассидiң негiзгi және алдыңғы тiреу қуыстарында зауыттық трафареттер мен жазбалардың болуын және сәйкестiгiн тексерiңiз
|
|
|
5)
|
шассидiң басқару жүйесiнiң көрiнетiн бөлiгiнде зақымданулардың, көрiнiп тұратын ақаулардың бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
6)
|
шассидiң алдыңғы және негiзгi тiреулерiнiң арбашалары мен дөңгелектерiнде зақымданулардың бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
7)
|
құбырларда және олардың бекiтулерiнде бүлiнулер мен гидросұйықтықтар ағуының бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
8)
|
сақтандырғыш қауiпсiздiк құрылғыларының (вымпелдiң) болуын, орнатылуын тексерiңiз
|
|
|
12. Қозғалтқыштар, қосалқы күш қондырғысы
|
1)
|
кiру және шығару құрылғыларындағы бiтеуiштердiң жай-күйiн, зақымданудың болмауын және олардың таңбалануын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
капоттарда зақымданудың болмауын, құлыптардың жабылуын, ЖЖМ iздерiнiң болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
қозғалтқыштардың капоттарын, ҚКҚ ашыңыз және капот асты кеңiстiкте ЖЖМ iздерiнiң, бөгде заттардың болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
4)
|
құбыр жолдарының бекiтiлуiн, қозғалтқыштың коммуникация жүйелерiнiң, ҚКҚ жай-күйiн зақымданулардың, отын, май ағуының болмауына қарап шығыңыз
|
|
|
5)
|
түтiн шығару құрылғысында бөгде заттардың, зақымданулар мен жарықшақтардың, ЖЖМ iздерiнiң болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
6)
|
реверсивтiк құрылғыларда зақымданудың болмауын қарап шығыңыз
|
|
|
13. Тiкұшақтың құйрық және шеткi арқалықтары
|
1)
|
құйрық және шеткi арқалықтарының сыртқы жай-күйiн, зақымданудың бар-жоғын және жөндейтiн жерлердiң бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
құйрық және шеткi арқалықтардың лак-бояу жабынының жалпы жай-күйiн қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
стабилизатордың (бар болса) жай-күйiн зақымдану тұрғысынан қарап шығыңыз
|
|
|
14. Тiкұшақ. Тiрек бұранданың қалақшалары
|
1)
|
тiрек бұранда қалақшаларының алдыңғы жиектерiнде зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз. Тiрек бұранда қалақшаларының қыздырғыш элементтерiн қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
тiрек бұранда қалақшаларының жиектерiнде зақымданудың бар-жоғын, аэронавигациялық шамдардың жарамдылығын қарап шығыңыз
|
|
|
3)
|
тiрек бұранда қалақшаларында триммерлердiң (бар болса) жай-күйiн қарап шығыңыз
|
|
|
4)
|
тiрек бұранда қалақшаларында отсектердiң, олардың қосылу орындарының жай-күйiн, сондай-ақ қалақшалардың қысым жөнiнде дабыл беру жүйесiн (бар болса) қарап шығыңыз
|
|
|
15. Бас редуктор. Құйрық және аралық редукторлар
|
1)
|
бас редукторда, құйрық және аралық редукторларда зақымданудың бар-жоғын, олардың бекiтiлу жай-күйiн қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
бас редуктордың гидроотсегiнде зақымданудың, гидросұйықтықтардың аққан iзiнiң бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
16. Қисаю автоматы, ұстап тұратын бұранда төлкесi
|
1)
|
қисаю автоматының жай-күйiн, зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
тiрек бұранда төлкесiн, көлденең және тiк шарнирлердiң жай-күйiн зақымданулардың және гидросұйықтықтардың аққан iзiнiң бар-жоғы тұрғысынан қарап шығыңыз
|
|
|
17. Рульдiк бұранда
|
1)
|
рульдiк бұранданың жай-күйiн, қалақтарда және төлкеде зақымданудың бар-жоғы тұрғысынан қарап шығыңыз
|
|
|
2)
|
вертикаль жазықтықтағы рульдiк бұранда қалақтарындағы ауытқулардың қалыптылығын тексерiңiз
|
|
|
ҚОСЫМША: сәйкессiздiктер тiзбесi ________ парақта (парақтарда).