Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1392 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 728-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекiтiлген үлгiлiк конструкциясы жоқ әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерiнiң пайдаланушыларын бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргiзуi және азаматтық әуе кемесiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiн жасауы;».
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығына сертификат беру үшiн осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiм ресiмделедi. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актiсi;
2) егер әуе кемесi жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмелерi;
3) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшiн алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) қолданылатын түрлендiрулердi көрсете отырып, үлгi сертификатының көшiрмесi немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн растайтын барабар құжат;
5) бекiтiлген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламентi);
6) әуе кемесiнiң қайта жабдықталғаны жөнiндегi ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);
7) жаңа әуе кемесiнiң үлгi сертификатына сәйкестiгiн растайтын әзiрлеушi зауыттың сертификаты;
8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентiнен) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентiне) көшу жөнiндегi қосымша жұмыстар көлемi туралы деректер;
9) орталық және жүктеме деректердi көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесiнiң салмағын өлшеу жөнiндегi деректер;
10) үлгiлiк конструкцияға жауап беретiн ұйым құрастырған ең төменгi жабдықтың негiзгi тiзбесi бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгi жабдықтың бекiтiлген тiзбесi;
11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесi;
12) ресурстары шектеулi агрегаттардың мәртебесi;
13) орындалған түрлендiрулердiң мәртебесi;
Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардағы мәлiметтер өтiнiм азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда тiркелген күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк 30 күн iшiнде ұсынуы тиiс.
Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген адамының қолымен және мөрiмен куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезiнде өтiнiш берушi осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi ресiмдейдi. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актiсi;
2) егер әуе кемесi жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмелерi;
3) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшiн алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесi;
5) ресурстары шектеулi агрегаттардың мәртебесi;
6) орындалған түрлендiрулердiң мәртебесi.
Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген адамының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
8-2. Бекiтiлген үлгiлiк конструкциясы жоқ әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтiнiмiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актiсi;
2) егер әуе кемесi жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмелерi;
3) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшiн алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсi;
5) қолданылатын түрлендiрулердi көрсете отырып, дана сертификатының көшiрмесi;
6) бекiтiлген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламентi) (алғашқы беру кезiнде);
7) Ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқауға сәйкес негiзгi орналасқан жерiне дейiн ұшуға рұқсат етiлген ең төменгi жабдықтың негiзгi тiзбесi немесе ақаулар мен iстен шыққан жерлердiң тiзбесi болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгi жабдықтың бекiтiлген тiзбесi (алғашқы беру кезiнде).
Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген адамының қолымен және мөрiмен куәландырылады.»;
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын бағалау үшiн осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуға жарамдылыққа сертификаттаудың үлгiлiк бағдарламасына сәйкес әзiрленген әуе кемесiнiң нақты түрiне арналған ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасын қолданады.
Әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттық байқап тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен сертификаттық байқап тексеру жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк авиация инспекторларына арналған нұсқау материалын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
11. Өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк авиация инспекторларының сертификатталатын әуе кемесiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi және әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн бағалау үшiн пайдаланушы құжаттамасын көрсетедi.
12. Пайдаланушы құжаттамасын сараптау және әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн бағалау жөнiнде жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiн жасайды.
Сертификаттық байқап тексеру кезiнде сәйкессiздiктер анықталған жағдайда, өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның бекiтуi үшiн күнi мен ескертулердi жою жөнiндегi жауапты адамдарды көрсете отырып, түзету iс-қимылдарының жоспарын жасайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган түзету iс-қимылдарының жоспарын бекiткен сәттен бастап сертификаттау мерзiмiнiң ағымы анықталған сәйкессiздiктер жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады.»;
13-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiм берiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмде берiледi. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, ол жөнiнде өтiнiш берушiге қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарланады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргiзу үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетiлген алым мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтата тұру және керi қайтарып алу
13-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) әуе кемесi ұшуға жарамды күйде ұсталмайды;
2) авариялық-құтқару жабдығында ақау бар;
3) ұшуға жарамдылық сертификатының қолданыс мерзiмi өтiп кеткен;
4) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу оған техникалық қызмет көрсету жөнiндегi бағдарламаға (регламентке) сәйкес орындалмайды.
13-3. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұшуға жарамдылық сертификаты қолданысының тоқтатыла тұру себебiн көрсетедi.
Ұшуға жарамдылық сертификаты тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай iшiнде әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессiздiгi жойылмаған жағдайда, ол керi қайтарып алынады.
13-4. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оны қалпына келтiрудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган анықталған сәйкессiздiктердi пайдаланушы жойғаннан және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жойылған сәйкессiздiктер бойынша қосымша тексеру жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асырады.
13-5. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол керi қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне дереу хабарлайды.
13-6. Ұшуға жарамдылық сертификаты керi қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.»;
осы Қағидаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат) қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға өтiнiмдi берген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн. Қосымша зерттеудi немесе тексерудi жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, ол жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарланады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттiк қызмет ақылы болып табылады. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес республикалық бюджет кiрiсiне осы стандартқа 1-1-қосымшаға сәйкес мөлшерлемелер көлемiнде аударылатын алым алынады.
Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша айлық есептiк көрсеткiштерде алым төлеу күнi есептеледi және осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар берiлгенге дейiн төленедi.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«11. Мемлекеттiк қызметi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы өтiнiмдi әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшiн мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актiсi;
2) егер әуе кемесi жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмелерi;
3) қолданылатын түрлендiрулердi көрсете отырып, үлгi сертификатының көшiрмесi немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн растайтын барабар құжаттың көшiрмесi;
4) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшiн алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) бекiтiлген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламентi);
6) әуе кемесiнiң қайта жабдықталғаны жөнiндегi ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);
7) жаңа әуе кемесiнiң үлгi сертификатына сәйкестiгiн растайтын әзiрлеушi зауыттың сертификаты;
8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентiнен) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентiне) көшу жөнiндегi қосымша жұмыстар көлемi туралы деректер;
9) орталық және жүктеме деректердi көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесiнiң салмағын өлшеу жөнiндегi деректер;
10) үлгiлiк конструкцияға жауап беретiн ұйым құрастырған ең төменгi жабдықтың негiзгi тiзбесi бар болған жағдайда, пайдаланушы құрастырған ең төменгi жабдықтың бекiтiлген тiзбесi;
11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесi;
12) ресурстары шектеулi агрегаттардың мәртебесi;
13) орындалған түрлендiрулердiң мәртебесi.
Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардағы мәлiметтер өтiнiм азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда тiркелген күнге дейiн күнтiзбелiк 30 күн мерзiмнен аспауға тиiс.
Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе оның уәкiлеттi адамының қолымен және мөрiмен куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
«11-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезiнде өтiнiш берушi мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi ресiмдейдi:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актiсi;
2) егер әуе кемесi жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмелерi;
3) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшiн алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесi;
5) ресурстары шектеулi агрегаттардың мәртебесi;
6) орындалған түрлендiрулердiң мәртебесi.
Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген адамының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
11-2. Бекiтiлген үлгiлiк конструкциясы жоқ әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтiнiмiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актiсi;
2) егер әуе кемесi жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмелерi;
3) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшiн алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) осы стандарттың 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсi;
5) қолданылатын түрлендiрулердi көрсете отырып, дана сертификатының көшiрмесi;
6) бекiтiлген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламентi) (алғашқы беру кезiнде);
7) Ұшуларды пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес негiзгi орналасу жерiне ұшуға рұқсат етiлген ең төменгi жабдықтың негiзгi тiзбесi немесе ақаулықтар мен бас тартулар тiзбесi болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгi жабдықтың бекiтiлген тiзбесi (алғашқы беру кезiнде);
Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген адамының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша ұсынылады, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенiң телефоны: 8 (7172) 24-14-19.
Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн.
22. Қызмет дұрыс көрсетiлмеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайғы бойынша берiледi, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.
Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
көрсетiлген стандартқа 1, 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының он бiрiншi, жиырма сегiзiншi, отыз алтыншы, елу бiрiншi, елу екiншi абзацтарын және 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi, он үшiншi, жиырма тоғызыншы, отыз сегiзiншi абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесiнiң
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
1-қосымша
ӨТIНIШ
1. Мемлекеттiк тiзiлiмге ______ ж. «___» ________ № _____ болып
енгiзiлген әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткiзудi
және сертификат берудi сұраймын.
Үлгiсi ______________________________________________________________
Әуе кемесiнiң мақсаты _______________________________________________
Әуе кемесiнiң сериялық (зауыттық) нөмiрi ____________________________
Әуе кемесiнiң жасалған күнi _________________________________________
Дайындаушының атауы _________________________________________________
Дайындаушы мемлекет _________________________________________________
Үлгi сертификаты (немесе балама құжат): ___ № __ берiлген күнi ______
Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер:
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон: __________________ Факс: ___________________________________
Электрондық поштаның мекен жайы (бар болса) _________________________
Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _________________________________________________
Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
Өзара iс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердiң тегi, аты,
әкесiнiң аты, телефоны ______________________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жерi _______________________________
4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзген
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекен жайы
_____________________________________________________________________
5. Әуе кемесiнiң ұшуы _________________________________________
- пайдалану басталғаннан бастап: ______ сағ. ______ қонуы _______ жыл
- соңғы жөндеуден кейiн: __________ сағ. ________ қонуы _________ жыл
6. Жөндеуге дейiн ресурстың қалдығы: ___ сағат __ соңғы ___ жыл
7. Салмағы, кг _______________. Орталықтау, % САХ _____________
8. Әуе кемесiне түзету, өзгерту жұмыстарын жүргiзген ұйым _____
9. Пайдаланудың техникалық деректерiне енгiзiлген, жүргiзiлген
жетiлдiрудiң нәтижесi болған өзгерiстер көрсетiлсiн (егер орын алса):
ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқау: ___________________________________
техникалық пайдалану жөнiндегi нұсқау: ______________________________
техникалық қызмет көрсету регламентi: _______________________________
10. RVSM бойынша әуе кемесiнiң ұшуға жiберу туралы ақпарат: ___
11. Әуе кемесi ИКАО _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат берiлген.
12. Әуе кемесiнде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша
деректерi.
13. Әуе кемесiнiң ұйымдастырылған тректер жүйесiндегi (OTS)
рұқсаты бойынша деректер
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесiнiң
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
2-қосымша
Нысан
«Бекiтемiн»
Пайдаланушының бiрiншi басшысы
______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж. «___» ________________
Әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға
жарамдылығын айқындау
АКТIСI
Мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға ______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелерi ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
200__ ж. «___» __________________________ техникалық тексеру жүргiздi
(әуе кемесiнiң үлгiсi және мақсаты)
мемлекеттiк және тiркеу белгiлерi _______________ сериялық (зауыттық)
нөмiрi ______________________________________________________________
1. Әуе кемесi туралы мәлiметтер:
ӘК-нiң зауыттан шығарылған күнi
|
|
Белгiленген ресурс
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Пайдалану басталғаннан берi ұшуы
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Жөндеу саны
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күн мен орын, АЖЗ
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Соңғы жөндеуден кейiнгi ұшуы
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Жөндеуаралық ресурс
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшiн негiз _________________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшiн негiз ______________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе винттерi туралы мәлiметтер: __________
Қозғалтқыш/әуе винтi
Үлгiсi
|
1-шi 2-шi 3-шi 4-шi ККО
|
|
Зауыттық нөмiрi
|
|
Пайдаланудан берi жұмысы (сағат)
|
|
|
Соңғы жөндеу күнi
|
|
Соңғы жөндеуден кейiнгi жұмысы
|
|
|
Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы (сағат)
|
|
|
Жөндеулер саны
|
|
|
5. Әуе кемесi _____________________________ көлемiнде қаралған,
(ТҚ немесе жөндеу кезеңдiлiгiнiң нысаны)
ол туралы __________ формулярына жазу енгiзiлген ____________________
(күнi)
6. Әуе кемесiнiң жасақталуы ___________________________________
7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесiнiң болуы ____
8. Осы актi жасалған күнi орындауға мiндеттi осы үлгiдегi әуе
кемесiнiң барлық пысықтаулары орындалды;
бекiтiлген құжаттамада көзделмеген үлгiлiк конструкцияның өзгерiстерi
жоқ.
9. ҰПЖ өзгерiстерiн бекiткен ұйым, бекiтiлген күнi ____________
10. Азаматтық әуе кемесiнiң техникалық жай-күйi, ұшуға
жарамдылығы және Ұшуға жарамдылық сертификатын (қолданыс мерзiмiн
ұзарту) беру мүмкiндiгi туралы комиссия қорытындысы _________________
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күнi, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
(қолы, күнi, Т.А.Ә.)
М.О.
11. Пайдаланушының инженерлiк-авиациялық қызметi басшысының
азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның
iшiнде қажеттi жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар
бойынша ұшуға)
Қорытынды: «Ұшақтың (тiкұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол
пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тiкұшақтың) техникалық ақауы
бар және ол пайдалануға жарамсыз».
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күнi, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
(қолы, күнi, Т.А.Ә.)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесiнiң
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |