Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы №304 Қаулысы



бет1/5
Дата26.02.2016
өлшемі223 Kb.
#26314
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 17:08:43
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 Қаулысы

 

«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған:

1) Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары;

2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға берілетін бюджеттік субсидиялардың нормативтері;

3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың нормативтері бекітілсін.



2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2013 жылғы 29 наурыздағы

304 қаулысымен



бекітілген

 

 

Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде, ал келесі қаржы жылдары тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияларды беру тәртібін айқындайды.

2. Бюджеттік субсидиялар:

1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшар) шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарының шығындарын ішінара өтеуге;

2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;

3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымынан және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерінен басқа, нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге арналған. Егер тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болса және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бірінші көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;

4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі - элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.

4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген шетелдік сорттардың бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі үшін төленеді.

5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.

6. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.

7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларына әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген сорттардың элиталық тұқымының нарықтық құны бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.

8. Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттер сорттарының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.

9. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемі үшін бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілерге төленеді.

10. Элиттұқымшарлар және тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қан қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша өткізеді.

11. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушысына, жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның әрбір элиталық тұқымының және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

12. Квоталардың белгіленген көлемінің орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде нақты қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп, бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы аралық есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.

Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

13. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық бағамен сатады.



 

 

2. Ведомствоаралық комиссия құру тәртібі



 

14. Әрбір тұқымшар және тұқым тұтынушы үшін элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша субсидиялар сомасын айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қала) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

Бөлім Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі күн ішінде тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландырудың, ВАК-тың жұмыс тәртібінің облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді.

 

 

3. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарлар шығындарын ішінара және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық


екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды
толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі

 

15. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін элиттұқымшарлар шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:

1) элиттұқымшарлар есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:

элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын нақты сатып алу көлемі жөніндегі тізілімді;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;

бірегей тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын ілеспе құжаттар;

тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;

2) облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі бойынша жиынтық тізілім жасайды және белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде элиттұқымшарларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.

16. Элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.

17. Облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде элиттұқымшар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының шет елдерден нақты сатып алынған бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.

18. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлеу шоттарын қоса отырып ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.

19. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды өтеу толық көлемде ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.

Бірегей тұқым өндірушілер бюджеттік субсидиялар алу үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша келтірілген шығындар нәтижелері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірмейтін мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және келтірілген шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады.

Облыстың жергілікті атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.



Жергілікті атқарушы орган ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын қоса отырып екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.

 

 

4. Жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымдарынан және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерінен басқа ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) нақты сатып


алынған элиталық тұқымдары үшін тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге арналған бюджеттік
субсидияларды пайдалану тәртібі

 

20. Нарықтық құны бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы үшін бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ВАК-қа:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;



2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);

3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін;

4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда - лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;



5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;

6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін:

тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі бойынша жиынтық тізілімді;

элиталық тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін);

тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының көшірмесін;

сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;

элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.

Бюджеттік субсидияны төлеу сатып алынған тұқым үшін төлемді толық төлеген сатып алушылармен қатар тұқымның нарықтық құнының кемінде елу пайызы мөлшерінде ішінара төлем жасаған сатып алушыларға жүргізілуі мүмкін.

Бұл ретте, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмесін құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей ВАК-қа тапсырады.

Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттік субсидиялар қайтарылуға тиіс.

Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.

21. Тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болған және бірінші көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттік субсидиялар алу үшін:

1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

2) осы Қағидалардың 20-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін;



3) ай сайын 1-күніне қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның көлемі мен сапасы туралы ақпаратты;

4) элиталық тұқымды пайдалану фактісін растау үшін:

элиттұқымшардың нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарының көлемі бойынша тізілімді;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісін;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдары егу сынағынан өткізу актісін;

егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;

тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады.

22. ВАК құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды тексереді және осы Қағидаларға



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет