Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы №304 Қаулысы



бет2/5
Дата26.02.2016
өлшемі223 Kb.
#26314
1   2   3   4   5
5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына бекітуге жібереді.

Егер тұқымды сатып алуға арналған өтінімнің сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың сомасынан артық болса, онда элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерінде көрсетілген егістік алқаптарына барабар бөлінеді.

23. Ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде әрбір тұқымшарға және (немесе) тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды бекітеді.

24. Бөлім үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды, сондай-ақ бюджеттік субсидиялар төлеудің негізділігін растайтын мынадай құжаттарды:

1) тұқымшар және (немесе) тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі бойынша жиынтық тізілімді;

2) элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;

3) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасының көшірмесін тапсырады.

Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда:

1) элиттұқымшар ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының нақты өндірген көлемі жөніндегі тізілімді;

2) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады.

25. Облыстың жергілікті атқарушы органы:



он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды:

1) әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;

2) облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;

облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, оларда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін айқындайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттік субсидиялардың нормативтері сатып алынған тұқымның толық құнының 40%-ын құрауы, бірақ осы қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына бюджеттік субсидиялар нормативтерінен артық болмауы тиіс;

әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгіленген квоталар шегінде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшін тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.

26. Тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болған және бірінші көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы:

ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды:

1) әрбір тұқымшарға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;

2) облыс бойынша өндірілген алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;

облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндірілген көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, оларда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін айқындайды;

әрбір тұқымшарға белгіленген квоталар шегінде нақты өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.

27. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актілерінің, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымдардың саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтаманың, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық актінің, химиялық әдіспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөніндегі актінің, ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндірген көлемі туралы тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.

28. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін ақы төлеу шоттарын қоса отырып береді.



 

 

5. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары мен жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі



 

29. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрі - элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттік субсидиялар алу үшін жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ВАК-қа:

1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;

2) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ай сайын 1-күніне қарай сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны мен сапасы туралы ақпарат береді;

3) элиттұқымшарлар мен өткізушілер элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін:

элиттұқымшар мен тұқым өткізушілер нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;

элиталық тұқымдар мен көшеттерді өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (сынақтан өткізу актісі және сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);

тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын;

сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;

элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.

Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.

Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін (тұқым өткізушілер - химиялық әдісі бойынша орындалған жұмыс актісін) тапсырады;

4) ВАК мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органына сақтауға тапсырылады;

5) бөлім құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:

элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;

элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылатын және сатып алынатын элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;

тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын тапсырады;

6) облыстың жергілікті атқарушы органы:

он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;

облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін айқындайды;

әрбір элиттұқымшарға (тұқым өткізушіге) белгіленген квоталар шегінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;



7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.

30. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күн ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын қоса отырып екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.

31. Облыстың жергілікті атқарушы органы ай сайын 5-күніне қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке тұқым шаруашылығын қолдауға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшірмелерін, бюджеттік субсидиялардың төленген көлемі туралы есепті ұсынады.

32. Бюджеттік субсидияларды төлеу тиімділік, қол жетімділік, жариялық және ашықтық қағидаттарында жүзеге асырылады.

082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

33. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны үшін жауапты болады.

34. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.

 

Қағидаларға



1-қосымша

 

Бекітемін

_______________________________ облысы

(Астана және Алматы қалалары)

ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

______________________________________

(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

20  жылғы «  »

 

 

20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңінде
аттестатталған тұқымшарларға шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақтың, көкөніс және
жем-шөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған
ведомость

 

Ауданның атауы

Бірегей тұқым өндірушінің атауы

Дақыл

Репродук ция

Бірегей тұқым өндірудің жылдық квотасы

Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған бірегей тұқымның нақты көлемі, тонна

Өндірілген бірегей тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бері төленгені, теңге

Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. «__» ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге

тонна

сомасы, теңге

жыл басынан бері

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_______________________________________________ облысының

(Астана және Алматы қалаларының)

ауыл шаруашылығы басқармасы

құрылымдық бөлімшесінің басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

 

 

Қағидаларға



2-қосымша

 

Бекітемін

_______________________________ облысы

(Астана және Алматы қалалары)

ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

______________________________________

(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

20  жылғы «  »

 

 

20__ жылғы «___» _______ - «___» __________ кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері
аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидияларды төлеуге
арналған ведомость

 

Ауданның атауы

Бірегей тұқым өндірушінің атауы

Дақыл

Іс-шара атауы (салу және/ немесе қызмет көрсету)

Салудың және/немесе қызмет көрсетудің жылдық квотасы

Салынатын және/немесе қызмет көрсетудің нақты көлемі, га

Салудың және/немесе қызмет көрсетудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидия сомасы, теңге

Жыл басынан бері төленгені, теңге

Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. «__» ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге

га

сомасы, теңге

жыл басынан бері

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_______________________________________________ облысының

(Астана және Алматы қалаларының)

ауыл шаруашылығы басқармасы

құрылымдық бөлімшесінің басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет