Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2007 жылғы 28 қараша Астана, Үкімет Үйі №1139



Дата23.02.2016
өлшемі196.73 Kb.
#4594
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің   қаулысы 

 2007   жылғы   28  қараша Астана,  Үкімет  Үйі № 1139 

 

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы
“Мұнай туралы” Қазақстан Республикасының 1995  жылғы   28  маусымдағы Заңының 5-бабына, “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 1996  жылғы  27 қаңтардағы Заңының 63-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  Үкіметі   қаулы  етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі опе­­ра­цияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызмет­терді сатып алу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) “Мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы  7 маусымдағы №612  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж.,

№ 17, 180-құжат);

2) “Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы  14  қарашадағы  № 1204  қаулысының  2-тармағы және 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 408-құжат);

3) “Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы” Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2003  жылғы  19 қыркүйектегі № 955  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 387-құжат).

4. Осы  қаулы  алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің   

2007   жылғы   28   қарашадағы 

№ 1139   қаулысымен   бекітілген 




Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесі
1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі опера­ция­ларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көр­сетілетін қызметтерді сатып алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) “Мұнай туралы” Қазақстан Республикасының 1995  жыл­ғы   28  маусымдагы Заңының 5-бабына, “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Респуб­ликасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 63-1-бабына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жө­ніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұ­мыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) са­тып алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ереженің әрекеті:

1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша операциялар жүргізу кезінде;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу­ды реттейтін заңнамасына сәйкес ТЖҚ сатып алуды жү­зеге асыратын ТЖҚ сатып алуды ұйымдастырушыларға қолданылмайды.

3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

конкурстық құжаттама – конкурс өткізудің шарттары мен тәртібі бар конкурстық өтінімді дайындау үшін әлеуетті жет­кізушіге берілетін құжаттама;

сатып алу – осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсіл­дермен ТЖҚ сатып алу;

сатып алуды ұйымдастырушы – жер қойнауын пай­далану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушы уәкілеттік берген тұлға;

біртекті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қыз­мет­тер – бірдей болмаса да, ұқсас сипатқа ие және өздеріне бір­дей функцияларды орындауға мүмкіндік беретін және бірін-бірі өзара алмастыратын ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

уәкілетті орган – сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган;

құзы­ретті орган – келісім-шарттарды жасасуға және орындауға

байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының  Үкіметі  анықтайтын және Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін мемлекеттік орган;

әлеуетті өнім беруші – шарт жасасу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ сатып алу процесіне қатысатын жеке немесе заңды тұлға.

4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі опера­ция­лар­ды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алу Қазақстан Респуб­ли­ка­сының аумағында жүргізіледі.

5. Сатып алу рәсімдерін өткізу және сатып алу жөніндегі құжаттама тілі Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалады.

6. ТЖҚ сатып алу біртекті түрлер бойынша және тау­ар­ларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөлінеді. ТЖҚ жет­кізуші әрбір лот бойынша бөлек анықталады.

7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі опе­ра­цияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алу мына тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1) конкурс (ашық немесе жабық) өткізу;

2) бір көздең сатып алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу;

3) бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен ТЖҚ са­тып алу;

4) электронды сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ сатып алу;

5) ашық тауар биржалары арқылы тауарлар сатып алу.

8. Сатып алуды ұйымдастырушы ашықтық пен айқындылық қа­ғидат­тарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ТЖҚ сатып алуды жүзеге асырады.

2. ТЖҚ сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсыну тәртібі

9. Жер қойнауын пайдаланушылар жылдық жұмыс бағ­дарламасын келіскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн­нен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бо­йынша уәкілетті органға алдағы жылға арналған жылдық ТЖҚ сатып алу бағдарламасын ұсынады.

Сатып алынған ТЖҚ бойынша есепті жер қойнауын пай­даланушы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті органға береді.

10. ТЖҚ сатып алудың жылдық бағдарламасында жылдық жұмыс бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қажетті сатып алынатын ТЖҚ-ның әр түрі бойынша сатып алудың жоспарланатын номенклатурасы, көлемі, сомалары, сондай-ақ мерзімдері мен тәсілдері көрсетіледі. ТЖҚ сатып алудың жылдық бағдарламасында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер біртекті түрлері бойынша бөлінеді.

3. ТЖҚ сатып алуды конкурс арқылы жүзеге асыру

11. Конкурс оған қатысушылар тобына қарай ашық немесе жабық болуы мүмкін.

Ашық конкурс әлеуетті жеткізушілердің шек қойыл­май­тын тобында жүргізіледі.

Жабық конкурс сатып алынатын ТЖҚ әлеуетті жет­кізушілердің шектеулі санында болған жағдайларда ғана өткі­зіледі.

12. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдай­лар­да екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы конкурс өткізуі мүм­кін:

1) тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі ерекшеліктерін тұжырымдау және олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын және әлеуетті жеткізушілердің конкурстық ұсыныстарын сұрау немесе олармен келіссөздер жүргізу қажет болғанда;

2) ғылыми-зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер не­­месе әзірлемелер жүргізу қажет болғанда.

13. Екі кезеңдік рәсімдер қолданылатын конкурс мы­-надай кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

1) әлеуетті жеткізушілерден конкурстық өтінімнің баға­-сын көрсетпей, ТЖҚ-ның техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына қатысты ұсыныстар сұрату, берілген ұсыныстарға талдау жүргізу және қажет болған кезде әлеуетті қатысушылармен келіссөздер жүргізу;

2) ТЖҚ-ның берілген техникалық, сапалық немесе өзге де сипат­тамаларына сәйкес деп танылған әлеуетті қатысушылардың алдын ала іріктелген ұсыныстарының бағасын көрсете отырып, конкурстық өтінімдерді қарау.

§ 1. Конкурсты ақпараттық қамтамасыз ету

14. Сатып алуды ұйымдастырушы ашық конкурс өткізу кезінде аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның веб-сайтында жариялау үшін конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде отыз күнтіз­бе­лік күн бұрын хабарландырудың мәтінін мем­лекеттік және орыс тілдерінде жолдайды.

Сатып алуды ұйымдастырушы қайтадан ашық конкурс өткізген жағдайда тиісті хабарландырудың конкурстық өті­нім­­дер берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын жариялануын қамтамасыз етеді.

15. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;

2) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың, орындалатын жұ­мыс­тардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі, сапасы, номенклатурасы;

3) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері мен орны;

4) конкурстық құжаттаманы алу орны мен тәсілдері;

5) конкурстық өтінім берудің орны мен түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын орын, күн мен уақыт;

6) сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген өзге де қажетті ақпарат.

16. ТЖҚ-ны жабық конкурс тәсілімен сатып алуды жүргізген кезде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын жабық конкурсқа қатысу үшін олар шақыратын әлеуетті жеткізушілердің мекен-жайына әлеуетті жеткізушілердің мұндай хабарлама алғанын растау шартымен жазбаша хабарламалар жібереді.

Қайтадан жабық конкурс өткізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын жабық конкурсқа қатысу үшін олар шақыратын әлеуетті жеткі­зу­ші­лер­дің мекен-жайына әлеуетті жеткізушілердің мұндай хабарлама алғанын растау шартымен тиісті жазбаша хабарлама жібереді.

17. Осы Ереженің 15-тармағының талаптарына сәй­кес жа­бық қонкурсты өткізу туралы жазбаша хабарламалар жа­салады.

18. Сатып алуды ұйымдастырушы жабық конкурс өт­кізу кезінде уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіштерде хабарлама жібереді, ол хабарламаны алған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде конкурсқа қатысуға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тізілімінен конкурс шарттарына сәйкес келетін қазақстандық өндіру­шілерді ұсынады.

19. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін ТЖҚ сатып алуды жүзеге асырудан бас тарта алады.

Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсты өткізуден бас тартқаны туралы осы Ереженің 14 және 16-тармақ­та­рынд­а көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолданып хабар­лай­ды және конкурстық өтінімдер салынған, келіп түскен кон­вертт­ерді ашылмаған күйде қайтарады.

20. Сатып алуды ұйымдастырушы ашық конкурс қо­ры­тындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішін­де конкурс нәтижелерін аптасына кемінде үш рет жария­ланатын және Қазақстан Республикасының бүкіл ау­мағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында мем­ле­кеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы барлық қа­тысқан әлеуетті жеткізушілерді хабардар етеді, сондай-ақ конкурс нәтижелерін уәкілетті органның веб-сайтына жария­лау үшін жібереді. Конкурс нәтижелері оның атауын, жеңімпазды және оның мекен-жайын, конкурс жеңімпазы ұсынған ТЖҚ атауын қамтиды.

§ 2. Конкурстық комиссия

21. Сатып алуды ұйымдастырушы ТЖҚ сатып алу жөніндегі әрбір конкурсқа конкурстық комиссия құрады.

22. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және оның конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

23. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмы­сын басқарады, комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

24. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖҚ сатып алу жөніндегі конкурстың рәсімдерін өткізуді ұйым­дас­ты­рады. Конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті жет­кі­зу­шілерге конкурстық құжаттаманы ұсынады, ТЖҚ-ның әлеует­ті жеткізушілерін тіркеу журналын жүргізеді, кон­курстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындайды.

§ 3. Конкурстық құжаттама

25. Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілерге ТЖҚ-ны сатып алудың талаптары мен шарттары туралы ақпа­рат беруге арналған. Конкурстық құжаттаманы сатып алу­ды ұйымдастырушы әзірлейді және бекітеді.

26. Конкурстық құжаттама өзіне мынадай мәлімет­тер­ді қамтиды:

1) конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге қойы­латын біліктілік талаптары, сондай-ақ әлеуетті жет­кізушінің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құ­жат­тар­дың тізбесі;

2) сатып алынатын ТЖҚ-ның қажет болған жағ­дай­да техникалық ерекшеліктерін, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, функционалдық, тех­ни­ка­лық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құ­жат­тардың тізбесі;

3) конкурстық өтінімнің бағасын қалыптастыру тәр­тібі мен төлем шарттары;

4) сатып алынатын тауардың саны, орындалатын жұмыс­тардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі;

5) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қыз­меттер көрсету орны;

6) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың не­месе қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімі;

7) конкурстық өтінімдерді берудің тәсілі, орны және түпкілікті мерзімі, олардың қолданылу мерзімі, сондай-ақ конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын орын, күн және уақыт;

8) осы Ереженің 31-34-тармақтарына сәйкес конурс­­тық өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;

9) жеңімпазды анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін өлшемдердің тізбесі;

10) тиісті нұсқау мен бағалау тәсілін сипаттау және егер ТЖҚ-ның балама сипаттамаларына жол берілсе, балама конкурстық өтінімдерді салыстыру;

11) конкурс жеңімпазымен жасасатын шарттың жобасы;

12) оның көмегімен конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттамаға байланысты түсіндірмеге сұрау сала алатын тәсілдер;

13) конкурсты дайындауға және өткізуге жауапты лауазымды тұлғаға нұсқау;

14) сатып алуды ұйымдастырушыға қажетті өзге де мәліметтер және/немесе құжаттама.

Қонкурстық құжаттама сондай-ақ осы конкурстың заты болып табылатын ТЖҚ сатып алу үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.

27. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті жеткізушілерге қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште, сондай-ақ уәкілетті органға тиісті сұрауы бойынша береді.

28. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы, бірақ конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін он күннен кешіктірмей сұрау салып жүгіне алады. Сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап үш күн мерзімде оған жауап береді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен, сатып алуды ұйымдастырушы кон­курс­тық құжаттама берген барлық әлеуетті жеткізушілерге түсін­дірме береді.

29. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде өзінің жеке бастамасымен не қандай да бір әлеуетті жеткізуші тарапынан түсіндіру туралы сауалға жауап ретінде кон­курс­тық құжаттамаға тиісті өзгерістер және/немесе толық­тыру­лар енгізуі мүмкін. Өзгерістер енгізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қайтадан бекітуі тиіс.

Енгізілген өзгерістердің және/немесе толықты­ру­лар­дың міндетті күші болады және сатып алуды ұйым­дас­ты­ру­шы конкурстық құжаттама берген барлық әлеуетті жет­кі­зушілерге шұғыл түрде хабарланады. Бұл ретте конкурсқа қа­тысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімін сатып алу­ды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алу үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

§ 4. Конкурстық өтінім

30. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамаға сәйкес белгіленген мерзімде және конвертке салынып жапсырылған конкурстық өтінімді береді.

31. Конкурстық өтінім нөмірленген беттерімен тігілген түрде беріледі, соңғы беті конкурсқа қатысушы – жеке түлғаның қолымен, ал заңды тұлға үшін – уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен куәландырылады.

32. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын және конкурстық құжаттамада көрсетілген санда көшірмелерін береді.

33. Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы “Түпнұсқа” деген жазуы бар мөрленген жеке пакетте беріледі. Конкурстық өтінімнің көшірмелері “Көшірмесі” деген жазуы бар мөрленген жеке пакеттерде беріледі. Көрсетілген пакеттер бір сыртқы пакетке салынып мөрленеді.

34. Ішкі және сыртқы конверттер:

1) сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген деректемелер бойынша жіберіледі;

2) “сатып алу жөніндегі конкурс № _ _ лот” (кон­курс­­тың атауы және лоттың нөмірі) және “ ға дейін ашуға болмайды” (конверттерді ашудың конкурстық құжаттамада көрсетілген күні мен уақыты) деген сөздерді қамтиды.

35. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс.

36. Конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілерге осы мерзімді қосымша уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрау салу жібере алады. Әлеуетті жеткізуші сұрау салуды қабылдамауы мүмкін және оның конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылмаған қолданылу мерзімі өткен соң аяқталады.

37. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімі өзгертуге немесе кері қайтаруға жатпайды.

§5. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі

38. Конкурстық комиссия конкурстың әлеуетті жет­кі­зу­­шілерінің тиісті конкурстық құжаттамада көрсетілген кон­курстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі аяқтал­ған­нан кейін, сондай-ақ осы Ереженің 31-34-тармақтарының талаптарын бұзып берілген өтінімдерін қарамайды. Конкурстық комиссияның кон­курс жарияланған күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде конкурсты ұйымдастырушымен шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайларына жол берген тұлға ұсынған конкурстық өтінімді қарамауына болады.

39. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын орын, күн және уақыт туралы конкурстық құжаттаманың ережелеріне сәйкес конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашады.

40. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасын олар ашылатын күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жасайды.

Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы, хатшысы және конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан барлық мүшелері қол қояды.

41. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасының көшір­месі конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға беріледі.

42. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді, егер онда елеулі түрде өзгерте алмайтын немесе конкурстық құжаттамада жазылған сипаттамалардан, шарттар мен өзге де талаптардан елеулі ауытқу болып табылмайтын аздаған ауытқулар болса немесе егер онда конкурстық өтінімнің мәніне тиіспей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, талаптарға сай келетіндігі ретінде қарайды. Кез келген мұндай ауытқулар мүм­кін­ді­гін­ше сандық мәнде беріледі және конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде ескеріледі.

§ 6. Конкурстық өтінімдерді қарау рәсімі және конкурс жеңімпазын анықтау

43. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық өтінімдерді бағалайды және салыстырады әрі осы Ереженің 48-тармағының талаптарын ескере отырып, ең төменгі баға негізінде жеңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтайды.

44. Конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде:

1) конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді, оның мазмұнын өзгертпей қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсін­дірмелер беруін сұрай алады;

2) конкурстық құжаттаманың және осы Ереженің талаптарына жауап бермейтін конкурстық өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін ешқандай сұрауларға, ұсыныстарға немесе рұқсат беруге жол берілмейді.

45. Егер конкурстық құжаттамада неғұрлым ұзақ мер­зім белгіленбесе ғана, конкурстық комиссия конкурс­тық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдау жолымен әрбір лот бойынша конкурстың қорытындыларын шығарады.

46. Конкурстық комиссия, егер:

1) осы конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

2) осы конкурстық өтінім осы Ереженің 42-тарма­ғын­-да көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжат­таманың талаптарына жауап бермесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.

47. Конкурстық комиссия қайталама конкурс өткізіл­ген жағдайда, егер оны осы Ереженің 53, 54-тармақтарына сәйкес бастапқы конкурстың қорытындылары бойынша сатып алуды ұйымдастырушымен шарт жасасудан бас тартқан тұлға берсе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.

48. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтаған кезде конкурсқа қатысушылар – қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын ТЖҚ кон­­курстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда жиырма пайызға шартты түрде төмендетеді.

49. Конкурс қорытындысы бойынша тұтастай немесе жеке лот бойынша конкурстық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) конкурстың жеңімпазын хабарлау туралы;

2) екеуден аз қатысушының конкурсқа қатысуына байланысты, сондай-ақ егер конкурсқа қатысушы үшін қабылданған конкурстық өтінімдерде ұсынылған барлық бағалар осы сатып алуға көзделген сомадан асатын болса конкурсты өткізілмеді деп тану туралы.

50. Конкурстың қорытындылары бойынша шешім осы Ереженің талаптарына сәйкес конкурстық комиссия­ның төрағасы, мүшелері мен хат­шы­сы қол қоятын конкурстық комиссия отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді.

51. Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мыналар қамтылады:

1) сатып алынатын ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы;

2) конкурсқа қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлері, сондай-ақ конкурс жеңімпазының атауы, орналасқан жері және жеңімпаз анықталған шарттар;

3) өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша жеңімпазбен жасалған шарттың мерзімдері;

4) конкурстық өтінімдер берген конкурсқа қатысу­шы­лардың біліктілік деректері туралы ақпарат немесе осындай деректердің жоқтығы туралы ақпарат;

5) әрбір конкурстық өтінімнің бағасы және басқа да негізгі шарттарының қысқаша мазмұны;

6) конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыру өлшемдерінің қысқаша мазмұны;

7) егер конкурс нәтижесінде барлық конкурстық өтінімдердің қабылданбағанына байланысты жеңімпаз анықталмаса, тиісті себептерді көрсету;

8) конкурстық құжаттамаға, оларға жауаптарға түсіндірме беру туралы сұраулардың қорытылып баяндалуы;

9) конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін ұсыныстары неғүрлым қолайлы болып табылатын конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат;

10) конкурстық комиссияның шешімі бойынша басқа да маңызды ақпарат.

52. Конкурстың қорытындылары жөніндегі хатта­ма­ның көшірмесі қол қойылған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қағаз және/немесе электрондық жеткізіште жіберіледі.

Жеңімпаз болып танылмаған конкурсқа қатысушыға кон­курстық комиссия тиісті сұрау салу бойынша оның өтінімін қарау кезінде жеңімпаз болып танылмауы жөніндегі өлшемдерді қысқаша сипаттап конкурс нәтижелері туралы хабардар етеді.

53. Конкурстың қорытындылары бойынша хаттамаға сәйкес белгіленген мерзімде конкурстың жеңімпазымен конкурс жеңімпазының конкурстық өтінімінің шарттарына сәйкес жағдайларда шарт жасалады.

54. Егер конкурс жеңімпазы өткізілген конкурс нәтижелері бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттамага сәйкес белгіленген мерзімдерде шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңімпаздың ұсынысынан кейін ұсынысы сатып алуды ұйымдастырушы үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуы мүмкін.

55. Егер конкурс өткізілген жоқ деп танылса, онда сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгерте және қайтадан конкурс өткізе немесе ТЖҚ-ны бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асыра алады.

56. Сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті жет­кізу­ші­лер және уәкілетті орган конкурстық құжаттамаға және кон­курстық ұсыныстарға енгізілген коммерциялық және техникалық ақпараттың құпиялылығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдік береді.

4. Бір көзден сатып алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу

57. Бір көзден сатып алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) конкурс өтпеді деп танылса;

2) сатып алынатын ТЖҚ қандай да бір нақты қазақстандық немесе шетелдік жеткізушіде ғана болса;

3) қандай да бір жеткізушіден ТЖҚ сатып алған сатып алуды ұйымдастырушыда қолда бар ТЖҚ-мен біріздендіру, стандарттау немесе қоса атқаруды қамтамасыз ету мақсатында осы жеткізушіден басқа ТЖҚ сатып алу қажеттілігі туындаса;

4) дүлей зілзалалар (жер сілкіну, сел, қар көшкіні, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен эпизоотиялар туғызған төтенше жағдайларды, сондай-ақ өнеркәсіптік, көліктік және басқа да авариялар, өрттер (жарылыстар), күшті әсер ететін улы радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығаратын (шығару қатері бар) авариялар, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауы, бөгеттердің бұзылуы, тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелеріндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялар туғыз­ған төтенше жағдайларды жариялау салдарынан Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, сон­дай-ақ аталған жағдайлардың басталу қаупі болған, сатып алудың басқа тәсілдерін қолдану мүмкіндігін жоққа шығаратын осы ТЖҚ-ға жедел қажеттіліктер туындаған жағдайда.

58. Бір көзден сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті органға жеткізушіні, оның мекен-жайын, сондай-ақ сатып алынған ТЖҚ-ның номенклатурасын, көлемін, сапасын көрсете отырып, жүргізілген сатып алу туралы хабарлайды.

5. Бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен ТЖҚ сатып алу

59. Бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен сатып алу жеке лот үшін қандай да болсын біртекті ТЖҚ сатып алу көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 14000 (он төрт мың) АЕК-ден (айлық есеп көрсеткіш) аспайтын және осындай ТЖҚ-ның егжейлі-тегжейлі ерекшелігі сатып алуды ұйымдастырушы үшін елеулі мәнге ие болмаған жағдайда жүргізіледі.

60. Сатып алуды ұйымдастырушы бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен ТЖҚ сатып алуды жүргізу үшін кемінде екі әлеуетті жеткізушіден, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінен және осы номенкла­­тура бойынша оларды өндірушілерден сатып алынатын ТЖҚ-ға жазбаша және/немесе электрондық түрде бағалық ұсыныстар сұратады.

61. Бағалық ұсыныстарға сұрау салу жоспарланып отырған ТЖҚ сатып алу туралы ақпаратты, оның ішінде:

1) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және орналасқан жерін;

2) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемін, сапасын, номенклатурасын;

3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері мен орнын;

4) бағалық ұсыныстарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімін;

5) сатып алуды ұйымдастырушы анықтайтын өзге де ақпаратты қамтиды.

62. Сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті органның веб-сайтында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізілген ТЖҚ өндірушілер үшін қол жетімді болып табылатын бағалық ұсыныстарға сұрау салуды орналастыра алады.

63. Бағалық ұсыныстарды қабылдау мерзімін сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді және бағалық ұсыныстарға сұрау салу жіберілген сәттен бастап кемінде үш жұмыс күнін құрайды.

64. Кез келген әлеуетті жеткізуші өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайтын бір ғана бағалық ұсыныс бере алады.

65. Бағалық ұсыныстар беру мерзімі аяқталғаннан кейін берілген бағалық ұсыныстар қаралмайды.

66. Бағалық ұсыныстар болмаған не бағалық ұсыныс­тар қабылдау мерзімі ішінде бір ғана ұсыныс болған жағ­дайда сатып алуды ұйымдастырушы бағалық ұсыныстар қабыл­­дауды бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

67. Бағалық ұсыныстарды талдауды сатып алуды ұйымдастырушы бағалық ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

68. Сатып алуды ұйымдастырушы үшін неғұрлым тиімді бағалық ұсыныс жасаған әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан бас тартқан жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы:

1) аталған бағалық ұсыныстан кейін неғұрлым тиім­дісін ұсынған басқа әлеуетті жеткізушімен шарт жасасуы;

2) бағалық ұсыныстарға сүрау салу тәсілімен ТЖҚ-ны қайтадан сатып алуды жүзеге асыруы мүмкін.

6. Электронды сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ сатып алу

69. Электронды сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ сатып алу ТЖҚ-ны нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

70. Әлеуетті өнім берушілерге электрондық сатып алу жүйесіне рұқсат беру, электрондық сатып алу жүйесінде жасалған сатып алу туралы шарттарды тіркеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын және пайдаланылатын мемлекеттік ақпараттандыру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

7. Тауарларды ашық тауар биржалары арқылы сатып алу

71. Тауарларды ашық тауар биржалары арқылы са­тып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Қорытынды ережелер



72. Сатып алуды ұйымдастырушылар осы Ереженің қағидаларына сәйкес уәкілетті органға беретін ақпаратты уәкілетті және құзыретті органдар жер қойнауын пай­д­аланушылардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыру үшін олардың Қазақстанда жасалған ТЖҚ сатып алуы бөлігінде пайдаланады.

73. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі опе­рацияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алу барысында осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда ТЖҚ сатып алатын кез келген әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйым­дастырушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет