Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 23 сәуір №388 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
65.
|
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды)
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
Әділет
мині
|
Аумақтық әділет органдары
|
ХҚО
|
Электронды, қағаз түрінде (мөртабан қою)
|
|
мемлекеттік тіркеу*
|
|
|
|
|
|
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы «23» сәуірдегі
№388 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№2121 қаулысымен
бекiтiлген
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды
(ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада және www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.
Электрондық тіркеу жағдайында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – электрондық тіркеу) мәмілелерді нотариаттық куәландырғаннан кейін автоматты түрде Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – БНАЖ) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне түсетін құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1, 2, 4-тармақтарының негiзiнде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz) интернет-ресурсында «Ақпараттық материалдар» деген бөлімде;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) ресми ақпарат көздерінде және мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген орталықтар ғимарттарында, сондай-ақ уәкілетті органдардың ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша да алуға болады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi:
1) орталықта жүргiзiлген тiркеу туралы белгiсi бар құқық белгiлейтiн құжатты не Заңда көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауапты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті (қағаз жеткізгіште) беру;
2) БНАЖ-да электрондық тіркеген жағдайда құқық белгілейтін құжатты және тіркеу туралы хабарламаны не уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауапты қамтитын хабарламаны жіберу.
3) порталдағы жеке кабинетіне және құқық иесінің электрондық мекенжайына (болған кезде) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы хабарламаны не тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауапты жіберу болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлерін құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызмет уәкiлеттi органға өтiнiш түскен сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi және дайын құжаттарды беру бесiншi жұмыс күнi жүргізіледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызмет уәкiлеттi органға өтiнiш түскен сәттен бастап келесі жұмыс күні ұсынылады және дайын құжаттарды беру келесi жұмыс күнi жүргiзiледi (егер Орталықта өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда уәкiлеттi орган үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);
3) мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу уәкiлеттi органға органға өтiнiш түскен сәттен бастап дереу жүргiзiледi (орындалған құжаттар мемлекеттік қызметті алушыға уәкiлеттi органға өтiнiш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi);
4) егер кепiл «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасын, «Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын» іске асыру шеңберінде Мурабаха, Иджара және Истисна шарттарын iске асыру шеңберiнде «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ субсидиялаған қарыз шарты бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ететін жағдайда, онда жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң туындауын немесе өзгеруiн тiркеу, сондай-ақ ипотекалық куәлiкті беру қызметі уәкiлеттi органға өтiнiш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi және дайын құжаттарды беру үшiншi жұмыс күнi жүргiзiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
5) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттiк қызметтi алушы үшiн өтiнiш беру) – 20 минуттан аспайды;
6) жүгінген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 минуттан аспайды;
7) дайын құжаттарды алу кезiнде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
Электрондық тіркеу мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін немесе алым төлеуден босатылғанын растайтын растама ЖТ МДҚ ақпараттық жүйесіне түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттiк қызметті ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексi) 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, Салық кодексінде белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептелетін салық салу объектісі тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Электрондық тіркеу қызметін алуға электрондық сұрау салу БНАЖ арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» веб-порталында: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Порталға алушының жеке кабинетіне мемлекеттік алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат қызметтер төлемі тарихында сақталады.
9. Жұмыс кестесі:
1) орталықтарда еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанға дейін, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2) порталда – тәулік бойы
10. Мемлекеттiк қызмет физикалық мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұратын жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетiледi.
Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттiк қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
орталықта жеке тұлға үшін:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын мәліметтер көрсетілген өкілдік етуге өкілеттіктерді куәландыратын құжат не мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
5) бюджетке тіркеу алымының сомасын төлегенiн не алым төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардан басқа тіркеу объектісіне байланысты өзге де құжаттар ұсынылады.
Орталықта заңды тұлға үшін:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) мемлекеттік қызмет алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттікті куәландыратын құжат;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
4) бюджетке тіркеу алымының сомасын төлегенiн не алым төлеуден босатылғанын растайтын құжат;
5) құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не анықтама;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жылжымайтын мүлік объектісін сатып алуға немесе иеліктен айыруға арналған жиналыстарының хаттамалары (олардың үзінділері).
7) шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмені немесе мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариаттық куәландырылған аудармасы берілген шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат.
Көрсетілген құжаттардан басқа тіркеу объектісіне қатысты өзге де құжаттар ұсынылады.
Егер тіркеу туралы өтініште сатып алатын немесе сатылатын активтердің жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететін жағдайда, онда мемлекеттік қызмет алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің 2) тармақшасында көрсетілген құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін аталған құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Электрондық тіркеу кезінде:
1) нотариустың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не анықтама;
4) заңды тұлғаның жарғысы (заңды тұлға үшін) – құжат электрондық нысанда электрондық сұрау салуға тіркеледі;
5) тіркеу объектісін растайтын нотариат куәландырған құқық белгілеуші құжаттар – құжат электрондық нысанда электрондық сұрау салуға тіркеледі;
6) жеңілдіктің жеке санатын және алым төлеуден босатылғанын (жеке тұратын зейнеткерлер санаты және кадрлар даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары үшін, мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде растайтын құжат – электрондық нысанда электрондық сұрау салуға тіркеледі);
7) мәмілеге қатысушылардың интернет желісіндегі электрондық мекенжайлар (болған кезде).
Бюджетке тіркеу алымының сомасын төлеуді мемлекеттік қызметті алушы порталдағы жеке кабинетінде БНАЖ берген сұрау салудың нөмірі туралы ақпараттың негізінде ЭҮТШ арқылы жүргізеді.
12. Мемлекеттік қызметті орталықта алу үшін бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда не орталықтың қызметкерлерінде, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz орналастырылады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға:
Орталықта мынадай:
1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Электрондық тіркеу кезінде мемлекеттік қызметті алушыға БНАЖ берген бірегей нөмір туралы ақпарат беріледі.
Бюджетке тіркеу алымының сомасын портал арқылы төлеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықта «терезелер» арқылы дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде тікелей беру немесе оның уәкілетті өкіліне тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған кезде беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік қызметті алушы қызметтің нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайларда, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға қайтарады.
Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық тіркеу кезінде уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін БНАЖ-ға, порталға алушының «жеке кабинетіне» және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) жібереді.
16. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) сотқа берiлген талап-арыздар мен өзге де өтiнiштер (шағымдар) негiзiнде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiлерiне сәйкес;
3) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) егер қажеттi құжаттардың болмауы тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылмаса, мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағына сәйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынуы үшiн;
5) егер көрсетiлген мән-жайлар құжаттарды тiркеуге қабылдаудан бас тарту үшiн негiздер болып табылмаса, мемлекеттiк органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда белгiлi бiр қарама-қайшылықтардың болуына байланысты мұндай органдардан түсiнiктемелер алу немесе қажеттi ақпаратты талап ету үшiн;
6) құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде белгiленетiн тiркеу объектiсiнiң және өтiнiште көрсетiлген тiркеу объектiсiнiң сәйкессiздiгi кезiнде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшiн.
Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейiн, бiрақ мемлекеттiк тiркеу мерзiмiнің аяқталуынан кешiктiрмей қабылдайды.
Тiркеудi тоқтата тұрған кезде уәкiлеттi орган кейiннен мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкiлеттi өкiлiне) беру үшiн орталыққа тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жазбаша хабарламаны жiбередi.
БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде алымды ЭҮТШ арқылы төлеудің растамасы болмаған жағдайда электрондық сұрау салуды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ЖМ МДҚ-на автоматты түрде «Тоқтататыла тұрады» деген мәртебе беріледі.
Тіркеуді тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган БНАЖ-ға, алушының порталдағы жеке кабинетіне және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатыла тұру себептері мен мерзімдері көрсете отырып хабарлама жібереді.
Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
Уәкiлеттi орган мемлекеттiк тіркеуден:
1) құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген;
2) құжаттарда өшіріп жазу, қосып жазу, сызылған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулер болған;
3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар тiркеуге ұсынылған;
4) құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болдырмайтын ауыртпалықтар болған;
5) заңды күшiне енген сот актiсi болған;
6) егер тiркеудi тоқтата тұру мерзiмi iшiнде тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаған;
7) егер тiркеу объектiсi ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгiлеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
Мемлекеттік тiркеуден бас тартылған кезде уәкілетті органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептерiн көрсете отырып, бас тарту туралы тиiстi белгi қойылады.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту кезiнде кейiннен мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкiлеттi өкiлiне) беру үшiн уәкілетті орган орталыққа бас тартудың себептерiн көрсете отырып, дәлелді жазбаша жауапты және тiркеу үшiн алым сомасының төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасын жiбередi.
Тiркеу алымының төленгенi туралы құжатты мемлекеттік қызметті алушы тiркеуге қайтадан құжат тапсырған кезде ұсына алады.
Тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші орган хабарламаны БНАЖ-ға, порталға алушының жеке кабинетіне және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) бас тарту себебін, күні мен құжаттың тіркеу нөмірін көрсете отырып, уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тіркеу мерзімінен кешіктірмей жіберуі тиіс.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi орган өз қызметін:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
3) қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
4) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi мен уәкiлеттi органдарының жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын, Әдiлет министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледі.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағым дайындауға жәрдем көрсету үшiн мемлекеттік қызметті алушы телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталық басшыларына жүгiнедi.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
22. Орталық қызметкерлерi дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым орталық немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтік нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
Мемлекеттік қызметті алушылар қажет болған жағдайларда уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметті сапасыз көрсеткенін немесе орталық қызметкерiнiң дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарды шағымға қоса бередi.
25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралады. Шағымдардың қолма-қол және пошта арқылы қабылданғанын растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштері журналында тiркеу болып табылады (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады).
Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлетін талон бередi. Шағымды қарау нәтижелерi мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй.
«Орталық» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz
«Жылжымайтын мүлiкке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |