Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы



бет1/2
Дата04.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#176326
  1   2
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң


2009 жылғы 15 желтоқсандағы  
№ 2121 қаулысымен       
бекiтiлген          

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу
(қайта тiркеу)»
мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, № 8-үй, 13-кiреберiс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi мен құқықтық көмек көрсету комитетi (бұдан әрi – Комитет) және мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрi - орталық), сондай-ақ өтiнiш берушiде электрондық цифрлық қолтаңбасы болса (бұдан әрi - ЭЦҚ) баламалы негiзде www.е.gov.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетедi.


      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеудi (қайта тiркеу) тиiстi облыста (Комитетте тiркелуге және қайта тiркелуге жататындардан басқалары) уәкiлеттi орган орталық арқылы жүзеге асырады.
      Банктердi, республикалық және аймақтық мәртебесi бар қоғамдық бiрлестiктердi (оның iшiнде барлық саяси партияларды), сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес ұйымдардың филиалдары және өкiлдiктерiн, республикалық және аймақтық мәртебесi бар дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) Комитет жүзеге асырады.
      Өтiнiш берушiде ЭЦҚ болған жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу портал арқылы жүргiзiледi.
      Шалғай елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтi Мобилдiк орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызметтер 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 3-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-баптарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң www.minjust.kz интернет-ресурсының «Ақпараттық құжаттар» бөлiмiнде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) порталда;
      4) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стендiлерде орналастырылады.
      Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефон нөмiрi бойынша алуға болады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      1) Комитетте және орталықта бизнес-сәйкестендiру нөмiрiмен бiрге заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) немесе филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi және салық төлеушiнiң куәлiгiн (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) немесе қағаз жеткiзгiште бас тартуды беру жүзеге асырылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден), филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартылған жағдайда ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмеуiне сiлтемесi бар дәлелдi бас тарту туралы жауап қағаз жеткiзгiште берiледi;
      2) порталдың «жеке кабинетiне» шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы хабарлама немесе уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi электронды нысандағы уәкiлеттi органның ЭЦҚ расталған жауабы жолданады.
      6. Мемлекеттiк қызмет олардың құрылу мақсатына, түрiне және қызметiнiң сипатына, қатысушыларының (мүшелерiнiң) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге асыратын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу өтiнiш берiлген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеу - үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуi (құжаттарды қабылдау және тапсыру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) тиiс;
      өз қызметiн үлгiлiк емес жарғының негiзiнде жүзеге асыратын, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп, өтiнiш берiлген күннен кейiнгi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, сонымен бiрге, уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiнiң аяқталуына бiр күн бұрын ұсынады) тиiс;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) өтiнiш берiлген күннен кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, сонымен бiрге, уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiнiң аяқталуына бiр күн бұрын ұсынады) тиiс;
      саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, сонымен бiрге, уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiнiң аяқталуына бiр күн бұрын ұсынады) тиiс.
      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк (есептiк) тiркеудiң (қайта тiркеудiң) көрсетiлген мерзiмдерiне салық органдарындағы тiркеу мерзiмдерi кiрмейдi.
      Алушы электронды сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн заңды тұлғаны электрондық тiркеу бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты (мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш беру) 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) дайын құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тiркеу алымы белгiленген. Тiркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiнде белгiленген ставкалармен есептеледi және салық салу объектiсiнiң тiркеу орны бойынша тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленедi.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алуға электронды сұраныс ұсынылған жағдайда, алым «электронды үкiмет» төлем шлюзы (бұдан әрi - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      9. Жұмыс кестесi.
      1) Комитетте:
      Комитетте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн құжаттарды күн сайын қабылдауды қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi.
      Қабылдау кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      2) орталықта:
      орталықтарда құжаттарды қабылдау күн сайын жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      3) порталда - тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаның тұрған жерi бойынша орталықтың үй-жайында көрсетiледi, онда анықтамалық бюро, күтуге арналған кресло, өтiнiштердiң толтрылған бланкi үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасады, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар Комитетке және орталыққа мынадай құжаттарды:


      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      2) заңды тұлғаның жарғысы немесе ережесiн, (өз қызметiн Үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыратын шағын, орта, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) не филиалдың немесе өкiлдiктiң ережесiн;
      3) жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (конференция, съезд) жиналыстың (қоғамдық және дiни бiрлестiктер үшiн – конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамасын;
      4) бастамашыл-азаматтардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, туған жылы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетiлген тiзiмiн (қоғамдық және дiни бiрлестiктер үшiн);
      5) басқару органы мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, сайлаулы лауазымы, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары көрсетiлген тiзiмiн (тек дiни бiрлестiктер);
      6) заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешiмiн;
      7) дiни iлiмнiң пайда болу тарихы мен негiздерiн ашып көрсететiн және осы iлiмге сәйкес келетiн дiни қызмет туралы мәлiметтер қамтылған дiни баспа материалдары (дiни бiрлестiктер үшiн);
      8) тұратын жерiн растайтын құжатын;
      9) бюджетке тiркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын түбiртегiн және құжатын;
      10) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеушi куәлiктерiнiң (шаруашылық серiктестiктерi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзу бағалы қағаздар иелерiнiң тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестерi құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшiрмелерiн ұсынады.
      Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкiлдiктердi тiркеу түрiне байланысты құжаттар тiзбесi осы стандарттың тармағына сәйкес ұсынылады.
      Өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктер мен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - мемлекет қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер тiзiлiмi иесiнiң белгiсi бар өтiнiштi тапсырады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар филиал құрған жағдайда меншiктенушiнiң немесе олар уәкiлеттiк берген органның филиалды құруға келiсiмi туралы құжаты тапсырылуы қажет.
      Филиал немесе өкiлдiк ашу туралы шешiм мен оның басшысына сенiмхат бiр құжат ретiнде ресiмделуi мүмкiн. Филиалдың басшысына берiлген сенiмхат қоғамдық бiрлестiктiң және дiни бiрлестiктiң филиалын (өкiлдiгiн) тiркеген кезде оны сайлауға немесе тағайындау тәртiбiне сәйкес табыс етiлмеуi мүмкiн.
      Саяси партиялар қосымша:
      1) партия бағдарламасын;
      2) тегi, аты, әкесiнiң аты, туған айы мен жылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайлары көрсетiле отырып, партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы әрқайсысында кемiнде алты жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдар мен өкiлдiктердi) бiлдiретiн, құрамында кемiнде қырық мың партия мүшесi болуға тиiс партия мүшелерiнiң тiзiмдерiн ұсынады.
      Тұтыну кооперативтерi азаматтар үшiн – осы кооперативтер мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, заңды тұлғалар үшiн - тұрған жерi, банк реквизиттерi туралы және мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер көрсетiлген тiзiмдi ұсынады.
      Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi қосымша кооператив мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжат деректерi (жеке сәйкестендiру нөмiрлерiн), сондай-ақ бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн көрсетiлген заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жерi көрсетiлген тiзiмiн, сондай-ақ су пайдаланушылардың кооперативi мүшелерiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердiң болуы туралы мәлiметтердi ұсынады.
      Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, жеке сәйкестендiру нөмiрi және тұрғылықты жерi көрсетiлген тiзiмдi де ұсынады.
      Қызметiнiң айрықша түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметiнiң нысанасы қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметiнiң нысанасы банктiк және сақтандыру қызметi болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен уәкiлеттi орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополиялар саласындағы қызметтерге бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Қызметiнiң нысанасы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда уәкiлеттi органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда - заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ (бар) болуы туралы салық органының анықтамасы ұсынылады.
      Заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжаттар түрiнде жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың тiркелуi жүргiзiлгендiгi туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлiкке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болуы мүмкiн.
      Егер үй-жайдың иесi жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жерi ретiнде беруi туралы нотариалдық куәландырған келiсiмi ұсынылады.
      Шетелдiк қатысуы бар заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiпте көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      1) құрылтайшы - шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариалдық куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге, сауда тiзiлiмiнен заңды үзiндi көшiрмесi немесе басқа заңды құжатын;
      2) құрылтайшының - шетелдiк жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын төлқұжаттың немесе басқа да құжаттың көшiрмесiн, нотариалдық куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге ұсынады.
      Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн немесе басқа да заңдастырылған құжатты қосымша ұсынуға тиiс.
      Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармамен ұсынылады.
      Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмiрленген түрiнде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тiркеуге жатады.
      Бұл ретте, уәкiлеттi органға орталық арқылы мынадай құжаттар:
      1) заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешiмiнен үзiндi,
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда нотариат тәртiбiмен куәландырылған өзгерiстер енгiзiлген құрылтай құжаттары,
      3) тiркеу алымы сомасын бюджетке төлегенiн растайтын түбiртегi немесе құжаты тапсырылады.
      Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлiк қоғамның акционерлерi) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кiрген жағдайда, тiркеушi органға құрылтай құжаттармен бiрге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар екендiгi) туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.
      Шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.
      Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етiледi.
      Филиалдар мен өкiлдiктер атауы өзгерген жағдайда қайта тiркеуге жатады.
      Құжаттың осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтердi уәкiлеттi орган немесе орталық тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйе порталы немесе орталықтың ақпараттық жүйесi арқылы электронды құжат нысанында уәкiлеттi органның ЭЦҚ расталған.
      Құжаттарды қабылдау барысында уәкiлеттi органның немесе орталықтың қызметкерi осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтердi уәкiлеттi органның мемлекеттiк ақпараттық жүйесi арқылы ұсынылған құжаттармен салыстырып, содан кейiн құжаттар мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады.
      Портал арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiсi үшiн заңды тұлғаны электрондық тiркеудi алған кезде өтiнiш берушiнiң ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында сұрау салу берiледi.
      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың электронды көшiрмелерi электронды сұрау салуға қоса тiркеледi.
      Мемлекеттiк қызмет алушының қалауы бойынша тiркеуге төлем төлегенiн растайтын түбiртек немесе құжат ЭҮТШ арқылы төленедi, бұл ретте, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетiлген құжат электронды сұрау салуға қоса тiркелмейдi.
      12. Орталықтарда бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда не орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында болады.
      13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
      Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      Порталға жүгiнген кезде электрондық сұрау салуды жiберу өтiнiш берушiнiң «жеке кабинетi» арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдап алынған қызметке сәйкес уәкiлеттi орган мекенжайына жiберiледi.
      14. Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға мына:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берiлетiн күн, уақыты және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      Портал арқылы жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алған күнi мен уақыты көрсетiлген сұрау салудың қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
      15. Орталықта мемлекеттiк қызметтi алушыға дауын құжаттарды берудi орталықтың қызметкерi «терезе» арқылы мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде күн сайын жүзеге асырады.
      Егер алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органдарға бередi.
      16. Мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат бередi.
      Комитет және уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген заңды тұлғаны құру және қайта ұйымдастыру тәртiбi бұзылған кезде, табыстау актiсi немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған не бiр айлық есептiк көрсеткiштен артық салық берешегi болған кезде, сондай-ақ егер құрылтайшы әрекет етпейтiн заңды тұлға болса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшылары және (немесе) басшылары болса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыстары үшiн сотталған болса және (немесе) жоғалтқан жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынса заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартады.
      Комитет және уәкiлеттi орган құжаттар пакетi толық ұсынылмаған, оларда кемшiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттiгi туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша мемлекеттiк (есептiк) тiркеу және қайта тiркеу мерзiмiн тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет