Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi



Дата23.02.2016
өлшемі33.13 Kb.
#5161
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 859 және "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi № 752 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 13.11.2013 ж. № 252 (28191); "Казахстанская правда" от 13.11.2013 г. № 314 (27588); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 631-құжат;

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 672-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларында:
      мынадай мазмұндағы 479-1-тармақпен толықтырылсын:
      «479-1. Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шiлдеден кейiн берiлген және бiреуi автоматты болып табылатын кемiнде екi ELT-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19-дан астам жолаушы тасымалдау рұқсат етiлген азаматтық ұшақтардың барлығы кемiнде бiр КОСПАС-САРСАТ (ELT – ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура) жүйесiнiң автоматты авариялық жетектi хабар таратқышымен жарақтандырылады.
      Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шiлдеден кейiн берiлген және кем дегенде бiр автоматты ELT-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19 немесе одан кем жолаушы тасымалдау рұқсат етiлген азаматтық ұшақтардың барлығы кез келген үлгiдегi кемiнде бiр ELT-пен жарақтандырылады.
      Ұшуды 1 және 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тiкұшақтардың барлығы кемiнде бiр автоматты ELT-пен, ал авиациялық жұмыстарды орындау үшiн су кеңiстiгi үстiнен ұшқан кезде кемiнде бiр автоматты ELT-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесiне бiр авариялық-құтқару жетектi хабар таратқышымен (ELT(S) – ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура) жарақтандырылады.
      Ұшуды 3-сыныпты класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тiкұшақтардың барлығы кемiнде бiр автоматты ELT-пен, ал құрлықтан планирлеу режимiнде ұшудың немесе қауiпсiз мәжбүрлi қонудың шектi қашықтығынан артатын арақашықтықта су кеңiстiгi үстiнен ұшуды орындаған кезде кемiнде бiр автоматты ELT-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесiне бiр ELT(S)-пен жарақтандырылады.»;
      569-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «569. ӘК су кеңiстiктерi үстiнен ұшу кезiнде 479-1-тармақтың талаптарын ескере отырып, мынадай авариялық-құтқару жабдығы болуы тиiс:»;
      2) тармақшаның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «топтық құтқару жүзу құралдары – ең көп номиналды сыйымдылықты бiр салды жоғалтқан жағдайда, ӘК бортындағы барлық адамдардың орналасуын қамтамасыз ететiн санда үрлемелi құтқару салдары (және оларға тiршiлiктi қамтамасыз ететiн құралдары бар авариялық қорлар)»;
      1161-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырсын:
      «Әуе кемесiнде автоматты ELT орнату жөнiндегi талаптар осы нормалардың 479-1-тармағымен айқындалады.»;
      2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 358-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларында:
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шiлдеден кейiн берiлген және бiреуi автоматты болып табылатын кемiнде екi ELT-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19-дан астам жолаушы тасымалдау рұқсат етiлген азаматтық ұшақтардың барлығы кемiнде бiр КОСПАС-САРСАТ (ELT – ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура) жүйесiнiң автоматты авариялық жетектi хабар таратқышымен жарақтандырылады.
      Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шiлдеден кейiн берiлген және кем дегенде бiр автоматты ELT-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19 немесе одан кем жолаушы тасымалдау рұқсат етiлген азаматтық ұшақтардың барлығы кез келген үлгiдегi кемiнде бiр ELT-пен жарақтандырылады.
      Ұшуды 1 және 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тiкұшақтардың барлығы кемiнде бiр автоматты ELT-пен, ал авиациялық жұмыстарды орындау үшiн су кеңiстiгi үстiнен ұшқан кезде кемiнде бiр автоматты ELT-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесiне бiр авариялық-құтқару жетектi хабар таратқышымен (ELT(S) – ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура) жарақтандырылады.
      Ұшуды 3-сыныпты класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тiкұшақтардың барлығы кемiнде бiр автоматты ELT-пен, ал құрлықтан планирлеу режимiнде ұшудың немесе қауiпсiз мәжбүрлi қонудың шектi қашықтығынан артатын арақашықтықта су кеңiстiгi үстiнен ұшуды орындаған кезде кемiнде бiр автоматты ELT-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесiне бiр ELT(S)-пен жарақтандырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет