Биiк белестердi бағындыруға жетелейтiн ұлттық идея



Дата03.07.2016
өлшемі20.05 Kb.
#174526
Биiк белестердi бағындыруға жетелейтiн ұлттық идея
Қазiргi таңда осы өңiрдегi iргелi жоғары оқу орындарының бiрi - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң, экология факультетiнiң 1 курс студентiмiн. Қысқы сессиямды ойдағыдай тапсырып, екiншi оқу семестрiн де бастағалы бiршама уақыт болды. Жақында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Жолдауын зейiн қоя оқып, зор ықыласпен танысып шықтым.

Елiмiз жылдан - жылға көркейiп келедi. Алға қойылған үлкен мақсаттарға жету -жастардың қолынан келетiнiне Елбасымыз сенiм артады. Бұл Жолдауда «Өсу», «Өрлеу», «Сапа» деген ұғымдар бiрнеше рет қайталанады. Өсу экономикадағы сiз бен бiзге тиесiлi үлестiң артуы. Жалпымызға тиесiлi өнiм қазiр 13 мың АҚШ долларын құраса, 2050 жылға 60 мың АҚШ доллары көлемiнде болады. Бұған қалай қол жеткiземiз? Жолдауда айтылғандай «Ақыл — ойдың арқасында». Тағы менiң көңiлiме қонғаны, Президент бүгiн қазақстандық патриотизмдi дамытуды баса айтады. Яғни Мәңгiлiк ел - өз атауында-ақ тұрғандай алдымызда тұрған барлық мақсат - мұраттарды сыйдырып тұрған өте кең жоба, бастама.



Болашақ экология маманы ретiнде осы Жолдаудың iшiнде маған ерекше ұнағаны  - бұл Елбасының экологияға ерекше көңiл бөлуi. «Өндiрiсте және тұрмыста жаңашыл технологиялардың негiзiнде электр қуатын барынша үнемдеу, көлiктердi экологиялық таза отындарға ауыстыру және сәйкес инфроқұрылымдар құру, оның iшiнде электромобиль өндiрiсiн қолға алу». Осы жоспарға байланысты көлiк құралдарын экологиялық таза отын түрлерiне ауыстыру және «Жасыл экономикаға» көшу бағдарламасымен жұмыс атқара отырып, бiз осының бәрiн ескеруiмiз керек. 2015 жылға қарай егiс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшiрiлетiн болады. Экология бойынша Ақбас үйрек Қазақстанда 2014 жылы жыл құсы аталды. Ертеде Қазақстанның көпшiлiк аумағында ұялаған. Қазiргi кезде қазақстанның солтүстiк облыстарының кейбiр суларында ғана ұялайды. Санының азаю себептерi — тiршiлiк мекенi жағдайының нашарлауы. Торғай қорын және шан көлiнде қорғалатын аумақты ұйымдастыру, қолдан өсiру әдiстерiн дайындау және қорғалатын аумақтарда ұя жасап, олардың өсiп-өнуiне жағдай жасау керек.

Табиғат бiздiң ортақ үйiмiз, сол себептi оны қорғап, сақтап қалу барлық Қазақстан азаматтарының мiндетi болып саналады. Тағы бiр айта кетер жайт, Елбасы жастардың қамын ойлайтын көшбасы екендiгiн танытты. Соның iшiнде бiздi қуантатын мәселе, 2016 жылы 1 қаңтардан бастап студенттердiң шәкiртақысы 25 пайызға өседi. Ел болашағын ойлайтын әр азамат ең бiрiншi өз ұрпағының қамын ойлау керек. Ол қазiргi жастардың, яғни бiздiң денiмiз сау, көкiрегiмiз ояу, бiлiмдi де өнерлi болуымыз. Бiз жастар - елiмiздiң болашағы. Сондықтан салауатты өмiр салтын ұстана отырып, Елбасы Жолдауында айтылған мiндеттерге өз үлесiмiздi қосайық

// Молодежная - Жастар. - 2014. - 24 апреля



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет