Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережеде:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына не www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталына осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi.»;
33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне немесе «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicеnse.kz веб-порталы арқылы осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады.»;
көрсетілген Ережеге 8, 10-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 272-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық (өтінім беру бөлігінде), қағаз түрінде (тіркеу куәлігі)»;
реттiк нөмiрi 280-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық (өтінім беру бөлігінде), қағаз түрінде (карантиндік сертификат)»;
реттiк нөмiрi 281-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық (өтінім беру бөлігінде), қағаз түрінде (фитосанитариялық сертификат)».
3. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат):
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Карантинге жатқызылған өнiмнің Қазақстан Республикасы аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында орнын ауыстыруға алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 81-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар тізбесінің және белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар зертханалары тізбесінің, сондай-ақ орындаушы ұйымдардан жыл сайын 1 ақпанға дейін берілген өтінім хаттардың негізінде ведомство қалыптастырады.»;
39-тармақта:
16), 17) тармақшалар алынып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты растайтын құжат (шетелдік пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған, отандық пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқа болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);»;
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Орындаушы ұйымдардағы, сондай-ақ оларды қарауға қатысатын мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) барлық тіркеу материалдары жариялауға жатпайды. Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелушi (өтінім беруші) ұсынған тіркеу материалдарының, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге өтінімдердің құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Ведомство пестицидке (улы химикатқа) тіркеу материалдарын қарайды және тіркеу дерекнамасы ұсынылған күнінен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Осы мерзім ішінде Ведомство қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымды келісу үшін жібереді, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге келісу немесе одан бас тарту туралы жауап жолдайды. Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.».
42-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
49-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісуден дәлелді бас тартуының болуы;»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу:
1) пестицидтiң (улы химикаттың) физикалық-химиялық, токсикологиялық және басқа да сипаттамаларының мемлекеттік тіркеу кезіндегі тіркеу материалдарында мәлімделгенге сәйкес келмеуі анықталса;
2) тіркеу дерекнамасының материалдары осы Қағидалардың 39-тармағында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін Ведомство тiркелушiге (өтінім берушіге) анықталған сәйкессіздік және хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыру немесе жаңа деректермен толықтыру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
Тiркелушi (өтінім беруші) тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізген жағдайда Ведомство тіркеу материалдары ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігін қарайды және пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қайта бастау немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тiркелушi (өтінім беруші) хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізбеген жағдайда, Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Ведомство бұйрық шыққаннан кейін 8 жұмыс күні ішінде тiркелушiге (өтінім берушіге) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеудің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тiркелушi (өтінім беруші) жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 8 жұмыс күні ішінде Ведомствоға тіркеу куәлігін қайтарады.»;
58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қайта тiркеуге өтiнiм мен тиісті құжаттар мемлекеттік тiркеу мерзiмiнің аяқталуына дейін 40 (қырық) жұмыс күні бұрын беріледi»;
62-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама қоса беріледі.»
________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |