Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі39.29 Kb.
#3809


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер



  1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірі 311-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Электронды, қағаз түрінде (куәлік)»;

реттік нөмірі 312-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»;

реттік нөмірі 313 және 314 жолдар алып тасталсын.

  1. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3. «Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 78-құжат):

Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидасында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн алу үшiн жеке және заңды тұлғалар жергiлiктi атқарушы органға немесе www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталына не www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталына мынадай құжаттарды ұсынады:


  1. осы Қағида 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi* немесе анықтама жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікт) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

  1. осы Қағиданың 2-тарауында баяндалған талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат мәліметтер нысаны түрінде.

Құжаттарды қабылдау кезінде мәліметтерді жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттардың түпнұсқасындағы мәліметтердің түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, бұдан соң түпнұсқаларды тұтынушыға қайтарады.

Жергiлiктi атқарушы орган бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн алуға жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi белгiленген жағдайда жергiлiктi атқарушы орган көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi бұдан әрi қараудан жазбаша дәлелдi бас тартуды бередi.»;

17 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi өтініш түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауы тиiс.».



  1. Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат):

1-тармақта:

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


_____________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет