Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және "Азаматтық авиация


Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi беру



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі345.74 Kb.
#11196
1   2   3

5. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi беру,
беруден бас тарту

      22. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi беру мүмкiндiгi туралы қорытындымен бiрге сертификаттық тексеру актiсi пайдаланушы сертификатын беру үшiн негiз болып табылады.


      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шешiм қабылданған сәттен бастап үш күн мерзiмде осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi ресiмдеудi және берудi жүргiзедi.
      23. Егер:
      1) өтiнiш берушi ұсынған қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;
      2) өтiнiш берушiге қатысты оның аталған қызмет түрiн көрсетуiне тыйым салатын сот шешiмi болса;
      3) жалпы сертификаттау мерзiмi өткен соң түзету iс-қимылдар жоспарында көрсетiлген сәйкессiздiктердi жоймаса, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi беруден бас тарту жүргiзiледi.
      24. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге бас тарту себептерi көрсетiлiп, жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.

6. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң
қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу

      25. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулердi сақтамаған;
      2) мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;
      3) инспекциялық тексеру кезiнде, соның iшiнде шет мемлекеттерiнде белгiленген ұшу қауiпсiздiгiне әсерiн тигiзетiн бұзушылықтар анықталған;
      4) пайдаланушының жазбаша өтiнiшi болған жағдайларда, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұрады.
      26. Осы Қағиданың 25-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген жағдайдан басқа, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тоқтата тұру себебiн көрсетедi және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң қолданысын тоқтата тұру мерзiмiн белгiлейдi.
      Егер әуе кемесiн пайдаланушы белгiленген мерзiмде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, онда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктердi қайтарып алады.
      27. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң қолданысын жаңартуды (егер ол тоқтатылған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн және «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушыға тексеру жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асырады.
      28. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң қолданысын қалпына келтiру немесе қалпына келтiруден бас тарту жөнiндегi шешiмдi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тексеру аяқталған сәттен бастап үш күн мерзiмде пайдаланушыға жазбаша түрде хабарлайды.
      29. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарылып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы 3 жұмыс күнi iшiнде пайдаланушыны және аэронавигациялық ақпарат қызметiн хабардар етедi.
      30. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi қайтарып алу кезiнде пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.

7. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкке өзгерiстер
енгiзу, телнұсқасын беру

      31. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкке өзгерiстер:


      1) пайдаланушының өтiнiмi бойынша;
      2) пайдаланушыны жоспарлы және (немесе) жоспарлы емес тексеру нәтижелерi бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен енгiзiледi.
      32. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiгi өзгерген жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмаса, куәлiкке және пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. Өзгерiстер енгiзу мерзiмi өтiнiм берiлген сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды.
      33. Пайдаланушы бұрын пайдаланылмаған әуе кемелерiнiң басқа түрлерiн сатып алған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi құжаттармен қоса жолдайды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiмдi алған сәттен бастап он күн мерзiмде:
      1) ұсынылған құжаттарды қарайды;
      2) пайдаланушыға енгiзiлген өзгерiстерге қатысты бөлiкте инспекциялық тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкке тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
      34. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мәлiмделген әуе кемесiн пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге енгiзуден бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге күнтiзбелiк 10 күн iшiнде бас тартудың себептерi көрсетiлiп, жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      35. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган күнтiзбелiк 10 күн iшiнде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң телнұсқасын бередi.
      36. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға еркiн нысандағы өтiнiштi қажеттi негiздемелерiмен және бұрын авиациялық жұмыстарды орындауға берiлген куәлiкпен (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа) қоса бередi.

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
1-қосымша         

Нысан


Уәкiлеттi орган басшысына

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алуға
(ұзартуға) өтiнiм

      1. ____________________________________________________________


           (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алу,
қолданылу мерзiмiн ұзарту) мақсатында _______________________________
                                       (өтiнiш берушiнiң толық атауы)
сертификаттау жүргiзудi сұраймын.
      2. Өтiнiш берушiнiң СТН (ЖСН): _______________________________.
      3. Өтiнiш берушi заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның банктiк
деректемелерi: _____________________________________________________.
      4. Өтiнiш берушi – заңды тұлғаның орналасқан жерi (мекенжайы)
немесе өтiнiш берушi – жеке тұлғаның тұрғылықты жерi: ______________.
      5. Өтiнiш берушiнiң пошталық (нақты) мекенжайы: ______________.
      6. Байланыс телефондары/факсы/электрондық поштасының мекенжайы,
АФТН коды: _________________________________________________________.
      7. Әуе кемелер орналасқан әуеайлақ (алаңқай) _________________.
      8. Мәлiмделген авиациялық жұмыстардың түрлерi: _______________.
      9. Қазақстан Республикасының шегiнде немесе одан тыс жерлерде
ұшу өңiрлерi: ______________________________________________________.
      10. Жоспарланған ұшуды бастау күнi: __________________________.

11. Басшы персонал



Лауазымы

Т.А.Ә., туған жылы, телефоны

Тағайындау туралы бұйрық

Бiлiмi

Маманның сертификаттары (куәлiктерi)
















12. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы

Лауазымы

Т.А.Ә., туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлiгi (медициналық қорытынды)

Жалпы ұшу

Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру



















13. Инженерлiк-техникалық персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлiгi

Жалпы жұмыс өтiлi

Жұмыстарды орындауға рұқсат беру



















14. Шетелде авиациялық жұмыстарды орындау

ӘК типi және борттық нөмiрi

Жалдаушы (тапсырыс берушi)

Мемлекет, қала және орналасқан әуежайы

Шарт түрi, нөмiрi, күнi және қолданылу мерзiмi













      15. Өтiнiш берушi:
      сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
      сертификаттық талаптарға жауап беруге;
      авиация саласындағы уәкiлеттi органға ұшудың ұйымдастырылуын,
қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына
мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.
      _______________________________________________________________
       Өтiнiш берушi заңды тұлғаның (басшының лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      М.О.


      _______________________________________________________________
                Өтiнiш берушi жеке тұлғаның (Т.А.Ә., қолы)

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
2-қосымша         

Осы Қағиданың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген
басшылық құрам жөнiндегi деректер

      1. Т.А.Ә., туған жылы, атқаратын қызметi.


      2. Бiлiмi.
      3. Азаматтық авиация маманының куәлiгi.
      4. Бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өту туралы құжат.
      5. Басшы лауазымдарда атқарған жұмысы (атқарған лауазымындағы
жұмыс өтiлiн көрсету).

      Басшы _________________________________________________________


                                  (күнi, қолы)

      Өтiнiш берушi осы қосымшаның 2, 3, 4-тармақтары бойынша өтiнiш


берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылған растау құжаттарының
көшiрмелерiн ұсынады.

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
3-қосымша        

Ұшуды жүргiзу жөнiндегi үлгiлiк нұсқау

      1. Ұшуды жүргiзу жөнiндегi үлгiлiк нұсқауды өтiнiш берушi әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi реттейтiн қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтар мен басқа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның талаптарын ескере отырып әзiрлейдi. Әуе кемелерiн пайдалану, II бөлiм, «Жалпы мақсаттағы халықаралық авиация. Ұшақтар», III бөлiм, «Халықаралық ұшу. Тiкұшақтар».


      1. Нұсқау мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
      1) Мазмұны;
      2) түзетулердi ескеру парағы және қолданыстағы парақтар тiзбесi;
      3) қызметтiк мiндеттер, басшылық және пайдалану персоналының жауапкершiлiгi және субординациясы;
      4) пайдаланушының ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi (сертификаттық ұшып көтерiлу массасы 5700 кг астам әуе кемелерi);
      5) ұшу нұсқаулығының жүйесi және жұмыс түрлерi;
      6) әуе кемесiнiң ең төменгi жабдығы тiзбесiне қатысты қағидалар (MEL, қолданылғанда);
      7) метеорологиялық шектеулер;
      8) ұшу және жұмыс уақытының шектеулерi;
      9) ұшу кезiндегi төтенше жағдайлар;
      10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды талдау;
      11) персонал бiлiктiлiгi және даярлау;
      12) есептiк құжаттаманы жүргiзу;
      13) техникалық қызмет көрсетудi басқару жүйесiнiң сипаты;
      14) әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалану шектеулерi;
      15) қалыпты жағдайларда ұшуды жүргiзу;
      16) стандартты пайдалану рәсiмдерi (SOP);
      17) FDR/CVR жазбаларын пайдалану/қорғау (қолданылатын жерде);
      18) қауiптi жүктердi өңдеу;
      19) коллиматорлық индикаторлардың сипаттамасы (HUD)/көрудiң кеңейтiлген мүмкiндiктерi бар техникалық көру жүйелерi (EVS).

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
4-қосымша         

Техникалық қызмет көрсетудi реттеу бойынша пайдаланушының
нұсқауы

      Техникалық қызмет көрсетудi реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрi – Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:


      1. Ұшу жарамдылығын қолдау жөнiндегi қызметтiң сертификаттық талаптарға, Нұсқаулық ережелерiне сәйкестiгi туралы жауапты басшы қол қойған декларация және бұл сәйкестiкке ұдайы көрсетiлуi мiндеттi.
      2. Көзделетiн рәсiмдер сипаттамасы:
      1) әуе кемелерiн ұшуды орындау үшiн жарамды жай-күйде ұстау бойынша;
      2) жоспарланған ұшу үшiн қажеттi пайдалану және авариялық жабдықтың жарамды болып табылуы;
      3) техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланушы мен бекiтiлген ұйым арасындағы келiсiмдер (шарттар);
      4) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету.
      3. Ұйымның белгiленген талаптарға ұдайы сәйкес болуына қатысты жауапкершiлiк жүктелетiн жауапты басшының, персоналдың аты мен лауазымдары көрсетiлген басшылық персонал жөнiндегi мәлiметтер, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудi реттеуге қатысатын персонал жөнiндегi мәлiметтер.
      4. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын әзiрлеу, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, бекiту бойынша рәсiмдер.
      5. Пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау және техникалық құжаттары бойынша есептiк мәлiметтердi жүргiзу және мұрағатта сақтау рәсiмдерi.
      6. Жүргiзiлген техникалық қызмет көрсету туралы деректердi бақылау, бағалау және ұсыну рәсiмдерi.
      7. Пайдалану ақпаратын ұсыну талаптарын орындау рәсiмдерi.
      8. Ұшу жарамдылығын сақтау туралы ақпаратты бағалау рәсiмдерi.
      9. Ұшу жарамдылығын сақтау туралы мiндеттi ақпарат бойынша iс-қимылдарды жүзеге асыру рәсiмдерi.
      10. Осы бағдарламадағы кемшiлiктердi жою мақсатында техникалық қызмет көрсету бағдарламасының орындалуын және тиiмдiлiгiн талдау және тұрақты бақылау жүйесiн енгiзу және оның жұмыс iстеу рәсiмдерi.
      11. Нұсқау қолданылатын әуе кемелерi үлгiлерiнiң және модельдерiнiң сипаты.
      12. Ұшу жарамдылығына әсер ететiн ақауларды тiркеудi және жоюды қамтамасыз ету рәсiмдерi.
      13. Пайдалану кезiндегi елеулi оқиғалар туралы уәкiлеттi органды хабардар ету рәсiмдерi.

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
5-қосымша        

Нысан


Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алу үшiн
өтiнiм бойынша қабылданған
шешiм

20__ ж. «___» __________ № _____

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алу жөнiндегi
_____________________________________________________________________
(өтiнiм берушiнiң атауы)

өтiнiмiн қарап, сiздер ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық


жұмыстарға жiберу қағидасына сәйкес келетiнiн (сәйкес келмейтiнiн)
(құжаттар сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмейтiн тармақ/тармақтар
көрсетiледi) хабарлаймыз.

      МО                                Уәкiлеттi органның басшысы не


                                        ол уәкiлеттiк берген адам
                                        ________   __________________
                                         (қолы)          (Т.А.Ә.)

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
6-қосымша        

Нысан


Сертификаттық тексеру актiсiнiң үлгi нысаны

      __________________________ 20__ жылғы «___» _______ № _________


      (уәкiлеттi органның атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға:            __________________________________________________


                                   (Т.А.Ә., лауазымы)

Комиссия мүшелерi: __________________________________________________


                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
                   __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
                   __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ өтiнiш берушiнiң
               (заңды тұлғаның атауы)
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасына және Азаматтық
әуе кемелерiн пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарға
сәйкестiгiне сертификаттау жүргiздi.

Қорытынды мәтiнi  ___________________________________________________

Төраға:           __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)
Комиссия мүшелерi __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)
                  __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)

Актiмен таныстым:

Ұйымның басшысы   __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)

Пайдаланушыны авиациялық 


жұмыстарға жiберу қағидасына
7-қосымша        

Нысан


Елтаңба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


_____________________________________________________
Уәкiлеттi органның атауы

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк
№ KZ – 02/001

Қолданылу мерзiмiнiң аяқталу күнi:

Пайдаланушының атауы
____________________

Пайдаланушының мекенжайы:


Телефоны:
Факс:
E-mail:

Пайдаланушымен жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы Куәлiк пайдаланушыға ______________________________________
                                      (пайдаланушының атауы)
қоса берiлiп отырған пайдалану ерекшелiктерiнде белгiленгендей, ұшуды
жүргiзу нұсқаулығы және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу
қағидасына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретiндiгiн
куәландырады.
      Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.
                            (уәкiлеттi органның атауы)

      МО                             Уәкiлеттi органның басшысы не ол


                                     уәкiлеттiк берген адам
                                     ________ _______________________
                                      (қолы)          (Т.А.Ә.)

Берiлген күнi: 20__ ж. «___» _______

Уәкiлеттi орган
___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №     куәлiгi)

Пайдалану ерекшелiктерi
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

А бөлiгi - Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 20__ жылғы _____ № _______ қаулысымен бекiтiлген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасына сәйкес
берiледi.
      2. ________ берiлген № ____ авиациялық жұмыстарды орындауға
арналған куәлiгi бар пайдаланушы ____________ ұшуды орындауға дайын.
      3. Пайдаланушы «___» өндiрушiлерi мен модельдерi мынадай әуе
кемелерiн авиациялық жұмыстарды орындау үшiн пайдалануға рұқсат
бередi:

Өндiрушi

Моделi

Ең жоғары жүк көтерiмдiлiгi мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3

      1-бағанда әуе кемесiн өндiрушi зауыт көрсетiледi;
      2-бағанда әуе кемесiнiң типтi және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi
көрсетiледi;
      3-бағанда - тонналық көрсеткiш және жолаушылар саны
көрсетiледi.
_____________________________   ________   __________________________
(уәкiлеттi органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкiлеттiк берген адам)

      МО


      Берiлген күнi: 20__ ж. «___» _______________

Уәкiлеттi орган


___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №    куәлiгi)

Пайдалану ерекшелiктерi
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

В бөлiгi – Авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсаттар мен шектеулер

      Пайдаланушының «_____» әуе кемелерi Қазақстан Республикасының
(уағдаласушы мемлекеттер) қолданыстағы нормативтiк құқықтық құжаттары
мен ұшу қағидаларына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға дайын.
      Ұшуға:
      Қазақстан Республикасы аумағы шегiнде
      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде (өңiрлер) рұқсат
етiлдi.

Әуе кемесiнiң типi

Авиациялық жұмыстардың түрлерi

Ұшу түрлерi (ВҰҚ, ВҰАҚ, АҰҚ)

Тәулiк уақыты





































_____________________________   ________   __________________________
(уәкiлеттi органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкiлеттiк берген адам)

      МО


      Берiлген күнi: 20__ ж. «___» __________________

Уәкiлеттi орган


___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №     куәлiгi)

Пайдалану ерекшелiктерi
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

С бөлiгi – Басшылық персонал туралы мәлiметтер

      «______» пайдаланушысының басшылық персоналы туралы мәлiметтер:

р/с


Лауазымы

Т.А.Ә., байланыс телефоны



















_____________________________   ________   __________________________
(уәкiлеттi органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкiлеттiк берген адам)

      МО


      Берiлген күнi: 20__ ж. «___» _________________

Уәкiлеттi орган


___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № _______ куәлiгi)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет