Қазақстан Республикасы Үкіметінің



Дата01.07.2016
өлшемі76.83 Kb.
#169089
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен   
бекітілген     

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын


жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» – мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (дін істері басқармаларымен келісім бойынша сәулет және қала құрылысы басқармалары) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, немесе үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімі немесе осы стандарттың 10-тармағына көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және басқарманың жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
      4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
      ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
      4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
      5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
      6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
      7) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
      10. Үйдің (ғимараттың) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және аумағында орналасуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін


қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің атына жазбаша нысанда берiледi.


      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге


де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.


      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу        


және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын    
өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына                  
1-қосымша                      

Өтініш нысаны

__________________ (облысының, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) әкіміне      
____________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)        

Өтiнiш берушi                               


____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн
ұйымның атауы, почталық мекенжайы және   
телефоны)                

ӨТIНIШ


      ____________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы
көлемi _________ гектар жер учаскесiнде ғибадат үйiн (ғимаратын) салу
туралы шешiм берудi сұраймын.
      Ғибадат үйi __________________________________________________.
                            (конфессияға тиесiлiлiгi)
      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ______________________.
      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

      _____________


        Қолы, күнi

      Мөрi (заңды тұлғаларға)

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу        
және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына                 
2-қосымша                     

Өтініш нысаны

__________________ (облысының, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) әкіміне     

____________________________________________


(тегi, аты, әкесiнiң аты)         

Өтiнiш берушi                               


____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн
ұйымның атауы, почталық мекенжайы және   
телефоны)                 

ӨТIНIШ


      _____________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан _____________________________ үйiн (ғимаратын) ғибадат үйi
(ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту)
туралы шешiм берудi сұраймын.
      Ғибадат үйi __________________________________________________.
                            (конфессияға тиесiлiлiгi)
      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

      ______________


        Қолы, күнi

      Мөрi (заңды тұлғаларға)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет