Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызмет алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы алады және олардағы ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариатта куәландырылған) көшірмесі;
порталға:
1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-рымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
|