206-тармағына сәйкес беріктілікті және толқында теңізде жүру сапасын тексеру;
5) «қозғалтқыш-біліктірек-жылжытқыш» жүйесінің айналдыру тербелісінің параметрлерін өлшеу;
6) пайдалануға ең жақын шарттағы жүрісте сынау;
7) сериялық кемелермен салыстырғанда кеменің энергетикалық қондырғыларын ұлғайтылған көлемде сынау;
8) сериялық кемелермен салыстырғанда ұлғайтылған көлемде ревизия;
9) жүрісте сынау шартын сақтаумен бақылау шығуы.
205. Басты кемелерді, оның ішінде итеруші құрамдарды басқару және инерциялық сипаттама бөлігінде маневрлық сапасын анықтау мақсатында сынауды Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген әдістеме бойынша жүргізеді.
206. Басты кемелер және жаңа конструктивтік типті құрамдар және ерекше басты өлшемдегі қатынасты кемелерді есепті жел толқынды режим жағдайында сынайды. Бұл ретте:
кеменің беріктілігін және арнайы әзірленген бағдарлама бойынша, кернеуді тікелей өлшеумен шынжырларды сынайды;
жел болғанда басқаруды тексереді;
айдау параметрлерін бағалайды;
кеменің жай-күйіне жалпы бақылау жүргізеді (құйылуы, айдау кезінде жылжытқыштың және кемелік жабдықтардың жұмысына).
Көрсетілген сынаулар арнайы бағдарламамен және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген уақытта жүргізіледі.
207. Басты кемелерде сондай-ақ осы Қағиданың тиісті бөлімінде айтылған сынаулар жүргізіледі.
208. Басты кемені сынауды аяқтағаннан кейін, қабылдау кемесі кемелердің келесі партиясына орындау үшін тиісті және ұсынылатын іс-шаралар тізбесін дайындайды. Бұл тізбе Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі.
209. Бұйымдардың және жабдықтардың басты үлгілерінің жаңа материалдарын қолданған кезде кеменің міндетіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша пайдалану сынағын жүргізу көзделеді.
Пайдалану сынақтарының хаттамасы сынау аяқталғаннан кейін келісілген мерзімде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады.
210. Пайдалану сынағын жүргізу туралы шешім кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын ресімдеуге және беруге кедергі болмайды.
211. Имитациялық сынаулар жекелеген объектілердің кеме техникалары және жабдықтарына арналған сияқты, кеме жабдықтарының барлық жиынтығына да жүргізіледі.
212. Имитациялық сынауларды жүргізу мақсаттылығы мен әдістемесін кеме жасаушы ұйым, жобалаушы және тапсырыс беруші анықтайды.
Еріту орындарында имитациялық сынауларды жүргізу мүмкіндігі Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.
213. Имитациялық құрылғылар, оларды нығайту әдістері және олардан туындайтын ықпал (діріл және басқалара) сыналатын объектіге немесе кеме конструкциясына кері әсерін тигізбеуі қажет.
214. Сынаулар әдісі және имитациялық құрылғылар стандарттар талаптарына және келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес келісіледі.
215. Алғаш рет ұсынылған немесе техникалық бақылау тәжірибесінде жеткіліксіз тексерілген, сондай-ақ осы тараудың талаптарына толық түрде жауап бермейтін имитациялық құрылғылар немесе сынаулар әдістері Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.
216. Осы тарау кемелік техника, жабдықтар объектілерінің және басқа да бұйымдардың басты кемелерін және басты үлгілеріне (басты партиялары) қолданылмайды.
Имитациялық құрылғыларды қоя тұруды және салыстырмалы сынауларды сериялық сияқты басты кемелерге жүргізуге рұқсат етіледі.
217. Имитациялық сынауларды жүргізу кезінде сыналатын объектінің қажетті параметрлері тексеріледі.
Егер имитациялық сынаулар тек кейбір ғана параметрлерін анықтауға мүмкіндік берсе, қалғандары әдеттегідей сынау көмегі арқылы тексеріледі.
Имитациялық сынаулар нәтижесін өлшеу қателіктері әдеттегі сынаудан жоғары болмайды.
218. Имитациялық әдістерді қолданудың мүмкіндігін негіздеу мақсатында бір және сол кемеде, кейіннен олардың нәтижелерін талдаумен, кеменің осы сериясы үшін имитациялық сынаулардың жұмыс бағдарламасын (әдістемелерін) әзірлеумен және келісумен салыстырмалы сынауларды орындайды.
219. Салыстырмалы сынауды Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама (әдістеме) бойынша жүргізеді.
220. Салыстырмалы сынаулар бағдарламасына (әдістемесі) мыналар кіреді:
1) қабылданған имитациялық сынаулардың, имитациялы құрылғылардың схемалары (сызбалары) және олардың сыналатын объектілермен жалғаулары, полигондар схемалары, салыстырмалы сынаулар жүргізілуі қажет кемелердің саны туралы мәліметтердің теоретикалық негіздемелерін қосатын түсініктеме бөлімі;
2) монтаж сапасын тексеру бойынша нұсқаулар және арқандап байлау режимінде сынаулар жүргізуге арналған талаптар;
3) параметрлерді бақылау және өлшеу бойынша сондай-ақ бақыланатын параметрлердің сол немесе басқа мәндерін қамтамасыз ету бойынша нұсқауларды қоса имитациялық сынауларды жүргізу бойынша нұсқаулар;
4) салыстыру әдісі туралы және тәжірибелі имитациялы және табиғи сынаулар нәтижесінде алынған параметрлердің сәйкес келуі туралы талаптар туралы нұсқаулар.
221. Кемінде екі кемедегі салыстырмалы сынаулар нәтижесі бойынша, салыстыратын немесе салыстырылатын параметрлер мәндері, сынаулар нәтижесінің сәйкестігі туралы мәліметтер және кеменің келесі серияларында имитациялық сынауларды жүргізу мүмкіндігі туралы қорытынды келтірілген Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген ұйымның құжаты ресімделеді.
222. Имитациялық сынаулар салыстырмалы сынаулар нәтижесі бойынша жасалған және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген әдістеме сәйкес жүргізіледі.
223. Имитациялық сынау бағдарламасына (әдістемесі) мыналар кіреді:
1) жалпы ережелер;
2) сынауға ұсынылатын объектінің техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар;
3) имитациялық құрылығылардың техникалық жай-күйіне немесе құрылғыларды немесе жабдықтарды қамтамасыз етуші басқа талаптар;
4) сынауға және оларды жүргізуге дайындық жүргізу бойынша, параметрлерді бақылау және өлшеуді қоса әдістемелік нұсқаулар. Сондай-ақ, имитациялық құрылғылар арқылы қол жеткізілген параметрлердің мәндері көрсетіледі;
5) имитациялық құрылғылар және полигондар схемалары;
6) бақылау салыстырмалы сынауларды жүргізу туралы нұсқаулар және олардың мерзімділігі.
224. Оларға ревизия жүргізгеннен кейін, бақылау шығу сипаттағы жұмыс режимін модульдеу арқылы, имитациялық әдістерді қолданып кемелік техникалық құрылғыларды және жабдықтарды сынауға рұқсат етіледі. Бұл ретте тексеру объектілерін жүрісте сынау кезінде қолданылған сол имтациялық әдістер пайдаланылады.
225. Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген мерзімде сенімділігін және имитациялық сынаулар нәтижесінің тұрақтылығын растау мақсатында имитациялық әдіспен сыналатын кемелерді сериялы жасауда немесе жасау нөмірімен (мысалы, 3-ші, 5-ші, 10-шы) бұрын тағайындалған кемелерде табиғи сынаудың толық бағдарламасын қолданып бақылау салыстырмалы сынау жүргізеді.
Салыстырмалы бақылау сынау мерзімділігі (жиілігі) техникалық бақылау объектісінің дайындау сапасының және монтаждаудың тұрақтылығы және табиғи және имитациялық сынаулар нәтижесінің сәйкестігі ескеріліп белгіленеді.
226. Кеме қатынасы тіркелімі қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, жаңартуға және пайдаланудағы кемелерді жөндеуге техникалық бақылау жүргізуді жүзеге асырады.
227. Қайта жабдықтауға, жаңартуға және жаңғыртуға техникалық бақылау, техникалық құжаттамаға сәйкес шартты негізде жүзеге асырылады. Техникалық бақылау жүргізу туралы шарт Кеме қатынасы тіркелімімен жұмысты орындаушы-ұйыммен немесе кеме иесімен жасалады.
228. Жөндеуге техникалық құжаттаманы әзірлеу қажеттілігі, әрбір нақты жағдайда ауырлығы және жұмыс көлеміне, типіне және кеменің жарамдылық мерзіміне, оның жүзу ауданына байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен анықталады.
Құжаттама Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісуге жатады.
229. Кемені жоспарлы жөндеу, мерзімді куәландыру мерзіміне тураланады. Жөндеу мерзімі және мерзімді куәландыру күні сәйкес келмеген жағдайда, жөндеуге жататын кеме элементтеріне кезектен тыс куәландыру жүргізіледі.
Кезекті куәландыру уақыты бойынша сәйкес келмейтін, көлемі және ұзақтылығы үлкен жөндеу алдында кемені немесе оның элементтерін кезекті куәландыруға мерзімінен бұрын ұсынуға рұқсат етіледі.
230. Шартты негізде кемелерді жөндеуге техникалық бақылау жүргізу мыналарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады:
1) қайта қалпына келтіруге немесе кеменің жекелеген элементтерін ауыстыруға және өндіруге байланысты, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген құжаттамаға сәйкес көлемі және жұмыс ұзақтылығы бойынша үлкен;
2) кезекті немесе кезектен тыс куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен қойылған талаптардан тарайтын жөндеу жұмыстары, егер сапаның тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін және/немесе осы Қағида нұсқауларына сәйкес немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттармен нақты жұмыс көлемін немесе технологиялық операцияларды аяқтағаннан кейін жөнделетін объектілерді бақылау тексеруге кезеңдік талап етілетін болса. Бақылау кезеңдеріне жалпы жағдайда негізгі және дәнекерлеу материалдарының сертификаттарын тексеруді, сондай-ақ жаңадан кемелік техника объектілеріне орнатылатын, кеме элементтерінің ақаулық нәтижелерін қарауды және жөндеу көлемін келісу, дәнекерлеу тігістерінің сапасын тексеру, суға батпаушылыққа сынау, кемелік техникалық құралдарды гидравликалық сынау, агрегаттарды және білікжетектерді орталықтандыру бойынша технологиялық операцияларды бақылау жатады және шартты жасау кезінде ұсынылатын жөндеу жұмыс түрі және көлеміне байланысты анықталады. Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды кезектен тыс куәландыру кезінде немесе жыл сайынғы куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен орындалған жағдайда, жөндеу жұмысына техникалық бақылау туралы шартты жасау міндетті болып табылмайды.
231. Кемелерді жөндеуге техникалық бақылауды жүргізу кезінде мыналарға қатысты осы Қағиданың талаптарын басшылыққа алу қажет:
1) техникалық бақылау объектісінің номенклатурасын (осы Қағиданың 1-қосымшасы);
2) техникалық құжаттаманы келісу тәртібі (осы Қағиданың 3-бөлімі);
3) техникалық бақылау көлемі (тексеру және сынау сипаттамасы, соның ішінде арқандап байлау және жүрісте);
4) материалдарды және дәнекерлеуді қолдану;
5) құжаттама және таңбалауды.
232. Жөндеудің көлемі және әдісі кеме жасаушы ұйыммен немесе кеме иесімен анықталады және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі.
233. Кеме элементтерінің ақаулығы осы Қағида талаптарын немесе осы жобадағы кеме үшін, техникалық жай-күйін анықтауға қатысты арнайы әзірленген нормативтер талаптарын ескере отырып кеме иесімен орындалады.
Нәтижелер Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген ақаулық актісі түрінде ресімделеді.
234. Кеме элементтерін жөндеу үшін жобалық құжаттама қажет болмаған жағдайда, кеме иесі ақаулық актісін қарау, жөндеу ведомостары және кемені жөндеу алдындағы кезекті немесе кезектен тыс куәландыру нәтижесі негізінде жөндеу жұмысының көлемін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келіседі.
Бұл ретте кеме қатынасы компаниясында қолданылатын кемелерді жөндеу туралы ережені Кеме қатынасының тіркелімі қызметкері ескереді.
Жөндеу жұмыстарының күрделілігіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен осы кемені жөндеу үшін немесе типтік ретінде Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген технологиялық процесті әзірлеуді немесе ұсынуды талап етеді.
235. Қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, жаңартуға және жөндеуге техникалық бақылау жүргізу кезінде шығарылған жұмыстың көлемі және сапасын бақылап тексерудің нәтижесі, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің ескертулері мен талаптары осы Қағидамен көзделген құжат түрінде реәсімделеді (бақылау тексерудің тізбесі, техникалық бақылау журналы, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін шақыру туралы хабарлама, сынау актісі).
6. Корпусты жасауға техникалық бақылау
236. Осы бөлім металл, темірбетонды және пластмассадан жасалған кемелердің корпустарын жасауға, сондай-ақ корпустың жалпы иілімінде қатысатын олардың деңгейінен тәуелсіз кемелік қондырма және рубкаларға техникалық бақылауды жүзеге асыру бойынша нұсқаулықтарды қамтиды.
237. Корпустық конструкцияларды тексеру және сынаудың тәртібі және көлемі, технологиялық процестердің ерекшелігі, корпусты қалыптастыру әдісінің және қондырманың, дәнекерлеу тәсілдерінің осы кеме жасаушы ұйыммен қабылданған бақылау әдісі мен тәсілінің ерекшелігін ескеріп әзірленген Тізбемен анықталады.
238. Материалдарды дайындаудың сапасына техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналар тексеріледі:
1) табақша, тілікше, профильді, сорттық, айналдыру, құбыр, құйылған және қапталған бұйымдардың сертификаттарының, дәнекерлеу материалдарының құжаттарының болуы (электродтар, дәнекерлеу талшықтары, флюстар);
2) материалға берілген сертификатта және басқа құжаттарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағида талаптарына және куәландырылатын конструкцияға қолданылатын Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін;
3) болат санатының, материал маркасының және сертификатпен берілген көрсетілген бөлшекке жүзу нөмірінің сәйкестігін. Егер бөлшекте жүзу нөмірі жоқ болса немесе шартты белгімен ауыстырылса, ұйымдағы тәртіппен қолданыстағы құжаттама бойынша анықталады;
4) материалдар маркаларының сызба талаптарына сәйкестігі.
239. Сыртқы қараумен тексеріледі:
1) техникалық бақылау объектісі констуркциясының сызбаларға және техникалық құжаттамаға сәйкестігі, біріктіру, жанасу және бөлшектерді, бөліктерді және басқа да элементтерді жалғау, механикалық өңдеудің және белгіленген конструкциялық талаптардың сапалы орындалуы;
2) техникалық бақылау объектісіне қатысты осы Қағида талаптарының орындалуы;
3) көрінетін ақаулықтардың болмауы және бұйым үлгісінен ауытқуы, уақытша монтаждық бөлшектерді және құралдарды жою сапасы;
4) дәнекерленген жалғаулар типінің және орындалған тігістің сызба және салыстыру кестесіне сәйкестігі, сыртқы ақаулардың болмауы.
240. Мынадай конструктивтік параметрлердің сызбадағы көрсетілгендерге сәйкестігін таңдап тексереді:
1) табақша материалдан жасалған бөлшектердің қалыңдығы;
2) дәнекерленген бөлшек және жазылған арқалықтардан, кництердің, қабырғалардың, іргетас элементтерінің, комингстердің, шельфтердің өлшемдері; белдемінің аралығының арақашықтығы;
4) дәнекерленген жалғаулардың арқалықтан, книц ұштарынан шегінуі;
5) дәнекерленген тігістерді тіркеп қою;
6) тіліктердің өлшемдері, олардың арасындағы арақашықтық, бөлшек және тіректің, домалақтану радиусы жиегінен оларда қашықта болуы;
7) арқалықтардың қисаюы, мұқалу, дөңбектердегі саңылаулар;
8) әр түрлі қабырғалықтың мәні, байланыстардың және бөлшектердің араласуы;
9) байланыстардың тік сызықтылығы, олардың төсем және арқалықтарға қосылу бұрыштары;
10) технологиялық құжаттамада көрсетілген шекте рұқсат етілетін жергілікті деформация параметрлерінің мәндері (адыраю, жапырылу, бүрме, жалпақ ен және басқа салынып жатқан дәнекерленетін деформациялар) (осы Қағиданың 14-қосымшасы);
11) дәнекерленген тігістердің конструктивтік элементтерінің өлшемдері (тігіс ені, күшейтудің үлгісі және биіктігі, тігіс катеті, ұзындығы және үзік тігістердің қадамы);
12) тойтарылған тігістердің конструктивтік элементтерінің өлшемдері (қайтару ені және сөре бұрышы, тойтарылған тігістің қадамы, тойтарылған қатарлар арасындағы және тойтарыс осінен табақша жиегіне дейінгі арақашықтық, тойтарыс элементтерінің өлшемі);
241. Дәнекерленген жұмыстың сапасын тексеру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын басшылыққа алады.
242. Ұйымның дәнекерлеу өндірісін мерзімді тексеру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексереді:
1) дәнекерленетін материалдардың сапасы;
2) дәнекерлеу тәсілдері;
3) дәнекерлеушілердің және оператор-дефектоскоптардың біліктілігін;
4) жалғауларды жинауға және дәнекерлеуге дайындығы, дәнекерленген жалғаулардың және тігістердің алып жүру сапасы;
5) қолайсыз ауа райын қоса, технологияның сақталуы;
6) дәнекерлеу жалғауларын бақылау сапасының әдістері мен көлемі.
243. Техникалық бақылауды Тізбеге сәйкес жүзеге асыру кезінде, дәнекерлеу тігістері мынадай түрде ақаулары жоқтығына көз жеткізу қажет: тігістегі және тігіс зонасындағы сызаттар, қайнатылмаған кратерлер, металмен толтырылмаған бөліктер, шлакты, металды тігістердің ығысуы және тарылуы, тігіс, биіктігіне оксидті және флюсті қосу, жарық, саңылаулар, раковиналар, білікше, ойпат адырлы және қабыршық, тіліктер аралығындағы түсуі, тігістің негізгі металға, тігістің дұрыс емес үлгісіне қалқымай ауысуы.
244. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйым персоналдарымен бұзбау тәсілімен дәнекерленетін тігістердің сапасын бақылаудың орындалуын тексереді, егер жобада осындай бақылау көзделсе. Бұл ретте мыналарды тексеру қажет:
1) дәнекерленетін тігістерді бақылаудың келісілген схемасының болуы;
2) бақылаудың Кеме қатынасы тіркелімінің осы ұйымда қолдануға рұқсат етілген әдісіне сәйкес келуі;
3) дәнекерленетін тігістердің сыналған учаскелері санының және олардың орналасу орнының бақылау және қосымша және бақылау сынауын ескеріп Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен көрсетілген схемасына сәйкес келуі;
4) ұйым құжаттамасы бойынша сынаулар нәтижелері.
245. Іріктеп рентген және гамма түсірулерді, ультардыбысты бақылау құжаттарын тексереді, жекелеген жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ақау сипатын анықтау үшін тігісті ашуды талап етеді.
246. Корпустың суға батпаушылығын сынауды осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес әзірленген, Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бақылау схемасына сәйкес жүргізеді.
247. Суға батпаушылығын сынау кезінде мыналарды тексереді:
1) сынауға арналған үй-жайдың (бөліктің) дайындығын;
2) сынау жүргізу әдістері және шарттары;
3) сынауға конструкцияның және тігістердің толық қамтылғандығы;
4) жүйелілігін және технологиялық операциялардың орындалу әдісін және ұйыммен операциялық бақылаудың жүргізілуі;
5) суға батпаушылықты бақылау дұрыстығы;
6) ақау орындарын дұрыстау сапасы.
248. Корпустық бөлшектерді, бөлшектерді жинауды, секцияларды және блоктарды дайындау процесінде белгіленген технологиялық процеспен және стандарттармен операциялық және кезеңдік бақылауды жүзеге асыру қажет.
249. Дуалдар, кондукторлар және жапқыштар және жинауға дейінгі басқа жабдықтаулар, жиналатын түйіндердің, секциялардың және блоктардың габаритті өлшемдерінің рұқсат етілген қателіктері, олардың плаздан түсірілген сызбалармен және ординатаға сәйкес қалқып жиектелуін қамтамасыз ету үшін алдын ала тексеріледі.
250. Сериялық кемелердің корпустарын жасау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері дайындалған секцияларды және жекелеген бөлшектерді мүмкіндігінше мерзімдік қараумен шектеледі.
Мұндай жағдайда оларды тексеруді корпусты жасаудың келесі сатыларында жүргізеді: секция блоктарының бөлігінде, корпус бөлігінің еріту алдындағы ұстанымында немесе ерітудегі корпус құрамында.
251. Секцияларды жасауға техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналарды жүргізеді:
1) осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |