Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 18:03:15
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 Бұйрығы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Министрдің

міндетін атқарушы

 

А. Бектұров

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2011 жылғы 13 мамырдағы

276 бұйрығымен бекітілген



 

 

Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау және жасау, сондай-ақ кемелерді жасау және оларға материалдар мен бұйымдарды дайындауды жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық құжаттары талаптарының орындалуын бақылау, тексеру мақсатында Кеме қатынасының тіркелімі жүзеге асыратын техникалық бақылаудың нысанын, тәртібін, әдісін және көлемін белгілейді.

2. Осы Қағиданы Кеме қатынасы тіркелімі кемелерді жобалау, жасау және кемелерде қолдануға арналған материалдар мен бұйымдарды дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданады.

3. Осы Қағида сондай-ақ пайдаланудағы кемелерді қайта жабдықтау, жаңғырту, жаңарту және жөндеу кезінде қолданылады.



4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) басты кеме — бірлі-жарым жасалған кеме немесе жаңа жоба бойынша жасалған серияның алғашқы кемесі;

Осындай жоба бойынша басқа ұйымда жасалған алғашқы кеме, басты кеме емес алғашқы кеме болып есептеледі;

Алғашқы кеменің сынау көлемі басты кеменің сынау көлемімен салыстырғанда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша төмендетіледі;

2) басты үлгі (басты партия) - тексеру және сынау жолымен Кеме қатынасы тіркелімі өлшемдерінің, қасиетінің, параметрлерінің және сипаттамасының осы Қағида талаптарына сәйкестігін және осы ұйымда айқындалған технология бойынша дайындау кезінде міндеті бойынша қолданылу мүмкіндігін анықтайтын материал немесе бұйым (партия).

3) бір жолғы мақұлдау - нақты салынып жатқан кемеге немесе қазіргі бар кемеге қолданылатын немесе орнатылатын материалдар немесе бұйымдарды мақұлдау рәсімі;

4) бұйымдар - кемелік техникалық құралдар (қозғалтқыштар, қазандар, генераторлар, компрессорлар, сорғылар, палубалық механизмдер, рульдік машиналар, құрылғы, электрлік, радионавигациялық және басқа жабдықтар) олардың буындары, құрауыштары, бөлшектері, құрал-саймандары, жабдықтау заттары және Қағиданың талаптары қолданылатын басқа да объектілері;

5) келісілді - кез келген техникалық құжаттама қарау кезінде, егер ол Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес деп танылса, Кеме қатынасы тіркелімі қолданатын термин;

6) Кеме қатынасы тіркелімінің талабы - осы Қағиданың және Кеме қатынасы тіркелімінің нормативті құжаттары талаптарының, сондай-ақ объектінің ерекшелігімен байланысты хатпен ұсынылған талаптар.

7) кеменің жасалу күні - Кеме қатынасы тіркелімінің кемелік құжаттарын беру күні, ал жасалуына Кеме қатынасы тіркелімі техникалық бақылауы жүзеге асырмаған кемелер үшін - қабылдау-тапсыру актісінің қол қою күні;

8) компьютерлік қосымша - компьютер көмегі арқылы қойылған есепті тапсырманы шешуге арналған, бір бірімен байланысты бағдарламалық, графикалық және мәтіндік модульдердің жиынтығы;

9) қозғалтқыштарды конвертирлеу:

1) дизельді - кемелерде басты қозғалтқыштар ретінде және қосымша қозғалтқыштар ретінде қолдану үшін;

2) бензиндік - кемелерде басты қозғалтқыштар ретінде және қосымша қозғалтқыштар ретінде қолдану үшін; оларды кемелік электр станциясының генераторын жетектеу үшін қолдауын Кеме қатынасы тіркелімінің жеке қарауына жатады;

10) мақұлданған - Кеме қатынасы тіркелімі сыныпты кемелерде сол немесе басқа материалдар мен бұйымдарды қолдану туралы мәселе оң шешімін тапқан кезде Кеме қатынасы тіркелімі қолданатын термин;

11) мақұлдау - осы материалдар мен бұйымдардың Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының және техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын Кеме қатынасы тіркелімінің құжаты;

12) назарға алынды - Кеме қатынасы тіркелімі әр түрлі есептеулер, жазулар, түсіндірме жазбалар, жүргізілген зерттеу туралы есептерден тұратын техникалық құжаттамаға қатысты қолданылатын термин;

13) өнімнің сапасы - жүзу қауіпсіздігінің, адам өмірін қорғаудың, тасымалданатын жүктердің сақталуының, экологиялық қауіпсіздігі талаптарына байланысты өнімдердің қасиетінің жиынтығы;

14) Тану туралы куәлік - белгіленген ұйым осы Қағиданың талаптарына сәйкес өнімді дайындаушы ретінде Кеме қатынасы тіркелімімен танылатындығын растайтын құжат;

15) тәжірибелі үлгі (тәжірибелі партия) - Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес мақсаты бойынша қолдану мүмкіндігін тексеру мақсатында жаңадан әзірленген техникалық құжаттамаға сәйкес дайындалған және сыналған материал немесе бұйым (партия);

16) техникалық бақылау - Кеме қатынасы тіркелімі қызметінің кемені және олардың элементтерін жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту, жөндеу және кемелерде орнатуға арналған бұйымдарды жөндеу (механизмдер, жабдықтар, құрылғылар, жабдықтау құралдары) және материалдарды дайындау процесінде Қағиданың орындалуын кезеңдік тексеруді қамтитын құрамды бөлігі;

17) техникалық құжаттама - конструкторлық және технологиялық құжаттама, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімі талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті деректері бар техникалық бақылау объектісінің нормативтік-техникалық құжаттары;

18) типтік материалды немесе бұйымды мақұлдау - Кеме қатынасы тіркелімі көп сериямен немесе үздіксіз өндіріс жағдайында дайындалатын осы өнімнің өкілі ретінде белгіленген материал, бұйым немесе бұйымдар тобын мақұлдау рәсімі;

19) типтік материал немесе бұйым - нақты кемеге немесе техникалық бақылау объектісіне жатқызылмастан мақсаты бойынша қолданылатын материал немесе бұйым;

20) типтік технологиялық процесс - белгіленген шарттарға және нақты кемеге немесе техникалық бақылаудың объектісіне жатқызылмастан қолданылу саласына арналған технологиялық процесс;

21) ұйымды куәландыру - Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің тексеруі кезінде ұйымның тану шарттарына сәйкестігімен қорытындыланатын ұйымды тану процесінің бөлігі;

22) іріктеп бақылау - техникалық бақылауды жүзеге асыратын әдістің көмегімен объектінің Қағида талаптарына сәйкес келуі объектінің жекелеген параметрлеріне, өлшемдеріне, қасиеттері және сипаттамаларына жүргізілген бақыланатын тексеру нәтижелері бойынша немесе партияның бір немесе бірнеше таңдауларды (сынамаларды), сондай-ақ техникалық процестің жекелеген өндірістік операциялары, режимдері және басқа да көрсеткіштерін тексеру нәтижелері бойынша орнатылады.

5. Осы Қағидада қолданылатын қысқартулар Қазақстан Республикасының Ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады:

ІСЖКЖҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6871 нөмірмен тіркелген) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы.

АСЖКЖҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 167 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6883 нөмірмен тіркелген) Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы.

ПККҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6991 нөмірмен тіркелген) Пайдаланудағы кемелерді куәландыру қағидасы.

Сыныптау қағидасы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6969 нөмірмен тіркелген) Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы.

6. Кеме қатынасы тіркелімі кемелерді жобалау, жасау және кемелерде қолдануға арналған материалдар мен бұйымдарды дайындау кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға техникалық бақылауды (бұдан әрі - техникалық бақылау) жүзеге асырады.

7. Техникалық бақылау мынадай түрде жүзеге асырылады:



1) кемелерді жасауға арналған техникалық жобаларды қарау және келісу;

2) стандарттардың жобаларын қарау және келісу (мемлекеттік және салалық);

3) қозғалтқыштардың, берілістердің, білік жетектердің, жылжытқыштардың, құрылғылардың, қазандардың, электрлік және басқа да жабдықтардың жобаларын, сондай-ақ басты қозғалтқыштардың күрделі жөндеу жобаларын дайындауға арналған техникалық шарттарды қарау және келісу;

4) кемелердің олардың қайта сыныпталуына байланысты жабдықтауға дейінгі техникалық құжаттарын қарау және келісу;

5) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жобалар бойынша жасалған басты кемелерді (объектілерді) сынауға қатысу;

6) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген құжаттама бойынша дайындалған материалдар мен бұйымдардың басты үлгілерін сынауға қатысу;

7) ұйымдар мен сынақ зертханаларына тану туралы куәлікті ресімдеу және беру;

8) басты кеме жасалғаннан немесе қайта жабдықталғаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері беретін кемелік құжаттардың көшірмесін тексеру;

9) осы Қағидамен регламентелгеннен айырмашылығы бар техникалық негізделген шешімдерді қарау және келісу;

10) егер дайындаушы ұйымдар Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерлері қызметінің шекарасынан тыс табылатын болса, материалдар мен бұйымдарға куәлік беру.

8. Кеме қатынасы тіркелімінің құрамына Кеме қатынасы тіркелімінің пошталық мекенжайы шегінен тыс болуы мүмкін және атқарып отырған лауазымының күшіне байланысты техникалық бақылау және оларға сыныпты беру арқылы кемелерді куәландыру құқығы бар Кеме қатынасы тіркелімінің лауазымды тұлғасы болып табылатын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерлері кіреді.

9. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері техникалық бақылауды мынадай нысандарда жүзеге асырады:

1) мыналардың техникалық жобаларын қарайды және келіседі:

тұрақтағы кемелерді, техникалық флот кемелерін, сериялық емес өздігінен жүретін және басқа типтегі және міндеттегі өздігінен жүрмейтін кемелерді сүйреуіштерді қоспағанда, жоғары жылдамдықты кемелерді, экранпландарды және жаңа конструктивтік типтегі жаңа кемелерді;

корпустарды нығайтуды немесе пайдалану немесе белгіленген жүзу ауданынан тыс бір жолғы өту үшін кемелерді конверсиялауды;

қайта жабдықтау, барлық типтегі және мақсаттағы кемелерді жаңғырту және жөндеу, кемелердің қайта сыныпталуына байланысты қайта жабдықтауға дейінгіні қоспағанда;

бу қазандарын жөндеу;

сериялық емес жасалған қосымша міндеттегі кемелік техникалық құралдарды дайындау және жөндеу;

жүк көтергіш құрылғыларды жөндеу;

қысым астындағы ыдыстарды дайындау және жөндеу;

2) жасалып жатқан, қайта жабдықталатын, жаңғыртылатын және жөнделіп жатқан кемелердің жұмыс құжаттамаларын қарайды және келіседі;

3) Кеме қатынасы тіркелімі жүзеге асырылатын осы Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген техникалық бақылау объектісінің Номенклатурасына сәйкес (бұдан әрі - Номенклатура) кемелерді жасауға, материалдар мен бұйымдарды дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асырады;



4) жасалған және жөндеуден өткен кемелерге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын жасайды және береді және осы құжаттардың құжаттамасын белгіленген көлемде Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынады;

5) ұйымдардың стандарттарын қарайды және келіседі;

6) дайындаушы және өнімдерді жабдықтаушы немесе Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындаушы ретінде оларды Кеме қатынасы тіркелімімен тану мақсатында ұйымдарға, сондай-ақ сынақ зертханаларына куәландыру жүргізеді;

7) Кеме қатынасы тіркелімінің тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды орындайды.

 

 

2. Техникалық бақылау бойынша негізгі бағыттар



 

10. Осы Қағиданың 1-9-тармақтарында көрсетілген барлық жұмыстарды өтінім бойынша жобалау, жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту және кемелерді жөндеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ кеме жасау және кеме жөндеу үшін материалдар мен бұйымдарды дайындайтын ұйымдармен шарт негізінде Кеме қатынасы тіркелімімен орындалады.

11. Егер техникалық бақылау объектілеріне техникалық талаптар Қағидамен регламенттелмеген болса (кемелерді жасау және ерекше конструкциялы немесе пайдаланудың ерекше жағдайына арналған бұйымдарды дайындау, материалдарды дайындау және оларға ерекше талаптарды ұсынғандағы технологиялық процестерді келісу), онда олар Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

12. Типтік технологиялық процестер Кеме қатынасы тіркелімінің келісуіне жатады, егер:



1) осы Қағидада осы технологиялық процестерге қатысты талаптар болса;

2) типтік технологиялық процестерді осы Қағидамен талап етілген сынаулар көзделсе.

13. Кемелерді жасау және олар үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

14. Кеме қатынасы тіркелімі шартты негізде кемені жасау және материалдар мен бұйымдарды дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асыруды Кеме қатынасының тіркелімімен танылған басқа сыныптамалық ұйымға тапсырады, сондай-ақ өзге де сыныптамалық ұйымнан техникалық бақылауды жүзеге асыру тапсырмасын алады.

15. Кеме қатынасы тіркелімі өнімнің сапасын осы Қағидада белгіленген әдістермен жүзеге асырады және тек осы Қағидамен регламенттелген өнім қасиеттеріне қолданылады.

16. Егер техникалық бақылау процесінде Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауына жатпайтын объектілерді және технологиялық процесті қолдану салдарынан Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебінде тұрған кеме элементтеріне осы Қағиданың талаптары орындалмайтыны белгіленсе, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы объектілерге және технологиялық процестерге кеменің элементтеріне осы Қағидамен регламенттелгенге кері әсерін тигізбейтін талаптарды орындауды талап етеді.

17. Кеме қатынасы тіркелімі сыныптамалық қызметін Сыныптау қағидасына сәйкес Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен ұйымда тексеру жүргізу жолымен, сондай-ақ техникалық бақылау объектісін сынауға қатысумен жүзеге асырады.

18. Кеме қатынасы тіркелімі Номенклатурамен (осы Қағиданың 1-қосымшасы) көзделген жағдайда бақылау сынағын жүргізуге немесе оның бөліктерін материалдар мен бұйымдардың Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұйымның техникалық персоналына мынадай жағдайлардың бірінде құқық беруі мүмкін:

1) егер ұйым Қазақстан аумағынан тыс жерде табылатын болса;

2) егер ұйым Қазақстан аумағында болса, ал материалдар мен бұйымдарды дайындауға техникалық бақылау жүргізу үшін жалпы тексеру уақыты (тікелей хабарлау болмаған кезде көлікті күту уақытын ескерумен) сегіз және көліктің (әуелікті қоспағанда) тиісті түрінде тұрақты хабарлау қысқаша маршруты бойынша одан жоғары сағатты құраса.

19. Осы Қағидаға сәйкес орындалатын, техникалық бақылау жүргізуге қатысты жұмыстармен қатар, Кеме қатынасы тіркелімі мамандандырылған ұйымдарға материалдар мен бұйымдарды дайындауды және жеткізуді жеңілдететін қосымша қызметтерді көрсетеді.



1) мақұлдау туралы сертификат берумен типтік материалдар немесе бұйымдарды мақұлдау;

2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес Тану туралы куәлік берумен регламенттелген жұмыстарды орындаушы дайындаушы-ұйымдарды, сынақ зертханаларын және ұйымдарды Кеме қатынасы тіркелімімен тану.

20. Техникалық бақылау жүргізуге бағытталған қызметтердің нәтижесі бойынша, Кеме қатынасының тіркелімі техникалық бақылау объектілеріне Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ оның техникалық бақылауымен дайындалатын (жасау) деректі растайтын белгіленген нысанда құжаттарды береді.

21. Жаппай шығарылатын материалдар мен бұйымдар партиясына бір құжатты ресімдеуге рұқсат етіледі.



Мұндай жағдайда әрбір бұйымды дайындаушы - ұйым осы куәлікке сілтемесі бар құжатпен жеткізеді.

22. Техникалық бақылау жүргізу кезінде жасалатын Кеме қатынасы тіркелімі құжаттарының тізбеге сәйкес жасалады.

23. Егер техникалық тапсырмада және/немесе жобалауға, жасауға, жөндеуге, жаңғыртуға және кемелерді қайта жабдықтауға, сондай-ақ кеме жасау және кеме жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдарды дайындауға арналған тапсырысты құжаттамада Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауы көзделсе, ұйым (бұдан әрі - ұйым-өтінім беруші) Кеме қатынасы тіркеліміне техникалық бақылау жүргізу үшін өтінім жібереді.

24. Өтінімді талдаудан кейін алдағы қызметтің нақты шартына байланысты (жұмыс көлемі, техникалық бақылаудың ұзақтылығы) Кеме қатынасы тіркелімі және ұйым техникалық бақылау жүргізуге шарттың қажеттігі немесе мұндайды шартсыз жүргізетіндігін анықтайды.

25. Техникалық бақылау ұйым жұмыс басталуына дейін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне мынадай материалдарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:

1) Кеме қатынасы тіркелімі немесе Кеме қатынасының тіркелімінің қызметкерімен келісілген техникалық жоба және/немесе техникалық шарттар;

2) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген жұмыс құжаттамасы.

26. Ұйымда Кеме қатынасы тіркелімінің типтік материалды мақұлдау туралы құжаты немесе дайындаушы-ұйымды Тану туралы куәлігі болған жағдайда осы Қағиданың 19-тармағында айтылған қызмет нысанын қолданады.



Бұл жағдайда Кеме қатынасы тіркелімі және өтінім беруші-ұйым арасында Кеме қатынасы тіркелімі қызметінің бір бөлігін ұйымның техникалық персоналына беруді көздейтін техникалық бақылау туралы келісім ресімделеді.

27. Шығарылатын өнімге Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарының орындалуын, ілеспе құжатты ресімдеу және ұйымда келісімнің сақталуын тексеру үшін, өндіріс және техникалық бақылау объектісінің сапасын бақылау мәселелеріне құзырлы лауазымды тұлға тағайындалады.



Мұндай жағдайларда төлем келісімге сәйкес Кеме қатынасының тіркелімі есепшоты бойынша өтінім беруші-ұйыммен жүргізіледі.

28. Техникалық бақылау шарты типтік материалды немесе бұйымды мақұлдау туралы сертификаттың және/немесе дайындаушы-ұйымды тану туралы куәлік мерзімі өткен жағдайда бұзылады.

29.   Кеме қатынасы тіркелімі сыныбының кемелерін жасауға және жүзбелі құрылыстарына қолданылатын материалдар мен бұйымдар, кеме жасаушы ұйымға сертификатымен немесе Кеме қатынасы тіркелімінің нормативтік-құқықтық құжаттарына және/немесе стандарттарға сәйкестігін растайтын құжатпен келіп түседі.

Дайындалуы Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен жүзеге асырылатын материалдар мен бұйымдардың тізімі Номенклатурада келтірілген.

Кеме жасаушы ұйымның өтінімі бойынша Кеме қатынасы тіркелімі Номенклатурада көрсетілмеген материалдар мен бұйымдарға техникалық бақылауды жүзеге асырады.

30. Құжатты алу үшін ұйым Кеме қатынасы тіркеліміне осы Қағидамен регламенттелген көлемде материалдар мен бұйымдарға техникалық құжаттамасымен қоса өтінімін жолдайды.

31. Техникалық құжаттаманы қарау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімі дайындаушы - ұйымға сынау көлемін қоса, тексеру шарттары анықталатын қорытынды - хат жолдайды.

32. Материал немесе бұйымды тексеру және сынау нәтижесі оң болған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен осы өнім түріне құжат беріледі.

33. Типтік материалды немесе бұйымды мақұлдау туралы құжат, белгіленген жолмен тексеру, сынау және келісілген техникалық құжаттамада көрсетілген конструкция құжаттамасы, құрылғы, параметрлер, типтік материалдар немесе бұйымдар сипаттамасы кемелердің міндеті және басқа да техникалық бақылау объектілері бойынша қолдану үшін Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанағаттандыратындығын растайтын Кеме қатынасы тіркелімінің құжаты болып табылады.

34. Типтік материалды немесе бұйымды мақұлдау туралы құжат, Кеме қатынасы тіркелімінің нақты техникалық бақылау объектісіне берілген сертификатты немесе ұқсас құжатты ауыстырмайды.



Мақұлдау туралы құжат үздіксіз өндірісте немесе үлкен партиямен дайындау кезінде материалдар мен бұйымдарға ресімделеді.

35. Мақұлдау туралы құжатты алу үшін ұйым Кеме қатынасы тіркеліміне өтінім жібереді.



Өтініммен бірге материал немесе бұйымға техникалық құжаттама, сондай-ақ сынақ жүргізу бағдарламасы және кестесі ұсынылады.

Осы құжаттамаларды қарау және келісу кезінде сынау көлемі және дайындаумен сынау үлгілерінің техникалық бақылау көлемі белгіленеді.

36. Мақұлдау туралы құжат, сынау нәтижесі бойынша қажет болған жағдайда түзетілген, келісілген техникалық құжаттама бойынша ұсынылған материал немесе бұйымды куәландырғаннан және сынағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімімен беріледі.



Реттелген өндіріс шартында дайындалған материал немесе бұйымға мақұлдау туралы сертификат бұрын жүргізілген сынауды, өндіріс тәжірибесін және пайдалануын ескере отырып беріледі.

Сондай-ақ материал мен бұйымға басқа сыныптамалық немесе басқа құзырлы ұйыммен берілген Мақұлдау туралы сертификат назарға алынады.

37. Мақұлдау туралы құжат бес жыл мерзімге беріледі.



Оны қайта ресімдеу үшін ұйым Кеме қатынасы тіркеліміне өтініммен және техникалық құжаттамасын осы Қағида талаптарына сәйкес уақытылы ұсынады.

38. Мақұлдау туралы құжатты Кеме қатынасы тіркелімі немесе оның тапсырмасы бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері береді.



Бұл құжат Кеме қатынасы тіркелімімен жойылады, егер:

1) бұйымның конструкциясы және оның қасиеті Кеме қатынасы тіркелімінің келісімінсіз өзгертілген болса;

2) материал немесе бұйымның пайдалану жарамдылығы қамтамасыз етілмесе;

3) осы Қағиданың талаптары орындалмаса.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет