Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көлiктiк бақылау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы
ҮЗIНДI:
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен
бекiтiлген
"Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.05 N 1153 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына, «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлiмiнiң «Мемлекеттiк қызметтер» кiшi бөлiмiнде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стендiлерде;
4) «электрондық үкiмет» call-орталығында 1414 орналастырылған.
5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң телнұсқасы немесе қағаз түрiнде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тiркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
5) ХҚО аудандық бөлiмiне өтiнiш берген кезде куәлiк 10 жұмыс күн мерзiмiнде берiледi (2 күн уәкiлеттi органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткiзу мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
6) ХҚО облыстық филиалына өтiнiш берген кезде куәлiк 10 жұмыс күн мерзiмiнде берiледi (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
7) мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш берген күнi мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орында мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты 20 минуттан аспайды;
8) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу үшiн кезекте тұрудың ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты 20 минуттан аспайды;
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.
9. ХҚО-да мемлекеттiк қызмет демалыс және мерекелiк күндердi қоспағанда, үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбiден бастап, сенбiнi қоса алғанда көрсетiледi.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет дене мүмкiндiктерi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күтiп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу (тiркеу және қайта тiркеу) үшiн құжаттардың тiзбесi:
1) жеке тұлға үшiн:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандар бойынша жеке тұлғаның қолымен расталған темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға, лизингке берiлген тiркеуге немесе қайта тiркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесi;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттың және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде тiркелген жағдайда дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
меншiк құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шарты;
жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлiгiнiң (формуляр) көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифiнде белгiленген ставкалардан өзгеше кедендiк баж ставкаларын қолданатын темiр жол жылжымалы құрамы үшiн төлеген кедендiк баж туралы түбiртектiң көшiрмесi.
Мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшiн ұсынады.
2) заңды тұлға үшiн:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен расталған темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға, мүлiктiк жалға немесе лизингке берiлген тiркеуге немесе қайта тiркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесi;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
меншiк құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенiмгерлiк басқару шарты;
жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлiгiнiң (формуляр) көшiрмесi;
басшының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттың және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
Жарғының көшiрмесi;
құрылтай шартының көшiрмесi:
Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифiнде белгiленген ставкалардан өзгеше кедендiк баж ставкаларын қолданатын темiр жол жылжымалы құрамы үшiн төлеген кедендiк баж туралы түбiртектiң көшiрмесi.
Мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшiн ұсынады;
3) Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң телнұсқасын алу үшiн:
Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
бұрын берiлген куәлiк бүлiнген жағдайда куәлiктiң бүлiнген бланкiсi;
жоғалғанын растайтын құжатты, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарынан осы куәлiктiң күшiн жойғаны туралы мәлiметтердi қамтитын хабарлама.
12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң бланкiсi ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерiнде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
13. ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерiнiң лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ атқарылатын қызметi және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергiсiз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға:
1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттар берiлген күнi (уақыт) мен орны;
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚО қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олармен байланыс телефондары көрсетiлген, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
15. ХҚО-да Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн беру немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру мемлекеттiк қызметтi алушыға ХҚО қызметкерi «кедергiсiз қызмет көрсету» арқылы күн сайын, қолхат негiзiнде, көрсетiлген мерзiмде, өзiнiң қатысуымен қол қойып және жеке басын куәландыратын немесе өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.
16. Мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн бермеген жағдайда ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Уәкiлеттi орган:
1) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу;
2) уәкiлеттi органға ұсынылған құжаттарда өшiрулердiң, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететiн даналарда қолдар және мөрлер болмау;
3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес темiр жол жылжымалы құрамына тыйым салу негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi орган мен ХҚО-ның мемлекеттiк қызметтi алушыларға қатысты қызметi сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкiлеттi органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы уәкiлеттi органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгiнедi.
Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiмет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының атына демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейiн 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына берiледi, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
22. ХҚО қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Шағым еркiн нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшiн нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, аты-жөнi, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзiмi және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкiмет» call-орталығының ақпараттық – анықтама қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға болады.
"Темiр жол жылжымалы
құрамын тiркеу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
Р/с
№
|
Бөлiмше атауы
|
Толық заңды мекенжайы
|
Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95
|
8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz
|
2.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100
|
8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz
|
3.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107
|
8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz
|
4.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114
|
8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz
|
5.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131
|
8 (7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz
|
6.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11
|
8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz
|
7.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 а
|
8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz
|
8.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1
|
8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz
|
9.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4
|
8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz
|
10.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы
|
Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1
|
8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz
|
11.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы
|
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24 а
|
8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz
|
12.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87
|
8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz
|
13.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы
|
Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105 а
|
8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz
|
14.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы
|
Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122
|
8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz
|
15.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5
|
8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz
|
16.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28
|
8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |