ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАРАҒАНДЫ
ФИЛИАЛЫ
№ 14 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І
2013 жылғы 11 желтоқсан
Қаржы нарығындағы ахуал туралы
-
Инфляция
Қарағанды облысы бойынша Статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі 2013 жылғы қарашада 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда Қарағанды облысында 107,0% құрады. Инфляция қарқынының жеделдетілуі азық-түлік тауарлары 4,0%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлары 103,3%-ға қымбаттауымен байланысты болды, ақылы қызмет көрсету бағалары және тарифтері 113,8%-ға өсті.
Тұтыну бағасының индексі 2013 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанды 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексі 100,8% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың тұтыну бағасының индексі 0,6%-ға қымбаттады, ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,8%-ға өсті.
2. Валюта нарығы
2013 жылдың 1 желтоқсан күніне облыс бойынша 282 айырбастау пунктілері жұмыс істейді,оның ішінде 215 - өкілетті банктердікі, 57- өкілетті ұйымдардікі және 10- «Казпочта» АҚ өкілетті ұйымдардікі.
2013 жылдың қараша айында АҚШ долларының сатып алу көлемі 26026,3 мың долларды құрады(2013 жылдың қаңтарына қарағанда көлемі 20,9%-ға жоғары), сату көлемі – 108082,3 мың АҚШ доллары(2013 жылдың қаңтарына қарағанда көлемі 43,1%-ға жоғары).АҚШ долларының сатып алу орташа өлшемінің бағамы 153,26 теңгені құрады, сату бағамы -153,89 теңгені құрады.
2013 жылдың қараша айында ЕУРО-ның сатып алу көлемі 1478,7 мың ЕУРО-ны құрады(2013 жылдың қаңтарына қарағанда көлемі 1,1%-ға артық), сату көлемі – 8304,9 мың ЕУРО(2013 жылдың қаңтарына қарағанда көлемі 80 %-ға артық).ЕУРО-ның сатып алу орташа өлшемінің бағамы 206,25 теңге, сату бағамы -208,43 теңге.
2013 жылдың қараша айында ресей рубльін сатып алу көлемі 116207,5 мың ресей рубльін құрады (2013 жылдың қаңтарына қарағанда көлемі 46,9%-ға көп), сату көлемі – 481206,01 мың ресей рубльін құрады (2013 жылдың қаңтарына қарағанда көлемі 2,11 есе көп).Ресей рубльінің сатып алу орташа өлшемінің бағамы 4,66 теңге, сату бағамы -4,73 теңге.
2013 жылдың қараша айында АҚШ долларын сатып алудың негізі көлемі өкілетті ұйымдардың пункттері арқылы өтеді, бұл АҚШ долларын сатып алу жалпы көлемінің 51,0% құрайды. 2013 жылдың қараша айында АҚШ долларын сатудың үлкен бөлігі өкілетті банктердің пункттері арқылы өтеді, бұл АҚШ долларын сатып алу жалпы көлемінің 87,7% құрайды.
3.Депозит нарығы
2013 жылдың 1 қараша күніне облыс бойынша депозиттердің көлемі 311986,9 млн.теңгені құрады,оның ішінде ұлттық валютада -228824,9 млн.теңге(депозиттердің көлеміндегі үлес салмағы – 73,3%), шетел валютасында – 83162,0 млн.теңге(депозиттердің көлеміндегі үлес салмағы – 26,7%). 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда депозиттердің көлемі 12,1% - ға артқан.
2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда тұрғындардың салымдары 11,3% -ға өсіп, 222193, млн.теңгені құрады, шетелдік валютадағы тұрғын салымдарының көлемі 25,1%-ға өсіп, 69922,9 млн.теңгені құрады.
Жылдың басымен салыстырғанда заңды тұлға салымдарының көлемі 14,0%-ға өсіп және 2013 жылдың 1 қарашасына 89793,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 11,0%-ға өскен, шетел валютасында 35,3%-ға өскен.
2013 жылдың 1 қараша күніне жалпы көлемдегі мерзімді депозиттердің үлесі 73,5% құрады немесе 229255,7 млн.теңге.Жыл басымен салыстырғанда мерзімді депозиттердің көлемі 13,0%-ға өскен. Ең көп үлес салмағы мерзімді депозиттер құрылымындағы 3 айдан 1 жылға дейінгі депозиттерде(51,7%).
2013 жылдың 1 қараша күніне депозиттер бойынша жалпы орташа өлшемінің сыйақы ставкасы 6,8% құрады.Депозиттер бойынша теңгедегі сыйақының орташа өлшемінің ставкасы 7,7%, еркін айырбасталмалы валютада 4,7% құрады.
4. Кредит нарығы
2013 жылдың қазанда 2013 жылдың қаңтарымен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 27,7% -ға өсті және 30577,2 млн.теңгені құрады.
2013 жылғы қазанда 2013 жылдың қаңтарымен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 6138,3 млн.теңгеге дейін 18,3%- ға өсті,бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 20,1%-ын құрады.
Облыс бойынша екінші деңгейдегі банк филиалдарының кредиттік салым сомасы жыл басымен салыстырғанда 4,3%-ға өсті және 2013 жылдың 1 қарашасына 387015,6 млн.теңгені құрайды, оның ішінде қысқа мерзімді берешектің үлесі 13,2% құрайды(50978,8 млн.теңге), ұзақ мерзімді берешектің үлесі -86,8% құрайды(336036,8 млн.теңге).
2013 жылдың 1 қараша күніне ұсынылған заемдардың жалпы құрылымындағы теңгеде берілген кредиттердің үлес салмағы 90,5% құрады (350397,9 млн.теңге) және жыл басымен салыстырғанда көлемі 4,1%-ға өсті. 2013 жылғы 1 қарашада ЕАВ-да берілген кредиттердің үлес салмағы 9,5% құрады(36617,7 млн.теңге) және көлемдері 6,0%-ға өсті.
2013 жылдың 1 қараша күніне облыс банк жүйесінің саяси пайызы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:
- ұлттық валютадағы қысқа мерзімді кредиттер бойынша орташа өлшемінің сыйақы ставкасы 12,5% құрады (2013 жылдың 1 қаңтарында -12,4%);
- ЕАВ-ғы қысқа мерзімді кредиттер бойынша -12,5% (2013 жылдың 1 қаңтарында -13,8%);
- ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттер бойынша орташа өлшемінің сыйақы ставкасы 15,5% құрады (2013 жылдың 1 қаңтарында -14,8%);
- ЕАВ-ғы ұзақ мерзімді кредиттер бойынша -14,1% (2013 жылдың 1 қаңтарында -16,0%).
2013 жылдың 1 қараша күніне экономика салаларындағы заемдарды беруді қарау кезінде анағұрлым айтарлықтай жеке еңбек қызметінің саласына -54,2%,саудаға-15,2%, өнеркәсіпке -14,8% және құрылысқа -2,7% тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |