«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1567 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»



Дата14.06.2016
өлшемі15.65 Kb.
#135755
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

АНЫҚТАМА

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері жөніндегі заң) 1-бабы 136-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын дербес бекітеді.



Өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері жөніндегі заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес осы Заңда көрсетілген қосымша нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бұрын тиісті қатынастарды реттеген қосымша нормативтік құқықтық актілер қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін стандарттары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген (2015 жылғы 15 сәуірдегі № 1386-1 хатпен) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11534 енгізіле отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 шілдеде тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілді.



Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысы күші жойылды деп тануға жатады.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет