Қазақстан Республикасы Ұлттық министрлігі Статистика комитетінің Жамбыл облысы Статистика департаментінің басшысы



Дата24.02.2016
өлшемі86 Kb.
#16534
БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы Ұлттық министрлігі Статистика комитетінің Жамбыл облысы Статистика

департаментінің басшысы


______________С.Ө. Мәдиев

____ __________ 2015ж.
Жамбыл облысы Статистика департаментінің

2014 жылғы жұмысы туралы есеп
Жамбыл облысының Статистика департаменті мемлекеттік статистика аясында басшылықты, сонымен қатар салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік мекемесі және аумақтық органы болып табылады. Департаментте 10 басқарма, оның ішінде 9 салалық, сонымен қатар 10 аудандық және 1 қалалық статистика басқармалары жұмыс істейді.

Ұйымның құрылымы:



  • Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасы

  • Тіркелімдер басқармасы;

  • Респонденттермен жұмыс атқару басқармасы;

  • Еңбек және үй шаруашылықтарын зерттеу статистика басқармасы;

  • Әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасы

  • Бағалар статистика басқармасы;

  • Өндіріс статистика басқармасы;

  • Қаржы және инвестициялар статистика басқармасы;

  • Қызметтер көрсету саласының статистика басқармасы;

  • Үйлестіру және статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс басқармасы.

Облыс департаментінде және оның аудандардағы бөлімшелерінде 141 маман – мемлекеттік қызметкерлер еңбек етеді. Олардың басым көпшілігі (85,1%) жоғары білімді мамандар, тек аздаған бөлігінің орта арнаулы экономикалық білімі бар.



Жамбыл облысының статистика Департаменті өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «12» қарашадағы № 1209 Қаулысымен бекітілген статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 2014 жылы 168 статистикалық байқаулар орындалды, оның ішінде 42 – айлық, 26 – тоқсандық, 5 – жартыжылдық, 95 – жылдық, біржолғы және басқа мерзімдегілер.

Статистика салалары бойынша байқаулардың саны



р/қ

Статистика саласы

Байқаулардың саны

Барлығы

Айлық

Тоқсан-дық

Жыл-дық және басқа кезең-дегілер

Жарты-жыл-дық

1

Құрылымдық статистика

7




3

4




2

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы статистикасы

19

2

3

14




3

Өнеркәсіп өндірісі статистикасы

4

1

1

2




4

Инвестиция статистикасы

2

1




1




5

Құрылыс статистикасы

10

3

2

4

1

6

Инновация статистикасы

2







2




7

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар статистикасы

3







3




8

Қызмет көрсету статистикасы

3




1

2




9

Мәдениет статистикасы

8







8




10

Сауда статистикасы

11

2

2

7




11

Көлік статистикасы

8

1




7




12

Байланыс статистикасы

4

1




3




13

Туризм статистикасы

3




1

1

1

14

Бағалар статистикасы

23

21

1

1




15

Еңбек және халықты жұмыспен қамту статистикасы

8

2

1

5




16

Үй шаруашылықтары және халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы

7




4

3




17

Әлеуметтік статистика

13




2

11




18

Демографиялық статистика

8

6




1

1

19

Конъюнктуралық зерттеу

7

2

5







20

Тіркелімдер жүргізу үшін зерттеулер

7







5

2

21

Респонденттерді және пайдаланушыларды зерттеу

2







2




22

Экологиялық статистика

9







9







БАРЛЫҒЫ

168

42

26

95

5

Статистика департаментінде және оның барлық аудандық (қалалық) бөлімшелерінде респонденттерге жүктемені жеңілдету мақсатында есептерді қабылдау үшін «Бір терезе» қызметі жұмыс істейді. Сонымен қатар есептерді қабылдау on-line режимінде жүргізіледі.



Статистикалық ақпараттарды тарату

және пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру
Пайдаланушыларды алуан түрлі статистикалық ақпараттармен толықтай қамтамасыз ету статистиканың мемлекеттік органдары қызметінің басты мақсаты болып табылады. Сондықтан статистикалық ақпараттарды жариялау және тарату Жамбыл облысының Статистика департаменті үшін аса маңызды міндет болып саналады. Біз өз жұмысымызда барлық пайдаланушылар деректерге бірдей қол жеткізе алады принципін басшылыққа аламыз. «Жамбыл облысы Статистика департаментімен 2014 жылы жариялануға тиіс статистикалық материалдардың бекітілген тізбесіне» сәйкес ай сайын «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналын (кестелік қосымшамен бірге), «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы» қалта анықтамалығын, жылына бір рет - «Облыстың қысқаша статистикалық жылнамалығы», «Облыстың статистикалық жылнамалығы» жинақтарын шығарамыз. Салалық статистика басқармаларымен бұдан өзге 17 анықтамалықтар мен жинақтар шығарылды, онда соңғы бес жылдағы даму көрсеткіштері кескінделген. Өткен жылы жылдық, жарты жылдық, тоқсандық және айлық кезеңдегі бюллетеньдер мен жедел ақпараттардың 160 түрі шығарылды. Басқарма қызметкерлерімен бір жыл ішінде барлығы 3 талдамалы баяндамалар және 6 талдамалы жазбалар жазылған. Талдамалық жұмыстар барлық салалар бойынша дайындалды және жоспармен бекітілген мерзімге сәйкес орындалды.
Жамбыл облысының статистика Департаментімен орындалған

талдамалы баяндамалар (жазбалар) саны




2013 жыл

Барлығы

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Талдамалы баяндамалар

3

1

1

-

1

Талдамалы жазбалар

6

1

2

1

2

Жиынтығы

9

2

3

1

3

Жамбыл облысының Статистика департаменті 9-дан астам облыстық және қалалық газет баспаларымен, сонымен қатар телерадио компанияларымен жұмыс атқарады.

Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылар біздің ақпаратпен күн сайын жаңартылып отыратын Интернет-ресурста таныса алады.

2014 жылғы 28 қазанда Жамбыл облысының Статистика департаменті сертификат қызметінің Сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін табысты дәлелдеді.



Жамбыл облысы Статистика департаментінің ұжымы біздің өңірдегі қоғамдық, спорттық, мәдени және саяси іс шараларға белсенді атсалысады.
Үйлестіру басқармасының басшысы Н. Пак

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет