Жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#7498
  1   2   3
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары


  1. Тарау – Міндетті ісі және көрініс

Жұмыспен қамтуды катамасыз ету, жұмыссыздар санын қысқарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын әр жақты нәтижелі ету.

Үнемі дамып отыратын әлеуметтік бірлестік және әлеуметтік диалог арқылы әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, жұмыссыздардың санын азайту, жұмыспен қамтуды жоғарылату, қала тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеру.




  1. Тарау- Ағымдағы жағдайды талдау және даму тенденциясы




  1. Стратегиялық бағыт- 1. Тұрақты жұмыспен қамту.

1.1.)Реттеу немесе қызмет салаларының негізгі даму параметрлері
Адамзат капиталын дамыту үшін лайықты жұмыстың қолайлылығын кеңейтудің ерекше маңызы бар. Мемлекет басшысының бірнеше рет атап өткендей, жұмыспен қамту саясаты, халықтың әл-ауқатын көтеру мен кедейшілікті жеңудің ең ықпалды жолы болып табылады.

2008-2010 жылдарға арналған Балқаш қаласының халқын жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, тиімді жұмыспен қамтылуға жәрдемдесуге, бос жұмыс орындарын іріктеу мен белсенді іздестіру, жұмыссыздарды және одан басқа халықтың нысаналы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру шаралары атқарылды.

2009 жылы Балқаш қаласының статистика басқармасының мәліметтері бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны 2007 жылмен салыстырғанда 0,4 мың адамға төмендеген және 2010 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 37,4 мың адамды құрады.

Қала экономикасы бойынша 2009 жылы 34,8 мың адам қамтылды, 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 мың адамға төмен( 2007жылы - 35 мың адам). Балқаш қаласында еңбек ресурстарының басты бөлігі жалдамалы еңбек болып табылады. Олардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың саны 2009 жылы 89,7% құрайды (31,2 мың адам). Қалған бөлігі 10,3 %, (3,6 мың адам) өз бетімен қамтылған болып табылады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 5,2 % пайызға азайған. 2007 жылы жұмыссыздардың үлесі 7,3% болса, 2009 жылы 7,0 % дейін төмендеді.



2009 жылы Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ықпалымен 4681 адам жұмысқа орналастырылған. 2009 жылы жұмысқа орналасу сұрағы бойынша өтініш берген (4682 адам) жалпы санынан жұмысқа орналастырылғандардың бөлігі 99% құрады. 2009 жылы кәсіптік оқуға және біліктіліктерін арттыруға 339 жұмыссыз азаматтар жіберілді,(2007жылы -129 адам). 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға 1080 жұмыссыздар қатысып (2007 жылы – 833 адам), қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа орналасқандар 1066 адамды құрады немесе 98,7 %.

2009 жылы өз бетімен жұмыспен қамтылуды қамтасыз ету және өз ісін ашу үшін 7 жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсетілді, (2007 жылы – 10 адам).

2009 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар қатарынан 2539 адамды тіркеп, оның ішінде 2276 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе ол 89,6 %.

2009 жылы қала мекемелерінде мақсатты топтарға арналып 57 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.



1.2) Негізгі мәселелерді талдау

Қазіргі кезде тұрғындарды жұмыспен қамту төңірегінде түйінді мәселелер болып қалып отырған:



  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың білікті-кәсіптік құрылымының сәйкеспеушілігі;

  • экономика қажеттілігіне сай мамандардың даярлығы үйлеспеуі.

Бұл түйінді міндеттерді шешу үшін:

-тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қаражаттарды бөлуге және көбейтуге ықпал ету, еңбек нарығында белсенді саясат жүргізу;

-экономикалық белсенді тұрғындардың ұсыныстарына, сұраныс болжамдарына талдамалар жүргізіп, тұрғындарды еңбек нарығы жәйлі хабарлар ету;

-жұмыс күші бәсекелі болу үшін және де сапасын жоғарлату жолында еңбек нарығының болжамдарына сай жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлаудан және қайта даярлаудан өткізу;

-жұмыссыздарды қайта даярлау үшін материалды-техникалық құрал жабдықтарын қолдану сұрақтары бойынша жұмыс беруші компаниялармен әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту;

-жұмыспен қамтуға кепілдік бере алатын еңбек нарығындағы басты қатысушылармен одан әрі әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту.



1.3.) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Мемлекет Басшысының тапсырысын жүзеге асыру жолында «...барлық топтағы тұрғындардың өмір сүруін алдағы әлеуметтік стандарттарға сай келтіру, сапасын жоғарлату» адам капиталын дамытуға байланысты жоспарлы сұрақтарды бірінші қою. Адам капиталының дамуының ерекше көрсеткіші лайықты да мүмкіншілікті еңбекпен қамтуды кеңейту, ол көбіне ішкі және сыртқы факторларға тәуелді.

Еңбек нарығында басты жетіспейтін жұмыскерлер: аппаратчик-гидрометаллург, газорезчик, ұнтағыш, балқытушы (түсті металлургия), слесарлар, металды сорттаушы-тапсырушы, шихтовщик, электрогазосварщик, электр құрылғыларын жөндейтін және күтіп ұстайтын электромонтер, санитарлар, білім саласының жұмыскерлері және құрылыс-монтаж жұмыстарының мамандары, қалаушы, төбе жабатын жұмыскерлер, плита салушылар, электрмонтерлері, В,С,Д және Е категориялары бойынша жүргізушілер.



  1. Стратегиялық бағыт 2- Еңбек қатынастарындағы бұзылудың тәуекелiн басқару

    1. Қызмет сферасын дамытудағы негізгі параметрлер.

2008 жылдан бастап жұмыспен қамту бөлімімен қалалық үшжақты комиссия отырысы өткізіледі, онда әлеуметтік, экономикалық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша сұрақтар қарастырылады.

2009 жылы қала әкімімен, кәсіподақ (жұмыскерлер) бірлестігімен, кәсіпкер ассоциациясымен және қала жұмыс берушілерімен 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша келісімге қол қойылды. Комиссия отырысында қала әкімімен, кәсіподақ (жұмыскерлер) бірлестігімен, кәсіпкер ассоциация-сымен және жұмыс берушілермен келісімді іске асыру жоспары бекітілді. Отырыста қаладағы әлеуметтік– экономикалық жағдайлар, тарифтерді реттеу шараларының орындалуы (бағалар, жалақылар,жиындар), ҚР Еңбек Кодексі бойынша әлеуметтік саласында жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау нормалары жайында, тәлімгер ету сұрақтар қарастырылды.

Жұмыс берушілер мен кәсіподақ өкілдері, оның ішінде мынадай кәсіпорындар ӨБ «Балқаштүстімет», АҚ «ТМӨЗ», АҚ «Қазақтелеком», ЖШС «Балқашсүт», білім беру және денсаулық сақтау өкілдерінің жұмыста алатын зақымдар, еңбек жағдайлары және кәсіптік аурулар туралы ақпараттар тыңдалды. Ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік пакеттердің орындалуы туралы қалалық үшжақты комиссия мүшелері мен кәсіподақ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

«Ұжымдық шарт жасаңыз» атты республикалық акциясын жүзеге асыру бойынша жоспарға сәйкес, жұмыстар жүргізілді. «Ұжымдық шарт жасаңыз» жалпы республикалық акциясын өткізу бойынша қалалық штаб құрылды. Акцияны өткізу бойынша қалалық штаб құрамына кәсіподақ өкілдері, мемлекеттік мекемелер жетекшілері, еңбек қорғау инспекциясы және кәсіпкерлер ассоциясы кіреді.

Жыл бойы ұжымдық шарт жасаңыз акциясы жәйлі, реті және талаптары туралы жергілікті газет беттеріне және де жұмыспен қамту бөлімінің сайтына 6 мақала жарияланған, сонымен қатар қалалық үшжақты комиссияның еңбек ұжымдарына және жұмысберушілерге акцияға қатысу туралы үндеулері жарияланған.

Жеке кәсіпкерлер жағынан өз жұмыскерлерінің, жалпы қоғамдағы әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге ықылас білдірушілер байқалады.

Сонымен қатар қала бойынша төрт ұйым «Парыз» атты республикалық, әлеуметтік жауапкершілік бизнес конкурсына қатысуға өз ұсыныстарын жіберді, екі ұйым «Ең үздік ұжымның келісім шарты» номинациясы бойынша қатысуға өз ұсыныстарын жіберді.

2010 жылы әлеуметтік әріптестік жұмысының дамуы жалғасуда.

2010 жылдың 01 қазанына қарағанда әлеуметтік қорғау және бақылау Департаментінің мағлұматтары бойынша қаламызда, ұжым келісім шартына 211 кәсіпорын отырған, оның ішінде ірі және орташа- 59, (98,3% ірі және орташа кәсіпорындардың санынан алғанда-60).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, ұжымдық келісім қатынас орнату сұрағы бойынша әр түрлі меншік иелері 175 кәсіпорын мен мекемелерді қамтыды.

2.2) Басты мәселелердi талдау.

2.3)Кәсіподақтар, жұмыскерлер өкілдерімен жұмыс берушілер арасындағы келісім шарт жасаспауынан туындайтын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауының жетіспеушілігі.

2.4.) Сыртқы және iшкi айғақтардың негiзгi бағасы.

Ел Басымыздың 2008 жылы «Ұжымдық шарт жасаңыз» атты республикалық акция 2010 жылы жалғасын тапты, ұжым жұмыскерімен жұмысберуші арасындағы жасасқан келісім әріптестік қарым қатынасты дамытуға ынталандыруда.

Қалалық штаб акцияны өткізу жөнінде 1 мәжіліс өткізді, онда 2 сұрақ қарастырылды. Штаб жұмысының негізгі бағыты мекемелермен отырып жатқан ұжымдық келісім шарттардың сапасын көтеру болып табылды.

3. Стратегиялық бағыт 3 – Тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету.

3.1) Дамудың негiзгi параметрлерi

Балқаш қаласында әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік қызметтер кең спектрда көрсетіледі: ол ақшалай төлемдер- атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейін балаларға жәрдемақы, орташа кірісі азық-түлік себетінен аспайтын; жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек, үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз ету, сауықтыру үшін мүгедектерге қызмет көрсету және техникалық қосалқы құралдарын беру; үйдегі көмекке мұқтаж азаматтарға, қарттарға әлеуметтік көмек көрсету, т.б.

2010 жылдың 01 қаңтарына қарағанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 63 аз қамтылған отбасы (232 адам) тіркеуде тұр, 2008 жылмен салыстырғанда 17,4 % аз (2008 жылы – 281 аз қамтылған азаматтар).

Әлемдік экономикалық дағдарыста, және инфляция деңгейінің өсу жағдайында, тұрғындырды әлеуметтік қолдауға қосымша шаралар қабылдануда және іске асырылуда.

Әлеуметтік саясат жүргізудің ең басты бағыттарының бірі «әлжуаз» топ тұрғындарды қорғауға, тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

Әлеуметтік әлжуаз топтарына төленетін маңызды және көрсеткішті төлем мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 2009 жылы ӘАК 69 отбасына, 265 алушыға 3374,6 мың теңге көлемінде тағайындалды, төлем 314 алушыға, 88 отбасына 3485,0 мың теңге көлемінде жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес 2009 жылы 278 отбасына, 505 балаға 4083,7 мың теңге көлемінде тағайындалды, төлем 308 отбасына, 568 балаға 4203,9 мың теңге көлемінде жүргізілді.

«Тұрғын үй көмегі» туралы Заңға сәйкес, тұрғын үй көмегінің мөлшері мен реті жергілікті өкілетті органдардың шешіміне сәйкес анықталады. Аталған көмек түріне көп үміткерлердің назарын аудару үшін, 2009 жылғы 11 қарашадағы қалалық маслихат № 24/181 шешіміне сәйкес, берілген көмек шекті үлесінен асатын табысы 11 %-дан 8%-ға дейін төмендетілді. 2009 жылы 1261,0 мың теңге көлемінде 173 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

Қалалық бюджеттен 2010 жылы қарастырылған қаражат:


  • мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек төлеуге – 2633,0 мың теңге;

  • 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге – 4428,0 мың теңге;

  • тұрғын үй көмегін төлеуге – 1862,0 мың теңге.

3.2) Негізгі мәселелерді талдау.

Аз қамтылған азаматтардың саны


Динамика бойынша 2006–2009 жылдар аралығында АӘК алушылардың саны азайды, 2009 жылды қарасақ 2006 жылмен салыстырғанда 55,6%-ға (01.01.2007 жылға қарағанда 597 адамнан, 01.01.2010 жылы 265 адамға дейін) және бюджет ассигнованиясына сәйкес 3335,4 мың теңге:

  • 2006 жылы 180 отбасына 597 алушыларға 6710,0 мың теңге көлемінде;

  • 2007 жылы 131 отбасына 419 алушыларға 4156,0 мың теңге көлемінде;

  • 2008 жылы 91 отбасына 297 алушыларға 4107,4 мың теңге көлемінде;

  • 2009 жылы 69 отбасына 265 алушыларға 3374,6 мың теңге көлемінде.



АӘК алушылар санының төмендеуі келесі себептермен мәлімделінеді: мемлекеттік АӘК алушылар жұмыспен қамтылуынан, халық табысының өсуінен (зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерінің өсуі, сонымен қатар 1 жасқа дейінгі бала күтімі), бөлімше комиссияларының мемлекеттік АӘК алушылардың, балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылардың (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасы, 1 жасқа дейінгі бала күтімі) жасырынды табыстарын анықталуынан.

АӘК алушылардың дәрежесін қарастыра отырып, олардың үлесі жалпы АӘК санына шаққанда 2009 жылы 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысын алушылардың еншiсiне тиесілі (60,8%). 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандардың саны 15,8% құрады. АӘК алушылардың арасында жұмыс істейтіндердің мөлшері 6,4 % құрайды, ол өз кезегінде, тіпті бір адамға шаққандағы кедейшілік шегін қамтамасыз ете алмайтын отбасының еңбек ақы (табыс) деңгейінің төмендігін дәлелдейді. Келтiрiлген мәлiметтерден, алушылардың негiзгi көпшілігі еңбекке жарамсыз тұлғалар немесе әділ себептермен табысы жоқ тұлғаларды құрайды (әдеттегiдей жас сәбилерді күтетін әйелдер) немесе табысы аз жұмыстарда істейтіндер. Жұмыспен қамту мекемесінде 2009 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың арасында жалпы АӘК алушылардың саны 10,9% құрады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың еңбек потенциалын жүзеге асырса, аз қамтылған азаматтар қатарынан белгiлi бір бөлiгiн шығаруға болады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi дер кезiнде төлеу - бұл қоғамдағы әлеуметтiк кернеулiктi төмендетуге үлес қосады, мемлекет тарапынан тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді.

Балқаш қ. 2006-2009 жылдар аралығында 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындалды:

- 2006 жылы – 334 отбасына 686 балаларға 4150,4 мың теңге сомасында;

- 2007 жылы – 273 отбасына 519 балаларға 3801,1 мың теңге сомасында;

- 2008 жылды – 267 отбасына 490 балаларға 3853,1 мың теңге сомасында;

- 2009 жылды – 278 отбасына 505 балаларға 4083,7 мың теңге сомасында;




2006 жылға қарағанда 2007-2009 жылдар аралығында 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының төмендеуі тұрғындардың табысының өсуімен түсіндіріледі.

2006-2009 жылдар арасындағы тұрғын үй көмегі:

2006 жылы – 46 отбасына, төленген жәрдемақының сомасы - 285,4 мың тенге;

2007 жылы - 83– отбасына, төленген жәрдемақының сомасы - 400,0.мың тенге;

2008 жылы – 168 отбасына, төленген жәрдемақының сомасы – 1150,0 мың тенге;

2009 жылы – 173 отбасына, төленген жәрдемақының сомасы – 1261,0 мың тенге.



2006-2009 жылдардың динамикасы бойынша тұрғын үй жәрдемақылар алушылардың саны көбейгені байқалады, ол коммуналдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйді ұстауды төлеуге шекті жол берілетін шығыстар үлесі төмендеуіне, сонымен қатар кентерде тұратын отбасылардың жылжымайтын мүлікті жариялау жүргізілуі себебінен тұрғын үйлеріне құқық иесі құжаттарын алуымен байланысты.

2008 жылдан бастап аз қамтылған азаматтарға, оның ішінде балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, көп балалы отбасыларға, мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек алушыларға жергілікті бюджеттен ай сайын азық-түлік бағасының жоғарлауына байланысты бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

2008 жылы – 811 алушыларға 3041,8 мың.теңге сомасында;

2009 жылы- 699 алушыларға 8533,9 мың.теңге сомасында;

2010 жылдың 11 айында 762 алушыларға 8694,2 мың.теңге сомасында төленді.

2009 жылдан бастап тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтар қатарына кіретін азаматтарға жергілікті бюджеттен біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Аз қамтылған отбасы балаларына жаңа оқу жылына арнап жәрдемақы беріледі:

2009 жылы 90 балаға 270,0 мың теңге сомасында көмек көрсетілді;

2010 жылы- 41 балаға, 123,0 мың.теңге сомасында көмек көрсетілді.

Орташа, арнайы оқу орындарын бітірген жетiм балаларға біржолғы материалдық көрсетіледі:

2009 жылы 23 жетімдерге, 115,0 мың теңге сомасында;

2010 жылы 23 жетімдерге, 115,0 мың теңге сомасында.


    1. Ішкі және сыртқы айғақтардың негізгі бағасы.

Мақсатты индикаторды жүзеге асыру – 2011-2015 жылдар аралығында АӘК алушылар арасынан еңбекке жарамды тұрғындардың пайызын 32,4%, 29,8 % дейін азайту, 7 жасқа дейін бала күтімімен айналысатын әйелдерге жұмысқа орналастыру өзекті сұрақтардың бірі:

- баланы мектепке дейін мекемелерге орналастыруға мүмкіншілігі жоқтан немесе мектепке дейін мекемелерге баланы күтуге қаражаты болмағандықтан, қалыптасқан материалды-тұрмыстық жағдайларға байланысты әйелдер жұмысқа орналасу және оқу ұсыныстарынан бас тартады. Олар МӘАК алуға сұраныс білдіргенде жұмысқа орналасу ойлары болмайды;

- МӘАК және мемлекеттік 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы заңнамаларының базасының жетілдірілмеуінен, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге жәрдемақы алу құқығына ие болу бөлігінде (3 жасқа дейін балалар жәрдемақысы, МӘАК-не 7 жасқа дейін), бұл жағдай бала 3 жасқа келгенде жұмыссыз ретінде тіркелмеген әйелдер бала жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, бірақ МӘАК алуға құқығы сақталады, сол себептен олар жұмыс істеуді қаламайды.

Әлеуметтік әлжуаз отбасыларын барынша тұрғын үй көмегімен қамту мақсатында, осы көмек түрінің көрсету Ережесіне өзгертулер енгізілді, 2006-2009 жылдар аралығында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер үшін жіберілетін шығындардың бөлігі 20%, 8% дейін төмендетілді, сонымен қоса тұрғын үй көмегі жанұя табысының толық табыс есебін шегере отырып, басқа да табыстар үлеске алынбады: 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, бөгде адамнан көмек күтетін 1,2 топтардағы жалғыз басты мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік төлемдерге қосымша үстемелер қарастырылған.


  1. Стратегиялық бағыт 4– Қиын өмірлік жағдайда жүрген тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету

4.1) Дамудың негізігі параметрлері

2010 жылдың 1 қаңтарына қарағанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде 2764 мүгедектер тіркеуде тұр, оның ішінде 1,2 топтардағы мүгедектер саны – 1524 адам, 3 топтағы мүгедектер – 1002 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедектердің саны – 238 адам.

Мүгедектерді оңалту бағдарламаларына сәйкес, мүгедектер қосымша техникалық (көмекші) құралдармен қамтамасыз етіледі:


  1. жылы тифлотехникалық құралдармен 26 адам қамтылды;

  2. жылы – 13 мүгедек;

  3. жылы -11 адам.

Сурдотехникалық құралдармен:

2007 жылы -17 адам;

2008 жылы – 5 адам;

2009 жылы - 2 адам.

2010 жылдың 9 айында – 9 адам.

Арнайы жүріп-тұру құралдарымен:

2007 жылы -12 мүгедек;

2008 жылы – 31 адам;

2009 жылы - 24 мүгедек.

Жеке көмекшілер қызметттерімен:

2007 жылы – 4 адам;

2008 жылы – 4 адам;

2009 жылы – 4 адам қамтамасыз етілді.

2006-2008 жылдар аралығында Петропавлоск қаласының протездік-ортопедиялық зауытының талаптарымен протезденуге 61 мүгедекке жолдама алуға ықпал етті.

Ымдау тілі маманының қызметімен:

2008 жылы- 6 мүгедек;

2009 жылы- 6 мүгедек.

Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік төлемдер жүргізіледі:

-65 жалғыз басты мүгедектерге мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға қосымша үстемдік ретінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді;

-психо-медицина-педагогикалық кеңестің шешімі бойынша үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 77 мүгедек балаларға тоқсан сайын 5198 теңге төленеді (2009 жылы атаулы көмек 1301,0 мың теңге көлемде тағайындалынып, төленді).

2010 жылдың 01 қаңтарына қарағанда Балқаш қаласында жалғыз басты қаттарға, мүгедектерге үйге әлеуметтік көмек көрсететін 3 бөлімше және медико – педагогикалық мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған 1 бөлімше жұмыс істейді.

Үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері 240 жалғыз басты қарттармен мен мүгедектерге қызмет көрсетсе, кемтар балаларға үйде әлеуметтік, медициналық көмек көрсету бөлімшесі мүмкіншілігі шектеулі 93 балаға қызмет көрсетті.



4.2) Басты мәселелерді талдау

Бүгінгі күні соңына дейін шешімін таппай келе жатқан сұрақтардың бірі мүгедектер үшін әлеуметтік инфроқұрылым объектілердің жетіспеушілігі, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту. Қиын өмірлік жағдайға түскен тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету шараларын ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Қалада ІІБ және денсаулық сақтау мекемелерінен түскен мәліметтері бойынша тұрақты орны жоқ 25 адам тұрады, мұның ішінде 2 адам қалалық ауруханада жатыр. ІІБ қызметкерлерінің берген тізімі бойынша тұлғаның тұрмыстық жағдайын тексеру кезінде көрсетілген мекен-жайы бойынша 19 адам табылмады, 2 адам төлелерде тұрады, 2 адам туыстарының үйінде тұрады және кездейсоқ табыс көзімен өмір сүреді.

Аталмыш жағдайдың талдауы келесіні көрсетеді: қазіргі уақытта көрсетіліп отырған әлеуметтік қызмет жүйесі барлық мұқтаж азаматтарды толығымен қамтымайды және жеке қажеттілікке сәйкес кепілдік бермейді. Бірақ қазіргі заңнамалармен жергілікті өкілетті және орындаушы органдар мүгедектерге және жеке категориядағы ардагерлерге қосымша көмек түрлерін қарастыруға құқығы бар.

Келешекте бюджеттің өсуіне байланысты жергілікті бюджет есебінен қиын жағдайға түскен азаматтарға және жеке категориядағы ардагерлер мен мүгедектерге көмек түрлерін кеңейту жоспарлануда.


4.3) Негізгі ішкі және сыртқы айғақтарға бағалау

Ардагерлер мен мүгедектердің өмірлік қажеттіліктерін шешу үшін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ішінде мемлекеттік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жоба құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалардың негізгі бағыты- әлеуметтік такси, жалғыз басты 1,2 топтардағы мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету,біреудің көмегін керек ететін қимыл әрекеті төмен адамдарға, мүгедек жастар және балаларға арналған компьютерлік сыныптар, диабет ауруларының ауыр түрімен ауыратындарға көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады., Қарағанды филиалы Петропавл ортопедиялық-протездік зауытының мамандарын шақыруды ұйымдастырды. Нәтижесінде 2,3 топтардағы 61 адам протезделінді.

2011-2015 жылдарда Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» заңына сәйкес ұйымдастыру міндеттері жалғасын таппақ.
3.Стратегиялық бағыт- мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыт 1- Тұрақты жұмыспен қамту.

Мақсат 1.1. Тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу



Көрсетілген мақсатқа жету үшін бюджеттік бағдарламаның кодтары 451002100 «Жұмыспен қамту»


Мақсатты индикатор (жетістікке жетудің соңғы мезгілін көрсету)

Мәлімет көзі

сонымен қоса арасындағы мағынасын көрсету




Ағымдағы кезеңде

Жоспарлы кезеңде




Өлшем бірлік

2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Жұмыссыздық деңгейі

статистика

%

7,0

5,8

6,4

6,4

6,4

6,3

6,3




Мақсаттық индикаторға жетудің жолы, құралы және тәсілдері:

Міндет 1.1.1. Жұмыссыз азаматтарға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын көрсету – жұмысқа орналасуға жәрдемдесу




Нәтиженің тура көрсеткіштері

Мәлімет көзі

Өлшем бірлік

Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың бөлігі,

Жұмысқа орналасқан жұмыссыз азаматтардың саны

Оның ішінде әйелдер

жастар (21 жасқа дейін)



Есеп
Есеп

%
адам




100
4681

2190

744


99
2000

920


380

99
2150

966


400

99
2150

989


409

99
2150

989


409


99
2150

989


409

99
2150

989


409




Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін отқарылатын шаралар

Жоспарланған кезеңде жүзеге асырылатын мезгіл*










2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6




Бос жұмыс орындары және вакансиялар туралы ақпарат жинау жұмыстарын ұйымдастыру

х

х

х

х

х





Бос жұмыс орындарына бағыт беру

х

х

х

х

х




«Жұмыс іздеу» клубында әрдайым және сапалы жұмыстар жүргізу

х

х

х

х

х




Бос жұмыс орындары жәйлі кішігірім жәрменке ұйымдастыру

х

х

х

х

х




Жұмыспен қамту жәйлі тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ету

х

х

х

х

х




Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бағыттарының негізгі міндеттерін орындалуын қадағалау, сараптама жұмыстарын жүргізу.

х

х

х

х

х




Міндет 1.1.2. Уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қоғамдық жұмыстарды жетілдіру және ұйымдастыру







Тура көрсеткіштердің нәтижесі

Мәлімет көзі

Өлшем бірлік

Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтардың саны, адам

оның ішінде

әйелдер

жастар (21 жасқа дейін)




Есеп

Адам

1080

795


160

950

603


178

1000

603


178

1000

603


178

1000

603


178

1000

603


178

1000

603


178




Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін отқарылатын шаралар


Жоспарланған кезеңде жүзеге асырылатын мезгіл *












2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6




Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға мекемелермен кәсіпорындардан өтініштер жинау

х

х

х

х

х





Инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға акцент жасап қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

х

х

х

х

х





Тұрғындарды қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру сұрақтары бойынша хабардар ету.

х

х

х

х

х





Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, қорытындысымен сараптама жұмысын жүргізу.


х

х

х

х

х




Міндет 1.1.3. Еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру оқуларын ұйымдастыру




Тура көрсеткіштердің нәтижесі

Мәлімет көзі

Өлшем бірлік

Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқуларына жіберу


Есеп

Адам

339


150


150

150

150

150

150





Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін отқарылатын шаралар

Жоспарланған кезеңде жүзеге асырылатын мезгіл *












2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6




Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру шараларын ұйымдастыру кезінде жұмыссыздарды қаржылай қолдау ұсыныстарын енгізу

х

















Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру сұрақтары бойынша ақпарат ету

х

х

х

х

х





Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру міндеттерін орындалу бойынша сараптама жұмысын жүргізу.

х

х

х

х

х




Міндет 1.1.4.Тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету




Тура көрсеткіштердің нәтижесі

Мәлімет көзі

Өлшем бірлік

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Әлеуметтік жұмыс орындары

(2009-2010жж «Жол картасы» ескере отырып.)


«Жастар тәжірибесі» өту үшін жіберілген азаматтардың саны, адам
Аз қамтылған категориясына кіретін азаматтардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың саны
Жұмыспен қамту органына шағымдалған еңбекке жарамды этникалық репатрианттардың жұмыспен қамтылған бөлігі


Есеп

Есеп

Есеп

Есеп



Адам

Адам

Адам

%


233

250

14

100


51

121

8

100


20

60


10

100


20

60


10

100


20

60


10

100


20

60


10

100


20

60


10

100


Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін отқарылатын шаралар

Жоспарланған кезеңде жүзеге асырылатын мезгіл *












2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1

2

3

4

5

6




Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесін өткізу сұрақтары бойынша мекемелермен, кәсіпорындармен жұмыс жасау, келісім шарттарға отыру.

х

х

х

х

х





Тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту сұрақтары бойынша тұрғындарды ақпараттандыру.

х

х

х

х

х




Тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту міндеттерінің орындалу бойынша арнайы сараптама жұмысын жүргізу.

х

х

х

х

х



Мақсат 1.2 Еңбек ресурстарын дамыту

Көрсетілген мақсатқа жету жолындағы бюджеттік бағдарламаның коды - 451002100 «Жұмыспен қамту»


Мақсатты индикатор (жетістікке жетудің соңғы мезгілін көрсету)

Мәлімет көзі

Сонымен қоса арасындағы мағынасын көрсету

Ағымдағы кезеңде

Жоспарлы кезең

Өлшем бірлік

2009ж (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың білікті жұмыскерлердің бөлігі

Статистика

%

70,3

70,8

71

71,2

71,2

71,2

71,2

Барлық жұмыссыздардың санынан, АӘК алушылардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

есеп

%

48,3

66,7

76,9

83,3

83,3

90,9

90,9



Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін отқарылатын шаралар

Жоспарланған кезеңде жүзеге асырылатын мезгіл *






2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

Еңбек нарығының қажеттілігіне сай мамандардың тізімін кеңейту үшін білім мекемелерімен, барлық меншік түрлерінің жұмысберушілермен қарым қатынаста болу.

х

х

х

х

х


Мақсатты топтар қатарына кіретін аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын қолдану жұмыстарын ұйымдастыру

х

х

х

х

х


3.2 Стратегиялық бағыт 2 - Еңбек саласын дамыту.

Мақсат 2.1. Еңбек құқығын бұзу қауіп-қатерлердің алдын алу



Мақсатты индикатор (жетістікке жетудің соңғы мезгілін көрсету)

Мәлімет көзі

Сонымен қоса арасындағы мағынасын көрсету

Ағымдағы кезеңде

Жоспарлы кезең

Өлшем бірлік

2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қаладағы орта және ірі кәсіпорындарды ұжымдық келісім шарт жүйесімен қамту

Ресми мәлімет

(%)

99

99

99

99

99

99

99


Мақсатты индикаторға жету жолдарының құралдары, әдістері

Міндет 2.1.1. Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту және келісім сөз үдірісінің ролін жоғарлату

Тура нәтиже көрсеткіштері

Мәлімет көзі

Өлшем бірлік

Ағымдағы кезеңде

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұжымдық келісім шарт қатынастары жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың бөлігі (орта және ірі кәсіпорындар қатарынан)

Ресми мәліметтер

(%)

88

99

99

99

99

99

99


Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін отқарылатын шаралар

Жоспарланған кезеңде жүзеге асырылатын мезгіл *






2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

Еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу, әлеуметтік әріптестік қалалық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестік шеңберінде облыс кәсіпорындарымен ұжымдық келісім шарт қатынастарын дамыту сұрақтары бойынша «дөңгелек стөл» отырысын, жиналыстар ұйымдастыру.

х

х

х

х

х






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет