Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Ораз Әбішевтің 100-жылдығына арналған



Дата25.04.2016
өлшемі51.41 Kb.
#89175


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Ораз Әбішевтің 100-жылдығына арналған

«ЗАМАНАУИ КЕЗЕҢДЕГІ КИНЕМАТОГРАФ ЖӘНЕ ТЕЛЕВИЗИЯ.

ӨЗГЕРІСТЕР КОНТЕКСТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР, ҮРДІСТЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Сіздерді 2016 жылдың 21-22 сәуірінде Ораз Әбішевтің 100-жылдығына орай өткізілетін «Заманауи кезеңдегі кинематограф және телевизия. Өзгерістер контекстіндегі ұлттық және жаһандық мәселелер, үрдістер және келешегі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияда келесі бағыттағы тақырыптар талқыланады:

1 секция. Кино және телевизия:


  • Ақпараттық кезеңдегі кино және телевизияның даму келешегі;

  • Телевизиядағы этика, эстетика және деонтология мәселелері;

  • Заманауи кино және телевизия драматургиясы кеңістігіндегі кейіпкер және уақыт;

  • Кинофильмдер мен телехикаялар режиссурасының өзгешелігі;

  • Кино-жобалар мен телехикаяларды продюсерлеу ерекшелігі;

  • Аудиовизуалды өнер саласынадғы авторлық құқықты қорғау;

  • Бүгінгі кинобизнес.

2 секция. Бейнелеу өнері:

  • Заманауилық контекстіндегі бейнелеу өнерінің негізгі даму үрдістері;

  • Мәдени мұраны сақтау және дамыту: қолөнер, дәстүрлі өнер;

  • Заманауи кескіндемедегі стиль эволюциясының өзекті мәселелері;

  • Өзекті өнердің радикалды формаларының ерекшеліктері, оларды қабылдау және пайымдау;

  • Көркемсуретті білім берудің заманауи моделі.

3 секция. Театр және хореография өнері:

  • Заманауи кинематографтағы театр мен хореографияның өзара әрекеттесуі;

  • Кино және театрдағы актерлік рөлді сомдаудағы заманауи көзқарас;

  • Сахна безендірудегі тұжырымдамалық мәселелер;

  • Фильм мен спектакльдің бейнелеу режиссурасы.

4 секция. Музыка: дәстүрлі, классикалық, заманауи:

  • Еуразия халықтарының дәстүрлі музыкасын салыстырмалы зерттеу мәселелері;

  • Жаһандану кезеңіндегі дәстүрлі музыка орындаушыларын кәсіби даярлау мәселелері;

  • Музыкалық орындаушылық өнердің дүниетанымдық аспектілері;

  • Музыка және экрандық өнер түрлерінің өзара әрекеттесуі.

5 секция. Өнер философиясы және мәдениеттану:

  • Өнердегі дәстүр мен жаңашылдық;

  • Мәдени бірегейлік және жаһандану;

  • Замануи кино және телевизиядағы тұлға және әлеумет;

  • Кино және телевизиядағы әлеуметтік жауапкершілік және шығармашылық еркіндік;

  • Визуалды өнердегі рационалдылық және бейнелілік.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға кез келген елдің ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері, магистранттар, докторанттар қатыса алады.


Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

Мақаланың көлемі 5-12 бетті құрауы және Microsoft Word мәтіндік редакторда терілуі тиіс;

- Word-97 нұсқасынан төмен емес;

- Times New Roman шрифті, 14 кегльмен;

- жоларалық интервал – 1,0;

- азат жол – 1,25;

- А4 форматы; өлшемдер: сол жағы – 3 см; үсті, асты және оң жағы – 2 см;

- сурет, графика, кестелер мәтін ішінде беріледі.


Бір мақаланың авторлар саны 3 адамнан аспауы керек.

Мақала атауы ортада, бас әріптермен жартылай қарайтылған шрифтпен жазылады. Бір жолдан кейін, ортасына автордың аты-жөні, оның астына мекеме атауы, жұмыс (оқу) орны, қала, ел, оның астына электронды пошта (e-mail) жазылады.

Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. Мәтін ені бойынша тегістелуі тиіс. Мәтін ішіндегі сілтемелер тік жақшада жазылып, олардың тізімі мақала соңында («Әдебиеттер» атауымен) көрсетілу ретімен беріледі.

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде тіркелу үлгісі мен мақаланың мәтінін 2016 жылдың 10-сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасының электрондық поштасына kinoitelevidenia2016@mail.ru жіберілуі тиіс. Файлдарды бірінші автордың аты-жөнімен және секция санымен атау керек, мысалы: «Асхатов, 3 секция». Бір файлда тек бір мақала болуы шарт.

Жинақтың электрондық нұсқасы және сертификаттар конференция аяқталғаннан кейін 25 жұмыс күні ішінде авторларға жіберіледі. Конференция материалдары Академия сайтында www.kaznai.kz жарық көреді.

Жинаққа ISBN беріледі.

Назар аударыңыз: ақпараттық хатта қойылған талаптар сақталмаса немесе кешіктіріліп жіберілген жағдайда материал қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитетімен хат алысу келесі электронды пошталар арқылы ғана жүргізіледі: kinoitelevidenia2016@mail.ru



Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

Web-сайт: www.oner-academia.kz

Байланыс телефондары: 8/727/ 272-04-99, факс: 8/727/ 261-13-19, 8/705/203-53-81



«ЗАМАНАУИ КЕЗЕҢДЕГІ КИНЕМАТОГРАФ ЖӘНЕ ТЕЛЕВИЗИЯ.

ӨЗГЕРІСТЕР КОНТЕКСТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР, ҮРДІСТЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ»
Асхатов Ж.Б.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Алматы қ., Қазақстан

askhatov@mail.ru
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін........
Әдебиеттер
Түйін

Резюме


Summary

Тіркеу картасы


Аты-жөні (толығымен)




Ғылыми атақ-дәрежесі




Жұмыс орны және қызметі




Мобильді және байланыс телефоны




Электронды пошта




Секция




Мақала тақырыбы




Тікелей не сырттай қатысуы





Ұйымдастыру комитеті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет