Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: СЫРТТАЙ СОТ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ШЕШІМ
Қабылаған: Тұрлыбеков Қ.
Орындаған: Бақытжан Б.
Тобы: ЗҚТ-911
Түркістан, 2022 ж.
Сырттай сот өндірісінің түсінігі, маңызы және негіздері.
ҚР АІЖК 24-тарауы «сырттай шешім» ұғымын және жаңа азаматтық істерді қарастыру процедураларын қарастыратын «сырттай сот өндірісі» деп аталатын ұғымды кіргізді.
ҚР АІЖК 260-бабына сәйкес, азаматтық істер сырттай іс жүргізу тәртібінде қарастырылады, егер талап қоюшы бұған қарсылық білдірмесе, тиісінше мәжілістің өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланған және дәлелді себептермен келе алмайтындығы туралы хабарламаған немесе өзінің хатысуынсыз істі қарастыра беру жөнінде өтініш білдірмеген жауапкер сот мәжілісіне келмей қалған жағдайда сот істі сырттай өндіріс бойынша қарап, сот сырттай шешімі шығарады. Бұндай қарапайымдылық дауды шешуді тездетіп, траптардың өз әрекеті үшін жауапкершілігін жоғарылатуға, жауапкердің тарапынан процессуалдық құқығын арам пиғылда пайдалануына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Сырттай өндірісті жүргізу үшін бірнеше талаптарды жауап беруі қажет:
Талапкер сырттай шешім шығаруға келіскен жағдайда.
Егер сот мәжілісіне келген талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай сот өндірісінде қарауға келісімін бермесе сот істі қарауды кейінге қалдырып, келмей қалған жауапкерге қайтадан сот талқысының өткізілетін уақыты мен орны туралы шақыру қағазын жібереді.
Істі сырттай қараудың ерекшеліктері. Талапкердің сырттай өндірісті жүргізуге қарсылық білдіру себептері әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі болып сөзсіз жауапкерде іс үшін маңызды дәлелдеме болғанда сырттай шешімнің күшінің жойылу қаупі табылады. Сырттай шешімнің бұзылуы іс жүргізуді созып, даудың негізі бойынша істі айқтай шешуді кейінге қалдырады. Егер уақытылы хабарландырылған жауапкер дәлелсіз себептермен келмей қалса, талапкер істі қарапайымдандырылған түрде қарастыруға қарсы болмаса, онда сот істі сырттай қарастыру жөнінде ұйғарым шығарады.
ҚР АІЖК-нің 261-бабы бойынша істі сырттай сот өндірісі тәртібінде қарастырғанда сот іске қатысушы тұлғалар тапсырған дәлелдемелерді зерттейді, олардың пікірлерін ескеріп, сырттай шешім шығарады. Сот талапкерге қосымша дәлелдемелерді тапсыру туралы ұсыныс бере алады. Бірақ, мұндайда талапкердің кейбір құқықтары шектеледі. Сырттай өндіріске келіскен талапкер талаптың пәні мен негізін өзгерте алмайды, талаптың мөлшерін ұлғайта немесе азайта алмайды. Егер де талапкердің бұл құқықтары сақталса, онда жауапкердің құқықтары бұзылар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |