«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің



Дата03.07.2016
өлшемі219.5 Kb.
#175220
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулысының жобасына

Салыстырма кесте




Қолданыстағы редакциясы

Жаңа редакциясы

Негіздеме




Ќазаќстан Республикасы Ќоршаєан ортаны ќорєау министрлігі туралы ережеде

1.

3. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.


3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже бекітілсін.


Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі және Комитеттің аумақтық органдарының тізбесі Министрлік туралы ережеде бекітіледі.

2

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 8 желтоқсандағы

1201 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Министрліктің мынадай ведомствосы бар - Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

9. Осы ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.



Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары



 

12. Министрліктің қызметі саласындағы оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық және салааралық үйлестіру;

3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру;

4) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;

5) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және орнықты даму үшін табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу;

6) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;

8) табиғат қорғау заңнамасының, экологиялық талаптардың нормативтерінің сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 799 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.05. № 656 Қаулысымен (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді



13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) энергияның қайта жаңартылатын ресурстары мен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты қалыптастыру құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;

5) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

6) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді;

7) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың салааралық үйлестірілуін жүзеге асырады;

7-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

8) климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;

9) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;

10) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келіседі;

13) Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;

14) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

15) Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

16) қалдықтарды басқару жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;

17) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;

18) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;

19) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекітеді;

20) жұртшылық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;

21) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;

22) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;

23) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлейді;

24) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;

25) атмосфераға парниктік газдардың шығарындыларын шектеу, тоқтата тұру немесе азайту тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға квоталар және міндеттемелер саудасының тәртібін әзірлейді;

25-1) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін бекітеді;

25-2) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оны жүргізу тәртібін бекітеді;

25-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды қарау, мақұлдау, тіркеу және мониторингілеу тәртібін бекітеді;

26) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бағдарламаларын әзірлейді;

27) Мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасайды;

28) аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлейді;

29) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

30) ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қараныз)



31) озық қолжетімді технологиялардың тізбесін әзірлейді;

32) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

33) Парниктік газдардың мемлекеттік кадастры мен Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

34) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекітеді;

35) міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;

36) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамы және ережесін бекітеді;

37) қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер және меморандумдар жасасады;

38) сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;

39) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

40) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді;

41) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

42) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау үдерісіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;

43) әр түрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілейді;

44) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекітеді;

45) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

46) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

47) мыналарды:

қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдісін;

қалдықтар жіктеуішін;

қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын;

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін;

экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін;

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын;

қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;

48) парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың шекті жол берілетін нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді;

49) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін белгілейді;

50) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін құруды келіседі;

51) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын келіседі;

52) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;

53) жануарлар санын реттеу тәртібін келіседі;

54) жер қойнауын пайдаланушымен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілейді;

55) парниктік газдардың шығарынды көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін түрлерін белгілейді;

56) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін белгілейді;

57) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;

58) атмосфераға парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;

59) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен мазмұн 60) тармақшамен толықтырылды



60) мыналарды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 61-тармақпен толықтырылды

61) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

14. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:

ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қараныз)

1) І санаттағы объектілерді мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға экологиялық сараптаманы жүзеге асыру және эмиссияларға рұқсат беру және оның әдістемелік басшылығын жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қараныз)



2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;

ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қараныз)

3) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;

ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қараныз)

4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда оларды тоқтата тұру және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;

ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен мазмұн 4-1) тармақшамен толықтырылды



4-1) кешенді экологиялық рұқсаттар беру;

5) өз құзыретінің шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісім-шарттар) беруді келісу;

6) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асыру (қызметтің кіші түрі: табиғатты пайдалануды жобалау, нормалау; экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар; экологиялық аудит);

7) озонды бұзатын заттарды және оларды қамтитын өнімді импорттауға, экспорттауға, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізуге, озонды бұзатын заттарды қамтитын жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат беру;

8) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдау;

9) қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру;

10) өз құзыретінің шегінде экологиялық ақпаратқа заңнамада белгіленген тәртіппен қолжетімдікті қамтамасыз ету;

11) арнайы су пайдалануға рұқсатты келісу;

12) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде су ресурстарын басқару бассейндік қағидатын іске асыруға қатысу;

13) озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізу;

14) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

15) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізу;

16) қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;



17) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауды қадағалау үшін мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде:

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауды;

қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шараларды жүргізуді;

айрықша қорғалатын табиғи аумақтар саласында, оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға;

табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға;

жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын үдерістер салдарының алдын алу және жою, топырақ құнарлығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі кешенді іс-шаралар өткізуге;

жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және қайта құру кезінде экологиялық талаптарды сақтауға;

жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және іске қосылған кезде экологиялық талаптарды сақтауға;

жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалануды;

пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы үдерістер және жұмыстардан босаған біршама босаған жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтіруге;

қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісім-шарттық талаптарды сақтауға;

кен орындарын және өзге қоршаған орта объектілерін бұзушылыққа әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік үдерістерден жер қойнауын сақтауға;

жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау және жоюға;

жер қойнауын және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормаларды және ережелерді сақтауға;

минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдерді сақтауға;

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындауды;

зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды жер қойнауына төгуді;

Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көмудің, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерін сақтауды;

су сапасының нормативтерін сақтауды;

атмосфералық ауаны қорғаудың, сондай-ақ климат пен жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кездегі техникалық регламенттерді, нормативтерді, ережелерді және өзге талаптарды сақтауды;

кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды;

елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік үдерістерді жүзеге асырған және көлік құралдарын пайдаланған, химиялық және өзге заттарды қолданған кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтауды;

кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, қайта жаңғырту, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтауды;

радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақтауды;

химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауды;

экологиялық рұқсаттармен белгіленген табиғатты пайдалану шарттарын орындауды;

өндіріс және тұтыну қалдықтарын есептеу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтауды;

ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптарды сақтауды;

Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді орындауды;

тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтауды;

өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтауды;

міндетті экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды;



қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауды;

мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтауды;

міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтауды;

Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптарды сақтауды;

қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтауды мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

18) өзінің құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

19) өзінің құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

20) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

21) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;

22) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

23) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптарды сақтауға бақылауды жүзеге асыру;

24) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;

25) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу;

26) зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі қызметін жетілдіру;

27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасау.

 

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру



 

15. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

Министрдің, оның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

16. Министр министрлікті басқаруды жүзеге асырады және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

17. Министр:

1) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалануды басқару және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;

3) ведомствоның өзге мемлекеттік органдармен құзыретін және өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді;

4) қызметінде өзінің бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және одан босатады;

5) жауапты хатшымен келісім бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

6) ведомстволар актілерінің қолданысын жояды не толық немесе бөлігінде тоқтата тұрады;

7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

8) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда министрлікті білдіреді;

9) министрлік жұмысының регламентін бекітеді;

10) министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;

ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық шараларының қабылдануына дербес жауапты болады;

11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.

19. Министрліктің аппаратына басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.

20. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.

21. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

ҚР Үкіметінің 2012.22.05. № 656 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



22. Жауапты хатшы:

1) Министр қалыптастыратын қоршаған ортаны қорғау және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2) Министрліктің аппаратын басқаруды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

2-1) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;

3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) Министрмен келіскеннен кейін Республика Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде министрліктің құрылымын және штат санын бекітеді;

5) Министрмен келіскеннен кейін министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

8) Министрмен келіскеннен кейін министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;

9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынған ведомство басшысының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;

10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;

11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, көтерме үстемеақылар төлеу және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;

13) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

14) Министрлік жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;

15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және министрліктің қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келіскеннен кейін бекітеді;

17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

18) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;

19) өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;

20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Жауапты хатшының:



1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

2) өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;

3) жеке қолданудағы құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.

25. Министрліктің Министр жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.

26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрмен келіскеннен кейін Жауапты хатшы бекітетін министрліктің жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.



 

4. Министрліктің мүлкі



 

27. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие.

Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ олардың құны министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүліктің есебінен қалыптасады.

28. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

29. Егер Заңда өзгеше белгіленбесе, министрліктің өзіне бекітіліп берілген, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінетін қаражат есебінен сатып алынатын мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату



 

30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 1201 қаулысымен

бекітілген

 
Қазақстан Республикасы



Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже
1.Жалпы ережелер.
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. 
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мынадай ведомствосы бар:

1) Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

11.Осы ереже Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

 13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
      Егер Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің миссиясы :

қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау.

15. Міндеттері :

1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық және салааралық үйлестіру;

3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру; 
      4) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қораудың экономикалық үдістерін жетілдіру; 
      5) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және орнықты даму үшін табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу; 
      6) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту; 

8) табиғат қорғау заңнамасының, экологиялық талаптардың нормативтерінің сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету.

16. Функциялары:



орталық аппараттың функциялары :

1) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) энергияның қайта жаңартылатын ресурстары мен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты қалыптастыру құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;

5) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

6) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді;

7) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың салааралық үйлестірілуін жүзеге асырады;

8) климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;

9) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;

10) қоршаған ортаны қорғау республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда , сондай-ақ гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау бағдарламаларын әзірлейді.

11) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді ;

12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

13) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келіседі;

14) табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;

15) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

16) зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

17) экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;

18) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;

19) қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекітеді;

20) стационарлы және жылжымалы бақылау пунктарының қызметін ұйымдастыру және олардың орналасуы (дислокация) қызметінің тоқтатылуы жөнінде шешім қабылдайды.

21) жұртшылық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;

22) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;

23) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлейді;

24) атмосфераға парниктік газдардың шығарындыларын шектеу, тоқтата тұру немесе азайту тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға квоталар және міндеттемелер саудасының тәртібін әзірлейді;

25)парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін бекітеді;

26) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді;

27)парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының деректері негізінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;

28) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бағдарламаларын әзірлейді;

29) Мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасайды;

30) аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлейді;

31)қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

32) озық қолжетімді технологиялардың тізбесін әзірлейді;

33) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді

34) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

35) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;

36) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;

37) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;

38) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;

39) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;

40) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;

41) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

42) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

43) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;

44) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

45) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

46) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекітеді;

47) міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;

48) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамы және ережесін бекітеді;

49) қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер және меморандумдар жасасады;

50) сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;

51) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

52) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді;

53) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

54) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау үдерісіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;

55) әр түрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілейді;

56) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекітеді;

57) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

58) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

59) мыналарды:

қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдісін;

қалдықтар жіктеуішін;

қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын;

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін;

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын;

қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;

парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін әзірлеп белгілейді;

парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;

сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;

 қондырғы паспортының нысанын;

парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;

 парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;

 парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;

жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;

көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді;

тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі әдістемесін жүргізіеді;

уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.

қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;

мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн белгілейді;

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құру келiсiледi;



Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын келіседi;

64) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;

65) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың мемлекеттік экологиялық бақылау лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды;

66) жануарлар санын реттеу тәртібін келіседі;

67) жер қойнауын пайдаланушымен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілейді;

68) парниктік газдардың шығарынды көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін түрлерін белгілейді;

69) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін белгілейді;

70) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;

71) атмосфераға парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;

72) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың шекті жол берілетін нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді;

73) мыналарды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді.

74) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

75) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласында халықаралық шарттардың іске асырылуын жүзеге асырады;

76) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласында халықаралық шарттардың іске асырылуына жұмысшы органды белгілейді;

77) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;

78) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;

79) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

80) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;

81) қауiптi қалдықтарды шекара аралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыруда бөлінген орталық функциясын жүзеге асырады ;

82) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;

83) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

84) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

85) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

86) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін айқындайды;

87) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру шараларын ұйымдастырады;

88) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөніндегі қызметтін бақылайды және үйлестіреді;

89) Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды міндеттерді ұйымдастырады және орындайды;

90) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды жне гидрометеорологиялық қамтамасыз ету саласында жұмылдыру тапсырмаларын орындау шарттарын ұйымдастырады;



91)әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады;

92) мемлекеттік көміртегі бірліктерінің тізбесі операторын – ведомстволық бағыныстағы ұйымды айқындайды;

93) озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi.

94) Қазақстан Ресспубликасы Экологиялық кодексімен, және де басқа Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінде қаралған басқа да құзыреттерді іске асырады;

95) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

96) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және басқарады;



97) қоршаған ортаны қорғау саласында кадрға мұқтаждықты айқындайды;

98) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;

ведомство функциялары:



1) І санаттағы объектілерді мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға экологиялық сараптаманы жүзеге асыру және эмиссияларға рұқсат беру және оның әдістемелік басшылығын жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

2) парниктік газдар шығарындыларына сертификат береді және қайта ресiмдейді;

3) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;

4) кешенді экологиялық рұқсаттар беру;

5) өз құзыретінің шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісім-шарттар) беруді келісу;

6) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асыру (қызметтің кіші түрі: табиғатты пайдалануды жобалау, нормалау; экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар; экологиялық аудит);

7) озонды бұзатын заттарды және оларды қамтитын өнімді импорттауға, экспорттауға, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізуге, озонды бұзатын заттарды қамтитын жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат беру;

8) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдау;

9) қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру;

10) өз құзыретінің шегінде экологиялық ақпаратқа заңнамада белгіленген тәртіппен қолжетімдікті қамтамасыз ету;

11) арнайы су пайдалануға рұқсатты келісу;

12) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде су ресурстарын басқару бассейндік қағидатын іске асыруға қатысу;

13) озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

14) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

15) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізу;

16) жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтың меншік иелерін ауыстыруға тыйым салады ;

17) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізу;

18) құрылыс жне (немесе) жер асты құрылыстарын салуды барлау немесе, өндiру шартты аумақта немесе онан тыс және зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға арналған рұқсаттар беруді келіседі ;

19) радиоактивтi қалдықтарды көмуге рұқсаттар келіседі ;

20) қауіпті қалдықтарды әкелу және оларды аулаққа шығаруға лицензияны келіседі;



21) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауды қадағалау үшін мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде:

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауды;

қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шараларды жүргізуді;

айрықша қорғалатын табиғи аумақтар саласында, оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға;

табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға;

жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын үдерістер салдарының алдын алу және жою, топырақ құнарлығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі кешенді іс-шаралар өткізуге;

жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және қайта құру кезінде экологиялық талаптарды сақтауға;

жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және іске қосылған кезде экологиялық талаптарды сақтауға;

жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалануды;

пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы үдерістер және жұмыстардан босаған біршама босаған жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтіруге;

қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісім-шарттық талаптарды сақтауға;

кен орындарын және өзге қоршаған орта объектілерін бұзушылыққа әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік үдерістерден жер қойнауын сақтауға;

жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау және жоюға;

жер қойнауын және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормаларды және ережелерді сақтауға;

минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдерді сақтауға;

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындауды;

зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды жер қойнауына төгуді;

Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көмудің, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерін сақтауды;

су сапасының нормативтерін сақтауды;

атмосфералық ауаны қорғаудың, сондай-ақ климат пен жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кездегі техникалық регламенттерді, нормативтерді, ережелерді және өзге талаптарды сақтауды;

кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды;

елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік үдерістерді жүзеге асырған және көлік құралдарын пайдаланған, химиялық және өзге заттарды қолданған кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтауды;

кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, қайта жаңғырту, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтауды;

радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақтауды;

химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауды;

экологиялық рұқсаттармен белгіленген табиғатты пайдалану шарттарын орындауды;

өндіріс және тұтыну қалдықтарын есептеу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтауды;

ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптарды сақтауды;

Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді орындауды;

тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтауды;

өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтауды;

міндетті экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының сақтауды;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауды;

мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтауды;

міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтауды;

Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптарды сақтауды;

қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтауды мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады;

Ресей Федерациясы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы жалға алу Келісімшартында көрсетілген шарттарды сақтауға;

22) өзінің құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

23) өзінің құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

24) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

25) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органмен жер қойнауын ластау бөлігінде талаптарды сақтамауды бұзушылық салдарынан келген залалды бірлесіп айқындау ;

26) конкурсқа қойылуға жататын жалпы таралған пайдалы қазбалардан басқа жер учаскелері тізімін келіседі;

27) қойнауын жер және беру мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;

28) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

29) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптарды сақтауға бақылауды жүзеге асыру;

30) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;

31) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу;

32) зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі қызметін жетілдіру;

33) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасау.

34) Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын,      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы және оның орынбасарынан басқа , лауазымды адамдарды тағайындайды.

17. Құқықтары және міндеттері :

Министрлiк Республика Yкіметінiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.

заңмен және заңға тәуелді актілермен белгіленген құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді және қоршаға ортаны қорғау саласында нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды  қабылдауға;

нормативтік құқықтық актілерді және уәкілетті органдарға осындай бастамашылық жобалар актілерін әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізе алады.


3. Мeмлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басшылықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;

19. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босатады;

20. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады;

21. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірінші басшысының құзыреті: қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалануды басқару және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;



өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;

ведомствоның өзге мемлекеттік органдармен құзыретін және өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді;

қызметінде өзінің бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және одан босатады;

жауапты хатшымен келісім бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

ведомстволар актілерінің қолданысын жояды не толық немесе бөлігінде тоқтата тұрады;

Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда министрлікті білдіреді;

министрлік жұмысының регламентін бекітеді;

министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;

Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық шараларының қабылдануына дербес жауапты болады;

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын Жауапты хатшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (басқа да ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы.

3. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

4. Жасыл даму» акционерлік қоғамы.

5. «Еуразия су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы.

 

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық



органдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті.

2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті.

4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.

5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті.

7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті.

9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті.

11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті.

12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті.

13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті.

14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті.

15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

16. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті.

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының 2-тармағы


Қазақстан Республикасының

Қоршаған ортаны қорғау

Министрі Н. Қаппаров

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет