Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы



Дата07.07.2016
өлшемі109.32 Kb.
#182870


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2014 жылғы

«2» сәуірдегі № 153 бұйрығына 2 - қосымша




«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы

мәліметтерді қамтитын анықтама беру»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 


  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;



2) www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

2. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН көмегімен порталда тіркеуден өтуі тиіс (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қызмет алу үшін ЖСН/БСН және парольді (авторизация процесі) енгізуі (30 сек - 1 мин);

3) 1 - шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН және пароль арқылы порталда тексеру (1 мин);

4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаларды порталмен қалыптастыру (30 сек);

5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының жалға беру шартының нөмірін енгізуі (1,5 мин);

6) 4- процесс - сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы (1,5 мин);

7) 5 - процесс – сәйкестендіру деректерін және порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі туралы деректерді сұрау (1,5 мин);

8) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және түпнұсқалығын тексеру (30 сек);

9) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы түпнұсқалығының расталмағандығына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек - 1 мин);

10) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректер) қол қою және сұрауды «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы мемтізілімге жолдау (30 сек - 1 мин);

11) 3 - шарт – мемтізілімде сұрауды тексеру (өңдеу) (30 сек - 1 мин);

12) 8 - процесс – сұратылған деректердің болмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек);

13) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемтізіліммен қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы анықтама не дәлелді жауап) алуы (30 секундтан артық емес).



5. Мемтізілім арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН көмегімен мемтізілімде тіркеуден өтуі тиіс (мемтізілімде тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемтізілімде қызмет алуы үшін ЖСН/БСН және парольді (авторизация процесі) енгізуі (30 сек - 1 мин);

3) 1 - шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН арқылы мемтізілімде тексеру (1 мин);

4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаларды мемтізіліммен қалыптастыру (30 сек);

5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының жалға беру шартының нөмірін енгізуі;

6) 4 - процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы (1,5 мин);

7) 5 - процесс – сәйкестендіру деректерін және мемтізілімде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі туралы деректерді сұрау (1,5 мин);

8) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және түпнұсқалығын тексеру (30 сек);

9) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы түпнұсқалығының расталмағандығына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек - 1 мин);

10) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректер) қол қою (30 сек - 1 мин);

11) 3 - шарт – мемтізілімде сұрауды тексеру (өңдеу) (30 сек - 1 мин);

12) 8 - процесс – сұратылған деректердің болмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек);

13) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемтізіліммен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы анықтама не дәлелді жауап) алуы (30 сек).

6. Портал және мемтізілім арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы түрінде, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын толық сипаттау осы Регламентке 2-қосымшада ұсынылған.
«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет регламентіне
1 – қосымша
Нысан

Мәліметтер болған жағдайда


Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:

Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мыналар тіркелген:

1) шарт және республикалық мүлік бойынша мәліметтер:




Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару

 

 

Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы)

 

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Баланс ұстаушы:

 

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Жалдаушы  (сенімгерлік басқарушы):

 

БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Шарттың нөмірі мен күні:

 

 

Мемлекеттік мүлік түрі:

 

көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:

 

 

Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны:

 

мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер




Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы х мерзімі өткен күндер саны)

Мембюджетке түсті, теңге

Төлем күні

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы есептелді:

жалға алу төлемі, теңге: _________

өсімпұл, теңге: _________

Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________

Жиыны төлемге, теңге: _________



 

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының  1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.


штрих-кодта «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802  қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

Мәліметтер болмаған кезде

Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама



Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:

Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мәліметтер табылған жоқ.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының  1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

штрих-кодта «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.
Ескертпе:

БСНбизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.




«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет регламентіне
2 - қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



Мемтізілім арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Шартты белгілер:



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет