Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат; 2013 ж., № 24, 381-құжат; № 31, 465-құжат; 2014 ж.,
№ 32, 279-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын басшылыққа алсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Төтенше жағдай – адамдардың құрбан болуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.
Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдер төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, адамдардың өмірін құтқаруға және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге тартылуы мүмкін.»;
208-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тергеуші немесе анықтау органдары (ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әскери полиция органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция органы болмаған жағдайда, шекара бөлімдерінің командирлері, әскери бөлімдердің командирлері) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған әскери қызметшілер – жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысында:
232-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жақын маңдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өртке қарсы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруға міндетті.»;
319-тармақтың үшінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төтенше жағдайларда міндеттерді орындау үшін тағайындалатын Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің құрама жасақтары, кезекші бөлімшелері;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
27, 28, 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.
28. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) бастығы, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.
29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.»;
тәртіптік жарғыға 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің үлгі лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтардың салыстырмалы кестесінде:
мына:
«
ҚР ҚК бас сержанты, ҚР ІІМ
Ішкі әскерлерінің бас сержанты
|
|
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
ҚР ҚК бас сержанты, Ұлттық ұланның бас сержанты
|
|
»;
2) «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат; 2014 ж.,
№ 32, 279-құжат; № 55-56, 538-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қажет болған жағдайда республикалық жедел штаб басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне терроризм актісінің жолын кесу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы ұсыныс енгізеді.»;
13-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бастығы;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімінің командирі;»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарында іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік орган бекіткен нормалар бойынша қажетті материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылады.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 5 мамыр
№ 18
Достарыңызбен бөлісу: |