Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата25.02.2016
өлшемі24.12 Kb.
#25666
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 102-құжат; 2005 ж., № 17, 200-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыптағы, кіріспедегі, 1-тармақтың 1), 2) тармақшаларында және 2-тармақта «халықтары» және «халықтарының» деген сөздер «халқы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясында (2011 жылға дейін) тақырыптағы және мәтін бойынша «халықтары Ассамблеясының», «халықтарының Ассамблеясы», «халықтары Ассамблеясын» деген сөздер тиісінше «халқы Ассамблеясының», «халқының Ассамблеясы», «халқы Ассамблеясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесінде:
тақырыптағы және мәтін бойынша «халықтарының Ассамблеясы» деген сөздер «халқы Ассамблеясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме болып табылады.»;
3-тармақ «Ассамблея шешімдері» деген сөздерден кейін:
«Қазақстан Республикасы Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау шешімдерінен басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға»;
9-тармақтың екінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай сөздермен толықтырылсын:
«соның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынады»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кіші ассамблеялар Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме және Ассамблеяның өңірлердегі өкілдіктері болып табылады».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2007 жылғы 26 шілде

370





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет