Жаңақорған ауданы әкімдігінің қаулысы
№1009 28 ақпан 2011 жыл
Мемлекеттік тіркеу тізілімдегі №10-7-134. 14.03.2011
Қазақстан Республикасы
Президенттігіне кандидаттардың
үгіттік баспа материалдарын
орналастыратын орындар мен
сайлаушылармен кездесу үшін
берілетін үй-жайларды
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабына және Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2011 жылғы ақпандағы №АСК-01/25 өтінімінің негізінде,Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандағы барлық кенттер, ауылдар мен елді мекендердегі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау алды үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар тізімі
1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандағы барлық кенттер, ауылдар мен елді мекендердегі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін белгіленген үй-жайлардың тізімі
2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Барлық кент және ауылдық округтердің әкімдері заңға сәйкес, барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін бірдей құқықтар мен тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибрагимовке тапсырылсын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 3 наурызынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Жаңақорған ауданының
әкімі Б.Еламанов
Достарыңызбен бөлісу: |