Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебіне оқушыларды байқау арқылы қабылдаудың І іріктеу кезеңіне арналған тапсырмалар.
Биология, 7 сынып
1. Тірі организмдерді зерттейтін ғылым
А) Биология
В) Ботаника
С) Селекция
D) Зоология
Е) Микробиология
{Дұрыс жауабы}=А
2. 1938ж Бетпақдалада табылған жануар
А) Сұр қой
В) Жайран
С) Қызыл қасқыр
D) Жалман
Е) Алтай ұлары
{Дұрыс жауабы}=Д
3. Фотосинтез өтетін орын
А) Хлоропласттарда
В) Ядрода
С) Вакуолда
D)Цитоплазмада
Е)Лейкопласттар
{Дұрыс жауабы}=А
4. Өсімдіктің зақымданған жерін қалпына келтіреді
А) Ксилема
В) Флоема
С) Жабын ұлпа
D)Түзуші ұлпа
Е) Фотосинтездеуші ұлпа
{Дұрыс жауабы}=Д
5. Емізік тамырлар болады
А) Шөлде өсетін өсімдіктерде
В) Суда өсетін өсімдіктерде
С) Тропикалық ағаштарда
D) Паразит өсімдіктерде
Е) Кез келген өсімдікте
{Дұрыс жауабы}=Д
6. Қос жарнақты өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы
А) Торлы жүйкелі
В) Қатар жүйкелі
С) Доғал жүйкелі
D) Қатар және доғал жүйкелі
Е) Кез келген жүйкелі бола алады
{Дұрыс жауабы}=А
7. Жапырақ өңінің жасушалары түссіз болу себебі
А) Жапыраққа суды өткізеді
В) Газ алмастырады
С) Суды буландырады
D) Жарықты жақсы өткізеді
Е) Су жапырақтан кіріп, жапырақтан буланады
{Дұрыс жауабы}=Д
8. Тозаңдану дегеніміз-
а) Тозаңның аталықтан аналық аузына түсуі
в) Аталық және аналық жыныс жасушаларының дамуы
с) Тозаңның өсуі
D) Жасушаның бөлінуі
е) Жеміс түзілуі
{Дұрыс жауабы}=А
9. Тұқымды жаққаннан кейін қалған күл –
А) Нәруыз
В) Минеральды тұздар
С) Май
D)Крахмал
Е) Витаминдер
{Дұрыс жауабы}=В
10. Амебаның көбеюі
А) Тең екіге бөліну
В) Бүршіктеніп
С) Спорамен
D)Гаметалар арқылы
Е)Циста түзу арқылы
{Дұрыс жауабы}=А
11. Ауадағы оттегімен тыныс алады
А)Жүзім ұлуы
В) Балық
С) Ай құлақ
D) Кірпікшелі кебісше
Е) Гидра
{Дұрыс жауабы}=А
12. Амеба сіңірген оттегі қажет
А) Су жасау үшін
В) Фотосинтезге
С) Минеральды заттарды ыдырату
D) Органикалық заттарды ыдырату
Е) Барлық жауап дұрыс
{Дұрыс жауабы}=Д
13. Кеудесінде 3 жұп аяқ орналасады
А) Шаяндарда
В) Көбелектерде
С) Өрмекшілерде
D) Ұлуларда
Е) Теңіз жұлдызында
{Дұрыс жауабы}=В
14. Редуценттердің(ыдыратушылардың) қызметі
А) Органикалық заттар түзеді
В) Органикалық заттарды басқа органикалық заттарға айналдырады
С) Минеральды заттадан органикалық заттарды түзеді
D) Органикалық қалдықтарды минеральды заттарға ыдыратады
Е) Өсімдіктермен қорекиенеді
{Дұрыс жауабы}=Д
15. Бунақденелердің толық түрленіп дамуының сатыларының реті
А) Жұмыртқа- қуыршақ- дернәсіл -ересек бунақдене
В) Ересек бунақдене -қуыршақ -жұмыртқа -дернәсіл
С) Жұмыртқа –дернәсіл- қуыршақ- ересек бунақдене
D) Қуыршақ- ересек бунақдене -дернәсіл -жұмыртқа
Е)Жұмыртқа- дернәсіл- ересек бунақдене
{Дұрыс жауабы}=С
Достарыңызбен бөлісу: |