Қосымша
«Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдар аралығында дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған салалық бағдарламаны» мониторингі бойынша оперативтік есеп
Есеп беру мерзімі 2012 жылдың 1 жарты жылдығы
Іске асыру кезеңі 2011 – 2015 жылдар
Мемлекеттік органның атауы – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
Салалық бағдарлама бекітілген құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1399 қаулысы
«Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдар аралығында дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған салалық бағдарламаның» іске асырылу
Атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
Жоспар
|
Айғақ
|
Орындалмаған жетістіктер туралы мәлiмет
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Мақсаты «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамыту»
|
Нысаналы индикаторлар
|
1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 2010 жылғы 17,4%-дан 2015 жылы 25%-ға дейін ұлғайту.*
2. Балалар мен жеткіншектердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншіктерді қамтуды 2010 жылғы 9,5%-дан 2015 жылы 12%-ға дейін ұлғайту.*
3. 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 28 орынды алады (2008 жылы – 29 орын) **
4. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 23 орынды алады (2010 жылы – 24 орын).**
* Ақпарат дерекнамасы: Әкімшілік есеп, ведомствалық статистикалық ақпарат.
** Ақпарат дерекнамасы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми ақпараты.
|
1 міндет. Бұқаралық спортты дамыту
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
Атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
Жоспар
|
Айғақ
|
Орындалмаған жетістіктер туралы мәлiмет
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Спорттық секциялармен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі 2011 жылы – 22,0%, 2012 жылы – 22,5%, 2013 жылы – 23,0%, 2014 жылы – 24,0%, 2015 жылы – 25,0%;
|
%
|
22,5
|
-
|
2-ДШ Ведомствалық статистикалық ақпаратқа сәйкес жылдың қортындысы бойынша есеп 2013 жылы 1 тоқсанның басында белгілі болады.
|
Соның ішінде ауылдық жерде 2011 жылы – 31,7%, 2012 жылы – 32,0%, 2013 жылы 32,5%, 2014 жылы – 33,0%, 2015 жылы – 33,5%-ды құрайды;
|
%
|
32,0
|
-
|
2-ДШ Ведомствалық статистикалық ақпаратқа сәйкес жылдың қортындысы бойынша есеп 2013 жылы 1 тоқсанның басында белгілі болады.
|
Студенттердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын студенттердің үлесі 2011 жылы – 24,0%, 2012 жылы – 25,5%, 2013 жылы – 26,5%, 2014 жылы – 27,5%, 2015 жылы – 28,5%-ды құрайды;
|
%
|
25,5
|
-
|
2-ДШ Ведомствалық статистикалық ақпаратқа сәйкес жылдың қортындысы бойынша есеп 2013 жылы 1 тоқсанның басында белгілі болады.
|
Мүгедектердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектердің үлесі 2011 жылы – 7,0%, 2012 жылы – 7,5%, 2013 жылы – 8,0%, 2014 жылы – 8,5%, 2015 жылы – 9,0%-ды құрайды;
|
%
|
7,5
|
-
|
2-ДШ Ведомствалық статистикалық ақпаратқа сәйкес жылдың қортындысы бойынша есеп 2013 жылы 1 тоқсанның басында белгілі болады.
|
Спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысқан азаматтар саны 2011 жылы – 3,0 млн. адам, 2012 жылы – 3,7 млн. адам, 2013 жылы – 3,9 млн. адам, 2014 жылы – 4,2 млн. адам, 2015 жылы – 4,5 млн. адам.
|
млн.адам
|
3,7
|
1,9
|
-
|
№
|
Іс-шаралар
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушы-лар
|
Орындау мерзімі
|
Іске асырылуы/асырылмауы туралы ақпарат
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. (п.1.)
|
Спортты насихаттау бойынша республикалық және өңірлік (облыстық, қалалық) медиа – жоспарлар әзірлеу
|
Бірлескен бұйрық
|
СДШІА, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
2012 жыл
|
Берiлген мәлiмет бойынша 14 облыста және 2 республикалық дәрежедегi қалаларда спорттың насихаттауы бойынша медиа - жоспарлар жасалған және 2012 жылдың басынан бастап сол жоспарды iске асыруы бойынша іс-шаралар өткізідуде.
|
2. (п.4)
|
Бiлiм беру мемлекеттiк ұйымдарының спорт ғимараттарында (залдар, кешендер, алаңдар) балалар және ересек тұрғындар үшiн, соның iшiнде ауылдық жерлерде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық сабақтарды сабақтан тыс уақытқа ұйымдастыру
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
Жылына 2 рет
20 маусымға және
20 желтоқсанға дейін
|
Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі спорттық секциялар ашу, жергілікті тұрғындарға қол жетімді спорттық мекемелер ұйымдастыру және 2011 жылы 24 ақпанда ҚР Туризм және спорт министрлігінің № 02-02-18/74 бұйрығымен бекітілген «Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер және жеткіншектер спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру туралы ережеге» сәйкес мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оларды нұсқаушы-әдіскерлермен қамтамасыз ету қажеттілігі жайында ұсынысты облыс, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне (27.02.2012 ж. № 06-04/139) хатын жолдады.
Бұдан басқа, Қарағанды облысында жалпы білім беру мекемелерінде 1376 тегін спорттық секциялары жұмыс істейді, онда 34 422 бала шынығуда. Сондай-ақ, облыстың спорттық мекемелерінде спорт бойынша 62 нұсқаушы-әдіскер қызмет етеді.
Жалпы білім беру мекемелерінде спорттық секцияларды ашу және олардың жергілікті тұрғындарға қол жетімді болу сұрағы бойынша Атырау және Ақмола облыстарының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларымен аталмыш сұрақ бойынша білім беру басқармаларымен келісу жұмыстары жүргізілуде.
Маңғыстау облысының район орталықтарында және ауылдық округтерінде дене шынықтыру мұғалімдерімен кешкі уақыттарда спорт түрлері бойынша секциялар мен топтарда жаттығулар жүргізіледі. 2012 жылдың 1 мамырынан бастап облыстың 122 мектептерінде 16 спорт түрлері бойынша 15 958 оқушы секцияларда жаттығады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы облысында жалпы білім беру мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 7 және 18 жас аралығындағы 240 069 адамды немес 68,7 % құрайды, оның ішінде спорт түрлері бойынша секцияларда 195 706 адам айналысса, ол 57,1 % құрайды, дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында, топтарында 39 930 бала шұғылданады, ол жалпы санның 11,7 % құрайды. Барлық мектеп оқушыларының секцияларда жаттығуға мүмкіндіктері бар, бірінші кезекте көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыларының балалары қамтылады.
Алматы қаласы бойынша әкімшіліктің 2001 жылғы «Аула клубтарын ашу туралы» қаулысына сәйкес 2012 жылы 41 клуб жұмыс істеп, онда дене шынықтыру және спорт жаттығулары жүргізіледі. Осы клубтарда 596 үйірме жұмыс істеп, онда 41 596 бала мен жасөспірімдер ақысыз негізде жаттығады. 25 білім беру мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен 29 448 бала тегін айналысады. Қаланың оқушылар сарайында 110 үйірме жұмыс істейді, онда 5 200 бала жаттығады.
Өзге облыстардан және Астана қаласынан Агенттікке ақпарат берілмеді.
Осыған орай, аталған сұрақты ерекше бақылауға алу мақсатында Агенттікпен Облыс және Астана қаласының әкімдерінің атына хаттар жолданды.
|
3. (п.5)
|
Тұрғындардың, соның iшiнде бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен оқушылары, жеке меншiк түрлерiнен және мекемеге бағыныстылығынан тәуелсiз спорт ғимараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдану
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
Жылына 2 рет
20 маусымға және
20 желтоқсанға дейін
|
Қазіргі таңда елімізде дене шынықтырумен спортпен жүйелі түрде барлық тұрғындарды қоса алғанда 21% (3,3 млн.адам) айналысады.
Сонымен қатар, еліміздің спорт мектептерінде шамамен 262 мың бала және 6-18 жастағы жасөспірім (261 852 адам) немесе 10,6% спортпен шұғылданады.
Материалдық-техникалық базаны толық пайдалану үшін, спорт ғимараттарын қол жетімділігін қамтамасыз ету және барлық тұрғындардың және жас аралықтағы тұрғындар арасында бұқаралық спортты жария ету мақсатында Агенттік спорт объектілердің қызмет көсету политикасын зерттеп, бағаларына талдама жүргізді.
Барлық мемлекеттік спорт мектептерде сабақтан тыс уақытта стадиондарда және спорт залдарда жаттығушының басшылығымен БЖСМ мектеп жасындағы балалар тегін оқу-жаттығу процесстері және секциялық сабақтар өткізіледі.
Ерекше көңіл мүмкіндігі шектеулі жандарға, қазіргі саны 450 мың адамнан жоғары, оның ішінде 200 мың адам немесе 45%, олар мүгедектер, оның ішінде жүйелі түрде дене шынықтырумен спортпен шұғылданатын, оның көрсеткіші 2009 жыл 12 мың адам немесе 6,0% 2011 жылғы қорытынды бойынша 15 мың 505 адам немесе 7,7% құрайды. Орта есеппен алғанда облыстарда жүзу бассейініне бір рет қатынау бағасы сағатына 300 - 500 теңге, жаттығу залы – 400 - 600 теңге, Спорт сарайларда және спорт кешендерде топпен бір рет қатынау дене шынықтыру-сауықтыру құны 200 - 400 теңге (абонемент 12 қатынауға 2000 - 4000 теңге). Фитнес орталығына қатынаудың абонементтік құны 9000 - 11 000 теңге шамасында.
Республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында жүзу бассейініне бір реттік қатынау орта есеппен алғанда 450-600 теңге, жаттығу залы 450-600 теңге, фитнес орталықтың абонементтік құны 30 000 теңгеден 10 000 теңгеге төмендеді (12 қатысуға).
Республика бойынша спорт объектілерінің қол жетімдігі ақылы түрде жүргізілетіндігін талдама көрсетті. Оның үстіне, коммуналдық қызметтердің тарифтерінің көтермелеуі, инструкторлардың жалақысы және спорттық керек жарақтармен спорт қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету Қарағанды, Алматы, Қостанай және республикамыздың басқа да облыстарында абонементтік бағасының өсуі байқалады, Оңтүстік Қазақстан облысында жылдың жылы кезеңі келуіне және коммуналдық шығындардың азаюына байланысты абонементтік төлемдердің бағасы төмендеді. Жеке меншік спорт объектілерде мүгедектерге арналған жеңілдіктер талдама көрсеткендей 20% - 100% құрайды.
Бүгінгі таңда объектілердің өткізу қабілеті 1 млн. 143 мың адам немесе 7,19%, осы ретте, Агенттік өз құзыреті не сәйкес негізгі бағыт атап айтқанда қол жетімділік пен қамтамасыз ету.
Осы мақсатта Агенттік Алматы және Астана қалалары және облыс әкімдіктеріне спорт ғимараттарының, клубтардың, сонымен қатар, 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына арналған объектілердің қол жетімділігін қамтамасыз етуге нұсқаулық берілді.
|
4. (п.6)
|
Жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарының «Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға азаматтарды қамту» насаналы индикторына сәйкес, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың қамтуын жоғарлатуын қамтамасыз ету
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
Жылына 2 рет
20 маусымға және
20 желтоқсанға дейін
|
Бірінші жарты жыл нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы төңірегінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында барлығы 12 504 спорт шаралары жүргізіліп, оған 1 961 934 адам қатысты. Оның ішінде 7 854 ауылда өтіп, оған 1 111 445 адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесе барлық облыстарға және Астана, Алматы қалаларына 2012 жылы 19 мамырда «Олимпиадалық жүгіріс күнін» өткізу туралы ұсынысын жолдады. Аталмыш ұсыныс барлықтарынан қолдау тапты.
Агенттік тарапынан аталған іс-шараға қатысты бейне таспа әзірленіп, 2012 жылдың 16 мен 19 мамыр аралығында «Қазақстан» телеарнасында көрсетіліп, ал 17 мамырда «Дәулет» спорт комбинатында баспасөз конференциясы өткізілді.
Салауатты өмір салтына және осы іс-шараға қатысу үшін көптеген адамдардың қызығушылығын арттыру мақсатында аймақтарда әлеуметтік тапсырыс бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Ргеннің қолтаңбасы қойылған және «Олимпиадалық жүгіріс күні» іс-шарасының таңбасы бар жеңіл жейделері әзірленді.
Жүгіріс қатысушыларының ішінде – мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары, министрліктер мен ведомстволардың, «Ұлан» Республикалық гвардиясының, ҚР Президентінің Қорғау қызметі қызметкерлері, жүгіріс әуесқойлары. Құрметті қонақтардың ішінде – Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің өкілдері, сонымен қатар, танымал толағайлар - Юрий Мельниченко және Георгий Цурцумия – олар Лондондағы біздің спортшыларға сәттілік тілеп астаналықтарды, сонымен бірге барлық қазақстандықтарды алдағы Олимпиада ойындарында ұлттық құраманы қолдауға шақырды.
Жарыс барлық республикада спорттың әр түрлері бойынша өткізілді (жеңіл атлетикалық жүгіріс, спорттың ұлттық түрлері, спорттық гимнастика, спорттық би, таеквандо, шығыршықпен синхрондық сырғанау және «Әке, ана және мен» деген отбасылық бастаулар).
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ұсынған мәліметтері бойынша барлық республикада аталған іс-шараға 306521 адам қатысты:
Шығыс Қазақстан облысы – 69460 тұрғын;
Ақмола облысы – 59296 тұрғын;
Батыс Қазақстан облысы – 37823 тұрғын;
Қызылорда облысы – 23000 тұрғын;
Қарағанды облысы – 20000 тұрғын;
Қостанай облысы – 17500 тұрғын;
Оңтүстік Қазақстан облысы – 13208;
Алматы облысы – 12000 тұрғын;
Маңғыстау облысы – 11570 тұрғын;
Павлодар облысы – 11241 тұрғын.
Астана қ. – 8062;
Жамбыл облысы – 7268 тұрғын;
Атырау облысы – 5830 тұрғын;
Алматы қ. – 3000 тұрғын;
Солтүстік Қазақстан облысы – 3000;
Ақтөбе облысы – 2500 тұрғын.
|
5. (п.7)
|
Дене шынықтыру және спорт объектілерiнде бiлiм беру ұйымдары іске асыратын сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық сабақтарды өткiзу барысында қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
Жылына 2 рет
20 маусымға және
20 желтоқсанға дейін
|
2004 жылғы 27 наурыздағы ҚР Туризм және спорт агенттігінің м.а. Төрағасының № 06-2-2/97 бұйрығы бойынша спорт және дене шынықтыру сабақтарын және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысындағы қауiпсiздiк ережесiне және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету спорт ғимаратының дайындығының актіне қол қоятын спорт ғимараттарының және дене шынықтыру-сауықтыру сабақатрының және спорттық іс-шаралардың нақты деребес жетекшiсі жауапты.
Осы шаралардың орындалуы мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар осы ережеге сәйкес мекемеге қарасты спорт ғимараттарында, базасында және іс-шаралардың өткізілетін уақытша орындарда, қоршаған ортаның және аумақтық, климаттық, көлiк қозғалысының жағдайларын есепке ала отырып, оқу-жаттығу процестерін және спорттық іс-шараларды өткізу туралы бұйрықтар шығарады.
|
6. (п.12)
|
Қысқы спорт түрлері бойынша 3 бөлімше және клуб ашу
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Қостанай,
Ақмола,
Павлодар облыстарының әкімдері
|
2012-2013 жылдар
|
Қысқы спорт түрлерiн дамыту мақсатында облыстардың және Астан, Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларына Агенттiк темiртабан, тау шаңғысы, сноуборд, керлинг допты хоккей және фристайл (акробатика, могул, ски-кросс) спорт түрлері бойынша бөлімшілір ашу туралы ұсыныс хат бағытталды.
2012 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Астана қаласында «Алау» Республикалық мұз сарайында балалар мен жасөспірімдер спорттың дамыту бойынша бөлiм жұмыс iстейдi, онда темiртабан, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, допты хоккей спорт түрлері бойынша спорты бойынша бөлімшелер халықтың қызметінде. 2012 жылдың 1 шiлдесiнен бастап керлинг спорты бойынша 2 штаттық бiрлiктер енгiзiлген.
Алматы облысы Талғар ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шорт-трек, шаңғы жарысы, шаңғы спорт түрлері бойынша спорттық бағдарлауға арналған бөлiмше ашылды. Ескелды, Саркан, Райымбек, Қарасай, Кербулак аудандарының Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шаңғы жарысы бойынша бөлiмше жұмыс ітейді.
Қысқы спорт түрлерi бойынша Ақмола, Павлодар облыстарында бөлiмшелердiң ашылуы 2013 жылға жоспарлаған.
|
7.
(п.13)
|
626 мектепке дейінгі мекемелерді, жалпы білім беру мектептерін, лицейлер мен колледждерді заманауи спорттық жабдықтармен және инвентармен, соның ішінде ауылдық жерде қамтамасыз ету
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Ақтөбе, СҚО, Павлодар, Ақмола облыстарының әкімдері
|
жыл сайын
желтоқсан
маусым
|
Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес 2011 -2012 оқу жылдарына білім беру саласында шаңғы керек-жарақтарымен келесі аудандар мен қалалар қамтамасыз етілді:
- Ақкөл ауданы: ОМ-2 (30 жұп) және ОМ-4- (30 жұп) Ақкөл қ.
- Боланды ауданы: МГ Макинск қ. (90 жұп), Никольская ОМ (33 жұп) – Сандықтау ауданы: ОМ № 1 (90 жұп) Балкашино к., ОМ Каменская (30 жұп)
- Зеренды ауданы: СШ-1 (50 пар) и СШ-3 (40 пар) Зеренда с.
- Бурабай ауданы: МГ № 1 (75 жұп), ОМ № 4 (60 жұп), ОМ № 6 (60 жұп), МГ № 8 (75 жұп) Щучинск қ.;
- Кокшетау қ.: ОМ № 3, ОМ № 13, ОМ № 19 және ОМ № 21 (30 жұп)
Барлығы 723 шаңғы комплектісі.
Ақтөбе облысы бойынша:
2011-2012 оқу жылы мектепке дейінгі мекемелерде 6 және облыстың жалпы білім беру мектептерінде 55 спорт құрылымдарымен 10 369,2 тенге
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық мектептерде және профессионалды білім беретін мекемелерде спорттық керек-жарақтармен 75 %, оның ішінде ауылды жерлерде 65 % қамтамасыз етілді.
|
8. (п.30)
|
Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар желісін 2 бірлікке ұлғайту
|
СДШІА-ға ақпарат
|
Ақтөбе,
Маңғыстау облыстарының әкімдігі
|
2012-2013 жылдар
|
Маңғыстау облысында бұл интернаттың ашылуы 2014 жылға жоспарланған, ал Ақтөбе облысында - Ақтөбе қаласындағы «Есет батыр атындағы әскери-полициялық мектеп-интернат» қазіргі таңда атауын «Есет батыр атындағы әскери-спорттық мектеп-интернат» деп өзгерту жұмыстары атқарылуда, қазіргі таңда құжаттары әділет органдарында. Жаңа статуста бекітілгеннен кейін осы мектеп- интернатта 2012-2013 оқу жылына 7-8 сыныптарға 50 оқушы қабылданады. Спорт түрлері – бокс, еркін және грек-рим күрестері, дзюдо. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр.
|
9. (п.39)
|
Балаларға (жасөспірімдерге) арналған 5 аула клубын құру
|
Жергілікті
атқарушы органдардың
шешімі
|
Ақтөбе,
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері
|
маусым
желтоқсан
жыл сайын
|
Жасөспірімдердің басым бөлігін қосымша біліммен қамту, кәмілет жасына толмағандар арасында бақылаусыздық, құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу мақсатында Солтүсік Қазақстан облысында Петропавл қаласында 19 аула клубтарын біріктіретін «Мектептен тыс жұмыстарының бала-жасөспірім орталығы» қызмет атқарады.
Клубтар қаланың барлық аймақтарында ашылып, ерекше назар Кожзауыт, ДСР, Жұмыс поселкесі, Заречный, Бензострой, 19 және 20 шағын аудандарына аударылуда. Клубтар жалпы білім беру 13 мектептерде де, жеке тұрған ғимараттарда да орналасқан.
Клубтар өз жұмыстарында мектептердегі әлеуметтік педагогтармен, наркоорталықтарының мамандарымен тығыз әрекеттеседі.
2012 жылдың соңында Петропавл қаласындағы № 23 ОМ негізінде авиамодельдеу үйірмесі бар клубтың ашылуы көзделуде. Тағы бір клуб № 7 ОМ негізінде көпфункционалды спорттық алаңда жұмыс істейтін болады.
Қазіргі кезде Ақтөбе облысында балаларға арналған 6 аула клубтары жұмыс істейді.
2012 жылдың бірінші жартысының нәтижесі бойынша Қызылорда облысында келесі спорттық-сауықтыру клубтары ашылды:
-
Қызылорда облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық-сауықтыру клубы» ;
-
Жалағаш ауданының «Наркескен спорт клубы»
|
10. (п.53)
|
Дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлеріне арналған кәсіби стандарттарды әзірлеу
|
Кәсіби стандарттар
|
СДШІА, БҒМ
|
2012-2013 жылдар
|
Дене шынықтыру саласындағы қызметкерлерге арналған кәсіби стандарттардың әзірленуіне Агенттік 10 395 мың тенге соммасына ұсыныс енгізіген, алайда ҚР бюджеттік комиссиясы 2012 жылы 19 маусымадғы № 13 шешімімен 7 254 мыс тенгені қолдады.
|
2 міндет. Жоғары жетістіктер спортын дамыту
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
Білікті спортшылардың (спорт шеберлері) жалпы саны ішінде халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері санының үлесі 2011 жылы – 20,0%, 2012 жылы – 25,0%, 2013 жылы – 28,0%, 2014 жылы – 30,0%, 2015 жылы – 34,0%;
|
%
|
20,0
|
-
|
2-ДШ Ведомствалық статистикалық ақпаратқа сәйкес жылдың қортындысы бойынша есеп 2013 жылы 1 тоқсанның басында белгілі болады.
|
Кешенді спорттық іс-шараларда, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде иеленген медалдардың саны 2011 жылы – 671, 2012 жылы – 665, 2013 жылы – 697, 2014 жылы – 712, 2015 жылы – 717.
|
бір.
|
665
|
214
|
-
|
№
|
Іс-шаралар
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
Іске асырылуы/асырылмауы туралы ақпарат
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
11.
(27-т)
|
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жұмыс істеуін қамтамасыз ету «Сарыарқа» республикалық велотрек» және «Алатау» шаңғы және биотлон стадиондарының кешені»
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
СДШІА
|
2011-2015 жылдар
|
«Республикалық велотрек «Сарыарқа» РМКК
Мекеменің қызметтік мақсаттары, бұқаралық дене шынықтыру спорттық қозғалысты дамыту үшін спорт ғимаратын және жабдықтарын іске қосу, орталықтандырылған жылдық спорттық резервті және спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командалардың дайындықтарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Халықты спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары атқарылды:
• футбол залында, аптасына 5 рет 18.00 - 22.00 сағатқа дейін дайындық жүргізіледі;
• фитнес орталығында (бассейн, тренажерлық зал және сауналар) аптасына 6 рет толтырылады 9.00 - 23.00 сағатқа дейін;
• бокс залында аптасына 4 рет 18.00 - 21.00 сағатқа дейін секцияларда дайындық жүргізіледі;
• мұз айдыны шорт-трек бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы негізделген, БЖСМ № 2 шорт-тректен жаттығулар өткізеді, сонымен қатар, фигуристер дайындық жасайды. Дайындық 9.00 - 13.00 сағатқа дейін және 15.00 - 20.00 сағатқа дейін өткізіледі;
• «Жұлдыз» көркем гимнастика мектебі ашылды. гимнастикалық залда дайындық күн сайын 9.00 - 20.00 сағатқа дейін өтеді.
• БЖСМОР велосипед мектебі негізделген, жаттығу уақыты аптасына 4 рет 9.00 - 12.00 және 15.00 - 18.00 сағатқа дейін;
• қонақ үй кешенінде толық пансионмен (мейрамханада тамақтану) «Байтерек» футбол командасының бірінші лигасы негізделген;
2012 жылғы өткізу қабілеті 800 адамға жоспарланған, бірақ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында халықты тарту кезінде өткізу қабілеті 140 пайызға өсті.
Мысалы, 2012 жылдың жартыжылдығының соңында, талдама спортпен шұғылданатындардың саны артқандығын көрсетті:
бок залы – 720 адам
фитнес орталығы – 2400 адам
гимнастика залы – 6400 адам
баскетбол – 1500 адам
мұз айдыны – 1200 адам
мини-футбол – 1152 адам
шорт-трек – 672 адам
Барлығы: 20 044 адам
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Алатау» Шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» РМКК.
«Алатау» Шаңғы және биатлон стадиондарының кешені аумағында Азияда кезінде биатлон, шаңғы жарысы және шаңғымен қысқы спорт бағыты бойынша жарыстар өтті.
2012 жылғы жартыжылдықта аталған спорт объектісінде халықаралық және республикалық жарыстар өткізілді:
- Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- ПОДА, Россия өкілдерінің биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Степногорск қ. спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының шаңғы жарысы бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Ақмола облысы спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Павлодар облысы спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Олимпиадалық орталық дайындығы спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- МЖСШ спортшыларының шаңғы жарысы бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Қазақстан Республикасы ашық FIS старт шаңғы жарысынан чемпионаты;
- Қазақстан Республикасы биатлон бойынша біріншілігі;
- Алматы қаласы Кеден департаменті қызметкерлерінің арасында шаңғы жарысын өткізу (жан ұялық спартакиада)
- Олимпиадалық орталық дайындығы спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Қазақстан Республикасы шаңғы жарысы бойынша біріншілігі;
- Олимпиадалық орталық дайындығының спортшыларының биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Қазақстан Республикасы құрамасының әлем чемпионатына биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны;
- Д. А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған бұқаралық шаңғы тебуді ұйымдастыру;
- Спорттық-сауықтыру лагерін қалыптастыруды ұйымдастыру;
- (4 – 7 сынып оқушылары) аз қамтылған жан ұялардың балаларынан құралған екі отрядтың демалысын және спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
|
3 міндет. Саланың кадрлық әлеуетін даярлау жүйесін жетілдіру
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
Біліктілігін арттырудан өткен жаттықтырушы-оқытушылардың үлесі 2011 жылы – 5%, 2012 жылы – 6%, 2013 жылы – 7%, 2014 жылы – 8%, 2015 жылы – 10%-ды құрайды;
|
%
|
6,0
|
-
|
2-ДШ Ведомствалық статистикалық ақпаратқа сәйкес жылдың қортындысы бойынша есеп 2013 жылы 1 тоқсанның басында белгілі болады.
|
Қаржылық қаражатты игеру (мың тенге)
Қаржыландыру көздері
|
Жоспар
|
Факт
|
Ауытқу
(топ 2-топ 3)
|
Қолданбау себебтері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Республикалық бюджет
|
15 120 132,0
|
15 070 004,9
|
50,1
|
Игерілмеген: 50 127,1 мың теңге (1027,7 мың теңге – жаттықтырушылардың және спортсмендердің құжаттарды ұсынуы шамасы бойынша өмір бойы материалдық қамтамасыз етуді төлеуге арналған құралдар; 358,5 мың теңге – бос орындар және сырқаттық қағаздардың есебінен еңбек ақы төлеу қоры бойынша үнемдеу; 20,0 мың теңге – коммуналдық қызмет көрсетулер бойынша үнемдеу; 445,6 мың теңге – мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу; 327,3 мың теңге – ТБО шығару және ұсынылған есептерге сәйкес1С «Бухгалтерия» программасын жүргізу бойынша қызмет көрсетулерге төлеу; 2947,1 мың теңге – негізгі құралдарды алу үшін кәсіпорындармен есеп-фактуралары ұсынылмаған; 45 000,9 мың теңге – бекітілген жұмыс өндірісінің графигінен қалып қою және мердігер мекемелердің атқарылған жұмыстары бойынша актілерді мезгілсіз тапсыруына байланысты).
|
Достарыңызбен бөлісу: |