Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қыркүйек
Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан»
мерекесін және Бірыңғай Білім Сабағын өткізу
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Білім Күні – оқушылар мен ата-аналардың, өз мектебін сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн! Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.
Мерекенің идеологиялық акценті. Қазақстан – қоғамдық тұрақтылықтың және 100 этнос пен 17 конфессияның мүдделерін сақтау мен нығайтудың үлгісі.
Республикада оқыту толығымен өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. 108 мектепте 22 этностың тілдері дербес пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілдері оқытылатын арнайы 195 лингвистикалық орталық ашылған.
Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газеттер мен журналдар белсенді қызмет атқарады. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс жасайды. Газеттер мен журналдар 11 тілде, радиохабарлар – 8 тілде, телехабарлар – 7 тілде таратылады.
Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі әлеуметтік күйзелістер мен үдемелі ғаламдық тұрақсыздық аясында Қазақстан тұрақты және сенімді түрде дамуда.
«Мәңгілік Ел» − біздің тұтастығымыздың сарқылмас қуат көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
«Мәңгілік Ел» − қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи тереңдігін көрсететін жалпыхалықтық идея, өз Отанына деген сүйіспеншіліктің бейнесі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі.
Білім күнін өткізуге негіздеме
Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 Қаулысы):
- 28 тармақ. Білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күніне арналған салтанатты шаралар, тақырыптық дәрістер; Білім күніне республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу;
- 68 тармақ. Жоғары, арнайы орта және жалпы білім беру мекемелерінде Судьялар корпусы, Конституциялық Кеңес және әділет органдары өкілдерінің қатысуымен дәрістер және «ашық сабақтар» ұйымдастыру және өткізу.
Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қаулысы):
- 35 тармақ. Білім беру ұйымдарында және елді мекендерде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әдеби кештер, естелік сағаттарын, «Ерлік сабақтарын», «Бейбітшілік Сабақтарын», интербелсенді сабақтар, спорттық-көпшілік, мәдени-ойын-сауық және тәрбиелік-насихаттық шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің барлық мектептерінде 1 қыркүйек күні «Ерлік сабағын» жүргізу туралы тапсырмасы (2015 жылғы 11 тамыздағы № 20-59/3202).
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы№ 1448 Қаулысы).
Білім күнінің мақсаты – Мәңгілік Ел ұлттық идеясы контексінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру процесіне енгізу.
Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты – қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, жылдары, басты құндылықтар – тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту.
Мемлекеттік рәміздерді, өз елінің дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін, Қазақстан Республикасының Конституциясын мақтаныш ету және құрметпен қарау сезімін жандандыру.
Білім күнінің дамытушы және білім беру мақсаты – балалардың өз Отанының тағдыры үшін жауапты азамат екенін түсінуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын түсіндіру, олардың Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы маңызын ашу.
Білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Білім күні өткізілетін дата: 2015 жылғы 1 қыркүйек
Білім күніне арналған іс-шараларды өткізу мерзімі:
2015 жылғы 25 тамыз – 5 қыркүйек күндері аралығы
Білім күнінің мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, педагогикалық еңбектің ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқару органдары, құқық қорғау органдары, мектептерді қамқоршылығына алған ұйымдар (шефтер), меценаттар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
20 жылдығына, Қазақ хандығы құрылғанының
550 жылдығына және 1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Бірыңғай Білім Сабағы
Мектептке дейінгі ұйымдар - «Менің елім – Қазақстан» тақырыбы бойынша ұйымдасқан оқу-іс-әрекеті (1 қосымша).
1 сыныптар – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына өткен Бірінші Білім сабағында әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын сыйға тарту (2 қосымша).
2-4 сыныптар – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына Білім сабағын өткізу (3 қосымша).
5-8 сыныптар – «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік Сабағы (4 қосымша).
9-11 сыныптар – «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына Бейбітшілік және келісім сабағы (5 қосымша).
Білім беру ұйымдарында өткізуге ұсынылатын іс-шаралар:
-
Білім Күніне, бірінші сынып оқушыларына арналған Алғашқы қоңырау соғылатын «Менің Отаным – Қазақстан» Салтанатты линейкалары.
-
«Армысың, мектеп!» мәдени-танымдық бағдарламалар, мектеп өмірі туралы мультипликациялық фильмдер және фильмдер көрсету – төменгі сынып оқушылары үшін.
-
Оқушылар үшін театрға, циркке қайырымдылық экскурсиялар, «Мұражайдағы білім күні» акциясы, «Қиялдағы ғылымдар мектебі» мәдени-ойын-сауық бағдарламасы – орта мектеп оқушылары үшін.
-
«Ертеңгі күнге» жол мектебі» зияткерлік және танымдық кештер – жоғары сынып оқушылары үшін.
-
«Мектеп өмірі», «Кітап қалашығы», «Мектептегі қиындықтар» кітап-көрнекілік көрмелері және т.б. – ата-аналар үшін.
Ұсынылатын аудандық, қалалық, өңірлік іс-шаралар:
-
Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» аудандық қалалық, облыстық мерекелерде (форумдар, слеттер) әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Сыйға «Менің Отаным – Қазақстан» оқу құралын тарту.
-
«Сәт сапар, Білім кемесі!» – шағын аудан, елді мекен тұрғындарының қатысуымен білім беру нысандарын салтанатты түрде ашу.
-
Балалар шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттері, ашық концерт алаңдарында, саябақтар мен гүлзарларда «Мектептік аралдар», «Мектеп портфелінің құпиялары», «Мектеп достары бағында» шаралары.
-
Көпшілік спорттық-отбасылық мерекелер және т.б.
Барлық шаралар БАҚ-да жариялануы қажет, Білім Күніне арналған мерекелік шараларды өткізу туралы материалдар білім беру ұйымы, білім беру басқармалары органдарының және мектептің сайттарына орналастырылуы тиіс.
Бірінші сынып оқушыларын құттықтау үшін арнайы беттер ашу және бірінші сынып оқушылары ата-аналарының интернет-қауымдастығын құру ұсынылады.
-
қосымша
Бірінші Білім Сабағы
«Менің Отаным – Қазақстан»
мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері үшін
Білім Сабағының тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан» («Моя страна – Казахстан»).
Ұйымдасқан оқу-іс-әрекетінің мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларда патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Мақсатты топтар: орта және жоғарғы топ балалары (3-6 жастағы), тәрбиешілер, педагог-мамандар, әдіскерлер, ата-аналар, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, педагогикалық еңбектің ардагерлері, жергілікті атқару органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері.
Құралдар: плакатта (банерде) «Менің Отаным – Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» жазулары, республика рәміздері, белгілі тұлғалардың және көрікті жерлердің фотосуреттерінен фотоколлаж, патриоттық тақырыпқа балалар салған суреттер, музыкалық аспаптар.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
-
Тәуелсіздік символдары. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
-
«Астана – еліміздің бас қаласы».
2-қосымша
Бірінші Білім Сабағы
«Менің Отаным – Қазақстан»
бірінші сынып оқушылары үшін
Бірінші Білім Сабағының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан».
Мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизм мен тағаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік-рухани қалыптастыру.
Мақсатты топтар: бірінші сынып оқушылары, ата-аналар, бастауыш сынып мұғалімдері, педагогикалық еңбектің ардагерлері, жергілікті атқару органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері.
2015 жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған әрбір бірінші сынып оқушысына сыйлық ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» оқу құралы дайындалды.
Кітап – білім беру саласындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы алғашқы жоба, және балаға туған елінің мәдени құндылықтарын ашады, Қазақстан халқының тұтастығын түсінуіне, азаматтық көзқарасы қалыптасуына көмектеседі.
Сабақтың тақырыбы дәстүрлі түрде Елбасының идеологиясымен байланысты. Өз өміріндегі алғашқы сабақта Президенттен сыйлық алған бала өз елі үшін мақтаныш пен ризашылық сезіміне бөленері анық. Осыған байланысты бірінші Білім Сабағы және Кітапты табыстау сәті салтанатты жағдайда өтуі және төменгі сынып оқушылары үшін есте қаларлық оқиға болуы тиіс.
Кітапты табыстау рәсімін өңірдегі мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, ғалымдар, жастар қозғалысының көшбасшылары, түрлі деңгейдегі әкімдер жүргізеді.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер) Кітаптың 12 бөліміне сәйкес болуы тиіс:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзі.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
-
Еңбексүйгіштік, адалдық және білімділік – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
-
Менің өлкем Қазақстан Республикасының картасында.
-
Елордамыз Астана.
-
Туған өлкенің табиғаты.
-
Қазақтардың тұрмысы және мәдениеті.
-
Ғарышты игеру.
-
Салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар.
-
Қазақ хандығына – 550 жыл.
-
Қазақ халқының ағартушылары.
-
Қазақстан Республикасының мерекелері.
Бұл оқу құралы сынып сағаттарында негізгі материал, сауат ашу және дүние тану сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға ұсынылады.
3-қосымша
Білім Сабағы
«Менің Отаным – Қазақстан»
2-4 сыныптар үшін
Білім Сабағының тақырыбы «Менің Отаным – Қазақстан»
Сабақтың мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизм мен тағаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік-рухани қалыптастыру, өзі дүниеге келген туған жеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Мақсатты топтар: 2-4 сыныптардың білім алушылары, ата-аналар, бастауыш сынып мұғалімдері, Ұлттық қайта өркендеу мектебінің өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, педагогикалық еңбектің ардагерлері, жергілікті атқару органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері.
Құралдар: Қазақстанның картасы, плакатта (банерде) «Менің Отаным – Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» жазулары, республика рәміздері, белгілі тұлғалардың және көрікті жерлердің фотосуреттерінен фотоколлаж, ұшақ, жүрек суреттері, қазақ тілінде жазылған тағам атаулары, музыкалық сүйемелдеу, мақалдар және т.б.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
-
Тәуелсіздік символдары. Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
-
«Астана – еліміздің бас қаласы».
-
Еліміздің географиялық ерекшеліктері «Алтайдан Каспийге дейін». Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы.
-
«Қойнауы кенге толы өлке». Ландшафт. Таулар және өзендер.
-
«Туған елдің бастаулары». Қазақтардың тұрмысы және мәдениеті.
6. Қазақстан Республикасының мерекелері.
7. Қазақ халқының ағартушылары. Адамдық құндылықтар.
Өткізу формалары: саяхат-сабақ, викторина-сабақ, сайыс-сабақ, ойын-сабақ, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар байқауы, фильмдер көру.
4-қосымша
Ерлік сабағы
«Қазақ халқының ерлік істері»
5-8 сыныптар
Ерлік Сабағының тақырыбы «Қазақ халқының ерлік істері».
Сабақтың мақсаты – патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.
Мақсатты топтар: 5-8 сыныптардың білім алушылары, ата-аналар, негізгі мектеп мұғалімдері, әскери бөлімдердің офицерлері мен солдаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, жауынгер-интернационалистер, педагогикалық еңбектің ардагерлері, жергілікті атқару органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері.
Құралдар: берілген тақырып бойынша кітап көрмесі, сурет көрмесі, аудиоматериалдар,бейнематериалдар.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
-
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Тарихи шындық.
-
Қазақстандық батырлар.
-
Аты аңызға айналған жерлестеріміз.
-
Жауды жеңудегі қазақстандықтардың тылдағы ерліктері.
-
Бейбіт күндегі ерлік пен батылдық.
-
Қаза болғандарға арналған ескерткіштер мен мемориалдар.
-
Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы бейбіт саясаты.
Өткізу формалары (элементтерді пайдалану): әдеби-поэзиялық композиция, пресс-конференция, іскер ойын, пікірталастар, диспут, оқушылар жобаларының презентациясы, викторина, сайыс.
Қосымша материалдар: Қазақстан Қарулы күштері туралы имидждік бейнероликтер:
1) «ҰОС Жеңістің 70 жылдығы» бейнеролигі, 55 сек.;
2) «Десант биатлоны» бейнеролигі, 1 мин. 26 сек.;
3) «Әскери қызметтегі бір күні» бейнеролигі, 2 мин. 47 сек.;
4) «QR-код» бейнеролигі, 1 мин. 22 сек.;
5) «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары» бейнеролигі, 2 мин. 12 сек.
5-қосымша
Бейбітшілік және келісім сабағы
«Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр»
9-11 сыныптар
Сабақтың тақырыбы «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр».
Сабақтың мақсаты – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тағаттылықты, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстан туралы білімін тереңдету.
Мақсатты топтар: 9-11 сыныптардың білім алушылары, ата-аналар, жалпы орта мектеп мұғалімдері, өңірдің түрлі саладағы табысты және белгілі адамдары, мәслихат депутаттары, саясаттанушылар, тарихшылар, мұражай қызметкерлері, педагогикалық еңбектің ардагерлері, жергілікті атқару органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері.
Құралдар: мемлекеттік рәміздер, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» стенді, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларынан үзінділер (слайдылар), қазақстандық ойшылдардың даналықтары, кітап көрмесі, фото көрме, оқушылар мен мұғалімдердің халық шығармашылығы бұйымдарының көрмесі, ұлттық киімдер көрмесі. Патриоттық тақырыпқа деректі бейнефильмдер.
Музыкалық көркемдеу: республикада өмір сүретін халықтардың музыкалары, казакстандық патриоттық әндер.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
-
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы-әлеуметтік жаңғырту серпілісі және республиканың жаңа индустриалды инновациялық экономикасы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы: өткені, бүгіні және болашағы. Ұлт Бірлігі доктринасы.
-
Мемлекеттік тілдің бірегейлігі. Үш тілді білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама.
-
Заманауи Қазақстанның жетістіктері.
-
«Бейбітшілік пен келісім сенен басталады» (отбасы, сынып, достар).
Өткізу формалары: ролдік ойындар, оқушылар жобаларын қорғау, пікірталас, дебаттар, ауызша журнал, «сырттай» саяхат, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен, Ұлттық қайта өркендеу мектептерінің тәрбиеленушілерімен, заңгерлермен, саясаттанушылармен, мұражай өкілдерімен, тарихшылармен, саяхатшылармен кездесу.
Достарыңызбен бөлісу: |