Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға келісу және оған



Дата04.07.2016
өлшемі324.33 Kb.
#178039
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.05.2010 15:43:18
Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулықты бекіту жайында Қазақстан

Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N

824, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004

жылғы 1 желтоқсандағы N 309-п, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының міндетін

атқарушының 2004 жылғы 11 қарашадағы N 236-п, Қазақстан Республикасы

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер

қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 желтоқсандағы N

161-п бірлескен бұйрығы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 66 тармағына сәйкес



БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға келісу және оған рұқсаттар беру туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 50-П және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 155-П "Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға келісу және оған рұқсаттар беру туралы нұсқауды бекіту туралы" (2001 жылғы 30 шілдедегі N 1595 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркеуден өткен, 2001 ж., N 29, 462 бет. Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) бірлескен бұйрығы өзінің күшін жойды деп табылсын.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы




Денсаулық сақтау министрі

Қоршаған ортаны қорғау

министрі

______________________







______________________




Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы




Ауыл шаруашылығы министрлігі

Энергетика және минералдық




Су ресурстары жөніндегі

ресурстар министрлігі




комитеті төрағасының

Геология және жер қойнауын




міндетін атқарушы

пайдалану комитетінің

төрағасы

______________________







______________________

"Қазақстан Республикасында арнайы су

пайдалануға келісу және оған рұқсаттар

беру туралы нұсқаулықты бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

қорғау министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы

N 309, Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы

N 824, Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі

комитеті төрағасының міндетін атқарушының

2004 жылғы 11 қарашадағы N 239-п, Қазақстан

Республикасы Энергетика және минералдық

ресурстар министрлігі Геология және жер

қойнауын пайдалану комитеті төрағасының

2004 жылғы 12 желтоқсандағы N 161-п

бірлескен бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға

келісу және оған рұқсаттар беру туралы

НҰСҚАУЛЫҚ

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы жөніндегі" заңына, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 "Арнайы су пайдалануға рұқсаттар берудің ережелерін бекіту туралы" қаулысына (әрі қарай - Ережелер), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 144 "Су қорын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 85 "Су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізу, суларды есепке алу мен оларды пайдалану туралы ережелер" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы жер қойнауына мемлекеттік мониторинг туралы ережелерге сәйкес дайындалған.

2. Қазақстан Республикасының Су кодексінің 66-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа ағынды суларды жер үсті су объектілеріне қашыртқылау, сондай-ақ, жер қойнауынан тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі лимитте алынатын шаруашылық-ауызсулық және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану рұқсаттар негізінде жүргізіледі.

3. Арнайы су пайдалануға рұқсат (әрі қарай - рұқсат), иесінің су объектілерінен тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқы және басқа да сарқынды сулардың жер бетіндегі су объектілеріне ағызылуына арнайы су пайдалануға және жер қойнауы бөлігінен алу лимиті елуден екі мың текше метрге дейінгі су пайдаланудың нақты түрін пайдалануының құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

Рұқсаттар, су пайдаланудың негізгі жағдайларын, пайдалану мен барлау жобасының келісу мерзімдерін, су пайдалану жөніндегі істерді бастау мен аяқтау уақыттарын анықтайды.

4. Осы Нұсқаулықпен, рұқсаттарды келісімдеу мен беру кезінде заңнаманы қолдану нақтыланады.

5. Заңды және жеке тұлғаларға рұқсаттар Ереженің 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Ереженің 6-тармағында келтірілген мемлекеттік органдармен су пайдалану шарттары келісілгеннен кейін беріледі. Арнайы су пайдалануды жүзеге асырғанда пайдаланылатын ғимараттардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығына, су қорының жай-күйіне, флора мен фаунаға мүмкін болатын дәрежесіне байланысты, су пайдаланудың шарттарын келісімдеу осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілгендерге сәйкес жүргізіледі.

6. Жеке пайдалануға берілген су объектілерінде, арнайы су пайдалану олардың келісімі бойынша рұқсат етіледі.

7. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілері қысқа немесе ұзақ мерзімге пайдалануға беріледі. Қысқа мерзімді пайдалану - бес жылға дейін береді және ұзақ мерзімді - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін беріледі. Су пайдаланудың мерзімдері арнайы су пайдалануға рұқсаттар алған күннен бастап есептеледі.

Рұқсаттардың қолдану мерзімін ұзартуды, осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісімдеу бойынша, рұқсат берген орган жүргізеді. Мерзім ұзартылған кезде бұрын берілген рұқсаттарда белгіленген су пайдалану шарттарының орындалуына тексеру жүргізіледі.

8. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және басқа объектілерді пайдалануға беруді құрылыс кезегі немесе іске қосу кешенді бойынша жүзеге асыру белгіленген және бұл орайда кезекті немесе іске қосу кешеннің арнайы су пайдалану шарттары объектілерді тұрақты пайдалану үшін шарттардан ерекшеленген жағдайда, рұқсаттар объектілер тұрақты пайдалануға берілгенге дейінгі мерзімге беріледі.

9. Жеке және заңды тұлғаларға жер беті су объектілеріне өндірістік, коммуналды-тұрмыстық, кәріздік және басқа да ағынды суларды қашыртқылауға рұқсат:

1) ағынды және кәріздік суларды қашыртқылау үшін көмегі пайдаланылатын ғимараттар немесе техникалық құрылғылардың белгіленген талаптарға және стандарттарға сәйкесті теңгерімі;

2) суды қашыртқылауды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;

3) ағынды және кәріздік суларды қашыртқылауға қайталама су пайдаланушылармен келісім-шарт болғанда беріледі.

10. Жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауынан тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі лимитте алынатын шаруашылық-ауызсулық және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсаттар:

1) жер асты сулары объектілерінен су алу үшін көмегі пайдаланылатын ғимараттар немесе техникалық құрылғылардың белгіленген ережелерге, нормаларға және стандарттарға сәйкесті теңгерімі;

2) суды алудың есебін жүргізу және олардың сапасын бақылау құралдары;

3) қайталама су пайдаланушыларға су беру келісім-шарты болғанда;

4) жер асты суларының қоры туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды мен жер асты су объектісі туралы геологиялық ақпарат. Мемлекеттік геологиялық ақпарат теріс мәнде болған жағдайда 2 жылға дейін мерзімге геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу әрі бұл мерзім өткеннен кейін жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорларға мемлекеттік сараптамасы болуы шартымен рұқсаттар беріледі.

11. Мелиорациялық объектілер үшін арнайы су пайдалануға рұқсаттар:

1) қарамағында кәріздік суларды бұру бойынша ғимараттары бар кәсіпорындарға беріледі. Аталған жүйелерден оларға қашыртқы, кәріздік және басқа сарқынды суларды бөлектеп жіберуді белгіленген су пайдалану келісім-шарт негізінде аталған кәсіпорындармен жүзеге асырылады;

2) жер беті су объектілеріне кәріздік суларды бұру бойынша ғимараттары бар ішкі шаруашылық жүйелерінің иелеріне беріледі.

12. Рұқсаттарды ресімдеу үшін өтінішкер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе оның аумақтық органдарына ағынды және кәріздік суларды қашыртқылау орны мен көлемі жер асты су объектісінің атауы, жер асты суларын алудың (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) координаттары көрсетілген нысандағы мәлімдемені (осы Нұсқаулыққа 4 және 5 қосымша) тапсырады;

Мәлімдемеге Ереженің 9-тармағына сәйкес материалдар қоса беріледі.

13. Рұқсаттарды ресімдеуге қажетті материалдар қағаз және электрондық нұсқаларда мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде басылады, текстер 14 көлемдегі шрифтпен (мемлекеттік тілдегі текстер үшін "KZ Times New Roman" типті шрифт, орыс тіліндегі текстер үшін - "Times New Roman" басылады, ал жағдайлық жобасы шешілуі бір дюймге 300 пиксельден келетін, файлдың көлемі 500 Кб аспайтын .bmp,.gif,.ipg,.tif, форматтарда) тапсырады. Арнайы су пайдалануды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ғимараттар бір-бірінен ұзақ жерде орналасқанда, бұл объектілер бойынша жағдайлық сұлба бөлек тапсырылады.

14. Егер ағын суларды қабылдаушы және/немесе су объектілері сумен жабдықтау көзі түрлі су объектілері болып табылса, онда сипаттама олардың әрқайсысы бойынша жеке жасалады. Егер ағын суларды қабылдаушы жерасты суымен жабдықтау көздерінде әсер етсе немесе әсер ету мүмкін болса, онда оған шектес аумақтың геологиялық-гидрологиялық анықтамасы көрсетіледі. Сумен жабдықтау көзінің гигиеналық және техникалық жай-күйі мен ондағы су сапасы Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарда баяндалған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау талаптарына сай келуге тиіс.

15. Егер су шаруашылық және су қорғау қызметі су пайдалану мен қорғау саласында қолданылып жүрген нормалар мен ережелерді қанағаттандырмайтын жағдайларда (белгіленген лимиттен артық су алу, тазалау және тағы басқа су қорғау ғимараттарының, суды есепке алу жөніндегі аспаптар мен жабдықтардың болмауы немесе олардың тиімсіз жұмыс істеуі, су объектілерінің ластануы және т.б.) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға рұқсат берілмейді.

16. Су тұтынумен, сарқынды суды ағызумен немесе олардың сапалық құрамының нашарлауымен байланысты жаңа кәсіпорындар, ғимараттар мен объектілер салу кезінде, сондай-ақ, оларды қайта құру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алғанда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу кәсіпорындар, ғимараттар мен объектілер салу үшін алаң (трасса) таңдау жөніндегі жұмыстар жиынтығы өткізілгеннен кейін жүргізіледі. Егер кәсіпорындар мен басқа да объектілерді кеңейту немесе қайта құру кезінде қосымша аумақ талап етілмейтін болса, аталған келісімдер жобалауға тапсырмалар жасалғанға дейін жүргізіледі. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары әрекет етіп тұрған заңнамаға сәйкес жобаланып жатқан объектілердің орналасатын орнын және белгіленген шешімдерін келісуге қатысады.

Бас жобалаушы ұйым тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша мемлекеттік органдарға бекітілген салалық (аумақтық) сұлбасының немесе суды кешенді пайдалану мен қорғаудың мәліметтері негізінде жасалған материалдарды және ұсынылып отырған алаң (трасса) бойынша негізделген есептерді, жасалған жобалардың тізбесіне, объектінің кіргізілгені туралы мәліметтерді жібереді.

Аталған құжаттамалар бойынша мемлекеттік органдар өздерінің сараптамалық қорытындысын табыс етеді, оларда жоба әзірленген кезде орындалуға тиісті су пайдалану шарттары белгіленеді.

Мемлекеттік органдармен келісуге табыс етілетін материалдар құрамында осы Нұсқаулықтың 24, 25 және 26-тармақтарында келтірілген материалдар көрсетіледі.

17. Өнеркәсіптік, көліктік, коммуналдық, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы (мелиорациялықтан басқа) және басқа да кәсіпорындарды, ғимараттарды және объектілерді салу үшін алаңдар таңдау үшін:

1) жобаланып отырған объектінің өндірістік қуаты (сиымдылығы);

2) сумен жабдықтау және сарқынды суларды бөліп жіберудің қаралған нұсқалары мен су алатын жердің, сарқынды суларды қабылдағыштардың орналасқан жерін көрсете отырып ұсынылған нұсқаны негіздеу;

3) ұсынылып отырған су тұтыну көзінің гидрогеологиялық сипаттамалары, жер асты суларын сарқылу мен ластанудан қорғау жөніндегі белгіленген шаралар;

4) тұтынылатын және қашыртқыланатын сулардың шектік мөлшерлері;

5) сумен жабдықтаудың белгіленген жүйесі (суды айналымда, тіке ағыста, жүйелі және қайталап пайдалану);

6) сарқынды суларды бөліп жіберу мен тазартудың шарттары;

7) тұтынылатын және қашыртқыланатын сулардың (химиялық, бактериологиялық, радиологиялық) сапалық көрсеткіштері;

8) болашақта сумен жабдықтау жүйесінің дамуын ескере отырып, санитарлық қорғау аймақтарының өлшемі мен аймақтардағы санитарлық режимнің суреттемесі;

9) ғимараттардың және сарқынды сулардың санитарлық-қорғау өлшемі;

10) балық қорларын қорғау (балық шаруашылық маңызы бар су объектілерінде) жөніндегі белгіленген шаралар табыс етіледі.

18. Мелиорациялық объектілердің алаңдарын (шекараларын) таңдау кезінде:

1) суландырудың (су жаюдың) ұсынылып отырған көзінің геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамасы мен жер асты суларын қорғау жөніндегі белгіленген шаралар;

2) суландыру (су жаю) алаңы мен суландыратын жерлердегі ауыл шаруашылық дақылдарының құрамы;

3) алабтық сұлбадағы ең жақын осы су айыру құлақшаларының негізіндегі су көздерінен су алудың және су қабылдағышқа коллекторлық-сорғыту суларын ағызудың жол берілген мөлшері мен пункттері. Бұл өзенде су айыру құлақшасы болмаған жағдайда өзеннің тұйықтаушы құлақшасындағы су шаруашылық теңгерімінің қарапайым есебі жасалады;

4) балық қорларын қорғау (балық шаруашылық маңызы бар су объектілерінде) жөніндегі белгіленген шаралар;

5) кәріздік және қашыртқы сулардың белгіленген қабылдағышы және оның санитарлық-қорғау аймағының көлемі;

6) кәріздік және қашыртқыланатын сулардың сапалық (химиялық, бактериологиялық, радиологиялық) көрсеткіштері табыс етіледі.

19. Арнайы су пайдалану шарттарын келісу туралы құжат қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алғанда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы мен жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері қол қойған, белгіленген тәртіпте тапсырыс беруші - министрлік, ведомство бекіткен құрылысқа арналған (трассаны) таңдау туралы акт болып табылады.

Арнайы су пайдаланудың қабылданған шешімдері мен шарттарын келісу актілерінде белгіленген қолдану мерзімдері кәсіпорындарды, ғимараттарды, объектілерді жобалау мен салудың нормативтік ұзақтығынан кем болмауға тиіс.

20. Егер жобалау процесінде салалық (аумақтық) сұлба құрамында негіздеуші материалдарды әзірлеу кезінде немесе алаңды таңдау кезінде келісілген су пайдалану шарттарын өзгерту қажеттігі туса, аталған өзгерістер тиісті мемлекеттік органдармен келісуге жатады.

21. Жаңадан салынып жатқан мекемелер, ғимараттар және де басқа объектілер үшін арнайы су пайдалануға рұқсаттар жобалардың тапсырма берушілерімен, олардың тапсыруы бойынша бас жобалаушыға объектілерді жобалау кезінде оларды бекітуге дейін беріледі.

Егер жобаларды қарау мен бекіту немесе құрылыс процесінде берілген рұқсатта белгіленген шаралардың ауытқу қажеттігі туындайтын болса, арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алынуға тиіс.

22. Жобаларды бекіту, сондай-ақ, құрылыс кәсіпорындарын, ғимараттарды және судың жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді қаржыландыру, су тұтынудың ұлғаюымен, қашыртқы суды ағызумен немесе олардың сапалық құрамының нашарлауына байланысты оларды қайта салуға рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

23. Сумен жабдықтау мен су бөліп жіберудің бірыңғай жүйеде жұмыс істеп тұрған объектілермен байланысты емес, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жобалаудың жаңа объектілері бойынша рұқсаттар осы шаруашылық жұмыс істеп тұрған ғимараттары мен объектілеріне рұқсаттар ресімделгеніне қарамастан әрбір жобаланып жатқан объектіге беріледі.

Рұқсаттары жоқ өнеркәсіптік және басқа объектілерді қайта құру немесе кеңейту кезінде арнайы су пайдалануға бір рұқсат ресімделеді, онда қайта құруға (кеңейтуге) дейінгі, сондай-ақ кеңейтуден кейінгі су пайдалану шарттары көрсетіледі.

24. Су пайдалану объектілері бойынша су пайдалануға рұқсаттарды ресімдеу үшін: сәйкесті мемлекеттік органдардың қорытындыларымен бірге құрылыс үшін алаң таңдау туралы актінің көшірмесі, жоба материалдары бойынша объектінің қысқаша сипаттамасы, объектілер құрылысына арналған алаңдарды, сумен жабдықтау көздерін және сарқынды суларды қабылдағышты, арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын су алу, су қашыртқылау, су өлшегіш және басқа ғимараттар мен құрылғылардың сұлбасы тапсырылады.

25. Өнеркәсіптік, коммуналдық, құрылыс, көлік, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы (мелиорациялық объектілерден басқа) және басқа кәсіпорындар, ғимараттар мен объектілердің жобаларының құрамына мынадай мәселелер баяндалады:

1) су объектісінің гидрологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;

2) аэрация және жер асты сулары аймағының жай-күйіне су пайдаланудың әсерін бағалауға мүмкіндік беретін су объектісінің геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамасы;

3) су тұтыну мен су бөліп жіберудің нормативтік негізделген көлемдері: нормативтік құжаттарға сәйкес шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына; өнеркәсіп салалары үшін су тұтыну мен су бөліп жіберудің талдап жасалған салалық нормаларына немесе ірілендірілген нормаларына сәйкес өндірістік мұқтаждықтарға, таза судың, қайталап пайдаланылатын айналым суының шығыны, суды басқа кәсіпорындарға беру, сарқынды суларды суландыруға пайдалану және т.б.;

4) су алу ғимараттарының өнімділігі;

5) әрбір су алғыш және жекелеген су жібергіш бойынша сумен жабдықтау көздері суының және ағызылатын қашыртқы сулардың сапалық (химиялық, бактериологиялық, радиологиялық) көрсеткіштері;

6) сарқынды суларды тазарту ғимараттарының сұлбасы, тұрпаты және өнімділігі (су жібергінің басқы бөлігінің тұрпаты көрсетіле отырып) сарқынды суларды тазартудың зиянсыздандыру мен залалсыздандырудың негізгі есептеу параметрлері және күтіліп отырған техникалық тиімділігі (пайыздық және абсолютті жиынтықтар есебімен);

7) тоғанға қашыртқы жіберу де, сондай-ақ сүзу, жинақтау алқабына және жер бедеріне қашыртқы жіберуде де сарқынды сулармен ластаушы заттарды жол беруге болатын қашыртқылау шегінің (әрі қарай ЖББҚШ) есебі;

8) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар;

9) сарқынды су ғимараттарының және суландыру алқаптарының санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар;

10) жер асты суларына мониторинг ұйымдастыру жөніндегі шаралар;

11) алынатын және қашыртқыланатын суларды есепке алуды қамтамасыз ету және қашыртқыланатын сулардың сапалық құрамын анықтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

12) су тұтыну және су жіберудің теңгерімдік сұлбасы мен есебі;

13) "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімінің материалдары;

14) "Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау" бөлімінің материалдары;

15) балық шаруашылық маңызы бар су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісілген су объектілерінің балық шаруашылық сипаттамасы.

Канализацияның біріккен жүйесі ғимараттарын және мекеннің сарқынды суларын тазарту жөніндегі бірыңғай ғимараттарды жобалаған кезде әрбір кәсіпорындағы сарқынды сулардың жұмсалуы мен олардың сапалық сипаттамасы, сондай-ақ, сарқынды сулардың орта есеппен алғанда жалпы қалалық шығыны және тазарту ғимараттарына түсер алдындағы олардың сапалық құрамы көрсетіле отырып, осы ғимараттарға сарқынды суларды жіберуді көздеген кәсіпорындардың тізбесі табыс етіледі.

Егер жобаланып жатқан объектінің сарқынды суларын салынып жатқан тазарту ғимараттарына толығымен немесе ішінара көзделсе, объекті мен тазарту ғимараттарының пайдалануға берілу мерзімі туралы құжат, сондай-ақ, бұл объектінің сарқынды суларын салынып жатқан тазарту ғимараттарына қабылдау мүмкіндігі туралы кепілді растама табыс етіледі.

Елді мекендерді сумен жабдықтауды жобалық дамыту көлемдері мен пайдалануға берілу мерзімдері жағынан канализация жүйелерін және сарқынды суларды тазарту ғимараттарын тиісінше дамытумен ұштастырылуға тиіс.

Қалалық су құбыры ғимараттарын жобалау кезінде өндірістік және шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына жұмсалатын суды негіздей отырып, қалалық су құбырына қосылған кәсіпорындардың тізбесі табыс етіледі.

26. Мелиорациялық объектілерге (суландыру, су жаю және суландыру - су жаю жүйелеріне) рұқсаттарды ресімдеу үшін (жоба деректері бойынша) және коллекторлық-сорғытпа суларды қабылдағыш (гидрологиялық және геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамалар), пайдалы әсер коэффициенті, жүйелері, жүйе үшін алынатын су мөлшерін негіздеу, қашыртқы және кәріздік сулардың мөлшерін негіздеу, оларды қайтадан пайдалану, жүйеден алынатын және ағызылатын суларды есепке алуға арналған жабдықтармен және аппаратуралармен жабдықталуы, көзделген балық қорғау және балық өткізу құрылғылары (тек балық шаруашылық маңызы бар су объектілерінде).

Биогендік заттардың, улы химикаттардың болуы және минералдануы жағынан қашыртқы және кәріздік сулардың сапалық құрамы, сондай-ақ, қашыртқы және кәріздік суларды жіберудің әсерімен су объекті суының сапасының өзгерістерін болжау.

Мал шаруашылығы кешендерін суландыру үшін сарқынды суларды пайдаланған кезде әрбір элемент (азот, фосфор) бойынша сұйық қи енуінің жылдық нормалары мен құрамында қи бар сарқынды суларды кәдеге жарату үшін қажетті алаңдардың есебі көрсетіледі.

27. Жаңадан салынып жатқан кәсіпорын, ғимарат, объекті үшін берілген рұқсаттарда белгіленген арнайы су пайдалану шарттары олардың жобаларында ескерілуі керек және объекті тұрақты пайдалануға берілгеннен кейін міндетті болып табылады.

Аталған рұқсат құрылысы аяқталған объектіні өз теңгеріміне қабылдап алған кәсіпорынға беріледі.

28. Егер кәсіпорындарды, ғимараттарды және объектілерді қайта құру немесе техникалық қайта жарақтандыру процесінде арнайы су пайдаланудың шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, су пайдаланушы бұрынғы берілген рұқсатқа сәйкесті өзгертулер енгізу үшін бір айдың ішінде бұл туралы рұқсатты берген мемлекеттік органға жаңа келісімдеу тапсырады.

29. Рұқсаттар екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы су пайдаланушыға беріледі, екіншісі Комитетте немесе оның аймақтық органдарында сақталады. Рұқсаттың нысаны осы Нұсқаулыққа 5 қосымшада келтірілген. Су пайдалану шарттары (осы Нұсқаулыққа 6 қосымша), ағынды суларды қашыртқылау орындарының немесе жер асты суларының көздерінің жағдайлық сұлбалары (осы Нұсқаулыққа 3 және 4 қосымшалар), арнайы су пайдаланудың шарттарын құзыретті мемлекеттік органдармен келісімдеу (осы Нұсқаулыққа 7 қосымша) рұқсатқа қосымшаларда көрсетіледі және оның алынбайтын бөлігі болып табылады.

30. Рұқсатты берген мемлекеттік органдар су және табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайларда оны тоқтата тұруға құқылы.

Рұқсаттың жарамдылығы тоқтатылғанда оны берген орган, су пайдаланушыға жазбаша түрде хабардар етеді және оларды жою үшін ақылға сиярлық мерзім белгілейді. Рұқсатты тоқтату себептері жойылғаннан кейін оның жарамдығы жаңғыртылады, ол туралы су пайдаланушы жазба түрде хабардар етіледі.

31. Рұқсатты қайтарып алу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оны берген мемлекеттік органмен жүргізіледі.

32. Рұқсаттар беретін су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары су пайдаланушыларды және берілген рұқсаттарды есепке алуы керек.

33. Рұқсаттар мен су пайдалану объектісі бойынша солардың негізінде рұқсат берілген материалдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде, ал осы материалдардың көшірмесі жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде әрбір су пайдаланушы бойынша жеке-жеке етіп сақталады.

34. Мемлекеттік орган су пайдалануды есептеу және жедел басқару мақсатында арнайы су пайдалану жөніндегі барлық ақпаратты автоматтандырылған деректер банкіне енгізеді.

35. Арнайы су пайдалану шарттарының сақталуына бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

36. Арнайы су пайдалану шарттарын келісімдеу кезіндегі су пайдаланушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы қайшылықтар, осы су пайдаланушылар қарауына жататын министрліктер мен ведомстволар және сәйкесті қадағалау органдарымен қаралады. Егер министрліктер мен ведомстволар және сәйкесті қадағалау органдары арасындағы қайшылықтар туындаған жағдайларда, соңғы шешімді Рұқсатты берген орган қабылдайды.

Келісімдейтін мемлекеттік органның шешімі қанағаттандырмаған жағдайда ол сот тәртібімен шығарылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

1 қосымша

АРНАЙЫ СУ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК

ОРГАНДАРМЕН КЕЛІСУ



Мемлекеттік органдарының

атауы


Арнайы су пайдалану шарттарын

келісу тақырыбы



1

2

Өнеркәсіптік, коммуналды-тұрмыстық, кәріздік және басқа да сарқынды

суларды қашыртқылауға



Қазақстан Республикасының Комитеттің қарауына жататын объектілер

Қоршаған ортаны қорғау үшін, сарқынды суларды жер үсті тоғанда-

министрлігі рына жібергенде қоршаған ортаға деген

болжамалы әсері (жобаларды экологиялық

сараптамадан өткізгенде)


Қазақстан Республикасының Комитеттің Алабтық су шаруашылық

Қоршаған ортаны қорғау басқармаларының қарауына жататын объек-

министрінің Облыстық тілер үшін, сарқынды суларды жер үсті

басқармалары тоғандарына жібергенде қоршаған ортаға

деген болжамалы әсері (жобаларды

экологиялық сараптамадан өткізгенде)



Қазақстан Республикасының Комитеттің қарауына жататын объектілер

Энергетика және үшін, жер үсті суларының жоспарланған

минералдық ресурстар және қазіргі кезеңде алынуының жер асты

министрлігінің Геология сулар ағынының өзгеруі мен жер асты су

жер қойнауын пайдалану объектілерінің қалпына әсері жайында

комитеті



Қазақстан Республикасының Комитеттің Алабтық су шаруашылық

Энергетика және минералдық басқармаларының қарауына жататын

ресурстар министрлігінің объектілер үшін, жер үсті суларының

Геология және жер қойнауын жоспарланған және қазіргі кезеңде

пайдалану комитетінің алынуының жер асты сулар ағынының

Геология және жер қойнауын өзгеруі мен жер асты су объектілерінің

пайдалану жөніндегі қалпына әсері жайында

аумақтық басқармалары



Қазақстан Республикасының Комитеттің қарауында жататын объектілер

Денсаулық сақтау үшін, олардың меншік нысанына қарамас-

министрлігінің Мемлекеттік қарамастан халықтың санитарлық-

санитарлық-эпидемиология- эпидемиологиялық саулығы саласындағы

лық қадағалау комитеті нормативтік құқықтық актілерді сақтау,

шаруашылық-ауызсумен қамту көздері мен

ғимараттарын, канализациялық-тазарту

ғимараттарын пайдаланғанда, олардың

санитарлық қорғау аймақтары мен

белдемдерін белгілеу кезінде

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды

сақтауда



Сәйкесті аумақтарда халық- Комитеттің Алабтық су шаруашылық

тың санитарлық-эпидемиоло- басқармаларының қарауында жататын

гиялық саулығы саласында- объектілер үшін, олардың меншік нысанына

ғы қызмет етуші атқарушы қарамастан халықтың санитарлық-эпидемио-

органдар ологиялық саулығы саласындағы

нормативтік құқықтық актілерді сақтау,

шаруашылық-ауызсумен қамту көздері мен

ғимараттарын, канализациялық-тазарту

ғимараттарын пайдаланғанда, олардың

санитарлық қорғау аймақтары мен

белдемдерін белгілеу кезінде санитарлық-

эпидемиологиялық талаптарды сақтауда

Қазақстан Республикасының Комитеттің қарауында жататын мал өсіру

Ауыл шаруашылығы және бордақылау жөніндегі мал шаруашы-

министрлігінің Мал лығы кешендері кем дегенде (жылына):

дәрігерлік қадағалау 1 мың бас ірі қара мал (әрі қарай -

департаменті ІҚМ), 1 мың шошқа, 5 мың қой мен ешкі,

50 мың мекиен тауық және 500 мың

бройлер-құс шаруашылығы объектілері

бойынша


Қазақстан Республикасының Қалған жағдайларда

Ауыл шаруашылығы

министрлігінің Мал

дәрігерлік қадағалау

департаментінің облыстық

басқармалары



Жер асты суларын пайдалануға

Қазақстан Республикасының Комитеттің қарауына жататын объектілер

Қоршаған ортаны қорғау үшін, жер асты суларын алғанда қоршаған

министрлігі ортаға деген болжамалы әсері


Қазақстан Республикасының Комитеттің аумақтық басқармаларының

Қоршаған ортаны қорғау қарауына жататын объектілер үшін, жер

министрінің Облыстық асты суларын алғанда қоршаған ортаға

басқармалары деген болжамалы әсері



Қазақстан Республикасының Алу лимиті 50 тәу/м3 объектілер үшін,

Денсаулық сақтау олардың меншік нысанына қарамастан

министрлігінің Мемлекеттік халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

санитарлық-эпидемиология- саулығы саласындағы нормативтік

лық қадағалау комитеті құқықтық актілерді сақтау,

шаруашылық-ауызсумен қамту көздері мен

ғимараттарын пайдаланғанда, олардың

санитарлық қорғау аймақтары мен

белдемдерін, сарқынды суларды жер

қойнауына қашыртқылаған кезде

санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу

кезінде, санитарлық-эпидемиологиялық

талаптарды сақтауда


Сәйкесті аумақтарда Алу лимиті 50 тәу/м3 объектілер үшін,

халықтың санитарлық- олардың меншік нысанына қарамастан

эпидемиологиялық саулығы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

саласындағы қызмет етуші саулығы саласындағы нормативтік

атқарушы органдар құқықтық актілерді сақтау,

шаруашылық-ауызсумен қамту көздері мен

ғимараттарын пайдаланғанда, олардың

санитарлық қорғау аймақтары мен

белдемдерін, сарқынды суларды жер

қойнауына қашыртқылаған кезде

санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу

кезінде, санитарлық-эпидемиологиялық

талаптарды сақтауда


Қазақстан Республикасының Комитеттің қарауына жататын объектілер

Энергетика және минералдық үшін, жер асты суларының алынуының жер

ресурстар министрлігінің асты сулар ағынының өзгеруі мен жер

Геология жер қойнауын асты су объектілерінің қалпына әсері

пайдалану комитеті бөлігінде


Қазақстан Республикасының Комитеттің Алабтық су шаруашылық

Энергетика және минералдық басқармаларының қарауына жататын

ресурстар министрлігінің объектілер үшін, жер асты суларының

Геология жер қойнауын алынуының жер асты сулар ағынының

пайдалану комитетінің өзгеруі мен жер асты су объектілерінің

Геология және жер қойнауын қалпына әсері бөлігінде

пайдалану жөніндегі

аумақтық басқармалары



Қазақстан Республикасының Геология комитетінің қарауында жататын

Ауыл шаруашылығы мал өсіру және бордақылау жөніндегі

министрлігінің Мал дәрігер- мал шаруашылығы кешендері кем дегенде

лік қадағалау департаменті (жылына): 1 мың бас ІҚМ, 1 мың шошқа,

5 мың қой мен ешкі, 50 мың мекиен тауық

және 500 мың бройлер-құс шаруашылығы

объектілері бойынша


Қазақстан Республикасының Қалған жағдайларда

Ауыл шаруашылығы

министрлігінің Мал

дәрігерлік қадағалау

департаментінің облыстық

басқармалары



Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

2 қосымша

___________________________________________________________________

(мемлекеттік органның толық атауы)

___________________________________________________________________

(заңды және тұлғаның толық атауы)

МӘЛІМДЕМЕ

___________________________________________________________________

(Ереженің 2 тармағына сәйкес су пайдаланудың түрі көрсетілсін)

__________________арнайы су пайдалануға рұқсат беруіңізді өтінемін.

Ағынды суларды қашыртқылаудың (жер асты су көзінің) орынның

координаттары көрсетілген жағдайлық сұлбасы қоса беріліп отыр

1. Су пайдаланудағы мақсаты _______________________________________

(жер үсті су объектілеріне, жинағыш тоғандарға, сүзу алаңдарына

немесе жердің рельефіне су қашыртқылау, тұрғын халықты өндірістік

кәсіпорындарды сумен жабдықтау)

2. Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және

гидрогеологиялық сипаттамалары, су жіберудің басқа да шарттары

___________________________________________________________________

3. Жер беті су объектілеріне қашыртқыланатын ағынды сулардың

(алынатын жер асты суларының) межеленген көлемі (мың текше м/жыл,

текше м/тәулік, л /с)______________________________________________

4. Өнім бірлігіне кететін ағын (таза) судың үлестік шығыны (мың

текше м/жыл, текше м/тәулік, текше м/с)____________________________

5. Су жіберуді (жер асты суларын алуды) бастау мен аяқтаудың

межеленген мерзімдері _____________________________________________

6. Су жіберу мен су тұтынудың теңгерімдік сұлбасы мен есептемелері

___________________________________________________________________

7. Су пайдалануға жауапты тұлғаның Т.Ә.Е., контактық телефоны

___________________________________________________________________

8. Су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын

өнімнің көлемі, қызметшілерінің, тұтынушы халықтың саны, қуаты және

т.б.) _____________________________________________________________

9. Ағынды суларды қабылдағыштарды, жер асты суларын сарқылу мен

ластанудан, құрамына техникалық және технологиялық шаралар

енгізілген қоршаған ортаны қорғау, рекультивация жүргізу және

жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге қатысты

өтінішкердің ниеті_________________________________________________

10. Зерттелген орындардан (оның телімдерінен) жер асты суларын

алғанда су пайдалану шарттары жөніндегі өтінішкердің ниеті

___________________________________________________________________

11. Арнайы су пайдалануға бұрынғы берілген рұқсаттың мәліметтері

(рет саны, берілген күні, кім берді, күшінің мерзімі), егер осылар

өтінішкер болса пайдалану тәжірибесі, жер асты суларын алу,

өнеркәсіптік және басқа да ағын суларды жер беті су объектілеріне

қашыртқылауда _____________________________________________________

12. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін төлемнің болжамды

есебі _____________________________________________________________

13. Суды пайдалануды есепке алатын, режимдік байқауларды және

лабораториялық анализдер жүргізуге арналған жабдықтардың болуы және

олардың сипаттамасы _______________________________________________

14. Суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар

___________________________________________________________________

15. Қоса беріліп отырған құжаттар _________________________________

(Ереженің 9 тармағына сәйкес)

Басшы (Жеке тұлға)

_____________________________________________________________

(қол таңбасы) (тегі, есімі, әкесінің есімі)

Мөрдің орны

"____" ___________20__ж.

Мәлімдеме қарауға алынды "____" __________20__ж.

Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

3 қосымша

___________________________________________________________________

(тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және

басқа ағынды суларды жер үсті су объектілеріне қашыртқылау

көмегімен су пайдаланудың жүргізілетін су объектінің аталуы)

орналасқан ________________________________________________________

(әкімшілік байлама)

Ағынды суды қашыртқылайтын орын ситуациялық сызбада бұрыштық

нүктелері N ден N ге дейін көрсетілген_____________________________

(бұрыш нүктелерінің тізбесі)



Ағынды суды қашыртқылайтын орынның

СИТУАЦИЯЛЫҚ СҰЛБАСЫ

МАСШТАБ

(келтірілген)

жағрафиялық координаттарымен (қажет болса

тікбұрышты координаттарда)



Нүктелердің

NN




координаттар

бойлық

ендік

және де тік бағытты тілімдерде ___________________________________

(кешеннің тереңдігі, стратиграфиялық қабат пен т.б.)

Ситуациялық сұлбада көрсетілген, бұрыштық нүктелері бар жерлік

бұрманың алаңы гектар (км2)

Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

4 қосымша

ТАУ-КЕНДІК БӨЛІП БЕРУ

Жер асты су объекті___________________________________________үшін

(су пайдаланудың түрі мен объектінің аталуы)

орналасқан _______________________________________________________

(әкімшілік байлама)

және ситуациялық сызбада бұрыштық нүктелері N ден N ге дейін

көрсетілген _______________________________________________________

(бұрыш нүктелерінің тізбесі)



СИТУАЦИЯЛЫҚ СҰЛБА

МАСШТАБ (келтірілген)

және оның жағрафиялық

координаттарымен (қажет болса

тікбұрышты координаттарда)





Нүктелердің

NN




координаттар

бойлық

ендік

және де тік бағытты тілімдерде ___________________________________

(кешеннің тереңдігі, стратиграфиялық қабат пен т.б.)

Ситуациялық сұлбада көрсетілген, бұрыштық нүктелері бар жерлік

бұрманың алаңы гектар (км2)

Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

5 қосымша

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Қазақстан Республикасындағы арнайы су

пайдалануға берілетін

РҰҚСАТ

берілді


___________________________________________________________________

(кімге)


үшін

___________________________________________________________________

(су пайдаланудың түрі)

___________________________________________________________________

(су пайдалану объекті)

___________________________________________________________________

(су пайдалану мақсаты)

"___" _____________200 ж.

N ____

Комитет Төрағасы



(АСБ бастығы) _____________________________________________________

Т.А.ӘА. (қол таңбасы)

м.о.

Рұқсаттың мерзім күші "__" _____200_ж. ұзартылды. __________ Т.А.ӘА.



(қол таңбасы)

м.о.


Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

6 қосымша



Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға

20 жылғы "__" N_______ рұқсатқа қосымша

1. Рұқсат берген органның атауы ___________________________________

2. _______________________________________________мерзімге берілді.

Негіз:_____________________________________________________________

3. Су пайдаланушының реквизиттері:

1) су пайдаланушының атауы және оның кодтары ______________________

2) жоғары тұрған ұйымның атауы, министрліктің, ведомствоның,

кодтары __________________________________________________________-

3) су пайдалану үшін жауапты лауазымды адамның пошталық мекен-жайы

мен телефоны, аумақтың коды _______________________________________

4) өндірістік қызметтің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі,

халықтың, жұмыс істеушілердің саны, суландырылатын, құрғатылатын

жерлердің қуаты, алабы және т.б.) _________________________________

5) кәсіпорынның тұрған жері (заңды тұлғалар үшін), тұрағы (жеке

тұлғалар үшін) ____________________________________________________

6) Мемлекеттік тіркеудің күні мен реттік саны (заңды тұлғалар

үшін), жеке куәліктің мәліметтері (жеке тұлғалар үшін) ____________

7) Басшы (заңды тұлғалар үшін) ____________________________________

4. Жобалаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны __________________

5. Су объектісінің атауы мен коды (негізгі гидрологиялық және

гидрогеологиялық сипаттамалары, судың сипатты шығыны, деңгейлер)

___________________________________________________________________

6. Жер асты су объектісінің атауы мен геологиялық-морфологиялық

байламы ___________________________________________________________

7. Су объектісінің атауы және коды (негізгі гидрологиялық және

гидрогеологиялық сипаттамалар: судың өзіне тән жұмсалуы, деңгейі,

су беру, және т.б. ________________________________________________

1) су пайдалану мақсаты (жер асты суларын алу, өнеркәсіптік,

коммуналды-тұрмыстық, кәріздік және басқа да сарқынды суды ағызу,

жер асты суларын пайдалану) _______________________________________

2) пайдалану жүзеге асырылатын құрылыстардың немесе техникалық

құрылғылардың атауы мен орналасқан жері (тазартушы құрылыстарының

тұрпаты мен параметрлері, маркасы, қуаты, ай сайынғы ағынды судың

шығыны)___________________________________________________________

3) Құнарлы сулы қабаттың атауы ___________________________________

4) Сандық және сапалық көрсеткіштері мен басқа да ерекшеліктері

__________________________________________________________________

8. Кен орнының жобаларын келісуге берудің және жұмыстың басталуының

мерзімдері ________________________________________________________

9. Суларды алу, режимдік бақылауларды және материалдық

талқылауларды жүргізу үшін жабдықтардың болуы және оның сипаттамасы

__________________________________________________________________

10. Мына шарттар орындалған ретте су пайдалануға рұқсат беріледі:

1) Суларын алудың (қашыртқылаудың) көлемі (мың. м3тәу, млн.м3жыл,

л/с)_ _______________

2) Су алатын ғимараттың түрі (ұңғымалар, құдықтар, шахталар мен

т.б.) және олардың ара қашықтығы (м)__________________

3) эксплуатациялық және қорлық ұңғымалардың саны __________________

4) Су көтергіш құралдардың түрі мен өнімділігі_____________________

5) Бір немесе ұңғымалар тобына жүктеме (ең төмен, ең жоғары, (мың.

м/тәу, млн. м3/жыл, л/с) __________________________________________

6) Жер үсті беті деңгейінен арынның жарамды түсіруі және төмендеуі

(м) _______________________________________________________________

7) Су дайындығы ___________________________________________________

8) Алынатын судың сапасына қойылатын талаптар

___________________________________________________________________

9) Тұтынушыларға жер асты суларын берудің жағдайы

___________________________________________________________________

10) Жер асты суларын алғанда беткі ағыстың жарамды азаюы

___________________________________________________________________

11) Бақылау-өлшеу құралының түрі___________________________________

12) Санитарлық қорғау белдеулерінің округтері (шекаралары) жеке

және ұңғымалар тобы немесе су алынатын орын үшін___________________

13) Жер асты суларына мониторинг жүргізгенде қойылатын талаптар

(жүңгі торабының, жерасты суларының сапасы мен пайдаланулық

жүңгілерінің және т.б. барлығы_____________________________________

14) Су пайдалану объектілерін нақтылы зерттеуге және пайдаланулық

қорларды бағалауға және қайта бағалауға арналған міндеттер_________

15) Жерасты сулы объекттерінің экономикалық негіздері______________

16) Су пайдалану объектінің өндірістік және әлеуметтік

инфрақұрылымдарының жобасы мен дамуына салынған инвестиция

көлемі______________________________

17) маусымдық (ай бойынша) су бөлу (мың текше м/жыл, текше

м/тәулік, текше м/с)_______________________________________________

18) жіберілетін судың көп дегендегі мөлшері (мың текше м/жыл, текше

м/тәулік, текше м/с) ______________________________________________

19) таза су мен сарқынды судың өнім бірлігіне жұмсалатын үлес

шығыны ____________________________________________________________

20) құрылыстар тазартылғаннан кейін сарқынды суларда заттардың

шоғырлануына жол беріледі (мг/л), кг/тәулік, тн/жыл)_______________

21) су объектілері суындағы суайыру құлақшасындағы заттардың жол

беруге болатын шоғырлануы (мг/л, кг/тәулік, тн/жыл)________________

22) санитарлық-қорғау аймақтарын, режимдік желіні ұйымдастыруға,

шығын-өлшеу аппаратурасына және т.б. қойылатын талаптар (рұқсат

беруші органдар толтырады)_________________________________________

Су бөлуге қойылатын қосымша шарттар мен талаптар_______________

11. Объектті бірнеше су пайдаланушы пайдаланғанда, технологиялық

сұлбаға байланысты су пайдаланудың шартын сақтауға қойылатын

талаптар __________________________________________________________

12. Арнайы су пайдалану қызметіне бақылау жасаудың тәртібі_________

13. Келісімнің шарттары____________________________________________

14. Жер асты су объекттерін пайдалануға байланысты төлемдер________

15. Басқа шарттар _________________________________________________

Қазақстан Республикасында арнайы

су пайдалануға келісу және оған

рұқсаттар беру туралы нұсқаулыққа

7 қосымша

Келісілді:

1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы

органның аумақтық органдарымен ____________________________мерзімге

"___"__________ 20__ж.

2. жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның

аумақтық органдарымен _____________________________________мерзімге

"__" __________ 20__ж.

3. сәйкесті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

саулығы саласындағы қызмет етуші атқарушы органдармен ______мерзімге

"__" __________ 20__ж.

4. мал дәрігерлік саласындағы мемлекеттік уәкілетті органының

аумақтық органдарымен (мал шаруашылығының және мал шаруашылығы

өнімдерінің мұқтажына пайдаланылатын жер асты суларын алуына,

сонымен қатар мал шаруашылығы ғимаратынан және ауыл шаруашылығы

өнімдерін өңдеу жөніндегі кәсіпорындардан ағынды суды

қашыртқылағанда) _________________________________________мерзімге

"__" _________ 20__ж.

5. балық шаруашылығы саласындағы аумақтық мемлекеттік

органдармен (балық шаруашылықтық маңызы бар жер үсті су

объектілеріне ағынды және кәріздік суларды

қашыртқылағанда) _________________________________________мерзімге

"___" ________ 20__ж.

6. су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті

органның алабтық су шаруашылық басқармаларымен (рұқсат Су

ресурстары жөніндегі комитетпен берілгенде) ______________мерзімге

"___" ________ 20__ж.

Осы Рұқсат 2 данада жасалған.

Су ресурстары жөніндегі комитеттің

Су ресурстарын пайдаланумен реттеу

және қорғау басқармасы (Алабтық су

шаруашылық басқармасы) бастығы _____________________________



(лауазымы мен қол таңбасы)

"___" _____________ 20__ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет