ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖәНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының “Саяси партиялар туралы”, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Заңдарынан, саяси партияларға арналған немесе саяси партиялар туралы нормативтік қағидалар енгізілген басқа да заң актілерінен тұрады. “Заң актілерін” кең мағынада түсінген жөн. Аталған санатқа Парламент, Президент қабылдаған заңдар, Президенттің заң күші бар жарлықтары сияқты, мемлекеттің жоғары органдарының заңға сәйкес актілері де жатады.
Қазақстан Республикасының саяси партиялары туралы Заңы ааматтардың еркін бірігу жөніндегі конституциялық құқығын нақтылайды.Азаматтырадың заңға сәйкес саяси партияларға бірігу құқығы мынадай жағдайлардан тұрады.
Қазақстан Республикасының азаматтары саяси партияларға еркін бірігу құқығы бар. Демек, азаматтар өз еркімен, қалауымен, өзінің саяс көзқарастары мен ұнатуларына қарай еркін, ешкімнің еш жақтан қысым көрсетуінсіз саяси партияларға кіре алады. Бірігуге мүмкіндік құқығы, сонымен бірге саяси партиялар қатарынан еркін шығу құқығын а білдіреді.
2.Қазақстан Республикасының азаматы тек бір партияға ғана мүше бола алады. Бұл қағида азаматтың саяси құқығын шектеуді білдірмейді. Мәселе мынада, әр саяси партия өзінің қызметін белгілі бір идеялық саяси көзқарасқа сүйеніп жүргізеді, сол бір идеяға сүйенген екі бірдей партия құрылмайды. Кейде партиялардыңидеялық көзқарастары қарама-қарсы болуы да мүмкін. Сондай-ақ партиялардың міндеттері мен көзқарастары ерекшеленеді. Мұндай жағдайда азамат өзінің аяси көзқарасын анықтап, бір партиянықалауы керек. Әр түрлі партияға бірдей мүше болу олардың қызметін, партиялар арасындағы, партия мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты күрделендіріп жібереді.
Саяси партияның мүшесі болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз болмайды. Бұл саяси партияның мүшелікке қабылдау арқылы азаматты қандай да болсын құқығы мен бостандығынан айыра немесе шектей алмайтындығын білдіреді. Кез келген мемлекеттік органның, кез келген мемлекеттік ұйымның қайсыбір партияға мүше болғаны үшін азаматтың құқығы мен бостандығын шектеуге (жұмысқа, мемлекеттік қызметке қабылдаған кез келген емлекеттік емес ұйым азаматтың қанда да болсын бір партияға мүше екендігін сылтау етіп азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектей алмайды. Демек, саяси партияға мүшелігіне қарамастан азамат барлық құқықтар мен бостандықтардыпайдалана алады.
Кез келген азамат өзінің қай партияға жататынын немесе жатпайтынын көрсетуге құқылы. Бұл – мейлінше демократиялық және гуманды құқықтық норма. Бір партияның үстемдігі жағдайында партиялылығы туралы көрсету міндеттелетін. Оның партия мүшесі үшін де, партияның өзі үшін де мәні болды. Сөйтіп, азамат өзінің саяси ізгі сипатын көрсету арқылы қызметі бойынша жоғарылауға үміттенетін. Ал партия үшін бұл партиялық номенклатураны қалыптастыру және қатардағы мүшелерін партиялық шараларға пайдалану үшін қажет болды.
Заң мемлекет пен саяси партиялар арасындағы қатынасты белгілейді. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың кепілі қызметін атқарады.Бұл, мемлекеттің тиісті органдары, ең алдымен құқық қорғау органдары саяси партиялардың құықтары мен заңы мүдделерін қорғауға тиіс деген сөз. Мемлекет: үкіметтікін (билік басындағы)бола ма немесе оппозициядағыпартияны бола ма, оған қарамастан барлық партияны құруға тиіс. Өйткені барлық саяси партия заң алдында бірдей.
Конституция мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердіңжәне қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласуына заңсыз жол берілмейтіндігі туралы қағиданы нақтылай келе, мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласпауы туралы немесе керісінше баяндайды. Лауазымына, қызмет жағдайына қарамастан барлық азаматтар да (құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шек қойылған) саяси партияларға кіругі құқылы. Сонымен бірге заң мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттарына қатысты белгілі бір шектеулер белгілейді.Парламенттің депутаттары, Үкімет мүшелері саяси партияларда ақылы лауазымда болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлер, тіпті саяси партияның мүшесі болғанның өзінде, лауазымдық міндетін орындау кезінде заң талаптарын басшылыққа алуы және саяси партиялардың және олардың органдарының шешімдеріне қатыспауы тиіс. Мұндай шектеулер азаматтарға жүктелген лауазымның ерекшелігіне балансты. Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, басқа да мемлоекеттік қызметкерлерқай партияға жататындығына қарамастан барлық азаматтарға немесе олардың көпшілігіне қатысты қызметті атқарады. Сондықтан осындай қызметкерлер жалпы азаматтық мүдделерге нұқөсан келтіретіндей партиялық мүддеге басымдық бермеуі тиіс. Заңдардың талаптары мен партия шешімдерінің талаптары бетпе-бет келіп қалған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер партияның еркінен жоғары тұратын халықтың мемлекеттік еркін білдіретін заң талаптарын орындауы тиіс.
“Саяси партиялар туралы”Заң саяси партиялардың құрылуы мен қызметін айқындайды.Саяси партиялар заң алдында бірдей. Олар өз мүшелерінің еріктілігі мен теңқұқылығы,есептесушілігі, жариялылық пен заңдылық, өзін-өзі басқару жне өзін-өзі қаржыландырупринципі негізінде құрылады және әрекет етеді.Бұл ереже саяси партиялардың менменсіп кетпеуіне, оларда бір-біріне тең келмейтін әр түрлі күштердің – номенклатура мен теңсіздіктің, басшылардың айтқанына көзсіз еретін, өзіндік көзқкрксы жоқ мүшелердің болмауына бағытталған.
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. Ол партия ұйымдары өндірістік принцип бойынша, яғни, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жандарынан құрылмайтындығын білдіреді. Саяси партиялардың аумақтық принципбойынша құрылуын азаматтар құқығының шектелуі деп қарастырмаған жөн. Коммунистік партия басшылық жасайтын социалистік елдерденбасқа барлық мемлекеттерде мұндай практика бар.
Саяси партияларды мемлекеттік органдарда құруғажол берілмейді. Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың ісіне араласуына жол берілмейтіндігі туралы конституциялық қағида осы арқылы жүзеге асырылады. Егер мемлекеттік органдарда саяси партиялар құруға рұқсат етілсе, онда ол олардың жұмысына іріткі салып, қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірер еді.
Заң әскерилендірілген саяси партиялар құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялардың жандарынан әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады.
Заңның оқу орындарының оқу процесінде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берілмейтіндігі туралы ереженің маңызды мәні бар. Заңда саяси партиялардың бағдарламасы мен жарғысын тек мемлекеттік оқу орындарын да ғананасихаттауға тыйым салатынығы туралы айтылмайды. Әңгіме саяси партиялардың бағдарламалық және жарғылық талаптарын мемлкеттік сияқты, барлық буындағы мемлекеттік емес оқу орындарында да насихаттауға жол берілмейтіндігі туралыболып отыр. Алайда, бұл саяси партиялардың қызметін шектеу деген сөз емес. Оқу процесінде партиялықнасихатқа жол бермеу арқылы заң алдын ала әр түрлі саяси партиялардың қызмет жағдайының әркелкі болу мүмкіндігінен сақтандырады. Оқу орындарында әр түрлі партиялардың мүшелері білім алуы мүмкін ғой. Соған орай оқу процесінде бағдарламалық және жарғылық талаптарды насыихаттау бекітілген оқу бағдарламасын және білім алу құқығын бұзады.
Қоғамдық бірлестік – ортақ мақсатқа жету үшін, мысалы саяси партиялар, кәсіби одақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері үшін еркін негізде құрылған азаматтар бірлестігі.
Қоғамдық бірлестіктер саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, азаматтардың белсенділігі мен қызметін дамыту; кәсіби және қызығушылық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және әдеби шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларына қатысу; мәдени-ағартушылық, спорт-сауықтыру іс-шаралар жүргізу; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау; патриоттық және гуманистік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мақсатында құрылады.
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының он адамнан аз емес азаматтары тобының бастамасымен, құрылтайшылар съезін (конференция, жиналыс) шақыра отырып құрылуы мүмкін. Сол жиында Жарғысы қабылданып, басқарушы органдары қалыптасады.
Заңды тұлға ретінде қоғамдық бірлестік құру үшін:
1) он азамат-бастамашылардың құрылтай жиналысын өткізу;
2) жарғы бекіту керек.
Қоғамдық бірлестік жарғысы мыналарды қарастыруы қажет:
1) қоғамдық бірлестіктің атауы, мәні және мақсаты;
2) мүшелік, мүшелікке кіру және шығу талаптары мен тәртібі, қоғамдық бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
3) қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктер) құқықтық жағдайы мен өз қызметін жүзеге асыратын аумақтары;
4) құзіретін қалыптастыру тәртібі және басқарушы органдардың өкілеттік мерзімдері, қоғамдық бірлестіктің тұрақты әрекет етуші басшылық органының орналасқан жері;
5) қоғамдық бірлестіктің ақшалай қаражаты және өзге де мүліктерін қалыптастыру көздері, қоғамдық бірлестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктері) мүлікті басқарудағы құқықтары;
6) қоғамдық бірлестік жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
7) қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және жою, жойылған жағдайда қоғамдық бірлестік мүлкінің тағдырын шешу тәртібі.
Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы – съездің (конференция, жиналыстың) тікелей құзіретіне жатады.
Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін тіркеу жүргізетін органға ол қалыптасқаннан кейін екі ай мерзімінде өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференция, жиналыс) хаттамасы, қоғамдық бірлестікті құрушылар туралы мәліметтер және қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттар, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алынатын жинақты төлеуі тиіс.
Мемлекеттік тіркеу үшін 20 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады (2011 жылдың 1 қаңтарына арналған АЕК – 1 512 теңге). Балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін төлемнің жеңілдетілген мөлшері екі еселік АЕК белгіленген.
Қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік тіркеу мерзімі – 10 жұмыс күні.
Жалпы кез келген нәрсені білу маңызды. Әрине, бұл адам үшін де керек. Мысалы, біз республикадағы қоғамдық бірлестіктердің немен шұғылданатынын білеміз бе? Білу міндет емес деу артық. Әрине, біздің білетініміз, Қазақстанда жүздеген бірлестіктер бар және олар әртүрлі салада қызмет етеді. Анығына келгенде, ол заңды – тұлға. Бірлестік әрине, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өтеді. Олар қалай қызмет етеді? Анығы, ол бір адамның меншігінде болмайды. Бірлестіктің арнайы құжаты, жарғысы, мақсаты мен міндеті болады. Соған сай қызмет етеді. Жалпы ондаған адам бірігіп барып, бірлестік құрылуы мүмкін. Олардың қызметі қандай сонда? Негізі, мұның барлығы да Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заң бойынша жүзеге асады. Республикамызда қазіргі уақытта «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң бар. Бірлестіктің жұмысы осы заңның аясында іске асырылады. Ол үшін алдымен не істелінуі керек? «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, алдымен он адамнан құрылған бастамашыл топ құрылады Бастамашы топ жиналыс, сиезд өткізеді Бұл жиын құрылтай деп аталуы да ықтимал Құрылтайда алдымен жарғы қабылданады Алдын ала оның мәртебесі анықталады Ол қалай қызмет етеді, аймақтық деңгейде ме, жоқ республика көлемінде ме, мұның барлығы алдына ла нақтыланады. Бірлестік жергілікті немесе аймақтық әділет органынан тіркеуден өтеді. Тағы бір айта кететін бір жайт, бірлестік акйналысатын саласына қатысты әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, ол республика аумағын түгел қамтуы ықттмал. Екіншіден, бірнеше облыста, яғни бір-біріне жақын орналасқан аймақта жұмысын жалғастыруы мүмкін. Үшіншіден, бір ғана облысты қамтитын да бірлестіктер болады Төртіншіден, әр аумақта бөлімшілері мен өкілдері болса, республикалық қоғамдық бірлестік болып есептеледі. Жалпы ондаған адам бастамашы болып, құрылатын бірлестіктің қызметі қандай? Немен айналысады? Бірлестік Қазақстан Республикасында заң аясында қызмет етіп, барлық сала бойынша жұмыс істей алады. Атап айтар болсақ... Азаматтардың бостандығын қорғау; Саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаға араласу; Ғылыми, техникалық, көркем шығармашылықпен айналысу; Тіл, мәдениет, үгіт- насихат жұмыстарымен шұғылдану; Қайырымдылық қызметі бойынша халыққа қызмет көрсету; Тарихи-мәдени ескерткіштерлі қорғау; Жастарға құқықтық тәрбие беру; Патриотизм мен құқықтық мәселемен айналысу; Салауатты өмір салтын насихаттау; Қоршаған орта мен табиғат пен экологиялық мәселелерді қорғау: Әрине, бірлестіктер айналысатын саланы одан ары да жалғастыра беруге болады. Бірақ әңгіме мынада: олар елдің дамуы үшін, халық үшін жемісті қызмет еткені дұрыс. Сонда ғана оның жұмысының нәтижелілігі көрінеді. Бастамашыл топпен ерікті түрде құрылатын бірлестіктердің ақиқатында елге, халыққа берері көп.
Қоғамдық бірлестік ұғымы
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен оған қайшы келмейтін басқа да заң актілерінен тұрады.
Осы Заңның күші азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге қолданылады, бұған діни бірлестіктер, құрылу тәртібі мен қызметі өзге заң актілерімен белгіленетін өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кірмейді.
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне қолданылады, бұған діни бірлестіктер кірмейді.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер өзге заң актілерімен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің өзге заң актілерімен реттелмеген қызметі осы Заңмен реттеледі.
Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл етуі, олармен келісімдер жасасуы мүмкін, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |