«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011 – 2015, 2013-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» 2014 жылдың 12 айында іске асырылған іс-шаралар туралы
Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 742 қаулысымен Абай ауданы әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясы жаңа құрамда қайта құрылып, комиссияның дербес құрамы аудандық маслихаттың кезекті сессиясында бекітілді.
Комиссияның ағымдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспары әзірленіп, жоспарда белгіленген іс-шаралар уақытылы мерзім мерзіммен атқарылуда. Мысалға; 2014 жылдың 07 ақпанында, мамыр айының 20-шы жұлдызында, 03-қыркүйекте және 18 желтоқсанда қылмысқа, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырыстары өткізіліп, құзырлы Ведомстволарға ағымдағы жылы осы бағытта орындауға жататан іс-шаралар белгіленіп, берілген тапсырмалар дер кезінде орындалуда. Комиссия отырысында өзекті мәселелер ортаға салынып талқыланды.
Аудан көлемінде осы мерзімде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған 11 дөңгелек үстел өткізілген. Аудан бойынша тарайтын «Абай-Елі» газетінде 16-дан астам осы тақырыпта түр түрлі мақалалар жарияланып жарық көрген.
05.02.2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша Қарауыл ауылдық округінің әкімі Х.Верлишевтің ұйымдастыруымен осы мекеменің барлық қызметкерлерінің, аудандық прокуратура өкілінің қатысумен «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты үлкен жиын өтсе, осындай іс-шара 12.03.2014 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Абай аудандық бөлімінде өткізіліп нәтижиесі «Абай-елі» газетінің 2014 жылғы наурыздағы санында жарияланған. 17.02.2014 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ міндет» атты дөңгелек үстел Көкбай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен болып өткен. 13.02.2014 жылы Саржал ауылдық округі әкімі аппаратында осы ауылдың мемлекеттік мекеме басшыларының, қызметкерлерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – індет, жою міндет» атты жиын болып өткен.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау айдарында аудан прокурорының «Бағытымыз Қазақстандық демократияны дамыту», аудандық әділет басқармасының басшысының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парыз», Абай аудандық сотының бас маманы Б.Шлясованың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті», Абай аудандық қылмыстық атқару инспециясының басшысы Н.Алтынбекұылының «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу», «Абай-елі» газетінің № 01 санды 2014 жылғы 1-10 қаңтардағы санында, 11-18 қаңтардағы санында, «Абай-елі» газетінің № 2 санының 11-18 қаңтардағы санында жарияланған.
2014 жылдың 06-наурызда ауданның жастар үйінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төнірегінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, көрме жеңімпаздары арнайы марапат қағаздармен, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталған.
«Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалына сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы хабарламаға, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Ар-намыс Кодексін бұзған, мемлекеттік қызметшілерге жат мінез көрсеткен мамандар үстінен тәртіптік кеңеске арыз-өтініш беруге арналған арнайы жәшіктермен жабдықталған.
Абай ауданының білім бөлімі ММ-нің тарапынан ауданның барлық мекетептерінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «жемқорлық-дерт», «жемқорлық індет – жою міндет», «мектеп – сыбайлас жемқорлықсыз» тақырыптарымен арнайы бұрыштар, сурет көрмелері, шығарма байқаулары, дебат сайыстары өткізілген. Мектеп директорлары жанындағы кеңестерде, педогогикалық кеңестердің отырысында, жиналыстарда педогог - қызметкерлер мен жұмысшылардың қатысуымен баяндамалар жасалып, құқықтық оқулар өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін жаднамалар, топтар құрылып әр мекемеде плакаттар ілінген. 2014 жылдың мамыр айында Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімімен Абай ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзіреті туралы жазылған арнайы брошюралар тегін таратылып берілді. Аудандық прокуратура тарапынан қолданыстағы заңның нормалары жөнінде мемлекеттік қызметкерлермен ай сайын лекциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Құқық қорғау мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тарапынан азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты бопсалаушылық фактілерін анықтауға бағытталған тексерулер жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, хабарларын жасау, сондай-ақ, брошюралар буклеттер мен жаднама жұмыстары Абай ауданының орталық кітапханасында кеңінең насихатталып стенд тақталарында ілінген. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз қарасын жүйелі және мақсатты қалыптастыру мен айналысуда. Аудандық барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жинау үшін жәшіктер орнатылған. Аудандық әкімдіктің, 9 ауылдық округ әкімдері аппараттарының, 11 дербес бөлімдердің ғимараттарының алдына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетіне арналған арыз-шағымдарын жолдауға, әрбір мекемеде жәшіктерді ашу комиссиялары құрылып, жұмасына бір рет хабарлар түскенін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сенім телефоны жүйелі жұмыс істеуде 8(72252) 9-17-36. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Аудан әкімі веб – сайттында жемқорлыққа жол жоқ атты баннер орналасқан. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері веб – сайттар арқылы Веб ресурстар арқылы және «Абай елі» газетінде ашық жүргізіледі. Аудандық әкімшілікте, ауылдық округ әкімдері аппараттарында және дербес бөлімдерде тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау тәртібі орнатылған, қабылдау бекітілген регламентке сәйкес уақытында жүргізіледі. Аудан әкімі мен аудан әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер, қабылданып, мемлекеттік тіркеуге жолданар алдында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу тәжірибеге енгізілген Қабылданған шешімдер «Абай елі» газетінде жарияланады.
Жалпы 2014 жылдың 12 айында статистикалық мәліметтерге сүйенсек Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын немесе осыған ұқсас әрекет жасап тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған жоқ. Бұндай санатпен қылмыстық істер қозғалмаған.
Сонымен қатар әр ай сайын сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде ауылдық округ әкімдерінің есептері тындалады.
2014 жылдың қазан айының 20 күні «Қарауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нде бағдарламаға сәйкес тоқсан сайын өткізілетін сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы және мұнымен қоса құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен қылмысқа қарсы күрес жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудан прокурорының көмекшісі М.Жолымбетов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Н.Дулатов, ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалы Абай бөлмі бастығының міндетін атқарушы Е.Мұсаханов, Қарауыл бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшісі Ш.Несіпбай және Қарауыл ауылының әкімі Х.Верлишев қызметкерлерімен қатысты.
Отырыста Қарауыл ауылының әкімі Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуді мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығын атап өтті.
2014 жылдың қараша айының 6 күні «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Абай аудандық бөлімінің басшысы Т.Сағатұлының төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлық түбі қорлық» атты дөңгелек үстел өтті. Жиналыста «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филал Абай аудандық бөлімінің реттеу залының басшысы Е.Мұсаханов күн тәртібі бойынша «Сыбайлас жемқорлық түбі қорлық» атты тақырыпта семинар өткізу жоспарланғанын айта келе, Халыққа қызмет көрсету орталығының Абай аудандық бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы өткізілетін шаралар жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері тарапынан мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары қатаң сақталады. Мемлекеттік сатып алу туралы комиссиясына заңгерлік, қаржы және экономикалық саладағы мамандықтарының өкілдері енгізілген. Сондай-ақ, аудандық прокуратура тарапынан үнемі бұл бағытта Заңның сақталуына тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жүйелі жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылған. Аудандық әкімдіктің, 9 ауылдық округ әкімдері аппараттарының, 10 дербес бөлімдердің ғимараттарының алдына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетіне арналған арыз-шағымдарын жолдауға, “Нұр-Отан” партиясының аудандық филиалына сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы хабарламаға, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Ар-намыс Кодексін бұзған, мемлекеттік қызметшілерге жат мінез көрсеткен мамандар үстінен тәртіптік кеңеске арыз-өтініш беруге арналған арнайы жәшіктер орнатылған. Әрбір мекемеде жәшіктерді ашу комиссиялары құрылып, жұмасына бір рет хабарлар түскенін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты арнайы жәшіктерге арыз-шағымдар түскен жоқ. Сенім телефоны жүйелі түрде жұмыс жасап отыр тел: 87225291736. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша «Нұр-Отан» партиясы және Ардагерлер алқасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі акциялар өткізіліп отырады.
Аппарат басшысы С.Мұқажан
Достарыңызбен бөлісу: |