«Қазақстан республикасының Қаржы қҰҚЫҒЫ»


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



бет5/6
Дата12.07.2016
өлшемі1 Mb.
#195508
1   2   3   4   5   6

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы.

2. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы.

3. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



12 - тақырып. Мемлекетің ақша қорлары мен кірістерін құқықтық реттеу.

Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың басты бөлімі ретінде

Салықтық құқық: пәні, әдістері, жүйесі
Мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының Үкіметі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржылық

жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржыны атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган және тағы басқа органдар құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің құзыреті. Қазақстан Республикасының Президенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды.

Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Ұлттық Банктің қызметін қадағалайды, есебін

бекітеді, төрағасын тағайындайды және босатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасыны Парламенті қаржылық қатынастарды реттеу аласында:

Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді. Қазақстан Республикасының Парламенті қаржы саласын реттейтін, атап айтсақ бюджет, салық, кеден, валюталық, сақтандыру, құнды қағаздар тағы басқа қаржылар жөнінде заңдарды қабылдап оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Үкіметінің төрағасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің төрағасын тағайындауға келісім береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін

белгілейді;

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;

Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті ақша қаражат қорларының жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық қаржының атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; қаржылық инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды.

Салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өту және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудиттің өткізілуін қамтамасыз етеді. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке қаржыларды алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге қаржылық субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері

есептерінің әдістемесін айқындайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді затта нормаларды бекітеді. Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; Қаржылық бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды. Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық

органдарының және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін бекітеді. Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

1. Бюджетттік құқықтың қаржылық құқықтың бір бөлімі ретінде түсінігі. Бюджеттік құқықтың

пәні, әдісі, қайнар көздері және қағидалары. Бюджеттік құқықтық қатынастар мен бюджеттік

ққытық нормалардың ұғымы.

2. Бюджеттің түсінігі, “бюджет” термининің қалыптасуы. Бюджетттің құрылымы.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

3. Республикалық бюджеттің кіріс көздері. Қазақстан Республикасының республикалық

бюджетінің шығыстары.

4. Жергілікті бюджеттің кіріс көздері. Қазақстан Республикасының жергілікті

бюджетінің шығыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



13- тақырып. Банктік қызметтің құқықтық негіздері.

Қаржылық-банктік құқық қаржылық құқықтық бөлімі ретінде

Қаржылық-сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде

Қаржылық-шаруашылық құқығы қаржылық құқықтың бөлімі

ретінде

Банктік қызмет және бүтіндей банктік жүйе мемлекеттің экономикалық жағынан дамуында ерекше маңызды орын алады. Сондықтан да, банктік қызмет барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесі қоғам мен мемлекеттің дамуының барлық кезеңінде өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.

     Т.Г.Сырбу «банктік қызметте болып жатқан өзгерістер банктік қызметті құқықтық реттеу мәселелерін құқықтық мемлекеттілікті және азаматтық қоғам институттарын нығайту тұжырымдамасы шеңберінде қаржылық-несиелік жүйенің құрылымы мәселелерімен ара-қатынасында қайта қарап шығуды талап етеді» деп жазады. Қаржылық құқықтық институттардың қызмет етуінің мән-жайлары мен болашағы ел экономикасы үшін аса маңызды екендігінде күмән жоқ. Сонымен қатар, қаржылық-несиелік қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудің жаңа механизмінде банктік және қаржылық заңнаманың ерекшелігін, банктердің жұмысына бақылау жасаудың нысандары мен әдістерінің мән-жайларын сипаттайтын саяси және экономикалық факторлардың тарихи дамуы мен әрекетінің ерекшеліктері де аса маңызды орын алады. Ол үшін банктік қызметті құқықтық реттеудің пәнін және әдістерін анықтап алған соң, Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тарихын зерттеп, басқа шет мемлекеттердің банктік жүйелерінің құрылымына және ұйымдастырылу үлгілеріне талдау жұмыстарын жүргізген жөн.

     Бұл тұрғыда А.И.Худяковтың «банктік істі ұйымдастыру, банктік жүйені қоса алғанда, әр түрлі үлгілерде, мысалы, мемлекеттік үлгіде, мемлекеттен тыс, яғни, жеке банктерге негізделген және аралас үлгіде болуы мүмкін» деген пікірі құлаққа қонарлық секілді.[1, 220-235]

     Банктік істі ұйымдастырудың мемлекеттік үлгісінің неғұрлым нақты мысалы ретінде Кеңестер Одағында болған банктік жүйені айтуға болады. Отызыншы жылдардан бастап сексенінші жылдарға дейін қызмет еткен атаулы банктік жүйе үшін барлық банктік істерді жүргізуге мемлекеттік монополияның болуы тән еді: банктер тек мемлекеттік болды, банктердің ақшалай қорларын мемлекеттің несиелік қоры қалыптастырып отырды, банктердің қызметін және олардың өз клиенттерімен жүргізетін операцияларын толығымен мемлекет реттеп отырды, Кеңестер Одағының негізгі банкі – Мемлекеттік банк мемлекет атынан әрекет ете отырып, кең ауқымды билік өкілеттіктерін иеленді.[2, 27-32]

     Банктік жүйенің екінші үлгісі жоғарыда атап өткеніміздей жеке банктерге негізделеді. Іс жүзінде, тарихи тұрғыдан алғанда, барлық елдердегі банктік істер жеке банктерден бастау алады. Мұндай жағдайда, аталған банктердің несиелік, есеп айырысу және басқа да операцияларын іске асыруы барысында туындайтын қатынастар негізінен азаматтық құқықтың нормаларымен реттеледі. Әрине, жеке банктер кез келген шаруашылық субьектісі ретінде мемлекетпен де белгілі бір қарым-қатынастарға түседі, айталық, мемлекет пен банк арасындағы салық төлеу жөніндегі қатынастар. Бірақ, бұл қатынастар банктің банктік қызметінің өнімі емес, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттерде мемлекеттің жеке банктерге өзінің, яғни, мемлекеттің қызметін атқаруын тапсыру тәжірибесі де кездеседі. Шет мемлекеттердің банктік тәжірибесінде тіпті, мемлекеттің қаржылық агенті деген ұғым да кеңінен танымалы. Әдетте, олар: мемлекеттік займ облигацияларын орналастыру, осындай банктер арқылы мемлекеттік несиелерді беру, мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету, тіпті, мемлекеттік ақша белгілерін шығару міндеті де жүктелуі мүмкін.[3, 77] 

     Банктік жүйенің үшінші үлгісі мемлекеттік және жеке банктердің үйлесімділігіне негізделеді. Мемлекеттік банктер мемлекеттің ақша айналымын реттеу, мемлекеттік инвестициялауды іске асыру немесе несиелеу саласындағы қаржылық саясатты жүргізетін мемлекеттік орган ретінде қатысса, жеке банктер кәсіпкерлік қызмет ретінде несиелеуді және есеп айырысуды іске асыратын шаруашылық субьектісі ретінде қатысады. А.И.Худяковтың пікірінше, осы үлгінің барысында мемлекеттік банктер, олардың қызметі және осы қызмет барысында туындайтын қатынастар қаржылық құқықтың обьектісі болып табылады, ал, жеке банктер, олардың қызметі мен осы қызмет барысында туындайтын қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады.

     Қазақстан Республикасының банктік жүйесі жөнінде А.И.Худяков, «1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес реформалау сатысын өткен банктік жүйе мемлекеттік үлгіден аралас үлгіге ауысты» деп жазады. Бірақ, ауысудың өзіндік ерекшеліктері болды деуге болады. Жоғарыда аталған заңға сәйкес екі деңгейлі банктік жүйе қалыптасты, жоғарғы деңгейде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік банкі болса, екінші деңгейде мемлекеттік мамандандырылған банктер мен мемлекеттік емес банктер болды. Мемлекеттік банктер қатарында Промстройбанк, Агропромбанк, Жилсоцбанк, Внешэкономбанк болса, мемлекеттік емес банктер қатарында акционерлік, кооперативтік, шаруашылық серіктестік нысанындағы банктер болды. Алайда, аталған банктердің барлығы, яғни, екінші деңгейдегі мемлекеттік банктер де, мемлекеттік емес банктер де коммерциялық банктер деген бір ұғымға біріктірілді.

     Осылайша, жүргізілген зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижесінде банктік қызметті реттейтін нормалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында және құқық жүйесінде алатын орны мен атқаратын ролі туралы алдын ала тұжырым жасай аламыз.

     Талдау жұмыстары жүргізілген нормативтік актілердің басым көпшілігінен байқағанымыздай, банктік қызметті реттейтін нормалар кешенді сипатқа ие. Демек, құқықтық реттеудің пәні толығымен анықталмаған.

     Банктік қызметті реттейтін құқықтық нормалардың кешенділігі міндетті түрде дау тудырады. Соның ішінде, зерттелетін құқықтық аяға қандай құқық салаларының нормалары кіретіндігі әлі толық шешілмеген.

     Банктік қызметті реттейтін нормалардың кешенділігі төмендегідей құқық салаларының нормаларын үйлестіреді:

1)     Конституциялық құқық нормалары, яғни, ақша айналымының негіздерін, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтайтын нормалар;

2)     Әкімшілік құқық нормалары, яғни, банктік қызметті іске асыру үшін лицензия берумен байланысты қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтайтын нормалар;

3)     Азаматтық құқықтың нормалары, яғни, заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын, азаматтық құқықтың обьектілері туралы ережелерді, шарттардың жеке түрлерін, олардың орындалуын қамтамасыз етудің әдіс-тәсілдерінің жүйесін және тағы да басқаларды анықтайтын нормалар;

4)     Банктік қызметті реттеуде қосалқы маңызы бар құқық салаларының нормалары, яғни, мемлекеттік бюджеттің шығыстарымен және кірістерімен, ұлттық валютаны анықтаумен және тағы басқалармен байланысты қаржылық құқық нормалары.

     Осылайша, банктік қызметті реттейтін нормалардың кешенділігі конституциялық құқықтың, әкімшілік құқықтың және азаматтық құқықтың нормаларын құрайды. Демек, дәл осы құқық салаларының үйлесімділігі мен қарым-қатынасы банктік қызметті құқықтық реттеудің ерекшелігін сипаттайды.

     Әрине, банктік қызметті құқықтық реттеудің пәнін және әдіс-тәсілдерін толық анықтау үшін банктік қызметті іске асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарға қатысушылардың, дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің және екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайын анықтап алудың да маңызы зор. Қазақстан Республикасының қазіргі банктік заңнамасы бойынша еліміздің екі деңгейлі банктік жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдар ерекше зерттеу обьектілері болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің банктік жүйесінің екінші деңгейіндегі коммерциялық банктердің қатарына жатқызылғанымен, бірқатар банктердің, айталық, Қазақстан халық банкінің және тұрғын жай құрылыс жинақтау банкінің құқықтық жағдайы ерекше көңіл аударуды және мұқият талдауды талап етеді. Дегенмен, бұл мәселе терең зерделеу жұмыстарын жүргізуді және сәйкесінше ой-тұжырымдар жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 

     Қорыта келе айтарымыз, банктік құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы құқықтық нормалардың маңыздылығы мен өзектілігі және кешенділік сипаты банктік жүйенің ел экономикасындағы алатын орнымен, банктік қызметті іске асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың күрделілігімен түсіндіріледі және сәйкесінше, банктік қызметтің құқықтық негіздерін анықтайтын, банктік қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін бекітетін және банктік қызметке қатысушы субьектілердің арасында туындайтын қатынастардың іске асырылу тәртібін белгілейтін әр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіретін, банктік құқық деп аталатын кешенді құқық саласын құрауымен сипатталады.   
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006


3 ПРАКТИКАЛЫҚ/лабораториялық САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ :


1-тақырып. Мемлекеттің қаржы қызметі

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Қаржының ұғымы.

Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатыңасы.

Мемлекеттік қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.

Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. мазмұны және саласы.

Мемлекеттің қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары.

Қаржы қызметін орыңдаудағы мемлекеттік органдардың жүйесі.

Қаржы жүйесінің ұғымы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



2-тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жұйесі.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.
Жоспары:

Қаржы кұқығының пәні.

Қаржылық қатыңастардың түрлері және белгілері.

Қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатыңастардың арақатыңасы.

Қаржы кұқығының ұғымы. Қаржы құқығының көздері

Құқық жүйесіндегі қаржы құқығыңъң орны.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



3-тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Ақшаның ұғымы және функциялары.

Тарихи пайда болатын ақша жүйелері.

Биметаллизм және оның түрлері

Монометаллизм жәпе оның түрлері.

Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері

Нарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің белгілері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



4-тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Қаржылық бақылаудың ұғымы.

Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері.

Қаржылық бақылаудың қағидалары.

Қаржы тәртібі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



5-тақырып. Бюджет құрылымы.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Бюджеттің ұғымы. «Бюджет» терминінің мағынасы.

Қаржы-ұйымдық, экономиқалық және материалдық бюджет ретіндегі құқықтық қатегориясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



6-тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласыңдағы басқару.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Бюджеттік компетенция.

Материалдық және процессуалдық бюджет кұқығы.

Қазақстан Республикасының бюджет кұқығы.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



7-тақырып. Бюджет процесі.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Бюджет процесінің ұғымы.

Бюджет процесінің қағидалары.

Бюджет процесінің сатылары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



8-тақырып. Қаржы-құқықтық қатегориясы ретіндегі салық.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Салықтың ұғымы.

Салықтың материалдық, экономиқалық және заң белгілері.

Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке арналған төлемдердін ұғымы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



9-тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері.

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиеленудің ұғымы.



  1. Бюджеттік құрылымның сипаттамасы.

  2. ҚР Президентінің бюджет саласы.

  3. Бюджеттік жоспарлау кезеңдері.

  4. Бюджеттік бақылау органдарының қызметі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006



10 - тақырып: Мемлекеттің қаржылық құрылымын құқықтық реттеу. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері

Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері

Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу

Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет