Алтынбеков әлайдар байниязұлы жоба тақырыбы: Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры Секциясы



бет1/4
Дата18.04.2024
өлшемі4.98 Mb.
#499109
  1   2   3   4
ұстаздық- ұлы құрмет Әлайдар ағай



АЛТЫНБЕКОВ ӘЛАЙДАР БАЙНИЯЗҰЛЫ


Жоба тақырыбы: Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры

Секциясы: №2. Ұстаздық – ұлы құрмет


Орындаушы: №157 Б. Пәрімбетов атындағы қазақ орта
мектебінің 6 сынып оқушысы
Махатова Нұржанат Дүйсенбекқызы


Жетекшісі: №157 Б. Пәрімбетов атындағы қазақ орта
мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі
Алданазарова Фарида Нүритдинқызы

Шиелі кенті


Наурыз 2018 жыл
Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры


АЛТЫНБЕКОВ ӘЛАЙДАР БАЙНИЯЗҰЛЫ
1962 – 2001 жылдар аралығында химия – биология
пәнінен сабақ берген ардагер ұстаз
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек. «Ұстаз-мектептің жүрегі» дегендей, баршамыз үшін «алтын ұя» іспетті ақ ордада ең ұлы тұлға-ұстаз. Жас шыбықты қалай күтсе, солай өсіп-өніп шығады. Оқушы да сол жас шыбық сияқты өсіп, ұлғаяды Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді»-деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады. Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдыретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де ролі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» - деген. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген атақты орыс педагогі К.Д.Милинский. Алайда «Еңбек адамның бағын ашады»-деген қағидаға сүйене отырып өмірдегі ұстазым әрі атам Әлайдар Байниязұлы Алтынбеков өз шәкірттерін еңбекқорлығымен ізденімпаздығымен талай шәкірттерді тәрбиелеп, еңбекке баулудан жалыққан емес. Яки бүгінгі менің кейіпкерім №157 Б. Пәрімбетов атындағы орта мектебінде 40жыл химия-биология пәнінен сабақ беріп, талай шәкірттер тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз атанған Алтынбеков Әлайдар Байниязұлы туралы сөз болмақ. Мен шығармашылық жұмыс тақырыбыма қадірлі ұстаз Әлайдар Алтынбековтың еңбек жолын алдым. Әлайдар ағай 1939 жылы 10 шілдеде Шиелі ауданының «Қызыл диқан» ауылында дүниеге келген. Бұл ауыл қазір қазақтың ақиық ақыны Әбділда Тәжібаев атында, ол кісінің ата-бабасы осы ауылда өсіп өнген екен. Әкесі Байнияз колхозда жұмыс атқарған. Анасы Үкшай үй шаруасымен айналысқан. Отбасында екі қыз, бір ұл болып өскен. 1946-1947 жылдары Воросилов атындағы 7 жылдық мектепке бірінші кластың табалдырығын аттайды. Қызылдиқан ауылы 1950 жылдары сол төңіректегі ірі ауылға айналып 7 жылдық мектеп осы ауылда болған. Осы мектепті бітірген соң Әлайдар атам 1952 -1953 жылдары аудан орталығы Шиелідегі №45 мектеп-интернатқа келіп, оқуын жалғастырады. Әлайдар ағайдың әкесі Байнияз, анасы Үкшай ақындық қабілеті болған кісілер екен. Бірақ Әлайдар ағай жаратылыстану ғылымына бейім болып қалыптасады.


Алтынбеков Әлайдар отбасымен бірге

Сөйтіп, 1955 -1956 жылдары Қызылорда қаласының Гоголь атындағы педагогика институтының химия, биология факультетіне оқуға түседі. Өз мамандығы бойынша дәріс алып, оны ойдағыдай 1960-1961 жылдары бітіріп, мамандығы филолог Құрманкүл Сейітжановамен шаңырақ көтереді. Екі жас мұғалімді аудандық оқу бөлімі шалғай ауыл «Еңбекшіге» жібереді.Ұстаз ісін 1961-1962жылдары №159 Еңбекші орта мектебіне Әлайдар ағай химия және биология пәнінен, ал әже Құрманкүл қазақ тілі және әдебиет пәндерінен сабақ беруді бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет