қазақстан республикасының қаржы Министрлігі
|
|
қазақстан республикасының өңірлік даму МИНИСТРлігі
|
«____» _________ 2014 года
№ _______
|
|
«____» __________ 2014 года
№ _______
|
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімін жүргізу үшін оңалтуды және банкроттықты басқарушылар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3 тармағы және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурызындағы Заңының 15-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімін жүргізу үшін оңалтуды және банкроттықты басқарушылар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
|
_________________ Б. Сұлтанов _________________ Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Орынбасарының -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2014 жылғы « » № және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы « » № бірлескен бұйрығымен бекітілген
Банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімін жүргізу үшін оңалтуды және банкроттықты басқарушылар қызметінің тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдері
-
Осы банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімін жүргізу үшін оңалтуды және банкроттықты басқарушылар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурызындағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
-
Бұл Өлшемдер жоспарлы тексерулер жүргізу үшін өңірлер қимасында жұмыс істейтін әкімшілерді іріктеу мақсатында тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленген.
-
Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
-
әкімші – банкроттық рәсімін және оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіпте тағайындалатын банкроттықты және оңалтуды басқарушылары;
-
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – тексерілетін субъектіні әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін оның қызметіне байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
-
тексерілетін субъекті – банкроттық немесе оңалту рәсімін жүзеге асыратын әкімші;
-
Осы Өлшемдер әкімшілік шығыстары сот шешімі бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитордың есебінен өтелетін борышкерлерге қолданылмайды.
-
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бойынша балдар тәуекел дәрежесі бойынша тексерілетін субъектілерді саралау үшін пайдаланылатын жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жинақталады.
-
Тәуекел дәрежесі бойынша тексерілетін субъектілерді саралау былайша айқындалады:
-
жоғары тәуекел дәрежесi - 31 балдан жоғары;
-
орташа тәуекел дәрежесi - 11 балдан 30 балға дейiн;
-
аз тәуекел дәрежесi - 10 балға дейiн.
-
Тексерулер жоспарына жоғары тәуекел дәрежеге жатқызылған тексерілетін субъектілер енгізіледі.
-
Жоспарлы тексеру жүргізу үшін тексерілетін субъектілерді іріктеу былайша жүзеге асырылады:
1) берілген балдардың неғұрлым көп сомасы бойынша;
2) берілген балдардың сомасы бірдей болған жағдайда тексеру үшін өндірісінде жалақы бойынша көп мөлшерде өтелмеген берешегі бар борышкерлері бар тексерілетін субъекті іріктеледі;
3) берілген балдардың сомасы мен жалақы бойынша берешегі бірдей болған жағдайда өндірісінде көп мөлшерде өтелмеген берешегі бар борышкерлері бар тексерілетін субъекті іріктеледі.
9. Мыналар тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері болып табылады:
-
таратылған банкроттардағы кредиторлар мәлімдеген талаптардың жалпы сомасынан кредиторлар талаптарының өтелуі 10 пайыздан төмен болуы (әрбір мүліктік массасы бар борышкер үшін) – 5 балл;
-
банкроттық рәсімінің он екі айлық мерзімнен асып кетуі – 1 балл (барлық таратылған және таратылып жатқан банкроттар бойынша банкроттық рәсімді ұзартудың әрбір айы үшін);
-
оңалту және банкроттық туралы заңнама нормаларының жойылмайтын бұзушылықтарының болуы - 2 балл (соңғы жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша немесе администратор әрекетіне жүргізілген камералдық бақылау нәтижелерi бойынша әрбiр бұзушылық үшiн);
-
оңалту және банкроттық туралы заңнама нормаларының жойылмаған бұзушылықтарының болуы - 2 балл (соңғы жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша немесе администратор әрекетіне жүргізілген камералдық бақылау нәтижелерi бойынша әрбiр бұзушылық үшiн);
-
әкімшінің банкроттық немесе оңалту рәсімдерін жүргізудегі тәжірибесі 1 жылдан аз болса – 5 балл;
-
әкімшіге қатысты экономикалық қызмет саласында қозғалған қылмыстық істердің болуы – 5 балл (әрбір іс үшін);
-
мүліктік массаға артық алынған қосымша сыйақыны қайтару туралы сот шешімінің болуы – 10 балл;
-
заңды тұлғаны оның филиалдарын, өкілдіктерін және үлестес мөлшері 100% құрайтын ұйымдарды жаппай таратуы – 10 балл;
10. Осы Өлшемдердің 9-тармағының 1), 8) тармақшалары бойынша көрсеткіштер, ағымдағы күнтізбелік жыл басталған кезден бастап тексеру жоспары жасалған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл аралығында таратылған борышкерлер бойынша, қалған көрсеткіштер – тексеру жоспары жасалған күндегі борышкерлер бойынша есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |