Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтарымен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы



Дата17.07.2016
өлшемі41 Kb.
#205766



Қазақстан Республикасының

аумағынан қара металдардың

қалдықтарымен сынықтарын әкетуге

тыйым салуды енгізу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге төрт ай мерзіміне тыйым салу енгізілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

  2. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;

  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте:

Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы хабардар етсін;

Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін.




  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

  2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

  3. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы С. Сарсенов


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

_________________ Б. Сұлтанов

2015 жылғы «___»_____________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі
_________________Е. Досаев


2015 жылғы «___»____________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет