«Менің отбасым қазіргі кезде» және «Менің отбасым болашақта» коллаж
Екі отбасы мүшелері қатысады. Оларға осы екі тақырыпқа екі коллаж құру тапсырмасы беріледі, немесе осы екі тақараптың біреуінен, өз еркімен. Коллажмен жұмыс істеу үшін, қатты қағаз парақтары және түрлі қағаздар – түрлі-түсті, бүрмелі, орауыш, газеттер, журналдар, жарнама проспектілері, ескі кітаптар.
Коллажды құрып бітіргеннен кейін отбасы мүшелері өзінің жұмыстары жайында әңгімелеп береді.
5 Қосымша. Асырап алушы отбасына жол көрсету.
Бала мен ата-ана қарым-қатынастарын үйлестіруге бағытталған жатығулар
-
Піл аяғы
Мақсаты: ата-ана мен баланың бір-бірімен дене деңгейінде қатынасуы, өзара іс-қимыл дағдылы тәсілін ұғыну, керек болған жағдайда қалаулы, - қатынас жасау жолдарынының қолайлылығын іздестіру, энергетикалық потенциалын ашу, қиын жағдайларды шешуге ымыра табу дағдысын үйрену; ішкі уайымды аша білу, мысалы, түрлі қарсылық талаптары.
Топ қатысушылары екі-екіден бөлінеді (ата-ана-бала). Біреуі піл аяғы рөлін атқарады және сәйкес іс-қимылдарды жасайды. Екіншісі осы «аяқты» кез келген қолдан келетін айлалармен орнынан жылжытуы керек. Ары қарай – топтағы рөлдердің ауысуы.
-
Сенімді құлау.
Мақсаты: басқа адам үшін жауапкершілік пен сенімдік сезімдерін дамыту, сонымен үрей мен қорқыныш сезімдерін бәсеңдету.
Жұптарда: ата-ана – бала. Бала ата-анасының алдына арқасымен тұрады, одан кейін аяғын бүкпей және еденнен көтермей артқа құлайды, ата-ана баланы ұстап алады, алақанымен қолтығынынң астынан. Жаттығу орындалу барысында ата-ана баланы төменірек ұстауға тырысады, ең соңында еденге жақындағанда ұстап алуы керек.
-
Менің және анамның қолы
Мақсаты: біріншіден дене және сезімдік жадыға сүйене отырып, қатысушылардың дене жүйесінің көрінісін (оң жыне сол жақтары, саусақтық гнозис) есте сақталуы; берілген жұп қатынастарын дене деңгейінде өңдеулуі; ата-аналардың осы тәжірибені танып білуі.
Бала-ата-ана жұптарына бір бірінің алдына тұруын және басқарушының айтқандарын орындауын ұсынылады. Психолог:
-
Сұқ саусақтарымен амандасыңдар.
-
Шынашақтарымен серіктеріңнің шынашағын сипаңдар.
-
Орта саусақтарыңмен күш сынасыңдар.
-
Біреуің алақаныңмен серіктеріңнің бас бармағын ұстап жібермеулерің керек, ал екіншің бас бармағыңды серіктеріңнің алақанынан шығарып алуларың керек. Сосын алмасып тағы бір қайталаңдар.
-
саусақтарыңмен қоштасыңдар.
Сабақ кезінде жаттығу сол қолмен орындалады. Осы жаттығуды оң қолмен орындаңдар деп үйге тапсырма беріледі.
-
Баланың денесінің суретін бірігіп
Мақсаты: Бала мен ата-ана арасындағы демократиялық қарым-қатынасты бекіту; Баланың өзін-өзі бағалауды және қабылдауды сезімдік қатынастар арқасында жоғарылату.
Жаттығу бала-ата-ана жұптарымен орындалады. Еденге 1,5 метрдей түс қағаз жайылады. Соның үстіне бала жатады да, ата-ана оның денесінің шетімен қағазға сызады. Содан кейін бала тұрады және ата-анасымен бірге сызылғанның ішін бояйды, бұл жерде бала басқарушы рөлді атқарады, әр бөлікті қандай түсте болатынын ол шешеді. Жұмыс соңында салынған сурет талқыланады.
-
«Көліктер»
Мақсат: Ата-ана мен баланың арасындағы дене қатынасын жөнге келтіру, такттық сезімдерді дамыту.
Жаттығу жұпта орындалады: ата-ана және бала. Бала «көлік» ретінде, ал ата-ана «көлікті жуушы» ретінде. «Көлік жуушының» көздері байланады. 5 Минут ішінде «көлікті» жөніне келтіреді: істегендерін айта отырып, көптеген жылы-жылы сөздер қолданып, жуады, сүртеді, полировка жасайды. Сосын ата-ана баласымен орын алмасады.
-
Өзіне «Ия – жоқ» қабылдауды үйрену жаттығуы
Мақсаты: ата-ана мен баланың арасындағы жақындық сезімін қалыптастыру, бірін-бірі қабылдауы, қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-аналар мен балалар кілемнің үстіне бірінің артына бірі сүйеніп отырады. Жағымды түрде бір біріне «Ия – Жоқ», «Жоқ – Ия» дейді.
Жаттығудан кейін – талқыланады: қайсысын айтқан жеңіл «ия» немесе «жоқ».
-
Бірге сурет салу.
Мақсаты: ата-ана мен баланың арасындағы жақындық сезімін қалыптастыру, бірін-бірі қабылдауы, қатынас дағдыларын дамыту.
Қатысушыларға бір қолмен бірге сурет салыну ұсынылады, бірақ сурет салу кезінде оларға бір-біріне сөйлеуге рұқсат берілмейді. Сурет салынып біткеннен кейін, әр жұп өзінің салған суреттерін түсіндіріп, суреттің басты ойын кім ойлап тапты, сурет қалай салынды, әр бөліктің салыну кезі залай өтті бәрін айқындап айтады.
6 Қосымша. Баланың асырап алушы отбасында дамуы мен тәрбиелену жағдайларының мониторинг әдісі
Баламен/жеткіншекпен сұхбат
(анкета асырап алушы отбасында тұрған кезін сұхбаттауға арналған)
Баланың/жеткіншектің аты-жөні _________________________________________________
Мерзім___________________________
Сұхбат алушы_____________________
Асырап алушы отбасында тұрғаны жөнінде сұрақтар
Осы отбасында тұрғаны қанша уақыт болды?________________________________________
Сен басқа асырап алушы отбасында немесе интернатта/балалар үйінде тұрдың ба?________
_____________________________________________________________________________
Асырап алушы отбасына келу себебің?_____________________________________________
Ол жерге көшіп кегеніңде не сезіндің?____________________________________________
Қазір өзіңді қалай сезінесің?____________________________________________________
Оқу/жұмыс
Осы жерге көшіп келмей тұрып мектепте жағдайың қаңдай еді?_______________________
_____________________________________________________________________________
Қазір мектептегі жағдайың қаңдай?_______________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мұғалімдеріңмен, құрдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?________________________
_____________________________________________________________________________
Оқу біткен кезде немесен айналысасың, саған ол ұнайды ма?_________________________
_____________________________________________________________________________
Бос уақыт және құрдастарымен қатынасы
Осы жерге көшіп келмей тұрғаныңда бос уақытңды қалай өткізетін едің?_______________
Қазір бос уақытыңды қалай өткізесің?_____________________________________________
Осы жерге көшіп келмей тұрғаныңда құрдастарыңмен қарым-қатынасың қандай еді?_____
_____________________________________________________________________________
Қазір құрдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?__________________________________
_____________________________________________________________________________
Сенің сүйіктің бар ма?
Алкогол және есірткі
Осы жерге көшіп келмей тұрғаныңда алкогол немесе есірткі қолдандың ба? Егер ия болса, қандай және жиі ма?___________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қазір алкогол мен есірткіге қатынасың қандай?_____________________________________
_____________________________________________________________________________
Қылмыстық
Заңсыз іс-әрекеттер жасадың ба? Егер йя болса, қандай және қандай түрде?
Қазір қылмыстыққа қатынасың қандай?
Қарым-қатынастар
Өзіңнің ата-анаңмен, аға-қарындастарыңмен, басқа да туысқандарыңмен жиі көрісесің бе?
_____________________________________________________________________________
Қазір қарым-қатынастарың қандай?______________________________________________
Сенің ата-анаң/туысқандарың сенің осы жерде тұрып жатқаныңа қалай қарайды?________
_____________________________________________________________________________
Туған ата-анаңның асырап алушы ата-анаңмен қарым-қатынастары қандай?____________
_____________________________________________________________________________
Асырап алушы ата-анаңмен осы жерде тұратын адамдармен қарым-қатынасың қандай?
_____________________________________________________________________________
Бұл жерде саған не ұнайды, нені өзгерткің келеді?__________________________________
_____________________________________________________________________________
Өз-өзін бағалау
Өзің туралы айтып бере аласың ба? Сен қандай адамсың?____________________________
_____________________________________________________________________________
Өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды сипаттайсың ба?______________________________
_____________________________________________________________________________
Денсаулығын қандай?__________________________________________________________
Сезіміңді қалай көрсетесің, мысалы, қуанышыңды, ренішіңді, азыңды?________________
_____________________________________________________________________________
Сенің ойыңша, саған айналаңды адамдармен қарым-қатынас құру оңай ма?_____________
_____________________________________________________________________________
Сенің ойыңша, айналаңдағылар сен туралы не ойлайды?_____________________________
_____________________________________________________________________________
Болашақ
Сенің ойыңша осы отбасында қанша уақыт тұрасың?__________________________________ _____________________________________________________________________________
Қанша уақыт тұрғың келеді?_____________________________________________________
Бұрын білмейтініңнен, осы отбасында не үйрендің?___________________________________ _____________________________________________________________________________
Сенің болашағың қандай болады?________________________________________________
Асырап алушы ата-анамен сұхбат
(анкета баланың асырап алушы отбасында тұрған кезеңін сұхбаттауға арналған)
Асырап алушы ата-ананың аты-жөні
Асыраушы ана ________________________________________________________________
Асыраушы әке________________________________________________________________
Асыранды баланың аты-жөні жасы_______________________________________________
Сұхбат мерзімі________________________________________________________________
Сұхбат алушы________________________________________________________________
Сұхбат
А
сырап алушы ата-ананың екеуімен де
А
сырап алушы анамен
А
сырап алушы әкемен
Асырап алушы отбасында тұру жөнінде сұрақтар
Бала қандай себептерден асырап алушы отбасына келді?______________________________
_____________________________________________________________________________
Асырап алуша отбасына келмей тұрғанда бала қандац жағдайда еді?____________________
_____________________________________________________________________________
Осы жерге көшіп келмей тұрғанда не сезінетін, қазір не сезеді?_______________________
_____________________________________________________________________________
Асырап алушы отбасында тұрған кезде көмек көрсетуді қажет ететін мәселелер болды ма?
_____________________________________________________________________________
Отбасы бюджетің таратуға бала/жеткіншек қатысады ма?_____________________________
_____________________________________________________________________________
Балаға жеміс-жидек, заттар алғанда оның мүддесі саналады ма?______________________
_____________________________________________________________________________
Оқу/жұмыс
Баланың мектепте жағдай қандай?________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Үлгерім, сабаққа дайындық жағдайы қандай? Оқу қиыншылықтары, егер бар болған жағдайда?_____________________________________________________________________
Бала мектебін ұнатады ма?______________________________________________________
Мұғалімдермен, құрдастарымен қарым-қатынасы қандай?____________________________
_____________________________________________________________________________
Оқу біткен кезде немесен айналысасың, саған ол ұнайды ма?_________________________
_____________________________________________________________________________
Алкогол және есірткі
Баланың осы жерге келмей тұрып алкогол немесе есікрткі қолданғанлы жайында не білесіз? Иә болса, қандай және қолдану жиілілігі?___________________________________
Баланың қазіргі уақытта акологол мен есірткіге қатынасы қандай?____________________
_____________________________________________________________________________
Қылмыстық
Баланың осы жерге келмей тұрып заңсыз іс-әрекеттер жасағаны сізге белгілі ме?________
_____________________________________________________________________________
Егер ия болса, қашан және қандай түрде?__________________________________________
_____________________________________________________________________________
Баланың қазіргі заңмен қатынасы қандай?_________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қарым-қатынасы
Бала өзінің туған ата-анасымен жиі көріседі ма?____________________________________
Оның туған ата-анасымен қарым-қатынасын уіз қалай анықтадыңыз?__________________
_____________________________________________________________________________
Оның қатынаста болып жүрген басқа да туысқандары бар ма?________________________
_____________________________________________________________________________
Сіздің оның туған ата-анасымен/туысқандарымен қарым-қатынастарыңыз қандай?______
_____________________________________________________________________________
Оның сіздің отбасыңыздағы басға балалармен қарым-қатынасы қандай?________________
_____________________________________________________________________________
Сіздің ойыңызша оған осы жерде тұрған ұнайды ма?________________________________
_____________________________________________________________________________
Бала/жеткіншек сипаты
Балаңыз туралы айтып бере аласыз ба? Ол қандай адам?_____________________________
_____________________________________________________________________________
Қандай күшті және әлсіз жақтары бар?___________________________________________
_____________________________________________________________________________
Денсаулығы қандай?__________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Адамдар арасында оның өзін-өзі ұстау үлгілерін сипаттап бере аласыз ба, мысалы сөйлеу, сырт көрінісі және т.б.?________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Өзінің сезімдерін қалай көрсетеді, мысалы, қуаныш, реніш, ыза?_____________________
_____________________________________________________________________________
Айналасындағылармен қарым-қатынасықа түсе білу қабілетін қандай деп ойлайсыз?____
_____________________________________________________________________________
Оның асырап алушы ата-анасы болған қандай?_____________________________________
_____________________________________________________________________________
Өзіңіздің балаңызбен қарым-қатынаста нені өзгерткіңіз келеді?_______________________
_____________________________________________________________________________
Болашақ
Бала сіздің отбасында қанша уақытқа дейін қалады деп ойлайсыз?_______________________
_____________________________________________________________________________
Оның болашақта жағдайы қандай болмақ?_________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бұрын білмейтін, қазір сіздің отбасыңызда баланың үйренгендері бар ма?_______________
_____________________________________________________________________________
«Отбасының кинетикалық суреті» тестісі
Тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдау туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелереніе қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Бұл тестті қолданған кезде есте сақтау керек, әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.
Тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тестті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш қажет.
Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы
Симптомокомплекс
|
Симптом
|
Бал
|
1. Қолайлы отбасылық жағдай
|
1. Отбасы мүшелерінің жалпы іс-әрекеттері
2. Суретте балалардың көптігі
3. Отбасы мүшелерінің барлығының бейнеленуі
4. Бөлектенген отбасы мүшесінің болмауы
5. Штрихтардың болмауы
6. Сызықтың жақсы сапасы
7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің болмауы
8. Парақта адамдардың теңбе-тең қойылуы
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1
0,2
0,2
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
2. Үрей
|
1. Штрихтау
2. Негізгі сызық – еден
3. Сурет үстінде сызық болуы
4.Сызықтың қатты сызылуы
5. Өшірілуі
6. Бөлшектерге назардың көп бөлінуі
7. Заттардың көп болуы
8. Екулік және үзілмелі сызықтар
9. Бөлек заттардың астын сызуы
10. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,1; 2,3
0,1
0,1
0,1
0,1; 2
0,1
0,1
0,1
0,1
0,1
|
3. Жанжалдық
|
1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл
2. Жеке тұлғаларды өшіру
3. Кейбір денелерде негізгі мүшелерінің болмауы
4. Жеке тұлғаларды бөлу
5. Жеке тұлғаларды оқшалау
6. Жеке тұлғалардың қолайсыз үлкендігі
7.Суреттік вербалды сейкессіз бейнесі
8. Заттардың көптігі
9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы
10. Арқасымен тұрған отбасы мүшесі
11. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1; 2
0,2
0,2
0,2
0,2
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
4. Өзін толықтырылмаған сезіну
|
1. Сурет авторы басқаларға қарағанда өте кішкентай
2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы
3. Сызық әлсіз, үзілмелі
4. Өзін басқалардан бөлек салу
5. Тұлғалардың кіші болғаны
6. Басқа тұлғаларға қарағанда өзін әрекетсіз етіп салу
7. Өзінің жоқтығы
8. Өзі артқа қарап отырғанын салу
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,2
0,1
0,1
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
5. Отбасылық жағдайда дұшпандылығы
|
1. Бір тұлға басқа парақта немесе парақтың екінші жағында
2. Тұлғаның басқыншылық қалыпы
3. Сызылып тасталынған тұлға
4. Түрі өзгерген тұлға
5. Теріс профилі
6. Қолдары екі жақта орналасқан
7. Саусақтары ұзын, сызылған
8. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1
0,2
0,2
0,1
0,1
0,1
-
|
Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».
Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу өажет:
-
Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр
-
Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді
-
Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады
-
Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай
ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:
-
отбасы суретінің құрылымын талдау;
-
отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;
-
сурет салу процесін талдау.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.
-
Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.
Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.
-
Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.
-
Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.
ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |