Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі БҰҰ- ның юнисеф балалар фонды



бет1/11
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185456
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БҰҰ- ның ЮНИСЕФ Балалар фонды

ОҚФ БҚҚК «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы»

Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің

әдістемелік құралы

Шымкент 2006 ж.

МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе

2.Отбасын қолдау орталығының тұжырымдамасы

2.1. Мақсаттары мен міндеттері

2.2. Негізгі ұстанымдары

2.3. Қызмет бағыты

2.4. Ұйымдық құрылым

2.5. Қызмет мазмұны

2.6. Отбасын қолдау орталығының мүшелері

2.7. Отбасын қолдау орталығының жұмыс жоспары

2.8.Ұсынылып отырған үлгі енгізуінен күтілетін негізгі нәтижелер

3. Әлеуметтік көмекке мұқтажы бар балаларға, асырап алушы ата-ана боламын деген кандидаттарға, қауіп-қатер тобындағы отбасыларға деректер қорын құру және жүргізу негіздері

3.1. Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру және тағайындау кезеңдері

3.2. Деректерді айқындауда келесі негізгі сұрақтарды ескеру

3.3. «Деректер қоры» ақпараттық жүйесінің элементтері

3.4. Әлеуметтік жұмыста басқарудың ақпараттық жүйесін қолдану шарттары

4. Асырап алушы ата-аналар мен балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізудің негіздері

4.1. Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері

4.2. Балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу негіздері

4.3. Асырап алушы ата-аналарды потенциалды әлеуметтік-психологиялық тексеру

4.4. Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттармен сұхбат

5. Әлеуметтік жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары

5.1. Нәтижелі қатынас

5.2. Сөйлемеу қатынасының бірнеше аспектілері

5.3. Вербалды қатынас. Тойтару әдістері

5.4. Кеңес беру кезіндегі сұрақтар түрлері

5.5. Белсенді тыңдау техникасы



6. Баланың асырап алушы отбасына кіруге әлеуметтік-психологиялық дайындығы

6.1. Баланы отбасына беру және дайындау кезеңдері

6.2. Баланың жаңа отбасында бейімделуі

6.3. Жақсы көрушілік және оның бұзылуы. Асырап алған отбасында баланы жақсы көрудің қалыптасу шаралары



7. Асырап алушы ата-аналарды әлеуметтік-психологиялық дайындау

7.1. Асырап алушы отбасының бейімделу ерекшеліктері

7.2. Асырап алушылар мектебі жұмысының негізгі аспектілері

8. Баланың асырап алушы отбасында даму мен тәрбиелеу шарттарының мониторинг әдістері

8.1. Баланың отбасында қауіпсіздігі мен табыстылығына баға беру әдістері

8.2. Асырап алушы отбасына әлеуметтік-психологиялық жол көрсету

8.3. Асырап алған отбасында баланың бейімделу көрсеткіштері



9. Қосымшалар

10.Пайдаланылған әдебиеттер

Берілген әдістемелік құрал БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар фондының қаржыландыруымен Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру департаменті және ОҚФ РОО «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясымен» жүзеге асырылатын «ОҚО отбасын қолдау орталығын құру» жобасы негізінде тағайындалған. Құрал отбасын қолдау қызметінің қызметкерлеріне арналған, сонымен бірге мүдделі мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволарына, қамқорлық мекемелеріне, білім беру, халықтың әлеуметін қорғау мекемелеріне арналған.


Құрастырушылар: Коляева М.В.

  1. Кіріспе

Осы әдістемелік құрал Оңтүстік-Қазақстан облысында құрылған, отбасын қолдау Орталығына қызметкерлер тағайындау жұмысының қорытындысы болып табылады. Оқыту тренинг-семинарлар бағдарламасына шетел шығармашыларының (Ұлыбритания, Швеция, Ресей, Белорус) теориялық және практикалық материалдары қолданды, сонымен қатар мемлекеттің қолдауындағы балалармен және балалар үйі мен қамқорлық мекемелер мамандарымен біріге отырып әдістемені құрушылардың практикалық тәжірибелері қолданылды.

2005 жылы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар фондының қолдауымен, Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру департаменті және ОҚФ РОО «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» жүзеге асыратын «ОҚО балаларын күту балама түрлерін дамыту және қызметті бағалау» жобасы тағайындалған. Бағалау нәтижесінде тәрбиелеу күндізгі бөлім мекемелерінде баланы қолдаудағы басты түрі деп қарастырылады, әлеуметтік қызметінің балама түрлерінің дамуы тиісті шамада орындалмайды. Мамандар мен уақыттың жетіспеушілігінен қамқорлық ұйымдары жұмысты толық көлемде қамти алмайды. Қажетті мамандар жоқ: әлеуметтік қызметкерлер, психолог (қамқорлық ұйымдарда сәйкес мамандар бірлігі белгіленбеген). Сондықтан білім беру департаментінің қолдауымен, жобаның қызметкерлер тобы арнайы қызметті құру шешімін қабылдады, ол ОҚО отбасын қолдау Орталығы. Орталық Шымкент қаласының №3 балалар үйінің негізінде құрылды, бұл ОҚО әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту міндеттеріне сәйкес келеді – қамқорлық ұйымның қызметін балаларды күту, отбасы түрлерін дамыту жағына аудару. Орталық қызметкерлер штатына балалар үйінің мамандары кіреді: психолог, әлеуметтік оқытушы, дәрігер-педиатр. Қазіргі кезде орталық мамандары оқытудан өтті. Отбасын қолдау Орталығының үлгісін дайындау жұмысы жүргізілуде.

Бұл үлгінің басты элементі қызметті мамандандыруды қолдау және қамқорлық қолдауды делегаттау болып табылады – негізінен мемлекеттік қорғауды керек ететін балаларды табу, асырап алушы ата-аналар мен патронаттық тәрбиелеушілерді іздестіру, іріктеу және оқыту, балаларды асырау және тәрбиелеу жағдайларын бақылау және асырап алушы отбасына жол көрсету. Осылайша әлеуметтік қызмет көрсету сапасы артады және тәрбиелеудің отбасылық балама түрінің дамуына қолайлы жағдайлар туады. Құқықтары мен заңдық мүдделері қорғалған балалар саны артады. Жетім-балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар санатынан басқа бұл жерге мемлекеттік қамқорлықты қажет ететін отбасында өмір сүретін балалар да кіреді. Бұндай балаларға және отбасыларға дер кезінде көмек көрсету арқасында, біз олардың ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар санына қосылмауына ықпал жасаймыз. Баланың отбасында және отбасының бала үшін сақталуы – негізгі мақсат түрінде шешіледі.

Бұл нұсқауға отбасын қолдау қызметтерін құруға жәрдемін тигізетін материалдар кірді. ОҚО отбасын қолдау Қызметінің Тұжырымдамасы ұсынылды. Шетел әлеуметтік қызметтерінің тәжірибесі негізге алына отырып, «Деректер қоры» ақпараттық жүйесін құруға ұсыныстар берілді. Қызмет мамандарының жұмысына көмегі тиетін материалдар енгізілген: институлизациялау шарттарында балалардың даму ерекшеліктері, балаларды және асырап алушы отбасыларды іріктеу және дайындау әдістері, мемлекеттік қамқорлығы қажет баланың даму жағдайының мониторинг әдісі.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының отбасын қолдау қызметінің тұжырымдамасы
2.1. Мақсаттары мен міндеттері


  • Бала мен отбасына жан жақты қолдау көрсетуге мақсатталған қызметтердің сапасы мен қолайлылығын арттыру арқасында балалардың өмірлік сапасын жақсарту.

  • Азаматтық қоғам құрылымдары мен ұйымдардың серіктестік қарым қатынастарын құру.

  • Қамқорлық ұйымдардың интернаттық мекемелеріне жіберілетін балалар ағымын ең төменгі деңгейге дейін азайту.

  • Отбасына орналасуына мүмкіндігі бар және орналасуға тиесілі кез келген баланы отбасына орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  • Балаларды үйіне қайтаруына мүмкіндік туғызу немесе ата-аналармен ынтымақтастық негізінде және үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету жолымен баланы биологиялық отбасынан алынуына жол бермеу.


2.2. Негізгі ұстанымдары

  • Отбасы – баланың жетілуіне және қалыпты өмір сүруіне жағдай жасайтын ең жақсы орын.

  • Басты жұмыс балаларды ата анасынан айырмау мақсатында жүргізілуі тиіс, өйткені туған отбасы бала үшін бәрінен артық.

  • Әр оқиғаның бірегейлігі алуан түрлі жағдайлар айқындайды, демек көмек көрсетудің икемді түрі қажет.

  • Серіктестік – барлық жақтардың өзара қатынасының негізгі принципі.

  • Қызметтің мобильділігі – асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттармен және қиын отбасылармен табысты жұмыс жасаудың басты кепілдігі болып табылады.

  • Төрешілдік процедуралар әр отбасына және әр балаға жеке қатынаспен біріктірілмейді.


2.3. Қызмет бағыты

  • Мемлекеттік қорғауды қажет ететін отбасылар мен балалардың «Деректер қоры» ақпараттық жүйесін құру және қолдау.

  • Отбасымен және балалармен алдын алу және жаңарту жұмыстарын жүргізу.

  • Асырап алушы ата-аналарды іріктеу және дайындау.

  • Баланы отбасына тапсыруға дайындау.

  • Көмек көрсету және үйлестіру. Отбасына жол көрсету.

  • Мониторинг.



    1. Ұйымдық құрылым (1 сурет)




ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ




Талдау, үйлестіру, материалдық қорлар, нормативті қорды өңдеу, қызмет сапасының мониторингі



Интернаттар, балалар үйі

Арнайы интернаттар


ЦВИАРН

Сәби үйі

- хабарлау

- жағдайды талдау

- қызметтер

- оқыту


- хабарлау

- қоғамдық пікірді қалыптастыру



Жұмыс орындары мен қорларды беру

2 Орталық

3 Орталық

4 Орталық



2.5. Қызмет мазмұны
Отбасымен және балалармен алдын алу және сауықтыру жұмыстары

  1. Әлеуметтік-психологиялық көмек сұрап келген балалардың, ата-аналардың, отбасылардың мұқтаждығын бағалау.

  2. Балаларға, ата-аналарға, отбасыларға кеңес беру (заңдық, психологиялық, медициналық көріністерде).

  3. Әлеуметтік көмек (шешім қабылдауда көмек).

  4. Баланың туған отбасымен қосылуы.

  5. Есірткіқұмарлық, маскүнемдік және зорлықтың алдын алу (қауіп-қатер тобындағы отбасыларға дер кезінде көмек көрсету, жағымсыз жақтарын ерте кезден айқындау)


Асырап алушы ата-аналарды іріктеу және дайындау

  1. Асырап алушы отбасыларды іріктеу:

    • Орталықтың деректер қорын, қамқорлық мекемелерін, БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдарын) тарту;

    • асырап алушы ата-аналарды іріктеу (заңның негізгі талаптарына сәйкестігі, отбасының әлеуметтік психологиялық дайындығы).

  2. Асырап алушы ата-аналардың мектебі:

    • асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттарды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда дайындау (патронаттық тәрбиелеушілерді, қамқоршыларды, бала асырап алушыларды);

    • баланы асырап алу, қамқор, патронат процедураларын құру (нормативтік-құқықтық актілері, асырап алушы ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері)

    • асырап алушы ата-аналарды оқыту (кеңес беру, тренинг).

  3. Баланың асырап алушы ата-аналармен кездесулері.

  4. Бірлесуін талдау, керек кезде түзету, ұсыныстар.

  5. Асырап алушы отбасына баланы тапсыру.


Баланы отбасына тапсыруға дайындау.

  1. Отбасына орналастырмас бұрын баланың қажеттіліктері мен кемшіліктерін бағалау.

  2. Бейімделу кезеңінің бастапқы дағдыларын үйрету.

  3. Баланың құқықтары мен міндеттері жөнінде білімін арттыру.

  4. Позитивтік дәлел құру.

  5. Нәтижелі қатынас дағдыларын оқыту.


Отбасына жол көрсету. Үйлестіру және көмек көрсету.

  1. Бала болған қамқор мекемемен және қамқор ұйымымен бірлесе отырып баланың даму жоспарын тағайындау.

  2. Әлеуметтік қызметкердің қатысуы (кеңес беру, ұсыныстар, мамандарды тарту).

  3. Ата-аналар мектебі:

    • асырап алушы ата-аналарды оқыту (тренинг-семинарлар);

    • отбасыларға жеке кеңес беру (заңгер, медициналық қызметкер, психолог).


Мониторинг

  1. Баланың үлгірімін бағалау, отбасында баланың әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігін бағалау:

    • сынып жетекшісімен, мектеп психологымен кездесу;

    • баламен, ата-аналармен кездесу;

    • баланың көңіл күйін, іс-қимылдарын, сөйлегендерін сырттай бақылау;

    • баламен сұрастыру жұмыстарын жүргізу және оның отбасында әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігіне психологиялық құралдарды қолдану (жобалау тестері, сауалнамалар және т.б.)

  2. Отбасының бейімділік отбасы белгілеріне сәйкестігін қадағалау:

  • әлеуметтік оқытушының ата-аналармен сауалнама негізінде әңгімелесуі ата-аналардың өзінің міндеттерін түсінуі мен отбасының даму барысын көрсетеді;

  • психологиялық зерттеу (қажет жағдайда).

  1. Орталық бақылау:

  • тұрмыстық жағдайларын бақылау;

  • отбасының имандылық, психологиялық жағдайларын бағалау;

  • сарапшының мерзімді сауалнамасы (көршілерін, мектеп мұғалімдерін).

  1. Жағымсыз жағдай болған кезде баланың жеке қағазын қайта қарау.


2.6. ОҚО отбасын қолдау Орталығының мүшелері:

Штаттық қызметкерлер:



  1. ұйымдастырушы – 1 бірлік

  2. басқарушы – 1 бірлік

  3. психолог – 1 бірлік

  4. әлеуметтік қызметкер – 1 бірлік

  5. есепші – 1 бірлік

  6. медициналық қызметкер – 0,5 бірлік

  7. заңгер – 0,5 бірлік




    1. ОҚО отбасын қолдау Орталығының жұмыс жоспары




  1. Балаларға, жеткіншектерге және жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету (кеңес беру, тренинг, сабақтар және т.б.)

  2. Балалар күтімінің балама түрлерін дамыту:

    • қамқорлық мекемелерінде балалардың қажеттіліктері мен себептерін ескере отырып деректер қорын және балалардың өзіндік даму жеке карталарын құру;

    • баланың биологиялық отбасына қайта оралу немесе асырап алушы отбасына орналастыру жұмыстары.

  3. Денсаулық сақтау мекемелері арқылы қыз-келіншектерге – болашақ аналарға және қауіп-қатер топтарындағы жас аналарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті дамыту.

  4. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде (кемтар балалар интернаты, балалар үйі, түзету интернаты) жұмыс жасайтын әлеуметтік оқытушылар мен психологтарды дайындау және қайта даярлау жүйесін құру.

  5. Қамқорлық мекемелерде, Отбасын қолдау Орталықтарында жұмыс жасау үшін мамандарды (әлеуметтік оқытушылар мен психологтар) оқыту.




    1. Ұсынылып отырған үлгі енгізуінен күтілетін негізгі нәтижелер

  • Отбасы мен балаларды қолдауда кешенді жұмыс жүйесі жүзеге асырылады.

  • Отбасының қызметтер мен қорларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кеңейтіледі.

  • Баланың аман-саулығы және оның құқығын қорғау жұмысы қамтамасыз етіледі:

  • балаларға үздік қамқорлық: балалардың толық дамуы, дамуында ерекшеліктері бар балалардың азаюы;

  • балалар асырап алушы отбасыларда тәрбиеленуі: интернаттық мекемелерінде және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың азаяды;

  • заңмен жанжалға түсетін балалардың азаяды;

  • ата-аналарынан айрылған балалар санының азаяды;

  • отбасынан уақытша айрылған балалардың отбасына қайта орала алады;

  • отбасына қайта орала алмайтын балалар басқа отбасында тәрбиеленеді.

  • Экономикалық салдары (интернаттық мекемелерге мемлекеттік қаржының аз бөлінуі)

  • Барлық бағытта профилактикалық кешенді жұмыс қамтамасыз етілуі (жағымсыз балалар, отбасылар).



3. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ МҰҚТАЖЫ БАР БАЛАЛАРҒА, АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНА БОЛАМЫН ДЕУШІ КАНДИДАТТАРҒА, ҚАУІП-ҚАТЕР ТОБЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
3.1. Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру және тағайындау кезеңдері.
Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру - әлеуметтік қызметтің нәтижелі жұмысының ең басты элементі болып табылады. Бұл жұмыстың бірнеше кезеңін атап көрсетуге болады:

  1. Ақпараттық жүйенің тағайындау мақсаттарын анықтау.

  2. Қорға кіретін деректердің негізгі белгілері мен түрлерін анықтау.

  3. Деректер қорын компьютерлік бағдарлама түрінде құру.

  4. Деректер жинау және талдау.

  5. Бағдарламаға ақпараттарды енгізу.

  6. Қызметкерлерді ақпараттық жүйемен жұмыс істеуді үйрету.

  7. Әлеуметтік қызмет жүйесінде деректер қорын қолдану.

Бұл тарауда ақпараттық жүйе құру кезінде британдық әріптестеріміздің берген ұсыныстары көрсетілген (Э.Бильсон және Д.Харвин).

Әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру және дамыту үшін керекті деректерді алу ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты болып табылады.

Халыққа қызмет көрсетуді жоспарлау кезінде бұл жүйе жергілікті және орталық деңгейде қолданылатын әлеуметтік қызметтердің сандық деректерін көрсетеді. Негізінде бұл деректер келесі бағыттарда қолданылады:



  • әлеуметтік қызмет жүйесіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай жұмыс жасау мониторингі;

  • жүйе жұмысына өзгертулерді енгізу үшін міндеттер мен бағдарларды орнату;

  • лимиттік қорлардың қалыптасуына көмек көрсету;

  • экономикалық нәтижелілік жөнінде ақпарат беру;

  • басқару және практикалық қызметкерлердің жұмыстарына көмек көрсету;

  • жұмыс практикасына өзгерту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету үшін орталық және жергілікті көрсеткіштерін құру;

  • еліміздің әр түрлі аймақтары, аудандары мен облыстары арасында салыстырмалы талдау жүргізуге көмек көрсету.


3.2. Деректерді айқындауда келесі негізгі сұрақтарды ескеру
Деректердің негізгі түрлерін айқындау жұмыстарын сенімді ақпараттық жүйеде ескерілген сұрақтар тізімін құрудан бастаған жөн. Негізгі деректер келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  1. Мекен-жай қызметін кім қолданады? Бұл сұраққа жауап, осы қызмет түрін қажет еткен отбасы мен балалар деректерін алғаннан кейін беріледі.

  2. Қызмет сұранысының себебі неде? Қажеттілікті санаттарға бөлу үшін таптастыруды өңдеу қажет.

  3. Қандай қызмет түрлері көрсетіледі? Көрсетілетін қызмет түрінің сипаты және бала мен отбасының мінездемесі бар қызмет көрсету түрімен баланың бағытын байланыстыру қажет, одан кейін оның алынуын бақылау қажет. Алынған деректерді «Деректер қорына» енгізу үшін көрсетілетін қызмет түрлерін таптастыру қажет. Екінші деңгей сұрақтары: көрсетілетін қызмет ұзақтығы, қызмет көрсететін кім, қандай қызмет және қаншалықты ұзақ?

  4. Нәтижесі қандай? Әлеуметтік қызметке сұраныс алынғаннан кейін балалық шақты әлеуметтік қорғау жүйесінде баламен не болып жатқанын түсіну үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.


3.3. «Деректер қоры» ақпараттық жүйесінің элементтері
Әлеуметтік жұмыстың ойдағыдай орындалуы үшін балаға тағайындалған мекен жайынан немесе стационарлық қызметтерге қатысты шешімдер қабылдау жұмысын қамтитын деректер болуы тиіс, оның ішіне қызметті тоқтату және «істі» қайта қарау, бағалау шаралары кіреді. Алынған деректер басқарудың жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйесінің нәтижелілігін анықтайтын әсерлер тізімін құруға қолданылуы мүмкін. Осы кезде деректер жиналатын жаңа облыстар айқындалады, жұмыс басымдылығын үйлесімді түрге келтіруге болады. Деректердің бірнеше түрі төменде көрсетілген:

  • асырап алу, патронат, қамқорлық деректерінің жүйелілігі;

  • қамқорлық жүйесіне кіру және шығу себептері;

  • қоғам қамқорлығының ұзақтығы;

  • бір жылда қамқорлық жүйесіне кіру және одан шығу жиілілігі;

  • балалардың ұлттық құрамы;

  • балалардың амандығы жөнінде деректер: мысалы, денсаулық және білім деңгейі;

  • мекен-жайынан көрсетілетін қызметтер деректері, оның ішінде бала және отбасы жөнінде деректер, қызмет көрсету түрі, ұзақтығы және т.б.

Негізгі деректер элементтеріне мысалдар:

Негізгі деректер элементтеріне келтірілген мысалдар нақты бір жағдайға сай түзетілуі қажет.


  • Отбасы/бала мінездемелері

Негізгі деректер элементтері:

Баланың мәліметтері:



  • аты

  • туған күні, айы, жылы

  • жынысы

  • азаматтығы

  • ұлты

  • ана тілі

  • үйде қолданылатын тіл

  • діні

  • мүгедектік немесе баланың созылмалы аурулары

  • сұраныс жіберілген кездегі баланың мекен жайы

  • тұрақты мекен жайы, егер басқа болса



Отбасы мәліметтері:

  • ата-аналары

  • бауырлары

  • басқа да маңызды отбасы мүшелері




  • Қызмет көрсетілуге сұраныс немесе баланы қамқорлыққа орналастыру:

Деректер жиналуы тиіс, олардың ішіне отбасы жағдайы, сұраныс жіберілген уақытта баланың жағдайы және қабылданған басты шаралар жөнінде ақпараттар кіруі тиіс. Жиналатын деректерге келесі параметрлер кіруі тиіс:

  • сұраныс беру себебі

  • сұраныс берген тұлға

  • сұраныс берілген күні

  • сұраныс жіберілген қызмет орны/тұлға, кімге/қайда

  • сұраныс жіберілген кездегі мән-жайлар (мысалы, анасымен тастанды бала, немесе баласын қамқорлыққа алу өтінішімен келген ана)




  • Баланың жағдайын бағалау:

Қызмет көрсету сұранысына орай бағалау шаралары жүргізілгенде алынған ақпараттар:

  • бағалауды бастау күні

  • бағалауды бітіру күні

  • бағалау жүргізу негізінде берілетін ұсыныстар

  • нәтиже (мысалы, қызмет тағайындалды, күтуге қойылды және т.б.)




  • Сотта/ комиссияда тыңдалуы:

Егер шешім қабылдауға қатысты болса, комиссияда талқылануы немесе сотта тыңдалуы жөнінде ақпараттар:

  • сот/комиссия анықталуы

  • сотқа/комиссияға жіберілетін күн

  • тыңдау күні

  • ұсыныстар (қызмет орнының ұсынылған шаралары)

  • сот/комиссия шешімі (мысалы, қамқорлық жөнінде жарлығы, бақылау жөнінде жарлығы және т.б.)

  • балаға/отбасына көрсетілетін негізгі қызмет түрі




  • Бала жағдайын қайта қарау:

Ақпараттық жүйеде бала жағдайының қайта қаралғаны туралы ақпарат болуы тиіс:

  • қайта қарау күні

  • қайта қарау жұмыстарына ата-анасының қатысуы

  • қайта қарау жұмыстарына баланың қатысуы

  • егер бала қамқорлық жүйесінде болған жағдайда, оның ата-анасымен, отбасының басқа мүшелерімен қандай дәрежеде қарым-қатынаста болғандығы (мысалы, жеке қарым-қатынас айына 1 реттен жиі емес, жеке қарым-қатынас айына 1 реттен жиі, қарым қатынастың басқа да түрлері, және т.б.)

  • қайта қарау жұмыстарының шешімі (мысалы, қызмет көрсету түрін ауыстыру, қызмет көрсету түрінің ауыстырылмауы, қамқорлық жүйеден үйіне қайтарылуы)

  • шешімнің орындалуы (мысалы, шешім орындалды, шешім жартылай орындалды, күтуге қойылды)




  • Қызметтер:

Балаға/отбасына көрсетілетін қызмет жөнінде ақпарат:

  • қызмет түрі (мысалы, патронаттық отбасы)

  • қызмет көрсетуші

  • қызметтің басталу күні

  • қызметтің біту күні

  • қызметтің біту себептері (мысалы, басқа жерге ауыстыру жоспарлануда, қамқорлық жүйеге төтенше орналастыру)

  • нәтиже



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет